Диалектизм нормалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 17:42, курсовая работа

Описание

Қазақ тілінің лексикалық құрамы әдеби тілде қолданылып жүрген сөздерден ғана жасалмайды. Ол сөздерден басқа да халық тілінен қамтылмаған тіл материалы, сөз байлығы бар. Бұл сөз байлығы ұлт тілі жасалған дәуірде ғана әдеби тілге еніп, бірте-бірте қалыптасып, халықтың керегіне жұмсалады. Тілдің сөздік құрамы толығып, кейбір грамматикалық формалары жетіліп, ұлт тілінің көлемі кеңейді. Мұның өзі ұлт тілінің халық тілінен айырмасын анықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................

І тарау ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1. Норма, диалект, говор туралы жалпы мәлімет.........................................
1.2 Орыс ғалымдарының «диалект», «диалектизм», «говор» терминдеріне берген анықтамалары......................................................................................
1.3 Батыс ғалымдарының диалект, жайлы көзқарастары және қазақ ғылымында «диалект» сөзінің мәні................................................................
1.4 Қазақ ғалымдарының қазақ тіліндегі диалектілер жайындағы көзқарастар....................................................................................................

ІІ тарау ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Территориялық (жергілікті) және тайпалық диалектілердің қалыптасуы және ара қатынасы........................................................................................
2.2 Қазіргі қазақ тіліндегі ауыспалы говор мен жергілікті говор.................
2.3 Қазақ тіліндегі диалектілік сипаттағы элементтер..................................

Қорытынды...................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................

Работа состоит из  1 файл

Диалектизм.doc

— 195.50 Кб (Скачать документ)

Диалектілерді топтастыру мәселесіне келсек, біздің ойымыз батыс ғалымдарының пікірлерімен жарым−жартылай үндеседі. Яғни, жоғарыда атап кеткен С.З.Деваевтың диалектілерге классификациялау әрекеттері ешқандай оң шешім бермейтігін немесе теоретик Герман Паульдың диалектілік топтар мен топшаларға нақты бөлудің мүмкін еместігі жайлы келтірген зерттеулері, Гастон Парис пен Г.Шухардттың диалектілерді мүлдем жоққа шығарған пікірлері; Францияның лингвистикалық атласын жасағаннан кейін Ж.Жильерон мен Е.Эдмонд диалект ұғымын және зерттеуін шектетілуіне шақырған үндеулері және т.б.. В.М.Жирмунский осы мәселелерді зерттей келе өзінің «О некоторых проблемах лингвистической географии» атты еңбегінде қазіргі лингвистикалық атластардың дұрыс, нақты жасалуы қателескен ғылыми теорияға әкеліп, тіл бүтіндігі мен бірлігінің бұзылуына, яғни диалект құбылысының атомизациясына соқтыртады– деген қорытындыға келген.

Қазақстандағы диалектілерді зерттей отыра, олардың жағдайын салыстырмалы түрде басқа елдердің диалектіерін салыстыруды жөн көрдік. Мысалы, араб диалектісі. Қазіргі уақытта екі негізгі параметр бойынша яғни, әлеуметтік және жергілікті болып классификацияланады. Әлеуметтік диалектілер өзара көшпелі және отырықшы болып, ал жергілікті диалектілер қалалық және ауылдық болып бөлінеді. Ал жалпы қазіргі араб тіліндегі диалектілер 5 топқа бөлінеді: шығыс (месопотамиялық), аравийлық, орталық-арабтық, солтүстік-африандық (магибтік), мысыр-судандық. Араб студенттері, туристері осы диалектілердің кесірінен көп қиыншылық көреді. Мысалы, араб студенті Мысырға немесе Сирияға келіп, әдеби тілде сөйлеген кезде оны түсінетіндер кемде-кем. Бір жағынан қарағанда, тіл бір, ал араб тілінде сөйлейтін мемлекеттер көп. Негізінен, диалектілерді ажырату үшін ең басты оның ерекшеліктерін яғни, айтылуын, грамматикасын, сөздік құрамын білсе болды дейді. Бірақ бұл даулы мәселе. Мысалы, әдеби тілдегі үстел сөзі – «миндада», «мактаб», ал мысырлықтардың тілінде «тарабеза». Яғни еш ұқсастық жоқ. Сол себепті мысыр диалектісінің арнайы даярлық сабақтарынсыз мысырлықпен сөйлесу қиындыққа соғар.

Ал қазіргі Қытай тілінде 6 диалект бар. Олар Қытай территориясының төрттен бір бөлігін құрайды. Мемлекет халқының үштен бірі осы диалектілерде сөйлейді. Сонымен қатар, солтүстік диалектісі 3 диалектілік топқа бөлінеді. Бұл тілде халықтың қалған бөлігі сөйлейді. Яғни барлығы 9 диалект бар деуге болады. Осы 3 диалектілік топтың қатынасын АҚШ-тағы Англия мен Австралияның ағышын тілі сияқты. Ал жоғарғыдағы 6 диалектілік топтың қатынасын суреттесек, нидерланд тілінің ағылшын тілінен, француз тілінің итальян тілінен айырмашылығымен деңгейлес. Ал қазақ тілінде бұндай ерекшеліктер атымен жоқ. Сол себепті қазақ тілі диалектіге бөлінеді деген кей ғалымдардың пікіріне қосылуға болмайды. Қазақ тілі қаймағы бұзылмаған тұтас тіл болып табылады. Оған Ғ. Мұсабаевтың ... деген пікірі дәлел Лексикасында кездесетін мағыналары күңгірт сөздер тайпа қалдықтарының көне сөздері, я болмаса белгілі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер, я болмаса көрші елдерден ауысып келген, я болмаса сол елдердің ықпалынан өзгеріске ұшыраған сөздер болып табылады. Бұндай сөздердің қоры шамалы болғандықтан, қазақ тілінде сөйлеген жұрт арабтар не қытайлар секілді түсінбестікке тірелмейді.

