Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.

Содержание

I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

курсовая радио журналистика Word (2).docx

— 95.73 Кб (Скачать документ)

Радиохабарлар тыңдаушылардың есту қабілетіне негізделіп жасалатындықтан  дыбыстың өзіндік сипатын зерттеу  хабар берудің озық, әрі жетілген түрін қалыптастыруға, дамытуға мүмкіндік  беретіні сөзсіз. Радиохабарлардың мазмұнымен қатар эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушыны тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға бейнесі сомдалуы қажет. Бұл  жерде басты қызметті атқаратын нәрсе – сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жанды дауысы, оның ырғақтары мен үн реңдері хабар мазмұнын, берілу пішінін жандандыратын ең басты құрал.

Сөз хабардың басты дыбыстық элементі десек те, ол радиодағы  идеялық және көркемдік ойдың  жалғыз жеткізуші құралы емес. Аудиторияға  тиімді ықпал етіп, тыңдаушылардың назарын аудару үшін сөз жеткіліксіз, тек оның музыка және шулармен сабақтаса  байланысу мүмкіндігі болғанда ғана тыңдарман ықыласын жаулап алуға  толықтай сенуге болады.

Музыка мен шулар. Радиохабар құрылымында музыка мен шу композицияның  жеке элементі ретінде орын алады  және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде қолданылады. Олар аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік мазмұнын жеке дара таныта алады.

Бүгінгі күнде психологтар  мен өнертанушылар музыка мен  шулардың ролін тең дәрежеде деп  көрсетеді және олардың материалдық  әлемдегі құбылыстарды ырғақты әрі  нақышты ұйымдастырылған дыбыстармен  бейнелеу мүмкіндігін жоғары бағалайды. А. Стоковский деген ғалым адам өмірінде кездесетін барлық шулар “өзіндік ырғақты қағыстардан тұрады және өзіндік музыкалық мәнге ие”  деп көрсетеді. Ғалымның бұл пікірі радиожурналистика мен радиоөнердегі  Арт-акустика деп аталатын қызықты  әрі жаңа бағыттың негізі етіп алынды. Бұл күнделікті өмірде кездесетін және нақты тарихи оқиғаларды көз алдыңызға  келтіретін шуларды қолдана отырылып ұйымдастырылатын сюжеттік хабарлар. Мысал ретінде алсақ, Сталин мен  Гитлердің сөздері, сөз мағынасы түсініксіз, тек сөйлеу мәнері мен  ырғағына қарап оратордың кім  екенін анықтауға болады, яғни дыбыстар символ ретінде қолданылады, сөздер тарихи мәнге ие болып, шуға тең болады, радиохабар барысында қосымша түсініктеме  мен түсіндірме сөздер қолданылмайды. Музыка мен шу айтылған сөздегі идеялық  және эстетикалық ақпараттарды дәлелдеп, толықтырып әрі жетілдіріп отырады  және сюжет желісіне қажетті логикалық  және эмоционалдық талаптарды орындауға  да қабілетті.

Радиохабардағы әрбір  музыкалық және шу фрагменттерінің  орнын және негізгі атқарар қызметін анықтау өте жауапты жұмыс, бұл  істе радиорқызметкерлерінен кәсіби білім  пен үлкен жауапкершілік талап  етіледі.

Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін алмастырып тұрса, онда олар төмендегідей қызметтер  атқарады:

1) Оқиғаның болған жері  мен мерзімін білдіреді. Мысалы, спорттық шолуда гонг дыбысы, ат тұяғының дүрсілі, көрермендердің  көтеріңкі және бәсеңдеген дауыстары  репортаждың ипподромнан беріліп  тұрғанын көрсетеді, сондықтан  тілшіге оқиға болған жерді  суреттеуге уақыт оздырудың қажеті  жоқ. 

2) Оқиғаның уақыт пен  кеңістіктегі қозғалысын таныту. Бүгінгі таңда репотаждың соңғы  дайындық жұмысы монтаж бөлмесінде  өтетіні шындық, репортер әр алуан  мерзімде және әр жерлерде  жазылып алынған хабар үзінділерінің  басын құрап, хабар құрылымын  өзгертеді, міне осы жағдайда  музыка хабар бөліктерін біріктіру,  жымдастыру ролін атқаратын және  бір мезгілден келесі мерзімге  өтудің таптырмас қ?ралы болып  табылады.

Эстондық радиожурналист И.Триккель екі балықшылар ұжымының жарысы туралы әңгімелей келіп, мұхиттан жағалауға ауысқан оқиғаның арасын жымдастыру үшін музыкалық лейтмотив  ретінде Вагнердің “Летучи голландец” әнінің әуенін пайдаланған, осылайша ол сәтті хабар жасап, музыканың  ролін басқа қырынан танытқан.

3) Суреттеп отырған оқиғаның  эмоционалдық мінездемесін ашып  көрсету. Дыбыстық элементтерді  дәл, әрі сабақтастыра қолдану  оқиғаны толық болмысында және  өз мәнінде көрсетуге мүмкіндік  береді. Мәселен, жазылып алынған,  үнтаспаға түсірілген деректі  шулар мен көшедегі сапырылысқан, дағдарған адамдардың сөздері,  олардың бет-жүздеріндегі үрей  арқылы жер сілкінісінен кейінгі  трагедиялық картинаны көрсетуге  болады.

4) Журналистің немесе  оқиғаға тікелей қатысқан адамдардың  психологиялық жағдайын суреттеу. Кейіпкерледің сезімі мен ой  тебіреністерін, жан-дүниесіндегі толқуларды  жеткізуде музыка мен шуды  астарлап қолдану.

Музыка – шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің  түрі, дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді, сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.

Гегель музыканы екі түрге  бөліп қарастырады: біріншісі –  сүйемелдеушілік ролі, екіншісі –  жеке дара өнердің бір түрі, яғни музыка адамның көңіл-күй толқыныстарын  әр түрлі пішін мен жанрда бейнелейді.

Музыканың сүйемелдеушілік  қызметі өнердің театр, хореография, телевидение түрлерінде кең қолданылады. Радиода музыка мәтінді механикалық  тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі жанрлық шығармаларды ұйымдастыруда  белсенді роль атқарады. Нақтырақ тоқталар болсақ:

Ақпараттық блоктардың арасын бөлу;

Бағдарламаның музыкалық  шапкасы;

Дыбыстық декорация –  тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның болған жерін таныту;

Дыбыстық фон ретінде  қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын  айқындау (ақпараттық хабарларды жиі  қолданылатын тәсіл);

Дыбыстық атмосфераны  бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан толғанысын, оқиғаның жалпы болмасын аша түсу;

Дыбыстық образ жиынтығын  қалыптастырудың көркемдік тәсілі;

Хабарда суреттелетін оқиғалардың  арасын бір-бірімен жымдастыра байланыстыру.

Табиғи бейнелеуші құралдардың  хабарды ұйымдастыру барысында  көп қолданылатын түрі – шу. Шу дегеніміз  әр түрлі дыбыстық белгілердің жиынтығы және музыкамен, сөзбен жымдастырыла, сабақтастыра пайдалана отырып оқиғаның негізгі болмысын өз мәнінде суреттеудің, бейнелеудің бір тәсілі. Сонымен  қатар адамдардың түсініксіз сөздері, гуілдер, музыкалық тіркестердің микрофонға кездейсоқ жазылуын да шуға жатқызуға  болады.

Радиохабарда шулар төмендегідей қызметтерді атқарады:

– журналистің баяндап  отырған оқиғасының, көрінісінің, құбылысының  дыбыстық мінездемесін ашуға көмектеседі. Сөзбен қатар үнтаспаға түскен деректі  шулар шындықтың дыбыстық бейнесін сомдайды, ақпараттың дәйектілігіне  негіз болады;

– дыбыстық фон құрайды, акустикалық иллюстрация ролін  атқарады, оқиғаның негізгі деген  тұстарын айшықтап, даралап көрсетеді;

– әдеби контексте айқындаушы белгі ролін атқарады, әрі көркем, образды мінездеменің мән-мазмұнын аша түседі, әдеби деталь және оның дыбыстық бояуы болып эстетикалық  қырын танытады.

Бір сөзбен айтқанда радиомәтіннің  бейнелеуші және көркем айқындауышы  шулар болып табылады. Жоғарыда жеке-жеке талдап өткен пішінтудырушы құралдардың  түрлеріне Қазақ радиосында әр жылдарда ұйымдастырылған хабарлар негізінде  талдау жасап көрелік.

1984 жылдың наурыз айында  Т.Ахтановтың “Шырағың сөнбесін”  туындысы бойынша радиоспектакль ұсынылды. Қойылым режиссері – Ә.Досмағамбетов, редакторы – Б.Нұрмұхамбетов. Басты рольдерде Алматы театрының артистері ойнайды. Қойылым шығарманың бас кейіпкері Назыкештің монологымен басталады да, оқиға одан әрі өрби береді. Спектакль барысында музыка, әр түрлі қосалқы дыбыстар көп пайдаланылған және адамдардың  образы бас кейіпкердің сөзімен суреттеліп, диалог пен монолог жиі қолданылған.

“Негізгі идеяны шешу, тақырыпты  ашу үшін музыка мен дыбысты пайдалана  ма, әлде кейіпкердің монологын немесе жетекшінің, автордың сөзін қолдана  ма, міне бұл автордың ойына, режиссердің  шешіміне байланысты. Тек қана автор  да, режиссер де өздеріне ұнау жағын  ойламай, тыңдаушының талап-талғамын мұқият ескеруге тиіс”_ деген шарт толық орындалған.

Ал музыка мен шудың  көркем хабарлардан алатын орнын  мына мысалдан айқын көруге болады. Яғни, 1971 жылы М.Әуезовтың “Әйел  жолы” туындысы бойынша қойылған радиоинсценировканы алайық ._

Рөлдерде Қазақтың драма  театрының актерлері ойнаған, режиссері  – А.Жолымбетов. Онда жылқышы Сатайдың қызы Алуаның қорғансыз күні және кейіннен Совет өкіметі орнап, жеке  басын өзі қорғап, ширыққан өмірі  соншалықты шынайы көрсетіледі. Оқиға  барысы көбіне кейіпкерлердің сөзі, диалогы  арқылы ашылып отырады. “…диалог арқылы кейіпкердің мінез-құлқын көрсету, уақиғаның орнын, уақытын, қимылды  білдіруге болады. Орны-орнымен пайдаланса, түрлі дыбыс, шу эффектілері, музыка (музыкалық пауза, қорқынышты, қуанышты, салтанатты жайды білдіретін, т.б. музыка) радиода аса үлкен күшке, шексіз мүмкіндіктерге ие”._ Мәселен, сөз етіп отырған қойылым барымта (сөзбен бейнелеу) көрінісінен басталады. Аттың  дүбірі, жылқының кісінегені, адамдардың айғайласып дабырласқаны, сойыл-шоқпардың  дыбысы көз алдыңызға осынау көріністі  елестетеді.

Жалғыз сүйеніші, қорғаны  болған әкесінің қаза болып, Жанат кемпірдің  “ендігі күнің не болады” деп  зар қағуы, жоқшылықтан байдың есігінде жалшы болған Алуа қыздың мүсәпір  күй кешіп, шетқақпай көруі - кейіпкерлердің диалогы, музыка, дыбыстар арқылы жан-жақты  ашылған. Радиопьесаның үш компоненті - сөз, дыбыс, музыка бірігіп келіп  оқиғаны көз алдыңызға күйініш, қорғансыздық сияқты бар бояуымен жайып  салады. Тыңдаушы ретінде оқиға желісімен  бірге жасап, елітіп кеткеніңізді сезбей қаласыз.

Ж. Нәжімеденовтың кітабы бойынша  ұйымдастырылған “Күй кітабы” атты әдеби-музыкалық монтаж өте сәтті  шыққан деуге болады. Редакторы –  Қ. Механов, режиссері – А.Т ирова, авторы – Қ.Ж ұмағалиев._

Хабар Құрманғазының түрмеде  отырып өз-өзіне мұң шаққан сөзінен  басталады. Ана туралы толғанысынан кейін күйшінің “Қайран шешем” күйі беріледі. Күйші:

Күйім болар шерткенім,

 Жан берсе де айныман,- деп өз мақсатын жыр етсе, енді  бір сәт замана қыспағын бастан  кешкен ғұмыры “Қыңыр болды  не керек, Болмасына болды ма”  деп жырланады. Күйшінің “Түрмеден  қашқан” шығармасынан кейін,  түрмеден қашып шығып, Нарын  құмына сіңіп кеткен күйші  жайлы:

Күйші қашты түрмеден,

Азабынан түрменің.

Қорыққаннан емес қой,

Бақытына бүкіл байтақ елінің, - деп толғанады. Міне осылайша күйшінің бар ғұмыры өзінің күй мұрасымен  бірге жырланады.

Бұл жерде музыка ырғағы күйшінің жай-күйімен астасып, әр оқиғаның мазмұнын ашу мақсатын көздейді. Рольдерде  театр артистері ойнаған. Осыған орай күй әуенімен нақышына келтіріле  ойналған әрбір образ соншалықты шынайы сомдалған.

Бейнелеуші құралдардың  бірінші тобының пішінқалыптастырушы  деп аталуы олардың бірігіп радиохабардың  жанры мен пішінін тудыруы  және біртұтас құрылымдық жүйені қалыптастыруы  деп атап айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

2.2Стильдік бейнелеуші құралдар

 

Бұл аталған екінші топ журналистің  шығармашылық еркіндігіне құрылады, әрі өзіндік қолтаңба қалдыруға  жетелейді. Бейнелеуші құралдардың  бұл түрі бағдарламаның стилін құрастыруға  негіз болады, әрі журналистің  материал мазмұнын баяндаудағы өзіндік  жеке әдіс-тәсілдері, әңгіме ырғағы қалыптасады. 

Ең алдымен дыбысқұрудың өзіндік  әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз: бірінші  – реверберация, яғни дыбысжазу процесінде басқару тетігінің көмегімен журналист дауыстың және болған оқиға туралы жазбаның дыбысталуына қосымша әр береді, әрі жаңғырық қосады. Бұл тәсіл тыңдаушының ынтасын, назарын кейіпкердің сөзіне, журналистің сөз қолданысына аударту және оқиғаның дыбыстық бейнесін айшықтау мақсатында қолданылады.

Екінші – «Буратино» тәсілі. Бұл тәсілді бейнелеуші құрал ретінде ашқан режиссер Роза Иоффе. Магнитафон таспасын жылдам немесе баяу айналдыру арқылы техникалық бракты тиімді көркем тәсілге айналдыру туралы жаңалық Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері атты балаларға арналған радиоспектакльде алғаш қолданылды. Осы аталған тәсілдің көмегімен ағаш адамның құлаққа жағымды с?здері, Қарабастың жуан дауыспен айтылған сөздері, қуыршақ артистердің жіңішке дауыстары, дуэттер, квартеттер құрылды, ең бастысы мұның бәрі бір ғана актердің дауысын әр қырынан құбылтудың жемісі еді.

Буратино тәсілі журналистің шығармашылығында кең қолданысқа ие болды. Бұл сұхбат беруші адамның сөзін тілшінің мысқылмен  баса көрсетуіне мүмкіндік береді.

Үшінші – дыбыстық мизансцена. Эфирде сөз болып жатқан әңгімеге қатысушы адамдарға микрофонды ұсынудың, бағыттаудың тәсілдері. Микрофонды барлық адамдардың сөзі бірдеңгейде  естілуі жағдайында орнату және қолдан-қолға  ұсыну, жақындату  немесе алыстату, яғни оқиғаның жалпылық мәнін ашу  үшін қолдану әдісі. Керісінше микрофонды тек бір ғана дауыстың айқын, әрі  айрықша естілуі жағдайында орнатуға болады, мұндай жағдайда бір ғана дауыс  немесе дыбыс хабардың сюжеттік, мәндік, эмоционалдық негізін құрайды.

Бұл тәсіл журналистің әңгімесінің  маңыздылығын арттырып, сонымен қатар  шынайылығын танытады, тарихи сипат  береді.

Төртінші – дауыстық әрлеу. Бұл  тәсіл радиотеатрда көп қолданылады, әрі шығу тегі де драмалық қойылымдардан  бастау алады. Нақты анықтама берер  болсақ, бұл – оқиғаның бар болмысын (атмосферасын) әр қырынан жан-жақты  ашу үшін журналистің сөзіне эмоционалдық бояу, әр беру және сөздің айтылу мәнеріне, ырғағына ерекше назар аудару. Бұл  актерлік шеберлікті қажет етеді. Дауыстық әрлеу журналистке кез-келген жағдайда керек. Шын мәнінде қоғамның кез-келген мүшесін қызықтыратын оқиғаның тек  өзіне тән қайталанбайтын эмоционалдық атмосферасы болады. Тек сол атмосфераны  дәл беретін тонды табу қажет  – көңілді немесе көңілсіз, тез  немесе баяу, әр сөзің балғамен шегелегендей нақты  немесе таңғы шықтай мөлдір, мұның бәрі кәсіби шеберлікке тікелей  байланысты,  Мәселен, футболдан  репортажды комментатордың кабинасында  отырып алып, жай дауыспен баяндауға  немесе өзі доп қуып жүрген футболшының  немесе шынайы жанкүйердің бейнесіне  еніп, бар ынта-шынтаңмен әңгімелеуге  де болады, мәселе – осы жарыстың нағыз болмысын сөзбен қаншалықты деңгейде сомдап бере білуіңіз бен тыңдаушыларға  қаншалықты дәрежеде жеткізе алғандығыңызда, журналист әр оқиғаның өзіндік баяндау  мәнері, сөйлеу мақамы болатынын әрқашанда  естен шығармау керек.

Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі