Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:39, курсовая работа

Описание

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66

ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Диплом Инвестиция.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

“Инвестициялар  туралы” (08.01.03 ж.)

“Банкроттық туралы” (21.01.97 ж. және 03.06.03 ж. өзгерістерімен)

“ҚР Ұлттық банкі  туралы” (30.03.95 ж. 10.07.03 ж. өзгерістерімен)

“Бағалы қағаз нарығы туралы” (02.07.03 ж.)

“Бюджетке салық  және басқа да міндетті түсімдер туралы” (12.06.01 ж.)

Инвестициялық жеңілдіктер беру 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған “Инвестиция туралы”  Заңмен реттеледі. Бұл заң инвестицияның  құқықтық және экономикалық негіздерін ынталандырып, Қазақстан Республикасында инвесторлардың инвестиция салудағы құқықтарын қорғап, инвестицияны мемлекеттік қорғау шараларын анықтап, инвесторлардың қатысуымен келіспеушілікті шешу тәртіптерін айқындайды.

Инвестицияны  мемлекеттік қолдау шараларының жаңа механизмдері біршама жаңа артықшылықтарға мүмкіндік береді.

Алдымен, Заңда  отандық та, шетелдік инвесторларды  да бірдей дәрежеде ынталандыру қарастырылған. Инвестициялық жеңілдіктер беру туралы өтініштерді қарау мерзімі қысқартылып (отыз жұмыс күніне дейін уақыт ішінде), оларға мүмкіндік беру тәртіптері оңайлатылды. Сондай-ақ қазіргі заң инвестиция  көлемінің минималь шегін қоймайды. Бұл оның, қызметтің басым түрлерінде инвестиция салатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса  есептегендігі, қолданылу аясын кеңейтеді.

Шетелдік және отандық инвесторлардың теңдігі  мемлекеттік ұйымдардың тексерулерін жүргізгенде, инвестициялық таластарды шешуде, табыстарды есептеп, бөлуде, сондай–ақ  Мемлекеттік ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардың әрекетімен келген зияндарды қайтаруда әділетті болады.

Заңға сәйкес өкілетті органмен контракт жасауға төмендегідей инвестициялық преференциялар беріледі:

1. инвестициялық  салықтық преференциялар;

2. кедендік баж  салығынан босату;

3. мемлекеттік  натурлық гранттар.

Инвестициялық салықтық преференциялар белгіленген  активтегі инвестиция  көлеміне тәуелді анықталатын мерзімге беріледі, бірақ та он жылдан артық емес.

Заңға сәйкес төмендегідей салықтық преференциялар беріледі:

- Корпоративтік  табыс салығына преференциялар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуға немесе жылдық жиынтық табыстан, преференцияның күші болатын мерзімге тәуелді, белгіленген активті пайдалануды енгізу бағасын бірдей үлеспен шегеруге мүмкіндік береді.

Қолданылатын  заңнамаға сәйкес салық төлеушінің (заңды тұлға), зиян шегу мөлшерін кеміткендігі түзетулері есептелініп, салынатын табыс салығы (корпоративті табыс салығы) 30% мөлшерлемемен есептелінеді.

- Мүлікке салық  преференциялары бойынша инвестициялық  жоба шеңберіндегі белгіленген активті жаңадан пайдалануды енгізгенде салық төлеушіге мүлікке салық төлеуден босату құқығын береді.

Салық салынатын  обьектінің салықтық базасы болып, бухгалтерлік есептің мәліметі бойынша анықталатын, салық салынушы обьектінің орташа жылдық қалдық құны есептеледі. Заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлер мүлікке салықты салық салынушы обьектінің орташа жылдық құнының 1%-ын есептейді.

- Жерге салық преференциялары  бойынша салық төлеушіге инвестициялық  жобаны жүзеге асыру үшін алынған  және қолданылатын жер учаскелеріне жер салығын төлеуден босату құқығын береді.

Қолданылатын  заңнамаға сәйкес жердің белгілі-бір  категориялары салық төлеуге  жатады. Бұл жағдайда, әрбір жеке категориялар үшін базалық салық  ставкасы, белгілі-бір критерийлер  негізінде анықталады:

- Ауылшаруашылық  қызметтерге арналған жерлер  үшін базалық ставкалары 1 гектарға  есептелген және топырақтың  құнарлылық  сапасы мен бонитет балына  сараланған. Базалық ставка мөлшері  бонитет балы 1 болғанда, 0,48 теңгеден, 100 балл болғанда 202,65 теңгеге дейін ауытқиды.

- Елді мекендердің  жерлері үшін (тұрғын үй фондылары  мен құрылыс жерлерін қоса  есептелгенде) – базалық ставкалар  орналасқан жеріне байланысты 1 шаршы  метр ауданға есептегенде ауылдық  жерлердегі тұрғын үй фондыларында 0,09 теңгеден Алматыдағы жерлерде 28,95 теңгеге дейін ауытқиды.

- Өнеркәсіп,  транспорт, байланыс, қорғаныс және  басқа да ауылшаруашылық қызметтерге  арналмаған жерлер үшін – елді  мекендерде орналасқан өнеркәсіп  жерлері үшін базалық ставкасымен  анықталады. Елді мекендерден тыс  орналасқан өнеркәсіп жерлері үшін базалық ставка 1 гектар жерге есептегенде бонитет балына пропорционал және бонитет балы 0 жер үшін 48,25 теңгеден бонитет балы 100-ден жоғары жер үшін 5790 теңгеге дейін ауытқиды.

Инвестициялық салық преференцияларының қолданыла басталу мерзімі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келісімшартпен белгіленеді.

Арнайы салық  режимі қолданылатын заңды тұлға  қызметі үшін, сондай-ақ келісімшартпен жер қойнауын пайдаланушылар үшін инвестициялық  салықтық преференциялар берілмейді.

Мемлекеттік натурлық грант берілген Қазақстан Республикасының  заңды тұлғаларына белгіленген  активке байланысты инвестициялық  салықтық преференциялар берілмейді.

Кедендік баж  салығынан босату  инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін керекті құралдар мен оларға қажетті қосымша бөлшектерді импорттау кезінде болады. Мәселен:

- Қазақстан  Республикасы аумағындағы балама  құрал-жабдықтар мен оған керекті  қосымша бөлшектерді шығармайтын  болғанда;

- Инвестициялық  жобаны жүзеге асыруға байланысты  құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектерді Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті мөлшерде шығармайтын болғанда;

- Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектердің белгіленген жоба шеңберінде  қойылатын талаптарға сәйкеспейтін болғанда.

Кедендік баж  салығынан босату мүмкін болатын  ұзартуларымен бір жылдық мерзімге, бірақ та контракт тіркелгеннен бастап бес жылдан артық емес уақытқа  беріледі.

Кедендік баж  салығынан босату және оның мерзімін ұзарту туралы шешімді инвестиция туралы құзіреті бар ұйым шығарады.

Қолданылатын  заңнамаға сәйкес кедендік баж салығының  ставкасы жалпы кедендік–тарифтік  саясат шеңберінде белгіленеді және СЭҚ КС кодтауға сәйкес бекітіледі. Қазіргі кезде 11 мыңға тарта тауарлық ұстаным бар.

Экспорттық баж салығы ІМҚ терісін  және металл сынақтарын шығарғанда ғана салынады.

Қазіргі кезде  импорттық баж салығы бойынша  кедендік  қорғау (импорттық баж  салығының орташа ставкасы) 7,9% құрайды.

Мемлекеттік натурлық гранттар Заңда бекітілгендей Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын жекеге немесе қолдануға беруді басқару аясындағы сәйкес мемлекеттік органдардың келісімімен құзыретті органдармен беріледі.

Мемлекеттік натурлық грант есебінде жер учаскелері, ғимараттар, машиналар және құрал-жабдықтар, есептеу техникалары, өлшегіш және реттегіш құралдар мен қондырғылар, транспорт құралдары (жеңіл автомобильден басқалары), өнеркәсіптік және шаруашылық мүліктері беріледі.

Мемлекеттік натурлық гранттарды бағалау Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңнамаларға сәйкес нарықтық құнымен белгіленеді.

Мемлекеттік натурлық гранттың максимальді мөлшері Қазақстан  Республикасындағы заңды тұлғаның белгіленген активтегі инвестиция көлемінің (инвестициялық жобаның  мөлшері) 30 пайызынан аспау керек.