Жалпыхалықтық сипаттағы кәсiби сөздерді диалектiлiк лексикадан ажырта бiлген жөн. Кәсiпке байланысты сөздердiң көпшiлiri әр аймақта әдеби тiл деңгейiне көтеріле алмай жүргенiмен, олар тiлiмiз үшiн аса қажeттi қазынa байлық болып табылады. Мiнe, осындай сөздердi газет-журнал беттеpінде жиі қолданысқа түcipy – олардың жалпыхалықтық игілікке айналуына жол ашпақ. Қысқасы, әдеби норма тұрғысынан келгенде, диалектизмдер сияқты мол қордың өзіне үлкен ыждахаттылықпен қарау керек. Оның лексикалық қазынаға қосар үлесі барын еске ала отырып, жазба тілге, әсіресе көркем әдебиеттен өзге стильдерге енгізу әрекетінде де олар білдіретін ұғымдардың әрбір элементін назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Өйткені сөз қолданысқа түскенде ғана өзінің мүмкінідігін арттырып, жалпыхалықтық сипатқа ие бола алады. Егер оларды орынды-орынсыз диалектілердің қоймасына тоғыта берсек әдеби тілдің сөздік қоры кеміп, мүмкіндігі төмендей беретіні анық. 

«Халықтың ауызекі тлі, халық диалектілері мен говорлары – әдеби тілімізді байытудың, оның сөз орамын, сөз саптау машығын нәрлендірудің қайнар бір көзі, құнарлы арнасы» деп С.Омарбеков [22, 23] бекер айтпаса керек.

Қорыта келгенде, диалектизмдерді қажеттiлiк туғaн сәтте, әдеби тiлде баламасы болмаса, әдеби тiлдi байытуға әлеуеттi болса, функционалдық стильдердің барлық түрінде батыл қолдану керек деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.      Нақысбеков О. Қазақ тілінің ауыспалы говоры (Шу бойындағы қазақтар тілінен жиналған материал бойынша). – Алматы: Ғылым баспасы, 1972. 174 б.

2.      Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері Алматы, «Арыс», 2000. 624б.

3.   Р. Сыздық Тілдік норма және оның қалыптасуы (кодификациясы) Астана: Елорда, 2001. – 230 бет.

4.      Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – Москва: Издательство «Советская энциклопедия», 1966. – 608 стр.

5.      Кузнецов П.С. Русская диалектология. – Москва: Учпедгиз, 1960. – 279 стр

6.      Русская дилектология. Под редакцией Р.И.Аванасева и В.Г.Орловой. второе издание. – Москва: Наука, 1965

7.      Русская дилектология. Под редакцией Н.А.Мещерского.– Москва: Высшая школа, 1972. – 302 стр

8.      Большая Советская энциклопедия. Главный редактор А.М.Прохоров. Москва, Издательство «Советская энциклопедия», 1974

9.      Б. А. Серебренников «Общее языкознание. Формы существования, функции,история языка» ИЗДАТЕЛЬСТВО "НАУКА" Москва 1970. - 404 бет.

10. С.З.Деваев. диалекты мокша-мордовского языка в фонологическом аспекте. Том IV., Саранск, 1966

11. Г.Пауль. Принципы истории языка. Москва, 1960

12. В.М.Жирмунский. О некоторых проблемах лингвистической географии. – Москва, 1960

13. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы – Алматы, «Ана тілі», 1991. – 200 бет

14.   Мұхамбет-Кәрім Хасан. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 290 бет.

15. Баскаков Н.А., Балақаев М.Б., Абдуллаев Ф.А., Ширалиев М.Ш., Юнусалиев Б.М. О современном состояние и путях дальнейшего развития литературных тюркских языков. – Москва, 1964

16. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознание. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 592 бет. + 12 бет суретті жапсырма

17. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1959, 15 май

18. Ж.Досқараев. Изучение системы народных говоров казахского языка. – Известия СН КазССР, Серия общественных наук, 1966, выпуск 4

19. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознание. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 472 бет. + 8 бет суретті жапсырма

20. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казкхского языка. Учебное пособие. 2-e издание, дополненное. – Алматы, «Санат», 1997. – 608 бет.

21. Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002 – 190б.

22. Омарбеков С. Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы, 1983

23. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (Маңғыстау говорының материалы). – Алматы: Ғылым баспасы, 1965ж – 165 бет.

 



Информация о работе Диалектизм нормалары