Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.

Содержание

I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

курсовая радио журналистика Word (2).docx

— 95.73 Кб (Скачать документ)

 

Жұмыс түрі: Курстық жұмыс 
Пәні: Журналистикаға кіріспе  
Бет саны: - 
Интервалы: -

 

МАЗМҰНЫ -  
I. КІРІСПЕ ...........................................................................................3 бет  
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ  
2.11Радиожурналистиканың ерекшелік сипаты....................4бет  
2.22.2Стильдік бейнелеуші құралдар. .........................................................7бет  
III.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................17бет  
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................20бет 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кустық жұмыстың тақырыбы: Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі.

Тақырыптың өзектілігі:

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: радиожурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, радионың пайда болу және хабар таратудың дамуымен, қазақ радиосының даму кезендерімен, жұмыс істеу әдістерімен, радиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен, жанрлары және пішіндерімен, радиожурналистің еңбек қарым-қатынастарын реттейтін кәсіби-этикалық ережелер және қағидалармен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.

Курстық жұмыстың нысаны: әртүрлі сипаттағы радио компаниялар үшін хабарлар даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастыру.

Курстық жұмыстың дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Т.Бекниязовтың «Журналисттің шығармашылық шеберлігі» 2004ж, Н.омашевтың «Радио Журналистика»2005ж.

 

Тақырыпты зерттеу  әдістері: зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады.

Курстық жұмыстың практикалық және теориялық  маңызы: бұл жұмысты жоғарғы оқу орындарында оқытушылар мен студенттер  әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

Радио - хабар таратудың акустикалық табиғаты. Хабар тарату техникасының дамуы және радионың бейнелеуші құралдары. Мәтіннің оқылғанда адамға әсері. Радиотыңдарман аудиториясы. Дыбыстық журналистика тілі мен стилінің өзгешелігі. Радио ерекшелігіндегі оның таралу ауқымының шексіздігі мен жеделдігі. Оқиғаға қатыстылық пен соны сезіну ерекшелігі. Радио өзгешелігінің тарихи қалыптасуы.

Бұқаралық коммуникация жүйесіндегі радиохабар тарату. Бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі радионың ерекшелігі. Радиохабар таратудың міндеттерін талдау. Қоғамды біріктіру мен жұмылдыру, қоғамдық пікірді қалыптастыру, идеялық тәрбие, қоғам мүшелерінің саяси белсенділігін арттыру, мәдениетін көтеру, экономикалық сананы қалыптастыру, көңіл көтерудің алғышарттарын жасау - радиохабар таратудың негізгі міндеттері ретінде. Радионың қоғамның рухани өсуіне ықпалы. Радиохабар таратудың эстетикалық негіздері. Радио және әдебиет. Радио және театр. Радио және газет. Радио және кино. Радио және телевизия. Радио және Интернет.      

Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы.

Радио пайда болуының алғышарттары. Форт-Александровск радиостанциясы - Қазақстандағы алғашқы радиостанция. Түркістан өлкесі үшін Ташкент радиостанциясының мәні. Радиотелеграф қызметінің алғашқы қарлығаштары. ТүркРОСТА, КирРОСТА жаршылары. Орынбор, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Өскемендегі қабылдау станциялары. Қазақстанның толыққанды алғашқы радиостанциялары. Радио Достары қоғамы. Ауызша газет. Алғашқы ақпараттарға қойылған талаптар. Қазақстанда радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері және олардың сипаты. Радионың ең негізгі мақсаты жөнінде А.Н. Толстойдың айтар болсақ: «Адам жаны туралы шындықты, жай сөзбен айттып жеткізе алмайтын жүрек құпияларын суреттеу болып табылады. Өнер микрскоп тәрізді. Оның тетігін біліп туралай алған адам ғана ішкі жан – дүниесін ақтара көрсетіп, айшықтай алады», - деген тұжырымға кеделі. [2.41.б]

 

 

Радиожурналистика жанрлары мен пішіндері. 

30-шы жылдар – радионың  «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы  "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы. Радиоға тән ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон алдындағы көсемсөз, тікелей хабар тарату — радиожурналистиканың жаңа пішіндері. Алғашқы студиядан тыс хабарлар. Радиожиналыс, радиомитинг және басқа да кеңестік кезеңдегі радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.

Радиокомпозицияның дүниеге  келуі. Радиофильм, радиоүнқату, радиокөпір, радиомарафондар. Жанрлар мен пішіндердің түрлену себептері мен салдары. Жанрлар эволюциясының қозғаушы күштері. Авторлық бағдарламалар және оның түрлері. Тікелей эфирде жұмыс істеудің ерекшелігі. Радиохабар таратудағы пішін мен жанрларға қазіргі көзқарас.

Радиожурналистиканың ақпараттық жанрлары.

Ақпараттық хабардың жанрлық  ерекшелігі - оқиғалығы, жеделдігі мен шынайылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ілік - хабар дерегінің негізі, оның мағыналық орталығы. Ақпаратқа қойылатын маңызды талаптар - жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, объективтілік. Телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары.

Репортаж - телевизиялық және радиожурналистикадағы жетекші  және маңызды жанрлардың бірі. Репортажда деректі жедел тарату мен талдаудың  қатар жүретіндігі. Репортаж жеке хабар ретінде. Репортаж күрделі хабардың құрамында. Репортаж композициясы. Репортаж - оқиғаға қатысты автордың көзқарас бағасына сүйенетін публицистік жанр. Динамикалық өрбу, көрнекілік, деректілік, образды талдау, баяндаудың эмоциялық бояуы мен репортердің жеке шеберлігі — репортаждың табиғи бейнелеуші элементтері ретінде. Тікелей репортаж бен студияда жазылған репортаждың өзгешелігі. Репортаж жүргізушінің шеберлік қырлары. Телевизия мен радиодағы репортаж.

Сұхбат. Жанрлық ерекшелігі. Баяндаудағы жеке көзқарас. Сөйлеушінің  ойлау ерекшелігін танытатын  жанды әңгімелесу - сұхбаттың негізі. Сұхбат түрлері. Сұхбат жеке хабар ретінде. Сұхбат басқа хабарлардың құрамдас бөлігі ретінде. Сұхбат алушы және оған жауап беруші. Тікелей эфирдегі сұхбат. Телевизиялық және радиосұхбаттың айырмашылығы. Сұхбатты жүргізу техникасы.

Радиодағы талдамалы жанрлар.

Журналистік талдау - оқиғаға қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Ақпараттық хабарды дамыту, оған қатысты әртүрлі көзқарастарды жинақтау. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік. Дерекке немесе оқиғаға қатысты болжамдар айту.

Пікірталасқа құрылған радиохабарлар және оларға қойылатын талаптар. "Дөңгелек столды" ұйымдастыру және жүргізу.

Деректі-көркем жанрлар.

Радиоочерк публицистік жанр ретінде. Очерктің жанрлық табиғаты. Очеркте әлеуметтік, публицистік және көркемдік шешімдердің тоғысуы. Очерк құрылымы. Радиоочеркте кейіпкер бейнесін сомдау үшін көркем бейнелеу тәсілдерін қолданудың маңызы. Радиоочерк тілі мен стиліндегі өзгешеліктер. Радиоочерк пен телеочерк арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

Қазіргі хабар таратудағы очерк мәні. Телевизия мен радиодағы сатиралық жанрлардың орны мен маңызы. Радиофельетонның жанр ретінде қалыптасуы мен дамуы. "Көреген" сатиралық радиожурналы. Қазақ радиосының көркем жанрларды дамытудағы ізденістері. Суреттеме, эссе. Радиокомпозиция: құрылымы мен шығармашылық болмыс-бітімі.

 

Радиохабар таратудың  қазіргі түрлері.  

Қазіргі кезеңдегі радиохабар тарату қызметінің негізгі әдістері мен пішіндері. Ресейлік радиохабар тарату тәжірибесі. Американдық және европалық радиохабар таратудың бүгінгі модельдері. Қазіргі заманғы радиохабар таратудың форматтық ерекшелігі. Ақпараттық радиохабар тарату. Ақпараттық-музыкалық радиохабар тарату. Музыкалық-ақпараттық радиохабар тарату. Музыкалық радиохабар тарату. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайы. Қазақстандық коммерциялық арналар мен Қазақ радиосының хабар тарату режимдері. Радиотолқындағы пікір саналуандығы. Мемлекеттік және коммерциялық радиохабар тарату. Әртүрлі меншік формасындағы радиостанциялардағы журналистік еңбектің айрықшалығы. Қазіргі радиостанциялардың түрлері. Тақырып, хабар тарату әдісі бойынша жіктелуі.

