Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.
Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.
Сөйлемнің прагматикалық әлеуеті сөз тіркесіне қарағанда жоғары. К.Аханов: «Сөйлем ойды жеткізіп айтудың құралы болып саналады да, коммуникативті қызмет атқарады. ... сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолданылуы арқылы атқара алады», – деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындап берді [20, 5]. Яғни сөз де, сөз тіркесі де сөйлемдегі ойды жеткізудің құралы болып табылады. Ф.Ш.Оразбаеваның тұжырымы бойынша, сөйлем «тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті бірлік», ол «баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның /қабылдаушының/ қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші» [9, 243]. Мысалы, Көз алдынан тізбек-тізбек елес суреттер өтіп келеді. Ең алғаш Тоғжанды көргенде осы өзеннің бас жағындағы, анау алыста көкшіл тартқан – Түйеөркеште көрген. Осы Қауыл суы тасып жатқан. Ашулы ағыс тулап өтіп жатқан шақта, Абай Тоғжанды ең алғаш рет, жазықсыз бала тазалығымен ынтық, ыстық құшағына алған (М.Ә.).
Төрт сөйлемнің де қатысым ретінде берген ақпараттары әр түрлі. Бірінші сөйлем Абайдың қалың ойдың құшағында келе жатқаны туралы мәлімет берсе, екінші сөйлем болған оқиға жайлы хабарды жеткізіп тұр. Үшінші сөйлемде сол кездегі табиғат құбылысы жайлы ақпарат қамтылған. Ал, төртінші сөйлем екі адамның арасындағы сезімді баяндап, басқа мәлімет беріп тұр. Яғни әрбір сөйлем әр түрлі қатысымдық қызмет атқару арқылы қабылдаушының санасына түрлі ақпараттарды жеткізеді.
Сөйлем мәтіндегі ойдың мазмұнын
айқындайды. Себебі сөйлем мәтіннің
мазмұнын құрайтын компонент болып табылады. Сөйлемнің құрылымы, мақсаты, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б. мәтіндегі ойды жеткізуде ерекше рөлге ие болады. Г.В.Колшанский тілдік қатынаста ерекше орын алатын мәтіннің қатысымдық бірлік ретіндегі қызметін былайша түсіндіреді: «В настоящее время необходимо признать тот факт, что исходным пунктом как в реальном функционировании, так и в лингвистическом исследовании является та языковая единица, которая выступает в коммуникации как относительно завершенный отрезок общения, как единица, структурированная и организованная по определенным правилам, несущая когнитивную, информационную, психологичскую и социальную нагрузку общения. Этой единицей является текст» [2, 89 б.].
Қатысымдық бірліктер сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертіліп, Ф.Ш.Оразбаева, Г.Бейсенбекова, С.Нұрғали, Ф.Абдразақова, М.Жорақбаева,
Р.Әбдісүлейменова
т.б. әдіскерлердің сөйлесімнің
Арттарында – орман үстінде күн күркіреп тұр, алдарында – алтын күн ойнап, еркін қыр еркелікпен күрсініп, жаңбырдың жауһарларымен себілген шөптер жылтылдап, алтындай жарқырап өзен жатыр (М.Ж.). Біраз жүрген соң-ақ күн кеш болды (Ы.А.). Сом денесін ерге құйып тастағандай, ол күн бата биік ақ шоқалақтың ық бетіне арқасын тірей отырған бай ауылдың шетіне кірді (Ә.Н.).
Ізденімдік оқылым. Жаттығудағы әр түрлі қатысымдық қызмет атқарып тұрған сөзді табыңыз. Тыңдалым. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің ойды түсіну мен қабылдауда және дауыс ырғағында қандай рөл атқарып тұрғанын айтыңыз. Ақпараттық оқылым. Әрбір сөйлемнің қандай қатысымдық ақпарат беріп тұрғанын дәлелдеңіз. Жазылым. «Алтын күн» тақырыбында қысқаша ойтолғау жазып, синтаксистік талдау жасаңыз. Кәсіби тілдесім. Сөйлемдегі баяндауыштың жасалу жолы туралы көршіңізбен ой бөлісіп, пікіріңізді дәлелдеңіз.
Студенттерге қатысымдық бірліктердің қызметін сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту синтаксистік заңдылықтарды терең игерулеріне септігін тигізді.
4.3 Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды іске асырудың жүйесі. Студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен ойлай білуге үйрету, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту және құзыреттілігін қалыптастыру білім беру технологиялары арқылы іске асты. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда іріктеліп алынған білім беру технологиялары қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиялары, танымдық тұрғыдан оқыту технологиялары, қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту технологиялары болып шартты түрде сараланды. Тәжірибе барысында әр сабақта бір технология элементін пайдалану арқылы студент қызығушылығын тудырып, пәнді терең игертуге болатыны байқалды.
Қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиялары пәнді, тақырыпты, материалды меңгертуде студенттердің сөйлеу тілін, оның қатысымға түсу қабілеті мен дағдыларын және қатысымдық құзыреттілікті т.б. жетілдіруді көздейді. Бұл топқа Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы; М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы; Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық әдіс технологиясы; Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясы; Дебат технологиясы; Белл-Ланкастерлік жүйе жатқызылды. Мәселен, М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы бойынша студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру көзделді. Аталған технология студенттердің өзіндік пікірін, ойлы көзқарасын, ауызша және жазбаша түйіндеулер жасауын жетілдіруді және стилдің түрлерін ажырата білуді, әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуді үйретуді мақсат етті.
Танымдық тұрғыдан оқыту технологияларына А.Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы; Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы; В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде оқыту технологиялары кірді. Бұл технологиялар студенттің танымдық деңгейін көтеруге, танымдық қабілеті мен танымдық құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Мысалы, А.Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы бойынша тілші ғалымдардың еңбектері бойынша пікір алмасу мен ой бөлісу, талдау сабақтары жүргізілді. Көрнекті тілші ғалымдардың синтаксис туралы еңбектері бойынша картотекалар жасалды. Олардың көтерген мәселелері жөнінде қысқаша аннотациялар жазылды. Студенттер белгілі бір тақырып төңірегінде айтылған ғалымдардың пікірлерін салыстырып, олардың тіл білімін дамытуға қосқан үлестерін анықтауға тырысты.
Қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту технологиялары тобына М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы; Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы мен М.Махмутовтың проблемалық оқыту технологиялары енгізілді. Мәселен, М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы студенттің тұлғалық сапаларын қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық деңгейі жоғары, белсенді тұлға қалыптастыруға, студенттердің танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттыруға, ой қабілетін және өз бетінше білім алуын жетілдіруге бағытталып, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар түрінде іске асырылды.
Бір-бірімен астасып, бірін-
4.4 Кешенді жұмыс
түрлері арқылы
синтаксисті қатысымдық-
4-кесте
– Кешенді жұмыс түрлері
Қазақ тілінің синтаксисін меңгертуде жаттығулардың алатын орны айрықша. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда жаттығулар қатысымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары, танымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары және шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары түрінде берілді.
Қатысымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) қамти отырып жүргізілді. Жаттығудың бұл түрі студенттің кез келген тілдік ортада еркін пікір алмасу, дискурста қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру мен түрлі мазмұндағы тілдік жағдаяттарда білім, білік, дағдыларын қолдануды жетілдіруге бағытталды. Сонымен бірге ойын жүйелі жеткізу, пікірін дәлелдеу мен тілдік жағдаятта оңтайлы шешім қабылдауды үйретуді көздеді. Тапсырмалар сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы ұсынылды. Мысалы:
Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – Машан тауының желке тұсы екен. Алда Абылғазы бастап жортып келеді (М. Ә.). Тал жібектей балбыраған әр көк шөп ән салып тұрғандай. Бірінен-бірі туып жатқандай өзінен-өзі жалғасып кетіп жатқан ән мен өлең үзілмеді. Бүгін бұлардың салған әндері де көңілді еді (Ғ.Мүсірепов).
Тыңдалым. Көршіңіздің оқуы бойынша мәтінді тыңдап, сөз тіркесінің синтагмасын анықтаңыз.
Оқылым. Жаттығуды оқып, матаса байланысқан сөз тіркестерін табыңыз. Олардың жасалу жолын түсіндіріңіз.
Айтылым. Сөз тіркесі арқылы беріліп тұрған шығыс әйелдеріне тән стереотипті тауып, пікіріңізді айтыңыз.
Жазылым. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін басқа сөздермен
ауыстырып, сөйлем құрастырып жазыңыз.
Тілдесім. Сияқты еді, қызы еді, керек дейтін тіркестер сөз тіркесі бола ала ма? Ойыңызды дәлелдеп айтыңыз.
Жаттығудың міндеті – сөз тіркесі туралы алған білімдерін практикада қолдануға дағдыландыру.
Жаттығудың нәтижесінде мәтінді тыңдау кезінде синтагмаға дұрыс бөлудің маңызын түсінді. Ізденімдік оқылым арқылы қажетті ақпаратты дәл табуға жаттықты. Сөйлем құрау арқылы басқа сөздерді қолдану кезінде сөйлемдегі айтылатын ойдың мағыналық жақтан өзгеріске ұшырайтынын білді. Сөздердің синонимдік қатарын ұтымды қолдануға жаттықты. Кәсіби бағдарлы тілдесім арқылы сөз тіркесінің анықтамасына сүйене отырып, өз пікірін дәлелдеуге дағдыланды.
Қатысымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары өз ішінен диалогтік сөйлеу және монологтік сөйлеуге үйрететін жаттығулар болып сараланды. Диалогтің уәжділік, конативтік және диалог-сұқбат түрлері ұсынылды. Уәжділік диалогы студентті мотивация тудыру арқылы қатысымға түсуге жетелесе, конативтік диалогы қатысымға түсушінің белгілі бір көңіл-күйін тудыруға құрылды. Диалог-сұқбат қатысымға түсушіні сұқбат құруға итермеледі. Мысалы: Студенттерге дайын диалог беріліп, бірнеше тапсырма ұсынылды:
1-тапсырма. Диалогтағы ұлттық ерекшелікті түсіндіріңіз.
2-тапсырма. Сөйлемдердің жасалу жолына талдау жасаңыз.
3-тапсырма. Диалогтағы ойды негізге ала отырып, көршіңізбен диалог- сұқбат құрыңыз.
4-тапсырма. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.
Бұл тәрізді сұқбатты қазақ халқының өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, ұлттық болмысы жөнінде аялық білімі бар студент қана құра алады. Сұқбат студенттердің этнолингвистикалық білімін толықтырады, дүниетанымын кеңейтеді. Диалог арқылы студент сөйлеу мәдениетін игеріп, ойын жалғастыра алуға, әр түрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмасуға төселеді. Монолог-баяндауда сөз тіркесінің зерттелуі, ол туралы ғалымдардың пікірлері мен еңбектері т.б. баяндау түрінде іске асырылып, ол диалогтік талдауға жалғасты. Монолог-суреттеу белгілі бір ақпарат, дерек, тілдік фактілерді қарастыра отырып, баяндау арқылы қабылдаушының назарын нақты бір мәліметке аудару арқылы іске асты.
Танымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары бүгінгі студентті ертеңгі білікті маман, азамат ретінде қалыптастыра отырып, оның дүниетанымын кеңейту мақсатын көздеді. Мысалы: Мәтінді оқып, қабыса байланысқан сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар. Олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер. Қарамен жазылған сөз тіркестерін қатыстырып, диалог құрастырыңыздар.