Диалектизм нормалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 17:42, курсовая работа

Описание

Қазақ тілінің лексикалық құрамы әдеби тілде қолданылып жүрген сөздерден ғана жасалмайды. Ол сөздерден басқа да халық тілінен қамтылмаған тіл материалы, сөз байлығы бар. Бұл сөз байлығы ұлт тілі жасалған дәуірде ғана әдеби тілге еніп, бірте-бірте қалыптасып, халықтың керегіне жұмсалады. Тілдің сөздік құрамы толығып, кейбір грамматикалық формалары жетіліп, ұлт тілінің көлемі кеңейді. Мұның өзі ұлт тілінің халық тілінен айырмасын анықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................

І тарау ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1. Норма, диалект, говор туралы жалпы мәлімет.........................................
1.2 Орыс ғалымдарының «диалект», «диалектизм», «говор» терминдеріне берген анықтамалары......................................................................................
1.3 Батыс ғалымдарының диалект, жайлы көзқарастары және қазақ ғылымында «диалект» сөзінің мәні................................................................
1.4 Қазақ ғалымдарының қазақ тіліндегі диалектілер жайындағы көзқарастар....................................................................................................

ІІ тарау ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Территориялық (жергілікті) және тайпалық диалектілердің қалыптасуы және ара қатынасы........................................................................................
2.2 Қазіргі қазақ тіліндегі ауыспалы говор мен жергілікті говор.................
2.3 Қазақ тіліндегі диалектілік сипаттағы элементтер..................................

Қорытынды...................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................

Работа состоит из  1 файл

Диалектизм.doc

— 195.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ тiлi материалдарының негiзiне сүйене отырып, сөйлеу тiлiндегi көптеген сөздердің әдеби тiлде параллельдерiне қарап, говор деп атаймыз. Мысалы, аданас сөзiнiң әдеби варианты аталас, шuе - шеше, ақа - аға және тaғы басқалар (Батыс Қазақстан облысының материалдарынан); үcmiн – төбе ағаш, кipлен - шылапшын, сапал - кесе, тағай - нағашы және тағы басқалар (Oңтүстiк Қазақстан облысы материалдарынан); ату – мәci, әмuян – күмәжнuк тағы басқалар (Қостанай облысының материалдарынан); мор - қорда, пысты - пicmi және басқалар (Шығыс Қазақстан облысының материалдарынан) .

Сөйтiп, қазiргi қазақ тiлiнде eкi түрлi говор бар: 1) ауыспалы говор; бұл даусыз, яғни мол; 2) жергiлiктi говор; мұнысы - тайпа тiлiнің қалдықтары.

1. Ауыспалы говор. Ауыспалы говор деп, басқа тiлден жергiлiктi халықтың бiр бөлегiне ауысып, басқаларына тapaмaғaн тiл ерекшелiгiн айтамыз. Ауыспалы говордың пайда болуына қазақ халқының қонысының (географиялық) жағдайы мүмкiндiк туғызған. Қазақ халқы өзiне көршi халықтармен араласудың нәтижесiнде, сол аймақтарда тұратын тұрғындардың тiлiнен өзiне сөз ауысып алып отырған. Мысалы, Қазақстанның оңтүстiк жағы өзбек және қырғыз халықтарымен шектеседi, сондықтан қазақ, өзбек және қырғыз халықтарының арасында контакт болғандығы ешбiр күмәнсіз. Мұның нәтижесiнде оңтүстiк Қазақстан говорының лексикалық кейбiр ерекшелiктeрi - өзбек, қырғыз тiлдерiнiң ықпалы. Мысалы, әдеби тiлдеri мақта деудің орнына пахта, үлкен дeyдiң орнына кәттә және басқа сөздер көршi өзбек тiлiнен енген. әдеби тiлдегi тазы дeyдiң орнына тайған деген сөз қырғыз тiлiнен енген (Көне түркі тiлiнде де осы мағынaдa қолданылған).

Қазақстанның батыс жағына татар, башқұрт халықтары шектеседi, сондықтан бұл жердi мекендеген қазақтардың тiлiнде ауыспалы говор барын өткен ғасырда түркi тiлдерiн зерттеген көрнектi профессор П.Мелиоранский де айтып кеткен. Ол "Оренбургская губерния представляет из себя весьма интересное поле наблюдения для тюркологов, так как в ее смешанном татаро-башкиро-киргизском (кuргиз дегендi - қазақ деп оқу керек - F.M.) наследии можно знакомиться не только с этими тремя наречиями, но местами и различными переходными говорами".

Қазақстанның солтүстiгi татар тiлiнен, Шығыс қазақтары алтай, қытай тiлдерiнен сөз ауысып алып oтыpғaн. Сондықтан Қазақстанның әр шетiнде әртүрлi ауыспалы говор болуы - табиғи нәрсе.

Бұл говор барлық жерде бiркелкi болмай, әрқилы жағдайда болып, бiрiне-бiрi әсер ете алмай, дами алмай, тұжырылып отырылды. Басқаша айтқанда, көршi елдердің тiлдерiнен енген сөздер саны көбейiп кетсе, онда мұның нәтижесiнде белгiлi бiр диалект қалыптасаp едi, немесе жарыспа тiл (двуязычие) жасалған болар едi. Ондай құбылыс қазақ тiлiнде кездеспейдi. Диалект iздеп даурығып жүрiп, ауыспалы говорлардың өзi де бiзде жете зерттелген жоқ.

2. Жергiлiктi говор. Жергiлiктi говордың жасалуының eкi арнасы бар:

1.                  ру, тайпа тiлдерiнiң қалдығы;

2.                  белгiлi территорияда ғaнa қолданылатын дублеттi сөздер.

1. Жергiлiктi говор тайпа диалектiсiнің қалдығына негiзделуi мүмкiн. Мысалы, ақа деген сөз (мұны бiз сөйлеу тiлi дегенбiз) көне түркi тiлдерiнде ұяң, тiл арты ғ арқылы емес, қ арқылы жазылған, бұл қазiргi қазақ тiлiнiң емле ережесiне сыйымсыз, мұның дыбысталуы - қ/ғ болу керек, Адамқа болмай адамға тағы басқа тұлғаларды салыстырып көрiңiз.

1) Сол сияқты сөйлеу тiлiнде кездесетiн кейбiр сөздер өздерiнiң бұрынғы мағынасын, дыбысталу түрiн сақтап қалған. Мысалы, азар деген сөздiң орнына қазiрri қазақ әдеби тiлiнде ренiш деген сөз қолданылады. Азар берме деген тipкecтiң орнына тiлде ренжiтпе деп айтылады. Ciле деген сөз көне түркi тiлдерiнде мәрлi мағынасында болса, кейiн бұл сөз ұмытылып, орнына өлген адамды орайтын кебiн деген сөз қолданылған. Алапа деген сөз қазiргi кезде тек қана батыс говорларында олжа, табыс мағынасында қолданылады, ал әдеби тiлде алапа емес, олжа болып айтылады. Тағай - нағашы, тайған - тазы, ақа - аға, ұстын - сырғауыл, лау – көлiк, көрпе; 1) алсын (орылған жерге шыққан шөп); 2) кенже (көрпе қозы - кенжелеп тyғaн қозы); көрпе ұғыл (кенже бала); өтпек (отқа пiскен нан) т.б. атақты Махмұд Қашғаридың сөздiгiнде бар. Бұлар диалектизм емес, мағынасы көнерген сөздер.

2) Сөз мaғынaсы дамиды, өзгередi. Мысалға М.Қашғари сөздiгiндегi кейбiр сөздер осы күнде басқаша қолданылады, не олардың тұлғасы өзгерiп, не бiрiгiп, бiр сөз болып кеткен. Мысалы: тон - жалпы кuiм мағынасында қолданылған ("Ас - aттынiкi, той - тондынiкi" дегендi салыстыр); Құз - таудың терiскей бетi; тары – дәндi дақылдардың жuнақты атауы; еркін - мол, үлкен; еркін су - үлкен су (дария); Жұнт - жылқы; Жылқы - жалпы мал деген сөз екен (М.Қашғаридың 1 томын қараңыз).

3) Кейбiр сөздердiң мaғынaсы мүлде ұмытылған. Мысалы: торым - ботатайлақ (түйенiң баласы деген сөз; тоқты-торым дегендi салыстыр); үргін– үргiн-сүргiн дегендегi; талау - талан-тараж деген ұғымды бiлдiредi.

4) Көптеген сөздер кiрiгiп, бiрiгiп кеткен, мағына жағынан өзгерiп, фонетикалық деформацияға ұшыраған (Мысалы: көмеш – көм аш, отқа көмген нан); Бұны осы күнде кейбiреулер диалектизм дейдi; ол пiкiр дұрыс емес, өйткенi бұл сөздердi мaғынacы, ертеде Махмұд Қашғари заманында басқаша болған. Мысалы, тоқаш деген сөз бұрын тоқ аш (тоқ ас) деген eкi сөз болған. Немесе ыштан - iш тон - жалпы iштeн киетiн киiм мaғынасында қолданылған; іш құр - iш бау - әйелдердiң көкipeк тартқышы деп түciндipreн. Шекпен - шек-тон, кафтан - қап тон болып та айтылатынын ескерткен. [19, 180]

 

2.3 Қазақ тіліндегі диалектілік сипаттағы элементтер

Біздің пікіріміз Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев секілді ғалымдардың пікірлерімен үндес. Себебі әдеби сөздің дыбысы не дыбыстары сәйкес дыбыстарға ауысқан сөздерді диалект деп қарау ерсі. Біріншіден, бұл сәйкестіктердің себебі бар болғандықтан; екіншіден, бұл сөздерді түсіну, ұғыну мүмкін болғандықтан, бұл сөздерді диалектілердің қатарына қосу дұрыс емес деп санаймыз. Осы алмасу-сәйкестіктерге төменде бірнеше мысал келтірейік:

Ашық, қысаң дауысты дыбыстар аралығындағы ерсілі-қарсылы алмасулар орта түркі дәуіріндегі (Х-XY ғғ.) қыпшақ тобындағы тілдерде кездеседі. Көне қыпшақ тілінде жазылып қалған ескерткіштер тілін зерттеумен ұдайы шұғылданып келе жатқан ғалым Ә.Құрышжановтың мәліметтеріне қарағанда орта ғасырларда өмір сүрген қыпшақтардың сөйлеу тілінде а/ы, ы/а алмасулары ғана емес, өзге ашық (е,о,ө) қысаң (і,ұ,ү) дауыстылар арасындағы алмасулар да (е/і, і/е, о/ұ, ұ/о, ө/ү, ү/ө) дыбыстардың игерусіз өзгеруі, ретінде орын алып отырған. Бұл дыбыстардың күні бүгін де ашық-қысаң болып алмасуының реті осындай: қазақ тілі говорларындағы е/і, і/е, о/ұ, ұ/о, ө/ү, ү/ө алмасулары — әрқашан да бір дыбыстың екінші дыбысқа тәуелді болмай өзгеруі. Мысалы, Маңғыстауда байқалған арқалы септеулік шылауы сирек болса да басқа жерлердегі халық тілінде де кездеседі. Осы септеулік шылау түрікмен тілінде арқалы, өзбек тілінде оркалы, қарақалпақ тілінде арқалы, қырғыз тілінде аркалұұ. «Көптеген септеуліктер — дейді проф. А.Ысқақов,-негізгі тұлғаға -лы аффиксін үстемелеп барып, көнелену арқылы қалыптасқан. Мысалы, арқылы (арқа — түбір, лы — қосымша аффикс), сияқты (сиық — түбір), шақты, туралы, қаралы...». Демек, қазіргі әдеби тіліміздегі арқылы септеулігінің көне дыбыстық түрі арқалы болғандығына және оның халықтың ауызекі сөйлеу тілінде әр түрлі аймақта әлі күнге дейін сақталып келе жатқандығына көз жеткіземіз [2, 49].

Қорытындылай келсек, қазақ тілі говорларында ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылар арасында кездесетін алмасуларды бір тілдің екінші тілге тигізген әсері деуден гөрі, қыпшақ тілдерінде дауысты дыбыстардың тарихи дамуымен тығыз байланыста қарастыру болмақ.

Жуан және жіңішке дауыстылардың өзара алмасуларын да түсіндіруге болады. Мысалы, ғылымда қазақ тілі говорларында а/ә алмасуының себебін күншығыс тілдері әсерімен байланыстыру талабы басым. Айталық, Шу бойы тұрғындары тілінде ә арқылы жіңішкеріп айтылатын сөздердің көпшілігі араб, парсы тілінен енген сөздер. Тамды қазақтары тілінде а/ә алмасатын сөздер дыбысталуы жағынан өзбек тілінің кейбір говорларындағымен бірдей. Ал біздің тілімізбен салыстырғанда өзбек тіліне күншығыс тілдері әсері әлдеқайда күшті болғаны белгілі. Ал ә~а сәйкестігінің говорлық сипаты а~ә сәйкестігіндей емес. Оның таралу шегін, изоглассын айқындау қиын, сондықтан белгілі бір диалектілік алқаптың сипаты белгісін құрай алмайтын, қазақ тілі говорларында жалпылама ұшараса беретін құбылыс. Белгілі бір ғасырлар бойында бұл сингармониялық нұсқалардың екеуі де қатар қолданылады. Ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасу барысында жіңішке дыбыстық түрлері біртіндеп жалпыға ортақ орфографиялық, орфоэпиялық нормаға айналып келеді. Ал бұрынғы жуан варианттар халықтың сөйлеу тілі аясында әр жерде ойдым-ойдым сақталып қалған. Бұлар әдеби тілде жіңішке дыбысталатын сөздердің ауызекі сөйлеуде жуандап кетуі емес, осы сөздердің тарихи көне дәуірлердегі дыбыстық кейпін бейнелейтін қалдықтар (реликтілер). Ал қазақ тіліндегі ы~і сәйкестігін сипаттайтын сөздер арасында тіл дамуының әр түрлі кезеңдерінен келе жатқан қалдықтар біршама. Мысалы, көне түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы деректері қазақ тіліндегі сиыр//сиір, жігірма//жиырма іспетті сингармониялық жұптарды түркі тілдері дауысы дыбыстар жүйесіне тән тарихи өзгерістің, ішкі заңдылықтардың нәтижесінде пайда болған деп үзілді-кесілді айтуға мүмкіндік береді. Бұл дыбыстардың керісінше сәйкестігі яғни, і~ы алмасуы жайлы айтатын болсақ, үлкен бір өңірге түгел таралып, тұтас диалектілік алқапта тұрақты қолданылатын бұл ерекшелігі тіл дамуының көне дәуірлерінен сақталып қалған қалдық деп қарауға толық негіз бар. Мысалы, пыс етістігі және оның әр түрлі грамматикалық формалары Қараханид дәуіріндегі түрік тайпалары тілінде жуан дыбысталған ХІ ғасыр ескерткіштері «Құтадғу білік», «Дивани Луғат ит түрік» және басқаларындағы архетипі: быш, бышығ, бышығла, бышық. Монғолиядағы қазақтар тілінен байқалған ыспар сөзінің түбірі ыс жөнінде де осыны айтуға тура келеді. Оның да ертедегі дыбыстық нұсқасы — ыш болған. Ө~о, ү~ұ сәйкестіктерге байланысты қорытынды мынадай: сөздің дауысты дыбыстар құрамындағынан өзгеруі, екі түрлі айтылуы қазақ тілінде елеулі орын алады. Көптеген сөздердің жарыспалы дыбыстық нұсқада қолданылуы көзімізді осыған жеткізеді. Бұл - тіліміздегі күрделі фонетикалық құбылыстардың бірі. Жуан және жіңішке дыбыстардың бірінің орнына бірі жұмсалуының сан қилы себептері болған. Соның ішіндегі ең маңыздысы — көне түркілік дауысты дыбыстар сапасының өзгеруі салдарынан туған ауытқулар [14, 78].

Қорытындылай келсек, қазақ тілі говорларындағы фонетикалық ерекшеліктердің күрделі де маңызды бір қабаты тамырын тереңнен алып, түркі тілдері дамуының өн бойында үзілместен ұдайы айта қаларлықтай рөл атқарып, елеулі із қалдырып келе жатқан тарихи сәйкестіктер. Олардың әсері дауысты дыбыстардың да, дауыссыз дыбыстардың да қолданылу ерекшліктерінен айқын байқалады. Ерекшеліктердің екінші бір нұсқасы өзге тілдерден енген кірме сөздердің дыбысталуы жағынан игеру, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеу, көндіру барысында пайда болған алуан түрлі вариантты ауытқулар. Біздің ойымызша, бұндай ауытқуларды диалект деп есептеу қате сияқты.

Қазақ ғалымдарынан басқа орыс ғалымлары да қазақ тілінде диалект жоқ деп есептеген. Мысалы, Н.Созонов «Қырғыз тілінің грамматикасы туралы жазбалары» атты еңбегінде қазақ сөздерінің көбі татарша сөйленістеріне басым деп, орамал-урамал, көше-куше, бөтен-бутен, бітір-битер, емес-имес, ері-ірі секілді мысалдар келтіріп, қазақ сөздерінің бұл сияқты бұрмаланған тұлғаларын диалектілік құбылыстар ретінде қабылдауға тіпті болмайды деген [20, 197]. В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племен...» атты еңбегінде қазақ тілінде диалектілер жоқ деген [20, 188]. П.М.Мелиоранский Радловтың пікірімен келісіп, өзінің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты еңбегінің 1-бөлімінің алғы сөзінде «...қырғыз тілін зерттеушілердің бәрінің бірауыздан айғақтауы бойынша ол ең таза, ең бай түркі наречиелерінің қатарына жатады. Қырғыздар (қазақтар) мекендеген кеңістіктің аса үлкендігіне қарамастан, олардың тілі тіпті бір-бірінен қашық жатқан жерлерде мүлде дерлік біркелкі екені соншалық – оның әрі қарай поднаречиелерге бөліну мүмкіндігі шамалы екендігі айта қаларлықтай жағдай» деген [20, 190]. Жоғарыда айтып кеткендей біздің пікіріміз осы ғалымдармен сарындас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сөйтiп, жергілікті элементтердің әдеби нормаға қатысы, әдеби тілге ену әлеуеті (мүмкіндігі), көркем әдебиеттегі орны, қызметі туралы қысқаша қайырылған мағлұматтарды қорытындыласақ:

1.                      Қазақ тілінің даму сатысында диалектизмдер деп аталатын лексикалық топтар мен жергілікті фонетикалық, грамматикалық бірліктер бар. Бірақ олар говор дәрежесіндегі элементтер.

2.                      Жергілікті тіл ерекшеліктері — ауызекі сөйлеу бірліктері, ал халықтың ауызекі сөйлеу үрдісі — жазба әдеби тілді толықтыратын көздердің бірі, сондықтан баламасы жоқ зат атауларын, кәсіпке, әр алуан шаруашылық ұғымдарына, әр өлкеге тән ландшафтыға және тағы басқаларына қатысты сөздерді жергілікті сөйлеу тәжірибесінен диалектизмдер құрамынан таңдап алу процесін әлі де тоқтатуға болмайды.

3.                      Диалектизмдер көркем әдебиетте суреткерлік құралдың бірі ретінде қолданылады. Олар тек кейіпкерлердің диалог, монологтарында ғана емес, шығарманың стильдік тонына қарай автордың баяндауында да жұмсала алады. Бірақ мұнда қайткенде де бейәдеби сөздің қолданыс уәжі (мотиві, себебі, қажеттігі) болуы керек және ол уәж ғылыми тұрғыдан дәлелденетіндей болуы шарт.

4.                      Қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктерінен бүгінгі және ертеңгі жазба әдеби тіліміздің лексикалық қазынасын байытуға қажет бірліктерді, іздестіру, іріктеу, таңдап алу қарекетін жүргізе беру — алдағы міндеттеріміздің бірі болып саналады.

Сөйтіп, жаңа сөздер, көне сөздер, сирек колданылатын лексикалық топтар, терминдер, диалектизмдер деп топтан бөлiп алып, олардың әрқайсысының әдеби тiлдегi орны, қызметi, қазiргi күйi, нормалану үдерісi жайында жасаған талдауларымыз бен бiлдiрген пiкiрлерiмiз мынадай қорытындыға келедi:

1) Қазiргi қазақ жазба әдеби тiлiнiң лексика саласы айтарлыктай нормаланып, ол нормаларды қалыптастыру (кодификация) үдерісi жүргiзiлуде. Әдеби лексикалық нормалардың негiзгi базасы — халықтың сөйлеу тiлi мен жазба тiл үлгiлерi: көркем әдебиет, публицистика, ғылыми әдебиет болып саналaды, олар қазақ сөздерiнiң әдеби қазынасын танытады. Оларды норма ретiнде тұрақтандырып, қалыптастыруда oқy-ағарту құралдарының, баспасөздер алуан сөздiктердiң, оның iшiнде анықтағыш құралдардың қызметi айрыкша.

2) Қазiргi күнде лексикалық нормалардың iшiнде варианттар қатарын туғызып, пiкiрталастарға шақырып отырғандары - терминдерге қатыстылары, мұнда тек термин жасау принциптерi ғaнa емес, кipмe терминдердiң тұлғалануы, оларға қазақша қосымшалар жалғану ерекшелiктерi туралы да әр түрлi пiкiрлер мен ұсыныстар айтылуда.

3) Әдеби нормадан тысқары тұратын лексикалық топтардын iшiнде әдеби үлгiлерде орнымен (уәждi) колданылатын cәттерімен қатар, нормадан ауытқитын қолданыстар да орын алуда. Әдеби норма шарттарына мұқият қарайтын, ғылыми iзденiстердi талап eтeтiн саланың бiрi - бейәдеби элементтердiң қолданысы. Қазақ әдеби тiлiнiң сөздiк құрамын толықтыра түсу - әлi де жүрiп жатқан үдеріс, сондықтан ауызекi сөйлеу бiрлiктерiнен, әcipece диалектизмдерден мүлде бас тарту әлi ерте. Оларды тек стильдiк мақсатпен көбiнесе көркем әдебиетте ғaнa қолданып қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бiр көзi ретiнде қарау керек.

4) Лексикалық нормаланудың eң өзектi мәселесi – варианттары жайы. Оларды да айырып қарап, әдеби нopмaғa eнeтiн қатарлар мен бiр сыңарын әдеби норма ретiнде тұрақтандырып, қалғандарын бiрте-бiрте қолданыстан ығыстыру әpeкeтi дұрыс бағыт алып келе жатқандығын айтуға болады.

5) Лексика саласындағы әдеби нормаларға келгенде көркем әдебиет стилi өзге функционалдық стильдерден бөлек тұрады. Сондықтан "көркем әдебиеттегi сөз қолданыс және әдеби норма" деген тақырып өз алдына талдауды қажет етедi.

Информация о работе Диалектизм нормалары