Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 21:49, курсовая работа
Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.
Кіріспе
І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
1.1.Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы
1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері
1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері
1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері
ІІ. Тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
2.1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы
2.2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оның кешіктірмей қарауға әрекет жасауы керек. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай кезде жарық нашар болып, оқиға болған жерді егжей-тегжей ұқыпты қарап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.
Жасалған қылмыстың түрлеріне орай оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ол енді кеңес криминалистерінің
ой-пікірлеріне тоқталайық. Оқиға
болған жерді қарауға арналған арнайы
жұмыстардың көбісінде оқиға
болған жердің түсінігі қарастырмай
кеткен. Ал криминалистика оқулықтарында
келесідей пікір айтылған:''
''Оқиға болған жер-бұл кең
мағынада тікелей қылмыс
Кейде қарау жүргізу кезінде осы жағдайда қылмыс орнын алды ма, мысалы, кісі өлтіру, ұрлық немесе бұл өзін-өзі өлтіру немесе қайғылы жағдай немесе қылмыстың жалған көрінісі болғанын біз анықтай алмаймыз. Бірақ та, осы кез-келген деректердің біреуі оқиға болған жер деген түсінікке сәйкес болады. Сондықтан да барлық жағдайларда қылмыстың болған жері емес, оқиға болған жер деп қарастыруымыз керек. Осы сәйкес қылмыстың емес, оқиға болған жердің қарау хаттамасы толтырылады.
Жоғарыда айтылған түсініктерді кең мағынада қарастыруға тура келеді. Мұнда оқиға болған жер деп, тек қана қылмыс жасалған жер емес, сондай-ақ ұрланған мүлік, қылмыстың қаруы, басқа жерде өлтірілген адамның мәйіті; іздер және басқа да заттай дәлелдемелер табылған жер де оқиға болған жер болып табылатыны көрсетілген.
Басқа жерде өлтіріліп табылған адам мәйітіне қатысты бұл түсінік дұрыс берілген. Адам мәйіті табылған жағдайда, әр қашан мәйіт табылған жер нақты кісі өлтіру болған жер болып табылмайды, бірақ та адам басқа жерде өлтіріп, ал мәйітті басқа жерге апарса,бәрі бір де мәйіт анықталған жер оқиға болған жер деп саналады.
Ал жоғарыда көрсетілген материалдық
іздер туралы айтатын болсақ, мысалы
жүргізуші автокөлікпен адамды қағып
кетіп, оқиға болған жерден жалтарып
қашып кетті. Одан соң бұл автокөлік
гаражда табылды.Сонда
Бірінші жағдайда автокөлікті қарау хаттамасы толтырылады, өйткені ұрланған мүлік тінту жүргізу барысында табылады. Немесе тінту хаттамасымен бірге заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы толтырылуы мүмкін. Сонымен біздің ойымызша,оқиға болған жер деп-тікелей қылмыс болған аумақ немесе ғимарат деп түсінуіміз керек. Ал мәйіттің кісі өлтіру болған жер де емес, басқа жерде табылу жағдайлары бұл ережеге жатпайды. Бұл жағдай да мәйіттің табылған жері сол аумақпен ғимарат тікелей кісі өлтіру болған жер болмаса да, бұл оқиға болған жер деп саналады. Әрбір нақты жағдайда оқиға болған жерді қараудың шекарасын тергеуші қалыптасқан жағдайға байланысты білгілейді.
Кеңес криминалистері профессорлар А.И. Винберг, А.Н. Васильев, И.Н. Якимов, В.П. Калмаков, В.И. Попов және басқа да криминалистер оқиға болған жерді қарауға әр түрлі түсінік берген. Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, бұл тергеу әрекетіне көбінесе дұрыс түсінік берген. Сонымен қатар, кейбір түсініктер дұрыс берілмеген. Осылайша, В.И. Попов тергеу тәжірибесінің негізінде оқиға болған жерді қарау түсінігіне кей түсінік беруді қажет деп санап, былай жазған ''оқиға болған жерді қарау түсінігіне заттай дәлелдемелерді және қылмыс іздерін табуға және бекітуге, қылмыстың механизмін және ниетін анықтауға ізін суытпай қарау деректерін іздеу мақсатында қолдануға бағытталған''.
Бұл берілген түсінікте кейбір жетіспеушіліктер
бар. Біріншіден, қараудың процесуалдық
жағдайы көрсетілмеген, яғни оқиға
болған жерді қарау жәй ғана криминалистикалық
шаралардың кешені емес, тергеу әрекеті
болып табылады. Себебі, криминалистикалық
шаралардың түсінігі нақтыланбаған, анықталмаған.
Криминалистикалық шаралар
Біздің ойымызша, оқиға болған жерді қараудың түсінігін келесідей құруға болады. Оқиға болған жерді қарау бұл оқиға болған жердің жағдайын зерттеп, ойлап,қабылдап, әртүрлі іздер мен заттай дәлелдемелерді табуға, бекіуге, алуға болған оқиғаның мәнін түсінуге, қылмыскердің жеке басын және қылмысты жасау ниетін анықтауға бағытталған тергеу әрекеті болып табылады.
Криминалистикада
іздер деген түсінік екі
Оқиға болған жер ұғымына қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару жөне басқа да айғақ заттарды тапқан жер де жатады. Ол – жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жер де, мәйітті белшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді қарауға тура келеді. Осыған байланысты айта кететін бір жай, оқиға болған жер деген түсінік пен қылмыстың болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке осы тергеліп отырған қылмыстың нактылы болған жері жатады. Ол — оқиға болған жер деген түсініктің құрамдас бір элементі.
Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.
Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.
Криминалистикалық оқулықтарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бұл тергеу әрекетінің мағынасы, оның міндеттері және маңызы, сонымен қатар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қодданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және қандай мақсатпен жасағандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселелер жалпы тергеудін алдында түрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы шешіледі. Сондықтан бұл шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни оқиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды.
Кейбір авторлар окиға болған жерді қарауға қатысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар қатарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жүмыстары процессуалды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау ұғымына кіргізу орынсыз. Әрине, оқиға болған жерді қарау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді.
Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, айғақ заттар белгілі бір криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы кұрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар, қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, қылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған айғақ заттар, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қыл-мысты жасауға қатысқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ затгар ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы керек. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай кезде жарық нашар болып, оқиға болған жерді егжей-тегжейлі ұкыпты қарап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық, түскеннен кейін қаралуы керек.
Жасалған қылмыстың түрлеріне орай оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер жеке қылмыстарды тергеу өдістемесінде қаралады.
2.2.Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары.
Кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерге шығудың себептері болып зорлық белгілері бар адам мәйітінің табылуы немесе ондай қылмысқа күдік болғанда, кісі өлтіруге оқталу болып келеді. Дегенменде, тәжірибе көрсеткендей кез-келген кісі өлімі бойынша хабарламаларға сәйкес ішкі істер органдарының тергеу жедел тобы барып, оқиға орнына қарау жүргізуге міндетті. Оқиға болған жерді және мәйітті қараудан соң, кісі өлімінің дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, ары қарай зорлық белгілері анықталмаған жағдайда ол қылмыстық іс тергеу өндірісінен қысқартылуға жатады.
Мұндай оқиға туралы хабарлама
түскен соң тергеуші ең алдымен оқиға
болған жерді күзету шаралары қолданылғандығын
немесе ондай әрекеттер
Осы мақсатта тергеуші көрсетілген тұлғалармен белгілі бір қатар жұмыстар өткізуі тиіс, қылмыс дерегі анықталса, оқиға болған жерді күзету жөнінде қандай қандай шаралар жүргізу керектігі туралы тиісті тұлғаларға түсіндіру қажет. Оқиға болған жерді күзету шаралары тек қана тергеуші келгене дейін қоршауды қамтымайды. Сонымен қатар, мәйіттің табылған жерінің және ауа райының атмосфералық жағдайын да ескеріп, шауын-шашынның әсерінен іздердің және басқа да дәлелдемелік заттардың жойылып кетпеуі үшін шаралар қолданылуы тиіс, мысалы мәйіттің үстін және мүмкіндігінше айналасын су өтпейтін заттармен жабу және т.б. әрекеттер. Егер де жәбірленуші ауыр халде тірі болса, онда оған жедел медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар ұйымдастырып, қай жерде және қандай жағдайда жәбірленушінің табылғанын есте сақтап қалу керек. Олар оқиға болған жердің шекарасын шамамен түсіну керек, сондай-ақ олар ізін суытпай қылмыскердің ізіне түсуіне және ұстауына мүмкіндігі бар екендігін ескеру тиіс.
Тергеуші оқиға болған жерге күзету жөнінде мәселені шешкен соң, келесі жағдайларды анықтауы тиіс:
- оқиға қай жерде және қашан болды (нақты мекен-жайы);
- кісі өлтіру атыс қаруын немесе суық қаруды қолдану арқылы жасалған жоқ па;
- егер адам мәйіті ашық аумақта
табылса, мысалы, орманда, алаңда,
онда кісі өлімі қашан
- мәйіт табылған жерге жақын мекен бар ма.
Осы мәліметтерді оқиға туралы хабарлаған тұлғалардан алуға болады. Осы алынған мәліметтер оқға болған жерді қарауға тиянақтыдайындалу үшін қажет болады.
Оқиға болған жерге тергеуші ғана
емес, сондай-ақ жедел ізтестіру
қызметкерлері болуы қажет. Аса
маңызды жағдайлардапрокуратура қызметкерлері
де баруы мүмкін. Оқиға болған жерді
қарауға мамандарды қатыстыру үшін
шақыру мәселесін шешуде, ең алдымен
сот- медициналық сарапшыны шақыру
қажет. Егер де оның қандай да бір себептермен
қатысуы мүмкін болмаса, онда басқа
дәрігерді қатыстырған жөн. Мұндай
жағдайларда кейін мәйітті
Информация о работе Криминалистикалық тактика білім жүйесінде