Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа
30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.
I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28
Радиохабарларын тілдік бейнелеу оның
бұқаралық өзгеше ақпарат құралы
екендігімен тығыз байланысты.
Әдетте, тілмен безендіру, бейнелеу
тек баспасөзде ғана емес, электронды
ақпарат құралдары – радио
мен телевидениеге де қатысты
болып келеді. Радиода тілдік безендіру,
бейнелеу, ажарлау, мәнерлеу хабарлардың
сапасын арттырып, көркемдігін күшейтеді.
Бұл орайда, лингвистиканың теңеу, эпитет,
метафора сияқты бейнелеу құралдарын
кеңінен әрі жан-жақты қолдану
тиімділікке жеткізеді. Ойдың логикалық
әсерін пайдалана отырып, тыңдар манның
немесе көрерменнің назарын аудару,
қызықтыру, тартымды сөйлеу секілді
компоненттері орнымен әрі
Тілдік безендіру – радиохабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Сондықтан тіл бояуларының тартымды шығуына күш салып, ізденістер жасау лазым. Хабар көкердігі сапалы болса, тыңдаушыға да оның берер әсері зор болмақ. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше екенін ескерген жөн. Лиризм – адамның көңіл күйі менг ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотаңдаушы үшін аса қажет. Өйткені дәл осындай ара қатынас орнату, тыңдаушы мен жүргізушінің немесе автордың, радиожурналистің арасында белгілі бір байланыс орната білу де таптырмайтын қасиет. Ез келген хабарды құрғақ тілмен жүргізу табысқа жеткізбейді.
Сондықтан эфирде сөйлеу мәнерінің мән-маңызын ұиытпау керек. Мәнерлі де, айшықты тіл болмай, адамның назарын аудару мүмкін емес. Бұл ретте, тек сөздің жылтырақ сыртқы әсерін ғана көздемей, оның маңыздылығына басым зер салған жөн. Ал сөзбен көп мағына беру, ойдың ұтымды болуын ойлау, сөздердің астарлы, мәнді шығуын байыптау қажет. Сөз дәл, анық, айқын рөл атқарып, тыңдаушы ұғымына сай келуін қрастыру абзал. Сонда берілетін әрбір хабар түрлерінің немесе жанр түрлерінің тілдік бояулары өздеріне тән, лайықты жағдайында көрініс береді. Саяи хабар мен көркем хабардың өз орны бар. Бұларда тілдік бояуларды қолдану бірдей емес. Саяси хабарды тым көркемдеп жіберу де жараспайды. Сондықтан әрбір хабар түрлерінің өз табиғатын ескеріп отыру талабы туындайды. Тіл – ойдың өрісі.
Ал радиохабарларын безендіру
үшін тағыв да бір жол - акустика
болмақ. Акустика - тіл әуезі туралы
ілім. Ол гректің «естілу» деген
сөзінен шыққан термин. Акустика термині
физикада да қолданылады. Бірақ
радио мен телевидениедегі
Радиода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж болып есептеледі. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып алудың реті бар. Адам жерінде хабарға музыканы пайдлану, тағы бірде хабарға егінжайдан естілетін комбайынның моторы дыбысын немесе зауыт цехындағы станоктар мен ұста-пресс балғаларының шуын жазу хабарлар үшін қажетті екені белгілі. Бұл жәйттер сол жерден дайындалған хабарларға нанымдылық, деректілік, табиғилық дарытады. Сонымен бірге, хабарлардың эфирлерге тәп талап-шарттарын орындауға мүмкіндік береді. Әрі бұған қоса, эфир хабарларын безендіру болып шығады. Онсыз радио, телевидениенің мәні толық дәрежесінде көрінбеген болар еді. Акустиканың кейбір белгілері мынадай:
Міне, осылайша радиода акустиканың айрықша орын алатынын байқау қиын емес. Өйткені, радио хабарлары дыбыстарға негізделіп жасалатыны белгілі.
Радиода тілдік безендіру фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланылады.
Фразеология – лингвистика ғылымының а йрықша бір сөз құрамын, тіркесін, оралымын қарастырады. Фразеологиялық тіркестер халықтың ауызша, жазбаша тілінде қалыптасып, тұрақты формада көрініс береді. Ондай тіркестер көбіне тілде дай ын күйінде, аса көп өзгермейтін түрде кездеседі. Аталған тіркестер екі немесе одан көп сөздерден құрылуы мүмкін. Фразеологиялық оралымдар өз құрамындағы сөздерді өзгертпей әрі орын ауыстырмай қолдануды қажет етеді. Халықтық немесе жеке адамдарның сан ғасырлар қалыптастырған сөз тіркестері адамның ауызша сөзіне немесе жазбаша сөзге ерекше әсер береді. Ол бейнелеу сияқты көкемдік рөл атқарады, астарлы мағына да береді. Фразеологиялық тіркестердің өз алдына бүтін мағынасы болады. Сөйлемдер ішінде ерекше мәнімен көрінеді.
Мысалы: «Көзі-ашып жұмғанша», «қас пен көздің арасында», «тайға таңба басқандай», « тонның ішкі бауындай», «жұмған ауызын ашпады», «мұртын балта шаппайды», «көзге түртсе көргісіз», «жер-жебіріне жетті», «әліпті таяқ деп білмейді»...
Мұндай сөздер әдебиетте,
публицистикада жиі қолданылады. Жазушылар
мен журналистер әртүрлі
Келесі бір халық жасаған
көркем – мақал-мәтелдер болып табылады.
Алдымен мақалдарға тоқталатын болса,
бұл да фразеология қатарына жататын
оралымдар. Себебі, мұнда да тұрақты
тіркестер болғанмен, өзіндік құрылысы
мен мағынасы жағынан фразалық тіркестерден
ерекшелігі де бар. Мақалдар бір немесе
бірнеше жол болып та, өлең секілді
шағын бір оралымды қамтуы мүмкін.
Мұндай сөздер де халықтың ауызша тілі
арқылы, ауыз әдебиеті арқылы дүниеге
келіп қалыптасқан. Мақалдарда халықтың
өмір тәжірибесінен туған, замандар
бойы елеп-екшелеген даналық өсиет-
Мысалы: «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбейә, «Тұз астың дәмін келтірер, мақал сөздің сәнін келтірер» т.б.
Мақалдар айтуға ықшам, жеңіл болумен бірге, адамның көкейінде бірден жатталып қалуға ыңғайлы болып келеді. Оның астарлы да, ауыспалы мағынасы болуы мүмкін. Жазушылар мен журналистер мақалдарды өз материалдарында көп пайдаланады. Ол көркем ой беруге таптырмайтын сөздер. Кейде ол тиянақтау мен тірек, қорытынды жасау үшін публицистикада қолданылады. Мақалдар радиода сөзге ерекше мән-мағына беру үшін хабардың тартымды болуы үшін енгізіледі. Әсіресе, мақалдардың радиохабарларының сөз сазын, әуенін, әуезін келтіру үшін және ырғақ, екпін секілді сөздің а йтылу мәнерін арттыруға үлкен себі бар. Мақал өз-өзінен құйылып тұрған сөздер, халық арасына кең тараған әрі үнемі айтылып жүретін сздер. Мақалдарда ой кесімді түрде, нақты айтылады. Енді мәтелдерге келсек, бұл да әрі ықшам, нақыл сөздер болып келеді. Мұнда ой айтылып,тілде өзіндік орны бар сөз тіркестері қалыптасқан. Мәтелдер де көркем, нақышты құрылады. Мақалдан ерекшелігі мәтелдерге ой кесіліп айтвлмай, жанама түрде келеді. Мысалы «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Айдағаны бес ешкі, ысқырғаны жр жарады», «Баяғы жартас- бір жартас», «Кең болсаң, кем болмайсың», «Әзілін айтсаң да, әділін айт», «Ата-аганың қадірін балалы болғанда білерсің» т.б.
Тағы бір айтар нәрсе – қанатты сөздер. Бұл сөздер да тапқыр, өткір, дәл, анық сөздер. Қанатты сөздер екпінді әрі ұшқыр ойлы болып келеді. Оны да хплық дүниеге келтіреді. Сонымпен бірге, жекелеген шығармашылық адамдары да қанатты сөздерді табуы мүмкін. Мысалы: «қанат ұшса қатаяр», «Адам деген – ардақты ат», «Керек тастың ауырлығы жоқ»...
Журналистикада мәтелдер
де, қанатты сөздер де кездеседі.
Радиохабарларда мұндай сөздердің
айрықша қызмет сипаты бар. Бұлар
хабарлардың тілін
Шешендік (оратор) латынның «айту» деген сөзінен шыққан. Шешен болу адамның қабілет- дарынымен бірге, білімділігіне (эрудициясына) қатысты болады. Сонымен бірге, шешен болып тумаса да, оны өмірде ізденіс, дайындықтар арқылықалыптастыруға болатын белгі. Шешендікті зерттеушілер өнер ретінде қарастырады. Шешендік өнер дегеніміз – дұрыс сөйлеп, сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Яғни, адамның тіл шеберлігі, жақсы, тартымды, дәлелді, сенімді сөз айта білу. Жұрттың назарын аударып, әсер ету, сөзіне ұйыту т.б.
Шешіндік, әсіресе, ертедегі, яғни,
антикалық дәуірдегі Грецияда
және Римде жақсы дамыған.
Шешендік сөз өнері туралы плотон, Аристотель еңбектерінде біздің эрамызға дейінгі V-IV ғасырларда айтылған зерттелген.
Ертедегі шешендер туралы
айтар болсақ, Грецияда Демосфиннің
шешендігі тарихтан өте
Сөйтіп, Демосфеннің сөзін оқыған патша: «Шынында, мына сөзді оның аузынан естісем, менің өзім де қарсы соғыс ашқандай болады екенмін» дейді. Ертедегі Грек тарихшысы Плутархтың «Салыстырмалы өмірбаяндары» кітабында шешендер туралы көп жазған.
Ал Римнен шыққан әйгілі
шешен ЦИЦЕрон болса, біздің
эрамызға дейінгі І ғасырда
өмір сүріп, тіпті шешендік
туралы еңбектер де жазған. Мәселен,
оның «Шешен», «Шешендіктуралы»
Осы айтылған шешендер және
де басқалар шешендік өнерді
барынша менгерген тұлғалар
Шешендік өнер көптеген басқа да салалармен: философия, логика, пидагогика, тіл білімі, этика мен эстетика сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Ол – синтетикалық өнер, жанжақты өнер.
Қазақ халқының атақты үш шешені – Төле, Әйтеке, Қазыбек бұл өнердің шеберлері.
Ал бүгінгі радио мен
телехабарларға келсек, шешендік
өнерге үйренудің қажеттілігі
өзінен – өзі туындайды.
Падио хабарларда дауыс немесе дыбыс ырғағына байланысты өз ерекшелігін қолдану міндеттері туындайды. Себебі, қандай тьілде болмасын, электронды ақпарат құралдарында сөйленген сөздің ауызша бояу треңі әрқилы болып келеді. Міне, осы жағдайларда ескере отырып, райдиожурналистер өздері жүргізетін хабарларда рөлін дұрыс атқара білу керек. Бұл ретте тілдің үндестігі (спнгорманизм) ескеру қажет. Әрбір сөздің буындарында немесе дыбыстрында өзіндік айтылу үйлесімі болуы тиіс. Мәселен, алдыңғы буын мен кейінгі буынның және алфавиттің, әріптердің жан-жағындағы көршілес әріптерімен қосылып айтылатын кездерінде осы үйлесімділік шарттарын ескермеуге болмайды.
Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі