Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 21:49, курсовая работа
Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.
Кіріспе
І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
1.1.Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы
1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері
1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері
1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері
ІІ. Тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
2.1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы
2.2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тактикалық комбинациялық
операцияның түсінігін анықтап,
айқындайтын болсақ, ол негізінен
екі түрлі жұмыстардың
Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет – ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі – қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмысты алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі – қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Тергеуші мен анықтама
жүргізуші органдардың арасында
екі түрлі қарым-қатынас
Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.
Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері.
Тергеулік куәландыру қылмыс іздерін сондай ақ қылмыстық іс үшін маңызды мән жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Тексеруді арыз не хабар келіп түскен анықтау органының тергеушісі, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы не лауазымы жоғары қызметкер жүргізеді.
Тергеу куәландырудың мақсаты
— іздер мен заттай дәлелдемелерді
талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға
мүмкіншілік беретін
Заттай дәлелдемелер — бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстың “тілсіз куәгерлері” деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистикалық жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.
Қылмыстың ашылмауының негізгі себептерінің бірі — оқиға орнын сапасыз және ұкыпсыз қарау. Нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады .
Тергеулік қарау негіздері ҚР ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген. Қылмысқа карсы күресу тәжірибесі көрсеткендей, тергеу қарауы:
-оқиға жағдайын
және оның мән-жайларын
-жасалған
қылмыс іздерін тауып,
-дәлелдемелер
алудың басқа да көздерін
-тергеу және жедел іздестіру версияларын ұсыну үшін мәліметтер жинауға;
-шұғыл (кідіртуге
болмайтын) тергеу және жедел
әрекеттерінің жоспарын
-сараптамалық
зерттеуге қажетті заттай
Қайта қарау, яғни, бір объектіні қайталап тексеру мынандай жағдайларда: бірінші қарау қолайсыз жағдайларда (қараңғыда, жаңбыр астында, түтін ішінде және т.б.) жүргізілгенде, мәселен, аталған жағдайлардың себебінен криминалистикалық маңызы бар іздер мен заттар табылмағанда немесе қарау сапасыз жүргізілгенде, яғни маңызды мән-жайлар анықталмағанда, мамандар қатыспағанда т.б. қажет болады.
Жұмыстың көлемі бойынша негізгі және қосымша тергеулік қарау болады. Қосымша қарау, тергеу барысында жеке объектілер қаралмағаны немесе егжей-тегжейлі қаралмағаны анықталғанда, жүргізіледі.
Жедел қызмет мүмкіншіліктерін пайдалану оқиға сипаты туралы, оған қатысты тұлғалар туралы, кылмыстық іс үшін маңызды объектілердің орны және белгілері туралы қосымша мәлімет алу үшін қажет. Егер оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерді “ізін суытпай” іздестіру мүмкіндігі бар екендігі анықталса, ол іздеуді жедел қызметкерлер жүргізеді. Жедел бөлімшелер күштері мен құралдарын пайдалану қылмыс туралы қосымша мәліметтерді, атап айтқанда, қалай және қашан болғаны, кім кінәлі, себептері, қылмысқа қатысушылар, кімге және қандай зиян келтірілгені, оқиға туралы кім білетіндігі т.б. туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Қаралып жатқан
объектілерді ұстай білудің криминалистикалы
Қарауға қатысушылар. Тергеуші, полиция қызметкерлері мен мамандардан басқа, қарауға қатысатын басқа тұлғаларға - куәлар және сонда қарау жүргізілетін мекемелер, мен коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдері жатады. Куәгерлердің қатысуы ҚР ҚІЖК-нің 222-бабымен реттеледі.
Жетуі қиын және тиісті байланыс құралдары жоқ жерде қарау, сонымен қатар оны жүргізу адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, карау куәгерлердің қатысуынсыз жүргізіледі де, ол туралы хатгамада көрсетіледі.
Мекеме өкілдері қатысуының негіздері: олар қажетті құжаттарды көрсетіп, түсініктеме бере алады, қажетті жерге апарып, бөлменің есігін ашып бере алады, сонымен қатар қосалқы жұмыстарды ұйымдастыра алады.
Жәбірленушілер, куәгерлер, сезіктілер, айыпкерлер – қарауға қатысушы тұлғалардың келесі бір тобы. Олар болған оқиғаның мән-жайы туралы хабардар болғандықтан пайдалы болуы мүмкін.
ҚР ҚІЖК-нің 227-бабына сәйкес толтырылған хаттамада қарау әрекеттерінің тәртібі және қарау барысында айқындалған маңызды мән-жайлар баяндалады. Хатгаманың суреттелінетін бөлігі — оқиға орнының шеңберімен бірге оның жалпы сипаттамасын қамтиды.
Сарапшының немесе дәрігердің қатысуы тергеушінің мәйітті өзі қарау міндетінен босатпайды, өйткені қараудың барысы мен нәти-желеріне ол жауапты болады. Қараудың мақсаты — өлу уақыты мен өлтіру тәсілін анықтау; тергеушідегі іске қатысты тұлғалар туралы мәлімет алу, ал кей жағдайларда жәбірленушінің жеке басын анықтау
Қарау келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
Қоршаған
орта және табылған күйінде жатқан
мәйіттің температурасы анықталады.
Оның жынысы, жасы, бойы, дене кұрылысы,
толықтығы, шашының түсі көрсетіледі.
Одан кейін ауызша бейнелеу әдістемесі
бойынша мөйіт жоғарыдан
Жақын орналасқан бағдарларға қатысты мәйіттің кейпі мен қалпы, сонымен қатар мәйіт дақтары, сүйрету белгілері және т.б. бекітіледі.
Мәйіттің бетін, қолдарын, аяқтарын жөне денесінің ашық жерлерін қарағанда:
а) көзінің қарасының, шынайнасының, ылғал қабығының жағдайлары;
ә) денесінде зақымдардың, шашыраған қанның болуы, олардың орналасуы мен бағыты;
б) табиғи тесіктердің жағдайы, қол-аяқтарында, саусақ арасында, тырнақ астында және шаштарында кірдің болуы;
в) денесінің ашық және жабық жерлерінің суу деңгейі;
г) басқа да мөйіт дақтары түстерінің өзгеруі;
ғ) әр түрлі бұлшық еттерінің сіресіп қалу қалпы;
д) мәйіт үстінде және киімінде жәндіктердің, құрт-қүмырсқа, көбелектердің, личинкалардың болуы, олар көп жиналған жерлер зертгеліп бекітіледі.
Одан кейін мәйіттің үстінде және жанында жатқан заттарды, жатқан орнын, сонымен қатар оның денесіндегі және киіміндегі топырақпен салыстыру үшін жердегі топырақты қарайды.
Киім мен
аяқкиімді қарау барысында
Егер мәйітте жарақат болса, олардың орналасу орны, саны, түрі мен түсі, жарақат шетгерінің сипаты анықталып, бекітіледі.
Егер өлген
адамның кім екені белгісіз болса,
оны міндетгі түрде дактилоскопиялайды,
одан кейін жуындырған соң таныту
фотосуретінің ерекшеліктері
Мәйіттің жеке ерекшеліктерін: тыртықтары, татуировкалары, меңдері, т.б. ірі масштабты суретке түсіріледі.
Куәландыру. Куәландырудың тактикалық әдістері мен этикалық негіздері.
Куаландырылушы тұлғаның денесінде табылған кез келген ізді, дақты, зат бөлшегін дәйекті түрде сипаттап, өлшеп, фотосуретке түсіру немесе суретін салу қажет. Қаралуға жататын объектінің ерекшелігі (адам денесі) мен денсаулыққа зиянды немесе қорлайтын әрекеттерге тыйым салатын заң нормалары іздерді және ерекше белгілерді анықтау мен бекітудің ғылыми-техникалық және тактикалық әдістерінің өз алдына ерекшелігін анықтайды.
Информация о работе Криминалистикалық тактика білім жүйесінде