Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.

Содержание

I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

курсовая радио журналистика Word (2).docx

— 95.73 Кб (Скачать документ)

Радиожурналист ең бастысы сөз  құдіретін бағалайтын, сөздің адам ойының негізгі көрсеткіші екенін түсінетін  маман болуы, әрі ол “Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге сипат  жағының келістілігімен, мағына жағының  күштілігімен жағатынын, сөз көркемдігі әуезділігінің әдемілігі мен  кестесінің келісті болуынан екенін”  әрқашанда көңіліне түйіп жүруі  керек. 

Радиода журналистің бар ойын, пікірін, сезімін жеткізу құралы тек қана сөз десек, онда ауыздан шыққан әрбір  сөзге жете мән беріп, тілдің құдіретін  жан-тәніңмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін Ахмет Байтұрсынұлыша айтсақ: “Тілдің міндеті – ақылдың  аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін  адамы табылса, тіл шама-қадырынша  жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін  адам табылуы қиын. Ойын ойлаған  қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп  шеберлік керек”.

Радионың негізгі бейнелеуші құралы – сөз. Бұл оның барлық жанрларына тән болуы тиіс. Дегенмен әр жанрдың  тілдік құралдарын іріктеу мен үйлестіру  принциптері бір-біріне ұқсамайды. Осыған орай түрлі жанрларда сөздердің  образдылық қызметі де өзгеріп отырады. Ол бірде көрнекілік ролін атқарса, енді келесіде публицистикалық текстің  бейнелеуші және эмоционалдық негізі ретінде көрінеді”.

Радиожурналистика жанрларының негізін  ауызша айтуға бейімделіп жазылған (речевые  тексты) мәтіндер құрайды, олар алдын-ала  жазылған жазбаша мәтіннен және ауыз екі тіл заңдылықтарының элементтерінен тұрады. Әр жанр бір дыбыстық бірлікке, жиынтыққа бағытталып ұйымдастырылады.

Радиохабарды есту арқылы қабылдайтын  болғандықтан, мәтіннің немесе сценарийдің  айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге  айналу процесіне аса зор мән  беріледі. Яғни “радиохабарының бастан-аяқ  ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болуы жеткіліксіз. Себебі, маңызды  деген материалдың өзін бірқалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның  логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді, әрі  адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн тілімен  әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік  те мол”. Ал “адам дауысының ырғақтарын, үн реңдерін мәтінге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы – үннен айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді”(З. Паперный). Сондықтан  мәтінді ауыз екі тіл стиліне  бейімдей отырып жазып, баяндап отырған  жайттың мазмұнын ашатын, айтылатын  ойды нақты айшықтап суреттейтін  негізгі деген сөз тіркестерін  іріктеп қағаз бетіне түсіріп, әрі  айтылатын әр сөздің ауызша айтқандағы әсер ету деңгейі бірінші кезекте  ескерілуі қажет.

Әрбір айтылған сөз естіген немесе көзбен көрген адам бойында оның сезімін  қозғайтыны, белгілі бір  бейнені  тудыратыны сөзсіз. Зерттеуші А.Ковалев  “тілді қолдана отырып, оның көмегімен  шындықтың алуан түрлі картинасын бейнелеуге және оқырман бойында  жарқын образдар тудыруға болады”  деген пікірін айтады.

Расында да қай замандарда болмасын адам сөз құдіретінің алдында  бас иіп келеді. Радиозерттеушілер  осы аталған қағиданы да өз еңбектерінде алға ұстанады. Тіл айқындылылығы  мен бейнелілігі  көркем әдебиетке  ғана қатысты мәселе емес, ол шынайы публицистиканың ажырамас бөлігі екені  де рас. Бұл жөнінде М.Зарва “…Выразительность  и изобразительность меняют здесь  свое функциональное назначение. Если в художественной литературе с ее методом образной трансформации  действительности изобразительно-выразительные  средства служат целям познания, то в публицистике-это один из способов воздействия, убеждения доказательства”  дейді.

Бейнелеу және айқындаушы құралдар әдебиетте танымдық мақсатта қолданылса, радионың табиғатынан келіп туындайтын тілдің немесе сөздің әсер ету, әрі  сендіру, дәлелдеу құралы екенін зерттеуші  дәл көрсеткен. Радиодағы баяндау  тәсілі жанды, көркем болуы керек, тыңдаушыға бейнелі сөзбен әсер ету қажет  деген пікірлер де айтылды. Бейнелі  сөздің адам ойын өткір, әрі мәнді  етіп жеткізудегі және ой нанымдылығын күшейтудегі ролі айқындала бастады.

Бейнелеу құралдарының тиімділігі оның бір ойды, бір пікірді дәлелдеу бағытында жүйеленіп берілуінде. Ал бұл талаптар жазушы қауымнан қырағылықты, тәжірибені, ең бастысы жазу шеберлігін қажет етті.

Радиожурналистиканың өзгешелігін  айта келіп М.Зарва эфирден берілетін  сөзге талапты басқа қырынан  қояды: “ауызекі сөйлеуге негізделген  радиожурналистика оқырмандар мен  тыңдаушылардың ой-өрісін жетілдіріп қана қоймай, оның жан дүниесін қозғап, біліктілік пен сезімталдыққа тәрбиелеуі керек” дейді. Ал зерттеуші В.Яхонтов  сөздің бейнелілігі мен дыбысталуының  сабақтасуын былай көрсетеді: “Зримость  слово можно найти в каждом…  произведении. Оно требует особой приглядки: как зримое переходит  в звучащее слово! …Живописать надо звуком. …Звук – это плацдарм нашего искусства. Звуком рисуешь видимое  слово, звуком чувствуешь, страдаешь, восхишаешься и звуком же рассказываешь о месте  действия, о мире, о природе, небе, морях, и реках. И конечно же, о  людях”, яғни бұл анықтама радионың өзіндік табиғатын тануға да көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, радиожурналист бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік  меңгеріп қана қоймай, радионың өзгеше акустикалық ерекшеліктерін жақсы  білуі тиіс.

Радиохабарлар тыңдаушылардың есту қабілетіне негізделіп жасалатындықтан дыбыстың өзіндік сипатын зерттеу хабар  берудің озық, әрі жетілген түрін  қалыптастыруға, дамытуға мүмкіндік  беретіні сөзсіз. Радиохабарлардың мазмұнымен қатар эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушыны тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға бейнесі сомдалуы қажет. Бұл  жерде басты қызметті атқаратын  нәрсе – сөйлеушінің дауыс  ырғағы. Адамның жанды дауысы, оның ырғақтары мен үн реңдері хабар  мазмұнын, берілу пішінін жандандыратын  ең басты құрал.

Сөз хабардың басты дыбыстық элементі десек те, ол радиодағы идеялық  және көркемдік ойдың жалғыз жеткізуші  құралы емес. Аудиторияға тиімді ықпал  етіп, тыңдаушылардың назарын аудару үшін сөз жеткіліксіз, тек оның музыка және шулармен сабақтаса байланысу  мүмкіндігі болғанда ғана тыңдарман  ықыласын жаулап алуға толықтай сенуге болады.


Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі