қазақ тіл синтексиі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, курсовая работа

Описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.

Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.

Работа состоит из  1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

       Студенттің ақпараттық іскерлігі қажетті ақпаратты табу, оны талдау, екшеп, сұрыптап ала білу, ақпаратпен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыра білу қабілетінен көрінді. Студенттің бұл іскерлігі шығармашылық тапсырмаларды орындауда, тест тапсырмаларын шешуде т.б. анық байқалды.

       Ақпараттық іскерлік  жұмыстың орындалу деңгейіне байланысты өз ішінен ресурстық, мәтіндік, презентациялық болып жіктеледі.  Ресурстық іскерлік ақпаратты екшеп алуынан көрінді. Мәселен, студентке  «Сөйлемге» берілген анықтамаларды жинау тапсырылса, оны орындау мынандай жүйелілікпен іске асырылды: тапсырманы түсіну → қажетті сөзді анықтау → кітаптың не мақаланың бетін табу → тапқан мәліметтің тапсырмаға лайықтылығын тексеру.      

Мәтіндік  іскерлік ауызша және жазбаша мәтіндерден қажетті ақпаратты табу, оны талдау, берілген тапсырма бойынша жүзеге асыру арқылы қалыптасты.  Презентациялық іскерлігі баяндама, реферат жасауынан, конференцияларда, практикалық сабақтарда жүйелі сөйлеуінен байқалды. Компенсаторлық іскерлік қажетті тілдік құралдардың жетіспеушілігін толықтыруы арқылы көрінді. Компенсаторлық іскерлік студенттің қатысымдық іскерлігімен байланысты. Студент жетпейтін білімін сұрақтар қою,  оқытушыдан кеңес алу т.б. формада жетілдіруі мүмкін.

       Әлеуметтік-аффективтік іскерлік ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, ұжымдық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындауы, проблемалық тапсырмаларды шеше алуы мен жоба жұмысын дайындауынан байқалды.

      Студенттердің жұмыстарын бақылау және бағалау тексеру тапсырмалары (бақылау тестері, сұрақтар, жаттығулар т.б.) арқылы іске асты. Олар ғылыми негізге құрылып, жүйелі түрде өзара бірін-бірі толықтырып, тығыз байланыста ұсынылды. Бақылаудың алдын-ала; ағымдағы; тақырыптық; аралық; қорытынды түрлері пайдаланылды. Әрбір студенттің рейтинг балы кредиттік оқу жүйесінің талабына сай қойылды. Тест тапсырмаларының ашық, анықтау, балама, толықтыру және жабық түрлері қолданылды.

       3.5 Студенттердің мәдени біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан  жетілдірудің амал-тәсілдері. Қазақстандағы қатысымдық мәдениет пен мәдени біліктіліктің  қазіргі жағдайында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі балалардың тіл мәдениетін арттыруда және мәдени біліктілігін жетілдіруде ерекше рөл иемденеді. ЖОО-ның  міндеті – әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлау және оқу үрдісін студенттің танымы мен қабілетіне қарай ұйымдастыру.

       Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту студенттерге еліміздің бай тарихы мен рухани жетістіктерін меңгертуді және ана тілін тілдік қатынаста шебер қолдана білетін, жүйелі, мәнерлі сөйлей алатын мамандарды даярлауды көздеді.

      М.Балақаев айтқандай, «тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның

шегі  жоқ. Тіл адамдардың еңбек ету үдерісінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасаған. Оның орасан көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үдерісінде үйренеміз» [4, 135, 14]. Болашақ маманды синтаксис пәні арқылы педагогикалық қызметке даярлау барысында қатысымдық және мәдени құзыреттілікті қалыптастыру  оның мәдени біліктілігін жетілдірумен байланысты. Студенттердің мәдени біліктілігін жетілдіруде олардың сөйлеу қабілетін жетілдіретін, танымдық көзқарасын қалыптастыратын, еркін, түсінікті және мәнерлі сөйлей білуіне көмектесетін білім беру көзделді. Синтаксисті меңгертуде қолданылған білім беру технологиялары студентті өз көзқарасын жүйелі жеткізуге, пікірін дәлелдеуге және білімін тереңдетуге ықпал етті. Мәселен, «Қиысу сөз тіркесінің зерттеу нысаны ма, әлде сөйлемнің аясында қаралуы қажет пе?» тақырыбындағы дебат сабағы өте қызықты өтті. Әр топ өз көзқарастарын тілдік фактілерге сүйене отырып, дәлелдеуге тырысты. Байланыстың осы түрін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен танысып, пікірлерінде негізге алды. Бұл жұмыстар студенттердің шешендік  дағдысын  жетілдіруге, талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен  қарауға, талқыланып  жатқан  мәселені  терең түсінуге, ғылыми әдебиеттегі мәліметтің қажеттісін сұрыптап алуға, кітапханаларда  жұмыс  істеуге және   тұжырым жасауға дағдыландырды.   

     Синтаксисті меңгерту барысында қолданылған дәріс және СӨЖ, СОӨЖ жұмыстары студенттердің қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамытуға көмектесті. Олар топ мүшелері, оқытушымен өзара пікірлесу және әр түрлі жағдаяттарды шешу арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруге талпынды. Сөз мағыналары мен олардың ерекшеліктерін, әдеби тілдің қасиетін таныды. Студенттер шығармашылық тапсырманы орындау арқылы мәселені шешу,  ойды тұжырымдап айту, идеяны жеткізу,  оның логикалық дамуын айқындау, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану мен оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу тәрізді іс-әрекетті жүзеге асырды.

       «Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан  оқытуды іске асыру және дамыту әдістемесі» деп аталатын төртінші тарау төрт тармаққа жіктелді.

       4.1 Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың әдістері. Синтаксисті оқытудың ұстанымдары оны жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістерімен сабақтасады.     

       Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан     оқытуда   интеграциялық,

сыни-талдамалық, ақпаратты-рецептивті, проблемалық, зерттеушілік, салыстыру және  қатысымдық,  танымдық әдістерді қолдану тиімді болды.

       Интеграциялық әдіс қазіргі ғылымдардың тоғысуы жағдайында  студентті синтаксистік бірліктерді әр қырынан зерделеуге, оның басқалармен байланысын анықтауға, түрлі саладан алған білімдерін бір арнаға тоғыстырып пайдалануға жетелейді. Пәнаралық интеграциялық әдіс синтаксистің салаларын өзара сабақтастықта, бірлікте меңгертуде қолданылды. Салааралық интеграциялық әдіс синтаксисті фонетика, лексика, морфология, стилистика, т.б. пәндермен байланыста оқытуды көздеген тапсырмалар арқылы жүзеге асты. Мысалы, синтаксис пен фонетиканың; синтаксис пен лексиканың; синтаксис пен морфологияның байланысын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

      Сонымен бірге синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра игертуде  (когнитивті лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика т.б.) аталған әдіс тиімді болды.

      Сыни-талдамалық әдіс  сөз тіркесі, сөйлем және мәтінді талдауда ұтымды болып табылды. Бұл әдіс көбінесе СӨЖ және СОӨЖ орындау кезінде қолданылды. Мәселен, студенттер бір-бірінің орындаған тапсырмаларын мұқият тыңдай отырып, жіберген қателерін өздері түзетіп отырды. Бұл тек қатені ғана анықтауға емес, сонымен бірге олардың сөйлеу мәдениетін де жетілдіруге игі ықпал етті.      

      Ақпаратты-рецептивті әдіс оқу материалын түсіндіру мен жеткізуде пайдалы болды. Әдіс  оқытушының әр түрлі құралдар арқылы дайын материалды түсіндіруіне негізделді. Әдіскерлер бұл әдіске түсіндіру, әңгіме, дәріс, кітаппен жұмыс, демонстрация тәрізді тәсілдерді жатқызады. Бұл студенттерге оқу материалын  жеткізуде уақытты үнемдеуге көмектеседі. Тақырыпты меңгертуде қолданылған көрнекі құралдар, тірек сызбалар, кестелер студенттердің материалды қабылдауын жеңілдетті.

      Репродуктивті әдіс студенттердің қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға бағытталып, әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы іске асты. Мысалы, Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыздар. Сөз тіркестерін құрылымы мен мағынасына қарай айқындаңыздар. Анықтауыштың жасалу жолын айтыңыздар.   Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді ... (Әл-Фараби).

      Проблемалық әдіс негізгі түйінді мәселені студенттің өзі анықтап, оны шешудің жолдарын табуда және олардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда ұтымды болды. Проблемалық мәселелер студенттің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен ізденуіне жол ашады, синтаксистік заңдылықтарды игеруге жетелейді. Проблемалық мәселелерді шешу материалды талдауға, ғылыми зерттеу арқылы білім алуға дағдыландырады. Студент пікірін тілдік фактілерге сүйене отырып жеткізуге үйренеді.      

       Зерттеушілік  әдіс өздік жұмыстарды   орындауда     ұтымды      болып

табылады. Ғалымдардың тұжырымдарын өзара салыстыру, реферат, конпект, баяндама, жоба жұмыстарын т.б. дайындау және оны қорғау тәрізді тапсырмалар студенттің ізденушілік қабілетін дамытты. Оны өз бетімен жұмыс істеуге, өзіне өзі сын көзбен қарауға дағдыландырды. Қазақ тіл білімінде жарық көрген жаңа жұмыстармен танысып, олардың ішінен өздеріне қажетті ақпаратты сұрыптап ала білуге үйретті.

      Салыстыру әдісі – сабақ үрдісінде ең жиі қолданылған тиімді  әдістердің бірі. Синтаксистегі ұқсас құбылыстары салыстыру, олардың айырмашылығын тіл фактілеріне сүйене отырып дәлелдеу (сөз тіркесін күрделі сөзбен, атаулық тіркеспен, тұрақты тіркеспен, сөздердің салалас қатарларымен салыстыру немесе толымды және толымсыз сөйлемді салыстыру т.б.) студенттің білім қорын іс жүзінде қолдана білуіне, білімінің тиянақты болуына, өз бетімен шығармашылық ізденіс жасауына ықпал етеді.

      Қатысымдық әдіс сөйлесім әрекетінің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды. Қатысымдық әдіске негізделген тапсырмалар жұптық, топтық, ұжымдық формада іске асырылды. Қатысымдық жаттығулар мен тілдік жағдаяттар студенттерді тілдік қатынаста өз ойын нақты, дәлелді, жүйелі, еркін түрде жеткізуді үйретуге және ой-өрісі мен тілдік қабілетін дамытуға бағытталды.

      Танымдық әдіс  синтаксистік бірліктерді табу, анықтау, жасалу жолын түсіндіру, мәтінге прагмматикалық талдау жасау, дисскурс т.б. тапсырмалар аясында іске асырылды.

    Мысалы:  М.Жұмабаев пен Ш.Құдайбердиевтің өмір жайындағы өлеңдеріндегі «өмір» концептісінің мәнін айқындаңыз.  «Өмір» сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? Сүйікті ақыныңыздың шығармасымен салыстырып, өз ойыңызды айтыңыз.

       Өмір – өзен, аға бермек сылдырап, Тұрып болмас жағасында жөн сұрап.. ... Сұм өмірде алданармыз, сүйерміз, Айрылармыз, сүйген жардан күйерміз. ... Өмір – өзен, сылқ-сылқ күлер, сылдырар; Өмір – заман. Жазы да бар, қысы бар (М.Жұмабаев). Өткен өмір – өкініш, ой жаралы. ... Ойланбаған өмірдің бәрі солай; Өмір деген – ұйқы ғой, Түс көргізбей қоя ма?; Өмір түбі – өлім болса, Мейлің жыла, мейлің күл (Шәкәрім).

       Мұндай тапсырмалар студенттің рухани дүниесін байытып,  жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізді. Студенттің бұрынғы алған білімін есіне түсіріп, жаңа ақпаратты өңдеуден, сұрыптаудан өткізіп, тиісті жағдаятта қолдануға итермеледі.

     Сонымен аталған әдістер синтаксисті оқытуда түпкі нәтижеге жетуге көмектесіп, студент құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді болды.

       4.2 Қатысымдық бірліктердің мәні және оларды оқыту. Тілді меңгертуде оның  қатысымдық, эстетикалық және кумулятивтік қызметін айқындау маңызды. Адамдардың  бір-бірімен түсінісуі белгілі  тіл  бірліктерінің ақпараттық қызметі негізінде  жүзеге асады. Студенттің тілді меңгеру дәрежесі, игерген білік, білімі тілдік қарым-қатынас үстінде көрінеді. Сол себепті қарым-қатынастың қандай бірліктер арқылы жүзеге асатынын, қалай пайда болатындығын, қолданысын оқыту өте маңызды.

      Қазақ тіл білімінде қатысымдық бірліктер туралы мәселені айқындап берген – Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым «жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің құрылымдық бөлшектері болып» табылатынын,  «осы аталған тұлғалардың біреуі өз орнында тұрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете» алмайтынын,  «адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр бірліктің өзіндік маңызы» барлығын дәлелдеп, «қатысымдық бірлік тілдік бірліктерге қатысты болғанымен, онымен бірдей емес», – деп, тұжырымдайды [9, 239]. 

       Қ.Жұбанов «сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады, сөздер жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралған сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине бөлшек емес. Сөйте тұра олар құрамды бөлшек болып барып, материал болып, тұтас ой туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі» болатынын айтады [2, 98-100].  Яғни сөз дербес тұрғанда атауыштық қызмет атқарса,  бір нәрсе жайлы хабар беру, қарым-қатынас құралы болу арқылы қатысымдық  бірлікке айналады. Мысалы, Әлі қалыңдап қар түскен жоқ (М.Ә.) сөйлеміңдегі әрбір сөздің қатысымдық қызметі берілетін хабардың тұтас мазмұнын ашуға ықпал етеді. Оған сөздердің лексика-грамматикалық жақтан үйлесім табуы, айтылатын ойға қатысты семантикалық жақтан іріктелуі ықпал етеді. Осыған орай, сөздерді қатысымдық бірлік  ретінде тануға қызмет атқаратын деңгейлік тапсырмалар жүйеленді.

 Ат шашасынан аз-ақ асатын алғашқы жауған ақша қар жердің шөбін әлі жасыра алмапты (Ғ.М.) сөйлемінде нақты мағынада қолданылып, мәлімет беріп тұр. 

Информация о работе қазақ тіл синтексиі