Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.

Содержание

I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

курсовая радио журналистика Word (2).docx

— 95.73 Кб (Скачать документ)

Демек. Жазудың радиода  сөйлеу тіліне жақындатылатыны осдан  – ақ аңғарылады.

             Мұны радиожурналистер күнделікті  хабар дайындау үстінде байқап  отыруы тиіс.

Радиожурналистикада «какофония»  деген ұғым бар. Мұның мәні сөздердің  радиохабарда жағымсыз естілуіне байланысты болады. Яғни, эфирде тындаушы үшін жағымсыз ахуал туғызбау керек. Қандай бір  тіл болмасын онда кейде жағымсыз естілетін сөздер кедеседі. Ондай  сөздер құлаққа түрпідей тиіп, ыңғайсыздық  туғызады. Сондықтан ондай сөздерді радиоматериалдарда қысқартып немесе басқа сөздермен алсматырған  дұрыс. Яғни, эфирге жібермеуге тырысу керек. Бұл сөздер хабарды тартымсыз  етеді, тыңдамауға әкеліп соғады.

Мысалы ш,к,қ,п әріптері радиодан жиі – жиі естіле берсе, қатаң дыбыстылап, тыңдаушы жұрттың  құлағына жағымсыз тиеді. Слндықтанг жағымсыз дыбысты сөздерді алдын – ала  редакцияла, ыңғайлы сөздерді енгізген жөн.

Ал бұған керісінше  хабарларда жағымды естілетін сөздер, дыбыстар болады. Мұны ғылыми түрде  «эвфония» дейді. Демек, сөздердің  мәнері, әуенді естілуі көзделеді. Радиода  бұған рекше маңыз беріледі. Хабарлардың  да жақсы шығуына эвфонияның әсері  бар. Мұның өзі жағымсыздықты  болдырмауды жолы екені анық. Сондықтан радиожурналистер бұл жағдайды мұқият ескеріп ескеріп отыру өте қажет фактор.

Терминдер әрбір халық  түрінде кездесіп отыратын құбылыс. Терминдердің ұлттық термин, халықаралық  термин түрінде кездесуі мүмкін. Бұлар  белгілі бір ұғымның анықтама сөздері. Өзіндік дара мағынасы бар.

Терминдер ешқашан екіұшты ұғым тудырмауы тиісү және бірнеше мағынасы болмауы керек. Кейде аударма терминдер де кездеседі. Ал халықаралық терминдердің ұлттық баламасы табылып жатса құба – құп. Бірақ  халықаралық терминдерді жаппай аудара беру шарт емес, қайта көп қолданылатын, тілге сіңген терминдерді аудармай – ақ, сол қалпында алған жөн. Терминдер тұрақты сөзер болып табылады.

Радио хабарда терминдер  күнделікті кездесіп отырады. Бірақ  баспасөзге қарағанда радиода терминдерті  көп қолдану жарамсыз.

Сөздіктер болса – түсіндірмелік, анықтамалық, салалық, аудармалар болып  бөлінеді. Сөздіктер, атаулар да радиопублицистикада  молынан ұшырасады. Сараланған сөздер мәтінде дәл, анықтық болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан сөздерге де электронды ақпарат құралында айрықша қару керек. Ғылым, техника, экономика, мәдениет, саясатта терминдер мен сөздіктер  салалық түрде кездеседі. Радио журналистер мұндай сөздерге ұқыпты қарағаны жөн.

СӨЗ. Сөз – адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі  өнім. Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен  сөзге анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бұл жөнінде төмендегідей ой түйеді: “Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын  біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім  болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп  тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар  тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер  жүзіндегі осы күнгі адамзат  тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты  – ой. Ой тілі – сөз”. Ал Ахмет  Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек “бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз  арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады”. Яғни Мағжанша айтсақ адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды  жеткізудің негізгі құралы, сонымен  қатар ойдың тілі – сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп  жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал сөз қадірін бірінші кезекте  бағалайтын журналистер үшін Ахмет  Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі  қағида болуы тиіс.

Ең алдымен сөзбен жұмыс  істегенде журналистің алдында  тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:

Біріншісі – журналист  көңіл қойып, назар аударған оқиғаны  және оның барлық болмысын сөзбен дәл  әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.

“Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан  ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін  қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана  білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын  жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс.

Тілді қолдана білу деп  айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз”. Бұдан шығатын  тұжырым сөзді дұрыс тауып  қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.

Екінші міндет – сөздің оқу мақамын дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. “Бар” немесе “жоқ”  сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын  таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік  мәні, берер мазмұны жойылады.

Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін болса адамның елестету қабілетіне тиімді түрде әсер ете  алды, радиожурналист материалының көп  бөлігі, әсіресе ақпараттық бағыттағы  хабарлары аудиторияға осы жолмен жетіп жатады.

Сөз әдебиетте де, журналистикада да мазмұнды жеткізуші құрал болғандықтан адамның эмоциясына, кез-келген айтылған, көзбен көрген жайтты ойша бейнелей білетін  елестету қабілетіне бағытталады. Адам санасында қалыптасқан образ (бейне) табиғатынан күрделі, яғни ол мәндік, эмоционалдық, рационалдық әсерлермен және түйсікпен сезінудің қосындыларының жиынтығы.

Кез-келген мәтіндегі әрбір  сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу  мақамына салып, жан-тәніңмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе  білсең тыңдаушыға әсер етпей қоймайды. Кез-келген мәтінді – ауа-райы болжамынан бастап қайғылы жайттар, елең еткізер оқиғаларға дейін – ресми түрде немесе селқос баяндауға  болады, сонымен қатар тыңдаушыны толғандырып, селт еткізердей етіп жеткізуге де болады. Бұл үшін журналист шығармашылық адамы болуы тиіс, мәтінді ішкі түйсікпен терең сезініп, тақырып мазмұнына қарай дауысын құбылтып отыруы керек.

“Біз басқаларды тыңдағанда олардың айтқандарын құлақпен қабылдаймыз, содан кейін барып тыңдағанымызды көзбен көреміз” (К.С.Станиславский), яғни айтылғанды көзбен көру тыңдау болса, ал сөйлеу – ойша елестетіп, бейнелеп тұрған образдарды (ұғымдарды) сөзбен сомдау болмақ.

Үшінші міндет – журналист  логикалық және экспрессивті акценттерді, екпіндерді іздеуі қажет.

Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі, әрі бейнелі шығуы  үшін журналист дауыстың күшіне емес оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарлату немесе төмендету), екпіндердің  дұрыс қойылуына (фонетикалық акценттер), тыныс алудың реттілігіне көңіл  қоюы керек. Дауыс күшімен әсер етем деу қате, бұл жағдайда қажетті  көңіл-күй туғызу қиын болмақ, бұл  тәжірибеде дәлелденген қағида.

Екпін – сөз мәнінің  көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші. Екпінді дұрыс қолдану  дегеніміз оны қай сөзге қою  керектігін таба білу ғана емес, оны  қай сөздің арасында қолданбау керек  екенін сезіну.

Ахмет Байтұрсынұлы “буын  екпіні мен сөз екпінінің қолайлы  орналасуы сөйлеу әуезділігін тудырады”  дейді. Ауыз екі сөйлегенде түрлі  сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа жағымды болып  естілуін сөйлеу әуезділігі десек, онда екпіннің айтар ойды жеткізудегі  ролін бағамдауға болады, яғни екпінді  дұрыс қолдану сөздің кестесін келтіріп айтудың негізгі шарты.

Радиожурналист ең алдымен  өзі хабарлап отырған ақпараттың маңыздылығын, шынайылығын сезініп, түсінуі қажет, сонда ғана оның айтқаны  сенімді шығады.

Тыңдаушыларды хабарға тартудың бір жолы – студия қонағымен еркін  сұхбаттасып, шынайы әңгіме айтуға жетелеу.

Ауызекі сөйлесудің негізгі  пішіні – диалог, яғни нақты бір  проблеманы шешудің жолдарын бірлесе  іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта  білетін ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның  әңгімесі. 

Радиодағы диалог құрудың  өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша елестетіп, алдын-ала  оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет  отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін  құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті  сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану.

Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар  мен дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар  мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.

Радиожурналист ең бастысы  сөз құдіретін бағалайтын, сөздің адам ойының негізгі көрсеткіші екенін түсінетін маман болуы, әрі ол “Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз  көңілге сипат жағының келістілігімен, мағына жағының күштілігімен жағатынын, сөз көркемдігі әуезділігінің әдемілігі  мен кестесінің келісті болуынан екенін” әрқашанда көңіліне түйіп  жүруі керек. 

Радиода журналистің бар  ойын, пікірін, сезімін жеткізу құралы тек қана сөз десек, онда ауыздан  шыққан әрбір сөзге жете мән беріп, тілдің құдіретін жан-тәніңмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін Ахмет Байтұрсынұлыша айтсақ: “Тілдің міндеті – ақылдың  аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін  адамы табылса, тіл шама-қадырынша  жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін  адам табылуы қиын. Ойын ойлаған  қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп  шеберлік керек”.

Радионың негізгі бейнелеуші құралы – сөз. Бұл оның барлық жанрларына тән болуы тиіс. Дегенмен әр жанрдың  тілдік құралдарын іріктеу мен үйлестіру  принциптері бір-біріне ұқсамайды. Осыған орай түрлі жанрларда сөздердің образдылық қызметі де өзгеріп отырады. Ол бірде көрнекілік ролін атқарса, енді келесіде публицистикалық текстің бейнелеуші және эмоционалдық негізі ретінде көрінеді”.

Радиожурналистика жанрларының  негізін ауызша айтуға бейімделіп жазылған (речевые тексты) мәтіндер құрайды, олар алдын-ала жазылған жазбаша  мәтіннен және ауыз екі тіл заңдылықтарының  элементтерінен тұрады. Әр жанр бір  дыбыстық бірлікке, жиынтыққа бағытталып ұйымдастырылады.

Радиохабарды есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне  аса зор мән беріледі. Яғни “радиохабарының  бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болуы жеткіліксіз. Себебі, маңызды деген материалдың  өзін бірқалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның логикалық ойлау  жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді, әрі адамның логикалық  пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз  күшімен, үн тілімен әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол”. Ал “адам  дауысының ырғақтарын, үн реңдерін мәтінге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы – үннен  айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді”(З. Паперный). Сондықтан мәтінді  ауыз екі тіл стиліне бейімдей отырып жазып, баяндап отырған жайттың  мазмұнын ашатын, айтылатын ойды нақты  айшықтап суреттейтін негізгі деген  сөз тіркестерін іріктеп қағаз  бетіне түсіріп, әрі айтылатын әр сөздің ауызша айтқандағы әсер ету  деңгейі бірінші кезекте ескерілуі  қажет.

Әрбір айтылған сөз естіген  немесе көзбен көрген адам бойында  оның сезімін қозғайтыны, белгілі  бір  бейнені тудыратыны сөзсіз. Зерттеуші А.Ковалев “тілді қолдана  отырып, оның көмегімен шындықтың  алуан түрлі картинасын бейнелеуге және оқырман бойында жарқын образдар тудыруға болады” деген пікірін  айтады.

Расында да қай замандарда болмасын адам сөз құдіретінің алдында  бас иіп келеді. Радиозерттеушілер  осы аталған қағиданы да өз еңбектерінде алға ұстанады. Тіл айқындылылығы  мен бейнелілігі  көркем әдебиетке  ғана қатысты мәселе емес, ол шынайы публицистиканың ажырамас бөлігі екені  де рас. Бұл жөнінде М.Зарва “…Выразительность  и изобразительность меняют здесь  свое функциональное назначение. Если в художественной литературе с ее методом образной трансформации  действительности изобразительно-выразительные  средства служат целям познания, то в публицистике-это один из способов воздействия, убеждения доказательства”  дейді.

Бейнелеу және айқындаушы құралдар әдебиетте танымдық мақсатта қолданылса, радионың табиғатынан келіп  туындайтын тілдің немесе сөздің әсер ету, әрі сендіру, дәлелдеу құралы екенін зерттеуші дәл көрсеткен. Радиодағы  баяндау тәсілі жанды, көркем болуы  керек, тыңдаушыға бейнелі сөзбен әсер ету қажет деген пікірлер де айтылды. Бейнелі сөздің адам ойын өткір, әрі  мәнді етіп жеткізудегі және ой нанымдылығын күшейтудегі ролі айқындала бастады.

Бейнелеу құралдарының тиімділігі оның бір ойды, бір пікірді дәлелдеу бағытында жүйеленіп берілуінде. Ал бұл талаптар жазушы қауымнан қырағылықты, тәжірибені, ең бастысы жазу шеберлігін қажет етті.

Радиожурналистиканың өзгешелігін  айта келіп М.Зарва эфирден берілетін  сөзге талапты басқа қырынан  қояды: “ауызекі сөйлеуге негізделген  радиожурналистика оқырмандар мен  тыңдаушылардың ой-өрісін жетілдіріп қана қоймай, оның жан дүниесін қозғап, біліктілік пен сезімталдыққа тәрбиелеуі керек” дейді. Ал зерттеуші В.Яхонтов  сөздің бейнелілігі мен дыбысталуының  сабақтасуын былай көрсетеді: “Зримость  слово можно найти в каждом…  произведении. Оно требует особой приглядки: как зримое переходит  в звучащее слово! …Живописать надо звуком. …Звук – это плацдарм нашего искусства. Звуком рисуешь видимое  слово, звуком чувствуешь, страдаешь, восхишаешься и звуком же рассказываешь о месте  действия, о мире, о природе, небе, морях, и реках. И конечно же, о  людях”, яғни бұл анықтама радионың өзіндік табиғатын тануға да көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, радиожурналист бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік меңгеріп қана қоймай, радионың өзгеше акустикалық ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.

Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі