Криминалистикалық тактика білім жүйесінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 21:49, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.

Содержание

Кіріспе

І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
1.1.Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы
1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері
1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері
1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері

ІІ. Тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
2.1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы
2.2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 65.39 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде

         1.1.Криминалистикалық тактиканың  жалпы түсінігі, ұғымы

         1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері

1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері

1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері

 

ІІ. Тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге  дайындық

2.1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы

2.2. Тергеу әрекетін жүргізуге  дайындық шаралары

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған  соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға  көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама  іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу  кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл  кодекстер осы заманның талаптарына  сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына  жауап берді.

  Елбасымыздың, 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, құқық қорғау және сот жүйесі саласында қазақстандықтардың құқықтарының әлі де болса тиімді қорғалуын қамтамасыз етуі турасында баса айтылып өтті.

Бұл бағыттағы  іс - әрекет  құқық бұзушылықтардың алдын  алу болуға тиіс екендігін көрсетіп, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу  туралы» заң жобасын әзірлеуді, оны Парламентке енгізу қажеттігін атап айтты. Жасалынатын шаралардың басты мақсаты басқарушы аппарат  жұмысының  тиімділігі мен нәтижелерін  арттыруы, яғни халыққа қызмет көрсетуі тиіс екендігін нақтылап көрсетті.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары  ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкісаяси  тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер  органдарына маңызды сенім білдірілген.

Республикамызда қылмыстылыққа қарсы  қаншама іс-шаралар жүргізілгенменде жеке адамдарға қарсы қылмыстардың саны кемімей отыр. Оның ішінде атап өтетін болсақ, кісі өлтіру, денеге жарақаттар салу, зорлау және нәсіпқорлық сипаттағы  қылмыстарға және т.б. көптеген қылмыстардың түрі.

Мұның ішінде менің назар аударғым келіп отырғаны кісі өлтіру қылмыстарын  тергеу барысында оқиға болған жерді  қарау тергеу әрекетін жүргізудің өзекті мәселелері. Яғни, тәжірибе көрсеткендей бұл қылмыстың түрлерін тергеу барысында  оқиға болған жерді қарау маңызды  рөл  атқарады. Себебі ары қарай  қылмыстардың нәтижелі аяқталынуы қылмыскердің тиісті жазасын алуы осы тергеу әрекетіне  тікелей байланысты. Егерде кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп немесе үстірт жүргізілсе, оқиға орнында  қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді және басқа да айғақтарды табуға мүмкіндік болмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, тергеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі, оқиға  болған жерде қарау тергеу әрекетін төменгі сапада жүргізуі қылмыскерлерді жауаптылықтан бой тасалап қашып  кетуіне негізгі себеп болады. Сол себепті менің тақырыбымның өзектілігі, қылмыстар бойынша алдын  ала тергеу болғанда ешқашандай маңыздылығын жоғалтпайды.

Тек қана кісі өлтіру қылмыстарын  ғана емес сол сияқты басқа да қылмыстық  істерді тергеу бойынша, бұл тергеу әрекетінің маңызы өте жоғары. Себебі қылмыскерлер қандай да бір қылмыстарды  жасау бұрын алдын ала дайындық шараларын жүргізіп, қылмыс жасаған  соң да іздерін жасырып кету әрекеттерін  ойластырады. Дегенмен де тергеуші қылмыс орнында қылмыскер мен қалдырылған  дәлелдемелік іздерді шебер түрде  тауып, оны дәлелдеме ретінде  қылмыскерді ұстап, табуда қолдана  білуі қажет. қылмыстар қаншалықты ойластырылып, жоспарлы түрде жасалғанымен де міндетті түрде қылмыс орнында  қандай да болмасын із қалдырылады. Мұндай оқиға орындарында тергеуші жедел  тергеу тобын басқарып, қылмыс орнына тек қана тиісті тұлғалардың ғана кіруіне рұқсат беріп, шебер түрде  басқара білуі тиіс. Оқиға орнына бөгде тұлғалардың кіруі ол қылмыс орнындағы дәлелдемелік іздері әкеп жоюға соқтырады.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшелігі бұл оқиға  болған жер, яғни кісі мәйіті табылған жер осы оқиғаның орын алған немесе қылмыстың тікелей орны ма екендігін  анықтауға мүмкіндік береді. Себебі көптеген жағдайларда кісінің мәйіті табылған жер қылмыстың тікелей  орны болып табылмайды. Осындай мәселелерді  толық шешу үшін кісі мәйіті табылған жерді де қылмыстың тікелей жасалған орны ретінде мұқият және арнайы мамандардың  көмегімен жүргізу қажет.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың тағы бір ерекшелігі оның қайталанбастығы, яғни қайта орнына келтіру мүмкіндігінің болмауы  болып табылады. Дегенмен де осыған қарамастан мұндай қылмыстың түрлері  бойынша оқиға болған орындарына қайталап қараулар жүргізіледі. Мұндай қайта қараулар кезінде барлық оқиға  жағдайлары күрделі өзгеріске түскен жағдайларды ұсынады. Сол себепті, қайта қарау нәтижелерімен бастапқы қарау нәтижелерін салыстыруға  болмайды.

Жоғарыда көрсетілгендер тақырыпты, сондай-ақ біліктілік және бітірушілік  жұмысының бағытын, пәнін таңдауға себеп болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Тарау

1.1.Криминалистикалық  тактиканың  жалпы түсінігі, ұғымы

 

 

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін  жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың  ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла - әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының  тергеу үстінде әрқилы ситуациялық  жағдай-ларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз – тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын  болсақ, оны қамтитын тергеушінің  тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде  осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция  ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың  бұл бөлімін тергеу тактикасы  деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала  тергеумен шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде  де қолданылады. Сондықтан тергеу тактикасы  деген ұғым бұл әдістердің қолдану  жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистикалық  тактика деп атау өте орынды.

Криминалистикалық тактика  криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық  құрал-саймандарды тергеу үстінде  қолданып, пайдалану ерекшеліктері  әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар  пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін  жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық  тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде  қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы  тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға  болған жерді қарау тактикасы  – тактикалық тәсілдерді пайдалану  ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-көлік оқиғасы  болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық әдістер ұрлық болған жерді қарау  үстінде қолданылады. Сондықтан  әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі  есебінде жүзеге асады.

Криминалистикалық тактика  бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде  қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың  түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі – ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің  тергеу әрекеттерін жүргізгенде  алдына қоятын негізгі мақсаты –  тергеуді жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмай, кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талап – оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.

Тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі – тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық қағидасы). Осы айтылғанды тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалык әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалық  санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз – тергеудің  белгілі бір кезеңінде айғақты  мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын  анықтау мүмкіңдігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер  жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан  оларды тактикалық әдістер деп санауға  болмайды. Осыған байланысты айта кететін  бір жағдай, ол заңда көрсетілген  ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде  пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі  де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен  нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда  тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процесуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық әдістің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Айтылған ғылыми салалардың қағида-лары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модифика-цияланған. Белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл әдістер – логикалық, психологиялық, педагогикалық тактикалық әдістер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.

Тергеп жатқан қылмысты ашуға  керекті, былайша айтқанда, криминалис-тикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолда-нылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалық әдістер дейміз.

Тергеу әрекетін жүргізу  барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған  тәсілдерді басқарушы тактикалық әдістер  дейді. Мысалы, беттестіріп жауап  алғанда, беттестіріп отырған адамдар  айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні қолдап, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды қолдамай отырған адамнан жауап алынады.

Тактикалық әдістер тергеудің ұтымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.

Тергеудің бастапқы, кей  жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған  ситуациялық жағдайларға байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін  белгілі бір кезекпен жүргізу  тактикалық жағынан алып қарағанда  тиімді. Сондықтан тергеу жоспары  жасалғанда тергеудің ұтымдылығын  қамтамасыз ететін тактикалық әдістер  негізге алынады.

Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру  шаралары және басқа да дайындық, ұйымдастыру  жүмыстары жүргізіледі. Тергеудің  нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың  дер кезінде ашылуы, іске керекті  дәлелдемелерді толық жинап алу  тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру  жұмыстарын кешіктірмей дұрыс кезекпен жүргізуге тікелей байланысты. Мұнымен  қатар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу  үстінде алынған мәліметтерді орынды және жөнді әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бірі мен бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұғыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. Бірінші айтылған оқулықтың авторлары тактикалық комбинация деген ұғымды қарапайым және күрделі деген екі топқа бөледі. Қарапайым тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық әдістердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, немесе қиыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі.

Информация о работе Криминалистикалық тактика білім жүйесінде