Жаңалықтар топтамасы - радиохабар таратудағы маңызды шығармашылық өнім және оның әртүрлі редакцияларда қамтылуы. Радиохабар таратуда тыңдармандардың танымдық сұранысын қанағаттандырудың мәні. Ойын-сауықтық хабарлардың үлесі. Көркемдік хабарлардың эстетикалық табиғаты. Әдеби-драмалық радиохабарлар. Театр, кино, эстрада өнеріндегі көркемдік тәсілдердің радиоға ықпалы. Драмалық хабарлардың көркем шығармашылықтың бір түрі ретінде дамуы. Әдеби және драмалық радиохабарларды әзірлеудегі ізденістер.

Радиохабар таратуды жоспарлау  мен кестелеудің негіздері. Хабарды  тарату кестесі. Жаңалықтар топтамасының түрлері және оларды эфирге берудің тәртібі. Бағдарламалардың композициясы. Монтаж және оның хабарлар ретін жүйелеудегі маңызы.

Радиохабар жасаудың  технологиясы.

Радиожурналистиканың қазіргі  заманғы техникалық құралдары. Микрофондар  және олармен жұмыс істеудің ерекшелігі. Репортерлер, диктофондар, дыбысты  жазып алатын цифрлық құралдар. Дыбысты  өңдеу технологиясы және оның түрлері. Монтаждауды үйлестіру және басқару  құралдары, дыбысты деңгейлестіру. Дыбыс пен сазды өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламалар.

Радиодағы журналистік мамандықтар және олардың техникалық және қызмет көрсетуші мамандармен үйлесімді жұмыс істеуі.

Радиохабар таратудағы инновациялық технологиялар. Цифрлық радиохабар таратудың дамуы. Интернет арқылы радиохабар тарату.

Радиохабардың бейнелеуші құралдары.

Дыбысталған сөз – басты  бейнелеуші құрал. Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары ретінде саз  бен табиғи орта шуының мәні. Радиожурналистикада  және көркем қойылымдық хабарларда музыкалық  безендірудің ерекшелігі.

Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары. Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуші құралдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1Радиожурналистиканың ерекшелік сипаты

Радионың тілі мен стилі туралы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Бұл кезде жекелеген шағын еңбектер, мақалалар жарияланды. Бірақ мұндай зерттеулерде көбіне алғашқы бауқаулар мен тұжырымдар жасалады. Сондай –ақ, сол кездегі зерттеулерде көбінесе мәселені терең әрі жан – жақты қамтиалмаушылық кездеседі. Алайда сол кездің өзінде – ақ қайсі бір проблемалардың көтерілуі құптарлық еді. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдары жарияланды. Ой – пікірлер айтылды. Бұл – алғашқы ізденістер еді. Әлі аныықталмаған мәселелерді қозғау, жаңадан теория мен тәжірбие жайын жолға қою ісі қолға алынды. Сөйтіп біріншілердің қатарына Бернштейн сияқты ғалымдар зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен бірге, М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружнеков, И.Андроников сияқты ғалымдар шықты. Бұлардың еңбектерінде радиодағы хабарға байланысты тақырыптар зерттелді. Одан соң да зерттеу аясы бірте – бірте кеңейіп, басқа да тақырыптар бойынша концепциялар қарастырылды. Бұл орайда радио тілі біржақты қарастырылмай, әдеби тілге және жалпы тіл заңдылықтарына байланысты алынды. Осы ретте орыстың атақты ғалымы, академик Виноградовтың әдеби тілі мен стилі туралы және теориясы туралы еңбектері пайдаланылды. Басқа да көптеген орыс ғалымдарының лингвистикалық еңбектеріне назар аударылады. Ал қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне келетін болсақ, бастапқы кезде қазақ тілін жан – жақты зерттеген Ахмет Байтұрсынов еңбектерін айту керек. Байтұрсынов тілдік нормалардың жасалуы және заңдылықтары жөнінде еңбектер қалдырды. Сондай- ақ, «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде тілдің тазалығына және анықтығына, дәлдігі мен әуездігіне байланысты пайымдаулар мен ғылыми қорынтындылар жасады. Сонымен бірге, сөздің дыбысталуы мен айтылу мәнері туралы тоқталған. АЛ осы айтылған жайлар – радио тілі мен стиліне байланысты алып қарауға байланысты мәселелер. Келесі бір қазақтың академик ғалымы Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Сбай поэзиясының тілі» деген еңбегінде. Сондай- ақ «Стил – өнер ерекшелігі» деген еңбегінде, тіл, стилге орай ғылыми пікірлер айтқан. Сондай ғалымдар қатарына С.Аманжоловты, Н.Сауранбековты, І. Кеңесбаевты, Ә.Хайдаровты, Р. Сыздықоваларды атауға болады. Осы секілді ғалымдар қазақ тілінің көптеген проблемаларын зерттеді. Сондықтан олардың еңбектерін де радионың тіоі, стиліне қатысты түрде пайдалану керек. Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттелген еңбек жоқ деуге болды. Бірақ арғы- берге зерттеушілер: Х. Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтың, Н.Омашеваның, Р.Сағымбековтың еңбектерінде қосымша тіл – стилге байланысты айтылатын мәселелерді пайдаланған жөн. Бір айта кететін нәрсе – радионың тілі , стилі туралы қазақша еңбектер жазып, зерттеу алдағы уақыттың ісі. [1.53б]

