Криминалистикалық тактика білім жүйесінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 21:49, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.

Содержание

Кіріспе

І.Тарау. Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
1.1.Криминалистикалық тактиканың жалпы түсінігі, ұғымы
1.2.Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері
1.3. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері
1.4. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері

ІІ. Тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
2.1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы
2.2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 65.39 Кб (Скачать документ)

Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі — адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу үстінде  кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің киімінде, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді.

Өзіндік міндеті  бойынша және қарау үстінде қолданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде  тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының бір  ерекше түрі есебінде жүргізіледі.

Куәландыру  жүргізу туралы тергеуші сезікті, айыпталушы үшін міндетті болып табылатын қаулы  шығарады.

Аталған істер  бойынша куәландыру жәбірленушінің немесе сезіктінің денесінде немесе киімінде әртүрлі жарақаттар мен  қанның іздері қалған жағдайда жүргізіледі.

Куәландырғанда  ең алдымен куәландырылатын тұлғаның киіміне қарау жүргізіледі, содан  кейін денесінің ашық бөліктеріне  қарау жүргізіледі.

Киімдегі  жарақаттарға және қан дақтарына  көңіл аударылады. Қан іздерін  тырнақ астынан, шаш арасынан, құлақ  ойыстарынан және т.б. бөліктерден  іздеу керек.

Куәландырылатын тұлғаның жәбірленушімен контактіде болғанын сараптамалық жолмен анықтауға мүмкіндік  беретін микрообъектілерді табуға да көңіл бөлу керек. Бұл микрообъектілерді  табу үшін лабороториялық жағдайда, арнайы құралдарды пайдалана отырып, маманның көмегімен заттарға қайта тексеру  жүргізуге болады. Бұлай тексеру  жүргізу үшін және алда сараптамалық зерттеу жүргізу үшін киімдер  мен заттар айналыстан алынады және жеке-жеке буып-түйіледі. Куәландыру барысында  дененің, киімнің жалпы бөліктерін және табылған іздерді фотосуретке  түсіріп отыруға болады. Фотосуреттер кесте ретінде хаттамаға қоса тіркеледі.

Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қолданылады.

 Айтайық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның үстінде киген  киімдері қаралады, олардың жалпы  жағдайы, жыртылған жері, үзілген  түймесі, дақ, таңба, тағы басқа  да ерекше белгілердің бар  жоғы анықталады. Киімін қарап  болғаннан кейін, оның денесі  қаралады. Киімге қарау жүргізуде астарына, қалталарына, тігістеріне және басқа да жерлеріне, яғни қанның сақталып қалатын жерлеріне көңіл аударылады. Бұл жағдайда маманның көмегін пайдаланған да дұрыс.

 Егер куәландырылатын  адамды мұндай қарау үстінде  жалаңаштандыруға тура келсе,  онда бұл тергеу әрекетіне  басқа жыныстың адамдары қатыса  алмайды. Сондықтан егер әйел  адам жалаңаштандырылып қаралса,  бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші  жүргізу керек те, ал еркек  адам куәландырылса, еркек тергеуші  өткізуі керек.

 Қалай болғанда да  бұл тергеу әрекетін жүргізу  үстінде куәландырушы адамның  намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей  іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін  жұмыстардың бәрі моральдық нормаларға  сай болуы тиіс.

Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде  негізінен куәландырылатын адамның  үстінде бір ерекше белгілер, дақ  және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің сол жақ  иығында қал, ал кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені  баяндалды.

Тергеудің бастапқы кезеңінде  ұсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде  жәбірленушінің айтқанындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені анықталды.

Сонымен куәландырудың қорытындысы  істі дер кезінде ашуға өте  құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды.                             

Куәландыру сонымен қатар  сот-медициналық сараптаманың бір  ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін  қарағанда арнайы медициналық білім  қолданылып, олардың денесінде бар  жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай  куәландыру сараптамалық зерттеудің бір  түрі болып саналады. Мұндай зерттеп  қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады:

а)  куәландырған адамның  денесінде, қай жерінде, қандай жарақаттар бар;

ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығының  дәрежесі;

б) бұрын операция жасалған басқа куәландырушының денесінде  оның белгісі бар ма?

Егер де жай қарау арқылы бұл  сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот-медициналық  сараптама тағайындалады.

Куәландырылушының денесін зерттеудің негізгі әдістемесі – жай ғана бақылау, және “құрал”  ретінде көру мүшелері қызмет етеді. Куәландыру кезінде криминалистикалық  техниканы қолдану анағұрлым  күшті әсер береді.

Куәландыру  барысында табылған іздер мен  ерекше белгілер хаттама толтыру, фотоға түсіру, дененің сызбасын сызу, көлемді  көшірмелер дайындау жолдарымен бекітіледі. Іздер мен заттай дәлелдемелерді хаттамада дәйекті түрде сипаттап қана қоймай, оларды қылмыстық іс құжаттарына  тіркеу үшін түпнұсқа күйінде алу  керек.

Куәландыру  тергеулік қараудың ерекше түрі болып  табылады. Оның мақсаты айыпкердің, сезіктінің, куәгердің немесе жәбірленушінің денесіндегі қылмыс іздерін, жеке белгілерін, зақымдарын анықтау, мастық күйін және қылмыстық іс үшін маңызды басқа  да мән-жайларды айқындау. Куәландыру денені мәжбүрлеп жалаңаштаумен  байланысты болып, жеке тұлғаның құқықтарын белгілі бір деңгейде қозғайтын  болғандықтан, заң куәландыратын  тұлға үшін міндетті болатын арнайы қаулы шығаруды талап етеді. Егер куәландыру толық жалаңаштауды талап  етсе, куәгерлердің жынысы сол түлғамен бірдей болуы керек. Тергеуші басқа  жынысты тұлғаның жалаңаш денесін  қарамайды, оның нұсқауы бойынша  аталған қарауды куәгерлердің көзінше  дәрігер жүргізеді.

Сонымен тергеулік  куәландыру мынандай мәселелерді анықтайды:

    • Куәландырушының денесінде ерекше белгілер бар ма, атап айтқанда қандай және қай жерінде;
    • Оның денесінде қандай да бір зақымдалған жер бар ма және қай жерінде;
    • Денеде немесе  киімде оқиға орнынан ілесіп келген немесе алып келген куәландыруға қызмет ететін бөлшектер немесе басқа да заттар бар ма;
    • Денеде немесе киімде оның кәсіби бұйымдарында және т.б. айғақ болатын куәландыру белгілері бар ма.

Тергеуші  анықталған фактілерді дәрігер мен  куәгерлердің сөздері бойынша хаттамаға  енгізеді. (ҚР ҚІЖК-нің 227-бабы).

Куәландырудың барысында хатгама мен оның қосымшаларында куәландырылатын тұлғаның денесіндегі:

 а)қылмыстық  әрекеттің барысында немесе сонымен  байланысты жағдайларда алынған  зақымдардың; 

ә)ерекше белгілердің;

б)қылмыстық  іске қатысты мән-жайлар барысында  куәландырылатын тұлға ұстаған  объектілердің іздерінің болуы  айқындалып, бекітіледі .

Бұл іздерге  қан, топырақ, бояу, майлайтын заттар, ерін далабы, ұрық, шаш, мата талшықтары, микробөлшектер жатады.

Куәландыруға  дайындық орындалатын мівдетті анықтаудан (не нәрсеге назар аудару керектігін, нені және қай жерден табуға болатынын  білуден), оны жүргізу уақыты мен  орнын тандаудан, техникалық кұралдар мен аталған әрекетке қатысушыларды (дәрігерді, куәгерлерді) дайындаудан  тұрады.

Іздеу объектісі  туралы деректер жауап алу, оқиға  орнын, мәйітті, көлік құралдарын қарау  барысында анықталады. Куәландыру уақытын  таңдағанда, оны кідірту куәландыруға жататын тұлғаның әдейі немесе абайсыз  жасаған әрекеттерінің салдарынан дәлелдемелердің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін шұғыл тергеу әрекеті  екенін ұмытпау қажет.

Қылмыс іздерін  табу үшін техникалық құралдарды, атап айтқанда, жарық кұралдарын, лупаны, ультракүлгін немесе ультрақызыл сәуле  көздерін қолдану керек. Олар ату, қан, ұрық, сілекей және т.б. іздерін табуға көмектеседі. Денедегі қан іздерін  дәкеден жасаған тампонмен, сүзгіш не сорғыш қағазбен алған жөн. Оларды сулап, іздің үстіне жаяды, сосын  кептіреді. Тырнақ астындағы кірді  ұшталған ағаш таяқшамен таза қағаз  үстіне жинайды. Әр саусақ тырнағының астынан алынған зат пен таяқша жеке пробиркаларға салынып, буылып-түйіледі. Қажет болса, тырнақты да алған жөн. Микрообъектілерді жинау үшін арнайы саптамасы бар микрошаңсорғышты пайдаланады.

Куәландыру  жүргізгені туралы хаттама толтырылады. Табылған барлық іздер мен ерекше белгілер адам денесінің сызба нұсқасында белгіленеді және олардың көлемін  сипаттау арқылы бекітіледі. Куәландыру барысында суретке түсіру мен  бейнежазба жасау куәландырылатын  тұлғаның рүқсатымен ғана жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тарау.  Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық

 

2.1. Оқиға болған жерді қараудың  тактикасы.

 

Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі  оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер  кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға  бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде  көптеген іздер қалдырады.

Негізінен көптеген қылмыстардың барлығы  оқиға болған жерді қараудан басталады. Тәжірибе көрсеткендей кейбір қылмыстардың түрлері бойынша тергеушілер  немесе анықтаушылар оқиға болған орнына қарау жүргізбей-ақ, басқа да әрекеттерді  жүзеге асырады, мысалы алаяқтық, есірткі  заттарына байланысты қылмыстар  және т.б. бұл менің түсінігімше  тіптен дұрыс емес. Себебі қандай да болмасын қылмыс түрінің жасалынған орнында қарау жүргізу, қандай да болмасын бір дәлелдемелік заттар немесе іздер тауып анықтауға мүмкіндік  береді. Есірткі заттарына байланысты қылмыстар бойынша қылмыс орнында, қылмыскермен лақтырылып жіберген заттарын немесе басқа да іздерді анықтауға  болады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды  дәлелдемелер жинауға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше  адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде  көптеген іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп  бір объектінің таңбасы, келбеті  айтылады, қолдың ізі, аяқ киімнің  ізі.

Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде  қалған заттар, қираған,  сынған  нәрселер  және  қылмысқа  байланысты  айналада

 болған өзгерістердің барлығы  жатады. Осы өзгерістердің барлығын  негізге ала отырып, оқиға болған  жерді қарау  үстінде тергеуші  оқиғаның қалай болғанын, айталық,  оның механизмі жөнінде белгілі  бір болжамдар жасай алады.  Оқиға болған жерді қараудың  маңызы, әрине мұнымен шектелмейді.  Себебі қарау барысында, тергеуші  осы қылмысқа байланысты іздерді,  айғақ заттарды, өте құнды деректерді  тауып алып, оларды дәлелдеме  ретінде пайдаланады.

Оқиға болған жерді қараудың, тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс  ұғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталған дұрыс. Оқиға болған жер  деген түсінікке, оқиға болған жер  және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауда қолданылған  қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жер де жатады. Ол-жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон тағы басқа  объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға  болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп оны басқа жерге  апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жерде, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді  көмген жер де оқиға болған жер  деп саналады.

Сонымен бір жасалған қылмыс бойынша  үш, төрт немесе одан да көп оқиға  болған жерді қарауға тура келеді. Осыған байланысты айтакететін бір  жай оқиға болған жер деген  түсінікпен қылмыстың болған жері деген  түсінікті ажырата білу керек. Соңғы  түсінікке осы тергеліп отырған  қылмыстың нақтылы болған жері жатады. Ол-оқиға болған жер деген түсініктің құрамдас бір элементі.

Айтылғандарды тұжырымдайтын болса,оқиға  болған жер дегеніміз қылмыстың  жасалған жері және де осы қылмыстың  іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.

Сонымен, оқиға болған жерді қарау  дегеніміз іздерді айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен  қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген  тергеу әрекеті.

Осы түсінікте оқиға болған жерді  қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда,оқиға болған жерді қарау  барысында іздер, айғақ заттар белгілі  бір криминалистикалық әдістер  мен тәсілдер,арнайы құрал саймандарды  пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар, қарау үстінде объектілердің  орналасу және жалпы жағдайы бойынша  қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі  мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің  маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау  тергеудің оң бастапқы кезеңінде, қылмыс болғаннан кейін жүргізілгендіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау барысында  табылған айғақ заттар арқылы қылмыстың  механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатысқан тұлғалар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары  жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға  болған жерді кідіртпей тез арада  қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік  туады. Егер оқиға болған жерді қарау  кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы және басқа  да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіптен олардың  жоғалып кетуі де ықтимал.

Информация о работе Криминалистикалық тактика білім жүйесінде