қазақ тіл синтексиі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, курсовая работа

Описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.

Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.

Работа состоит из  1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

      Антропоөзектілік  ұстаным студенттің әлемді қабылдауы мен тануы, түйсінуі мен түсінуі тіл арқылы жүзеге асатындықтан маңызды болып саналады. Танымдық әрекет арқылы студенттің қоршаған ортаға, әлемге деген көзқарасы, ұғым-түсініктері мен пайымдаулары, пікірлері мен өзіндік  тұжырымдары қалыптасады. Студенттің синтаксисті игеруі практикалық тәжірибенің жинақталуы нәтижесінде және оның салаларын, сөз тіркесі мен сөйлемнің жасалу жолдары мен тәсілдерін, түрлерін,  өзіне тән ерекшеліктерін барлап-бақылаудың, сараптап-пайымдаудың негізінде жүзеге асады. Мәселен, мынандай тапсырмалар студентті санасында сақталған білімді ой елегінен өткізіп, пайдалануға дағдыландырады: Ереженің қайсы дұрыс, не себепті? Дәлелдеңіз. 1) Кем дегенде толық мағыналы екі сөздің байланысын сөз тіркесі деп атаймыз. 2)  Кем дегенде толық мағыналы, сабақтаса байланысқан екі сөздің байланысын сөз тіркесі деп атаймыз. 3) Толық мағыналы салаласа  байланысқан сөздердің байланысын сөз тіркесі дейміз. 4) Толық лексикалық мағынасы бар екі сөздің байланысын сөз тіркесі дейміз.

       Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің салаларымен тоғыстыра оқытуда аталған ұстанымның рөлі айрықша болды. Бұл ұстаным оқыту үрдісінде студенттің білімдер жүйесін тұтас қабылдауына, білімді шоғырландыру арқылы кәсіби ойлауды қалыптастыруға, интеллектуалды дамуына  көмектеседі.

      Кретивтілік ұстанымы  мазмұнның вариативтілігін көрсететіндіктен, студенттің ойлау іс-әрекетінің нұсқалары мен оны шешудің жолдарын өз бетінше таңдауы,  дұрыс шешу жолын анықтауы арқылы іске асырылды. Студентке әр түрлі формадағы тапсырмалар ұсынылды («Ахмет Байтұрсыновтың синтаксис туралы тұжырымдары» тақырыбында проблемалық сабақ;  «Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелері жайлы ойлары» атты баяндама дайындау; Сөйлемге толық синтаксистік талдау жасау; Синтаксис туралы еңбектердің картотекасын дайындау; коллоквиум сұрақтарына жауап беру т.б.). Студент өзінің қабілеті мен іскерлігіне қарай қажеттісін таңдап алып, орындады. Оқытушы әр тақырыпқа байланысты  қойылатын баға мен нәтижені нақтылап, кеңес беріп отырды.

      Нәтижеге бағдарлай оқыту  ұстанымы синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде студенттердің нақты қандай нәтижеге қол жеткізетіндігін айқындауда тірек етіп алынды. Бұл ұстаным бойынша студенттерге бақылау және рейтинг жүйесінің критерийлері беріліп, оны орындаудың жолдары көрсетіліп,  түпкі нәтиже қандай болу керектігі талап етілді. Нәтижесінде студент алдына мақсат қоюға және оны орындаудың жолдарын анықтауға дағдыланды. 

     Аталған ұстанымдар білім сапасын арттыруда, студенттердің білімін бағалауда, олардың шығармашылық белсенділігін оятуда, құзыреттілігін қалыптастыруда т.б. тиімді болды.

       3.2 Қатысымдық-танымдық білікті жетілдіру жолдары. Қатысымдық-танымдық білім мен білікті қалыптастыру  өзара сабақтастықтағы төмендегідей бағыттар арқылы жүзеге асырылды:

      Кәсіби-танымдық бағыт студенттердің кәсіби біліктілігі мен танымдық стилін дамытуды көздеді. Бұл бағытқа негізделген тапсырмалар студенттің  тіл білімі  және басқа салалар бойынша алған білімінің жеткілікті не жеткіліксіз екендігін сезінуге, ақпараттар ағымынан өзіне қажетті мәліметті сұрыптап, екшеп ала білуге,  әр түрлі жағдаяттарда теориялық білімін қолдана білуге жетеледі. Синтаксистің теориялық негіздерін меңгерту студенттерді оқытушылыққа үйретіп, оның жан-жақты дамыған, әлеуметтік белсенді тұлғасын  қалыптастыруға көмектесті.

      Кәсіби-қатысымдық бағыт  студенттердің тілін дамытуды, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіруді, ойын жүйелі жеткізуді т.б. үйретуді мақсат етті. Олардың түрлі өмірлік жағдаяттарда  өз ойын, пікірін тұжырамдап жеткізуге дағдыландырды. Сұрақтарға  жауап беру, жұмыс нәтижелері  туралы  баяндама  дайындау және сабақ конспектісін,  реферат жазу, оны қорғау, диалог, монологпен жұмыс істеу т.б. жұмыстар студенттің қатысымдық білігін дамытуға бағытталды.

      Кәсіби-бағдарлы бағыт теориялық білім беру арқылы студенттің жазу, тыңдау, айту дағдыларын қалыптастыруды, өздік жұмыстарды ұйымдастыру білігін жетілдіруді, тұлғалық қасиетін,  әр студенттің өзіне тән қабілетін арттыруды және ұжымда, топта, жеке дара жұмыс істеу қабілетін дамытуды көздеді. Кәсіби-бағдарлы бағыт арқылы оқытуда студенттің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, олардың интеллектуалды ойлауын, өз бетінше шешім қабылдауын, шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілді.

     Сонымен бірге қатысымдық-танымдық білім мен білікті жетілдірудегі дәріс сабақтарының рөлі анықталды. Сабақта ақпараттық, проблемалық, көрнекілік, бинарлы, дәріс-конференция, кеңес дәрісі, екеу дәрісі т.б. дәрістің түрлері пайдаланылды. Мысалы, проблемалық дəріс    студенттердің алдына әр түрлі шешім қабылдауды қажет ететін  материалдар, сұрақтар, жағдаяттар арқылы іске асырылды. Студенттер осы уақытқа дейін алған білімдерін ой елегінен өткізіп, ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге, ғылыми пайымдаулар, болжау  жасауға үйренді. Реферат, баяндама, курстық жұмыстың ақсаты мен міндетін айқындауға үйренді. Қажетті ғылыми әдебиеттерді талдауға, одан өзіне қажеттісін іріктеп алуға, мәтіннен тілдік фактілерді сұрыптауға дағдыланды. Проблемалық сабақтар, рөлдік ойындар, прессконференция сабағы (синтаксис саласы бойынша студенттердің «сөз тіркесін зерттеуші маман», «жай сөйлем синтаксисін зерттеуші маман» немесе белгілі бір нақты автордың ұсынған еңбегі негізінде сол ғалымның рөлін атқаруы т.б. ) кезінде өзінің тиімділігін байқатты.

      3.3 Синтаксисті оқытуда студенттердің кәсіби біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан  жетілдірудің амал-тәсілдері. Жаңа талаптар өресінен шығу үшін жоғары оқу орындарында студенттерге теориялық білім берумен қатар, оның кәсібі мен  білік, дағдыларын жетілдіруге жете мән берілді. Өйткені қазіргі таңда қоғам болашақ маманнан ұйымдастырушылық қабілетті, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды, кез-келген жағдаятта шешім таба білуді, іскерлікті, кәсіби деңгейінің жоғары болуын, өзін-өзі дамытуға жіті көңіл бөлуін т.б. талап етіп отыр. Студент әрдайым өзінің шеберлігін жетілдіріп отыруы тиіс. Өз пәнін жетік меңгерген, түрлі әдістермен қаруланған, кәсіби біліктілігі жоғары т.б. студент кез келген уақытта нәтижеге қол жеткізеді.

      Қазіргі ғылымда адамды «тіл-мәдениет-ойлау» үштағанының  айналасында қарастыру үрдісі пайда болды. Адамның іс-әрекетін, интеллектісін бұлай бағалау болашақ маманның  кәсіби қабілетін дамыту мен жетілдіруге басқаша тұрғыдан қарауды қажет етеді. Сондықтан қазіргі бәсекелестік өріс ала бастаған қоғамда өмір сүретін бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу үшін алдымен мұғалімнің кәсіби әлеуеті маңызды болып саналады. Сол себепті қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болашақ педагог мамандардың кәсіби гуманитарлық білімі мен біліктілігін дамыта тәрбиелеу болып отыр [9, 97]. Студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен дайындығы оның кәсіби біліктілігі арқылы анықталады. Кәсіби біліктілікке студенттің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық қызметі жатады. Арнайы кәсіби біліктілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби қызметті атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады. Олардың мазмұны мемлекеттік классификациялармен анықталады. Студенттің әлеуметтік біліктілігі жауапкершілігінен, ұжыммен жұмыс істей білуінен байқалса, арнайы біліктілігі өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі мен өздігінен білім алуынан көрінеді. Кәсіби біліктілікті көп деңгейлі білім жүйесімен салыстыруға болады. Ол үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Кәсіби біліктілікті жетілдіру студенттің жеке шығармашылық қабілетін дамыту, білім беру технологияларын меңгеру және педагогикалық ортаға  бейімделуімен тығыз байланысты.

      Студенттің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін жетілдіруге көмектесетін – студенттің өз бетімен істейтін өздік жұмыстары.

      Ғалым-әдіскерлердің өздік жұмыс туралы пікірлерін сараптай келе, синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде қолданылатын өздік жұмыстар репродуктивті және реконструктивті жұмыстар деп сараланды (2-кесте). 

    2- кесте  –  СӨЖ-дің түрлері 

      Репродуктивті өздік жұмыстың мақсаты – білімді бекіту, қабілеті мен дағдысын қалыптастыру. Репродуктивті өздік жұмыс көбінесе дәрісханада жүзеге асырылды. Мысалы, студенттерге төмендегідей тапсырма ұсынылды:

      Тапсырма. Берілген үлгіге сүйене отырып, сөйлемнің графикалық моделін құрастырыңыз. Үлгі: Бұл ауыл биыл жайлауға жылдағыдан ерте көшті.                                       

                      ауыл                көшті

Бұл                          

                 биыл   жайлауға    жылдағыдан  ерте 

       Күзектің суық, сұрқыл жүдеу күні бүгін Қшамада отырған Тәкежен ауылының үстінде тұр.

      Мақсаты –  графикалық модель құра білуге үйрету. Нәтижесінде сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем талдаудың ретін үйренеді. Әр сөзге сұрақты дұрыс қоя білуге дағдыланды.   

      Өздік жұмыстың  түрлері тақырыпқа байланысты түрлендіріліп беріліп отырылды. Мәтін, реферат тақырыбы бойынша жоспар жасау; мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жоспар құру; еңбектерді жинақтап картотека      жасау (сөз тіркесі немесе жай сөйлем синтаксисі бойынша т.б.);  синтаксис саласы бойынша тезаурус құру; ғалымдардың еңбектері мен жарияланған мақалалар бойынша қысқа тезис дайындау; синтаксистің тіл білімі салаларымен байланысын көрсету т.б. жұмыстар іске асырылды.      

       Мәтіндерді     рефераттауды    танымдық    тұрғыдан   үйрету  студенттердің

репродуктивті-продуктивті дағдыларын қалыптастырумен қатар, тек академиялық мәтіндерді ғана ғана емес, сонымен бірге кәсіби-танымдық, әлеуметтік (әлеуметтік-саяси, әлеуметті-мәдени) сипаттағы мәтіндерді түсінулерін жеңілдетті.

       Реконструктивті  өздік жұмыстарға  аннотация,  түйіндеме,  сын-пікір жазу жатқызылды. Бұл жұмыстар студенттердің қатысымдық және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерін жетілдіруге септігін тигізді.

      Проблемалық мәселелер студентке проблеманы ұсынуға, көрсетуге (ақпаратты көрсету, мысалы, мәтін материалын қысқаша немесе толық жазу ); проблеманы шешуге (балама жолдар іздеу, академиялық мәтінде берілген проблеманы шешу тәсілдері, қосымша ақпарат іздеу, нақтылау); проблеманың шешімін хабарлауға (реферат мәтінін жоспарлау, тірек сөйлемдерін пайдалана отырып баяндау) үйретіп, кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік тудырды.

      3.4 Студенттердің танымдық біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан  жетілдірудің  амал-тәсілдері.  Танымдық біліктілікті жетілдіру СОӨЖ арқылы іске асырылды. Зерттеу жұмысында СӨОЖ түрлері төмендегідей сараланды (3-кесте):

 

3-кесте  – СӨОЖ-дің түрлері 

      СОӨЖ-ді  ұйымдастыруда мынадай талаптар ескерілді: СОӨЖ-дің мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сай келуі; студенттердің  ойлау қабілетін дамытатындай болуы; мазмұны жағынан әр түрлі тақырыпты қамтуы; СОӨЖ-ді талапқа сай тексеру және бағалау; СОӨЖ-ді жүйелі түрде, ұтымды жүргізу; оны әр түрлі формада ұйымдастыру т.б.

      Баяндама  жазу студентті сыни қабылдау, салыстырмалы талдау, құнды да мәнді мәліметтер мен фактілерді қабылдау, қорыту және іскерлік этиканың ережелерін сақтау т.б. әрекеттерді орындауға  төселдірді.

       Жоба жұмысы студенттің  қызығушылығы, жеке ерекшелігі, талабы мен алға қойған  мақсатына байланысты болады. Студенттер бір жобаның аясында ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізді. Жоба жұмысын орындау барысында олар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге,  алдын ала болжам жасай білуге және жұмыс істеу мәдениетіне үйренді.

       Курстық және дипломдық жұмыстар  СОӨЖ-дің ең күрделі түрі болып табылады. Бұл жұмыстар студенттің құбылыстар мен фактілерді салыстырмалы және  сыни талдау, қойылған міндетке сәйкес материалды  сараптау, арнайы пәндерден алған білімдерін пайдалану, материалды сұрыптап,  таңдай отырып, ақпаратты қорыту, шешуші сөздер мен тірек сөйлемдерін екшеу, логикалық реттілікпен баяндау т.б. дағдыларын қалыптастыруға жетеледі. Студенттердің өз бетінше жұмыс істеу деңгейін көтеруге және ғылыми әдебиеттерді картотека жасап, тиімді пайдалануларына мүмкіндік берді. Диплом тақырыбы бойынша материалды оқу, талдау және жүйелеу барысында мәтінде берілген мәселелерді сыни тұрғыдан ой елегінен өткізуге қабілеттілігі мен интеллектуалдық дағдылары қалыптасты.

       СӨЖ пен  СОӨЖ-ді дұрыс  ұйымдастыру студенттің  танымдық біліктілігін жетілдіруге ықпал етті. Танымдық біліктілікті  қалыптастыру студенттің іскерлік қасиеті   негізінде   іске асты.  Білім алушының танымдық біліктілігі бірнеше іскерлікті дамыту арқылы қалыптасты.

       Студенттің метатанымдық іскерлігі алға қойған мақсатын анықтау, іс-әрекетін жүйелі түрде жоспарлау, кездескен қиындықтардан шығу жолын іздестіру, нәтижені бағалай білу, жалпы оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыра білуінен байқалды.

Информация о работе қазақ тіл синтексиі