   Радионың тілі  – қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, мәнерлі, әуезді болуы  керек. Сонымен бірге, радио  тілі зерттеушілердің пікірлеріне  назар аударсақ, қосымша мына  жайларды аңғаруға болады. Мәселен,  ғалым А.Шнейдер өз еңбегіне: «кітаптың  тілі емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана радио тілі  болуы керек», - деді. Ал зерттеуші  Ю.Гальперин болса: «Радионың  табиғатының өзі сөйлеу тілін  қажет етеді»,- деген. Сондай –  ақ, Б.Михайлов: «Радио хабар тілі  – әдеби тілдіңсөйлеу түрлеріне жатады», - дейді. Тағы бір пікірді А.Фриш былай деп түйеді: «Оның (яғни, радионың ( сапасы сөйлеуге байланысты».[1,53.б]

     Демек осы пікірлердің бәрін қорыта келгенде, үлген ұғымдағы «радио тілі» дегеніміз – сөзден, сөйлеуден, әнгімелесуден келіп құралады. Сол сөйлеудің бәрі жай ғана айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек. Сонда ғана сөйлеген сөздер «радио тіліне» айнала алады.

    Тіл қолданудың  өзіндік сырлары, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне байланысты  дыбыс айрықша рөл атқарады. Радиодағы  ауызша сөз бен сөйлеу тілінің  мәні бар. 

  Сондықтан сөйлеген  дауысты жоғарылату мен төмендетудің  және екпіннің, үн ырғағының радиода  сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың  қандай дәрежеде  болуының өзі  адамға әртүрлі әсер етеді.  Дыбыс акцентпен айтылған өз  көңңілге қонымды шығады. Естугеде  жағымды. 

   Немесе тез сөйлеу  мен баяу сөйлеудің де әсері  өзгеше.

   Оның бәрі сөздің бейнелілігін, мәнерін, ұғымды жақсартатын құралдар. Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл – күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.

   Дауыс тербелісі сөз бояуын арттырады. Осылайша радиодан берілетін материалдар мен хабарларда белгілі бір ырғақпен сөйлеуші адамның ақпараты тыңдарманға әсерлі де, сенімді жеткізіледі. Радио пайда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радио сөз сөйлеу монолог, диолог келуі мүмкі. Ал монолог дегеніміз не және ол радиода қалай беріледі?

  Мысалы, монолог түрінде  микрафон алдындағы әңгіменің,  комментаридің, сөз сөйлеудің  жіне корреспондент әңгімесінің  көп бөлігі өтеді. Тіпті, кейде  репортаждың өзі монолог түрінде  беріледі. Монолог – жеке адамның  өз сөзі, ойы болып табылады. Ол ешкіммен әңгімелеспей, көз алдында көрінбейтін, өзімен бірге отырмайтын адамға тіл қатқандай әсер қалдырады. Оның өзі етіп отырған ішкі ойларына қасында қолма – қол жауап беріп, сөзге араласушы немесе жауап беруші болмайды. Сондықтан монологды сұрау салу, жауап беру сияқты нәрселер бір адамның өз сөзімен ғана шектеліп, тиісті ой мақсатын орындап барып аяқталып отыруға тиіс.

Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі