қазақ тіл синтексиі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, курсовая работа

Описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.

Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.

Работа состоит из  1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

       4. Синтаксисті оқытудың білім берудегі жаңа парадигмалармен, қоғамдық-әлеуметтік сұраныстармен ұштастырылуы студенттердің өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілетін  арттырады. Оған теориялық материалдардың танымдық және қатысымдық табиғатын айқындау негіз болып,  нәтижесінде  студент сөз, сөйлем және мәтіннің ара қатынасын, құрылымдық жүйесін ажырата алады.

       5. Синтаксистік бірліктерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан кешенді түрде оқытудың  жүйесі   қатысымдық лингвистика, прагмалингвистика,  лингвомәдениеттаныммен және т.б. сабақтастырылады. Синтаксисті антропоцентристік бағытта оқытуда  студенттің білім қоры тілдік бірліктердің жұмсалымдық қызметін,  бейвербалды амалдардың қарым-қатынастық мәнін, этномәдени бірліктердің мазмұнын меңгерумен толығады.

       6. Әлемдік білім кеңістігіне шығудың жолы  тамыры тереңде жатқан халықтық қағидалардан,  қазақ ағартушылары мен ғалымдарының оқу-ағартушылық ізденістері мен тұжырымдарынан бастау алады. Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту  «Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы» және  «М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы» түрінде, ал танымдық тұрғыдан оқыту    «А. Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы» және «Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы» түрінде жүйеленді. Қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту «Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы» және «М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы» тұрғысында ұсынылды.   Аталған технологиялар  білім беру үрдісін жаңғыртуға, жаңа бағыттарын айқындауға жол ашады және білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастырады.

       7. Синтаксисті оқытудың сапасы  интеграциялық, сыни-талдамалық, ақпаратты-рецептивті, репродуктивті, проблемалық әдістердің кеңінен қолданылуы арқылы көрінеді. Бұл студенттің  қызығушылығын, дүниетанымдық ой-өрісін, қатысымдық  мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

       8. Студенттің білімі танымдық (ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық), кәсіби (болашақ маманның кәсіби дайындығы), әлеуметтік (тілдік жағдаяттағы қарым-қатынас) біліктіліктер арқылы байқалады. Студенттің біліктілігі қатысымдық және танымдық дағдыны қалыптастыру және шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары мен кәсіби-танымдық, академиялық, әлеуметтік мәтіндер арқылы жетілдіріледі. 

       9. Берілген жұмыстарды кредиттік оқу жүйесінің талаптарына сәйкес орындау үшін жаттығулар мен тапсырмаларды дұрыс іріктеу маңызды.   Сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамтитын  диалог пен монолог  және жоба, курстық,  диплом  жұмыстары студенттің синтаксистен алған білімдерін тілдік қатысымда еркін  қолдануға дағдыландырады.

       10. Студент білімін жетілдіруде  СӨЖ   және СОӨЖ тапсырмаларының

атқаратын рөлі ерекше. Студент  тезаурус құру, тезис, реферат, конспект,  аннотация  арқылы ғылыми әлеуетін көтереді. Оның     өзіндік ой-тұжырым, қорытынды жасауы т.б.   метатанымдық, ресурстық, мәтіндік, презентациялық, компенсаторлық, аффективтік іскерліктерін қалыптастырады.  

           11. Білімнің нәтижеге айналуы – оқытудың түпкі межесі. Синтаксисті

танымдық-қатысымдық тұрғыдан оқытудың моделі  күтілетін  білім нәтижелерін айқындайтын  құзыреттіліктер деңгейінде көрінеді. Студент қатысымдық, танымдық, лингвомәдени, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерді  игеру нәтижесінде  бәсекелестікке қабілетті маман бола алады.  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

       1 Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.

       2  Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке. – Алматы:

Ғылым, 1966. – 50 б.

       3 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат,  1994.  – 16 б.

       4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 4 -68 -75 бб.

       5  Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.

       6   Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.

        7   Арғынов Х.  Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб.

       8  Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004. – 5 б.

     9  Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.

       10 Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының  академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»:  VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция  материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.

       11 Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.

       12 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.

       13. Г.Қосымова. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Баянжүрек, 2007.– 201 б.

       14  Манкеева М.  Ұлт тұғыры – тілде // «Этнос және тіл»: Академик Ә.Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. –15-19 бб.

       15 Ә. Әлметова. Сұхбаттасу мәдениеті. – Алматы: Толағай, 2007. – 131-178-191 бб.

       16 Ананьев Б.Г.Психология и проблемы человекознания. – Москва : МОДЭК, 2005.

       17 Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993.– 255 б.

       18 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан,  1993. – 7 б.

       19 Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986.–107 б.

       20 Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.– Алматы: ҚазМем.баспасы, 1962. – 45б.

       21  Аханов К.Грамматика теориясының негіздері.– Алматы: Мектеп, 1972.– 5 б.

       22 Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. –Москва: Наука, 1990. – 103 б. 

Диссертация мазмұны мынандай басылымдарда жарияланды: 

Оқу бағдарламалары:

       1 Әдістеме ғылымының негіздері // Жоғары кәсіптік білім. Магистратураның 6N0117 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2004. ( Ф.Ш.Оразбаевамен бірге).

       2 Қазақ тілінің ұлттық тәрбие негіздері. Жоғары кәсіптік білім. Магистратураның 6N0117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2004. ( Ф.Ш.Оразбаевамен бірге).

       3 Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. Арнаулы курстың бағдарламасы. – Алматы:Абай атындағы АМУ, 2003. –37-39 бб.

       4 Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Жоғары кәсіптік білім 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. – 1 б.т. ( Ф.Ш.Оразбаевамен бірге). 

Оқулықтар:

       5 Қазақ тілі. Қарапайым деңгейге арналған оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007.– 496 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       6 Қазақ тілі. Негізгі деңгейге арналған оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007.– 480 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       7 Қазақ тілі. Орта деңгейге арналған оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007.  – 448 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       8 Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007. – 480 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       9 Қазақ тілі. Жоғары деңгейге арналған оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007.–352 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       10 Қазақ тілі. Жетік деңгейге арналған оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007.– 336 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       11 Қазақ тілі. Қарапайым деңгейге арналған электронды оқулық. – Алматы:

Жазушы, 2007. – 625 МБ.  (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       12 Қазақ тілі. Негізгі деңгейге арналған электронды оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).

       13 Қазақ тілі. Орта деңгейге арналған электронды оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       14 Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгейге арналған электронды оқулық. –Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       15 Қазақ тілі. Жоғары деңгейге арналған электронды оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007.– 625 МБ. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       16 Қазақ тілі. Жетік деңгейге арналған  электронды оқулық. – Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.). 

Оқу құралдары:

       17 Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. – Алматы: Абай атындағы АМУ, 2003. – 131 б.

       18 Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы:Print-S, 2005.– 170 б. (Ф.Ш.Оразбаевамен бірге).

       19 Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Print-S, 2005. – 535 б. (авторлық бірлестікте). 

Оқу әдістемелік құралдар:

       20 Қазақ тілін оқыту әдістемесі (Бақылау-пысықтау жаттығулар  кешені.

Сырттай және күндізгі бөлім студенттеріне  арналған). – Алматы:Абай атындағы АМУ, 2003 . – 45 б. ( Ф.Ш.Оразбаевамен бірге).

      21 Қазақ тілі.Әдістемелік нұсқау. Қарапайым деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 232 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       22 Қазақ тілі.Әдістемелік нұсқау. Негізгі деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 208 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       23 Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Орта деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007.– 224 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       24 Қазақ тілі.Әдістемелік нұсқау.  Ортадан жоғары деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 128 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       25 Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Жоғары деңгей. – Алматы:Жазушы, 2007. – 88 б.(Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       26 Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Жетік деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 80 б.  (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       27 Қазақ тілі. Қарапайым деңгейге арналған жаттығулар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2007. – 256 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. ).

       28 Қазақ тілі. Орта деңгейге арналған жаттығулар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2007. – 128 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. Исабекова Ұ.К.).

       29 Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгейге арналған жаттығулар жинағы. –Алматы: Жазушы, 2007. – 168 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т.).

      30 Қазақ тілінен бақылау тестері. Орта деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 88 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т.).

       31 Қазақ тілінен бақылау тестері. Ортадан жоғары деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 112 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.).

       32. Қазақ тілінен бақылау тестері. Жоғары деңгей. – Алматы:Жазушы, 2007. – 48 б. (Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т. және т.б.). 
 

Мақалалар:

       33 Сөз тіркесін тиімді меңгертуде қолданылатын кешенді жұмыстар жүйесі // «Қазақ  филология ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы»: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы:Абай атындағы АМУ, 2003. – 134-137 б.

      34 Педагогтік тұлға және педагогтік шеберлік // «Качество педагогического

образования: проблемы и переспективы развития»: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Абай атындағы АМУ, 2004. – 319-322 б.

      35 Дәулет Әлімжанов және қазақ тілі әдістемесі. // «Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингводидактика мәселелері»: республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2004.  – 29-32 б.

       36 Құдайберген Жұбанов зерттеулеріндегі жаңа технологияның нышандары // Профессор Қ.Жұбановтың 105 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы:Абай атындағы АМУ, 2004. – 111-113 б.

Информация о работе қазақ тіл синтексиі