Егер сұралған мемлекеттік натурлық гранттың бағаланған құны көрсетілген максимал мөлшерден  артық болса, Қазақстан Республикасының  жеке тұлғасы сұралған мүлікті оның бағаланған құнымен мемлекеттік  натурлық гранттың арасындағы айырманы төлеу арқылы алуына құқығы бар.

Жоғарыда айтылғандардан, Қазақстанда жеке инвестицияларды  ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздері мейлінше тиімді екенін көрсетеді  және іскерлік ынтымақтастықтарға үлкен  жол ашады.

Инвестициялық климаттың жақсаруы Үкіметтің қызметіндегі артықшылықты істердің бірі болуы, халықаралық эксперттердің бағалауынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында реформаны жүзеге асыруда көшбасшы деп танылды.

Қазақстан нарықтық экономикалы ел ретінде Европамен  де, АҚШ-пен де мойындалды.

Қазақстанға екінші жыл Шығыс Европа деңгейіне сәйкес келетін инвестициялық рейтинг  берілді.

2002 жылдың қыркүйегінде  жетекші халықаралық “Mood’s”  рейтингтік агенттігі Қазақстанға  инвестициялық категорияға жататын  жаңа несиетік рейтинг берді.

2003 жылдың мамырында “Standart and Poors” агенттігі Қазақстанның шетелдік ұзақ мерзімді “ББ”-дан “ББ қосуға” дейін валюталық міндеттемесі бойынша несиетік рейтингісін және ұлттық валюта бойынша несиетік рейтингісін өсірді.

Рейтингтік  агенттіктің есебінше, рейтингтің өсуі республиканың тұрақты экономикалық өсу тенденциясын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет дифициті мен  сыртқы бережақты төмен деңгейде ұстау бағытындағы мемлекет жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін көрсетеді.

Мемлекеттің фискалдық  тұрақтылығы Ұлттық қорға мұнай мен салықтық түсімдердің өсуі мен нығая түседі, мұның өзі мүмкін болатын мұнай бағасының өсуінен туындайтын қиындықтарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Ойластырылған қаржылық саясатын жүргізу бюджет дифициті мен инфляцияны шектеуге бағытталған. Рейтингтік агенттіктің бағалауынша, 2004 жылы мемлекеттік бережақты ЖІӨ-нің 14,2 пайыз деңгейіне дейін төмендету көзделген және келесі бірнеше жылдарға дейін тұрақты болмақ.

Макроэкономикалық тұрақтылық инфляция 6,4 пайыз деңгейінде және экономикалық өсу 8,6 пайыз деңгейінде сақтау көзделген.

Мемлекеттің нарықтық реформаларға ерекше көңіл бөлуі  банк секторына деген сеніммен қатар  жүруі қаржы секторын күшейтеді.

Сонымен қатар, экономика мен бюджеттің теріс, қолайсыз жағдайларға тәуелділігі  бірте-бірте төмендеуде деп көрсетеді рейтингтік агенттік.

Инвестициялардың  өсуінің жалғасуына байланысты, мұнай-газ  секторындағы өндіріс пен экспорт  өсуі, мұнай бағасының түсіп кетуі  жағдайында да Қазақстан жоғары экономикалық өсуді күтеді.

2004 жылдың қарашасында экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның несиетік рейтингін алтыншы деңгейден бесіншіге көтеруге шешім қабылдады. Құрамына дүние жүзінің 25 дамыған индустриалы елдері кіретін бұл халықаралық ұйымның көзқарасы, іскер топтардың басқа елдерге капитал салудағы бағалауында шешуші рөл атқарады.

Қазақстанның  несиетік рейтингісін көтеру туралы шешім біздің елімізге АҚШ-тағы Эксимбанктің төрағасы Филипп Мерильдің сапарынан  кейін болды, өйткені ол Қазақстанның инвестициялық климатқа қолайлы  жағдайлар жасаудағы жетістіктеріне жоғары баға берген еді [10].

    1. Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары

 

Қазіргі кездегі  тура халықаралық инвестицияларды  тарту саясатының негізгі мақсаты  модернизация мен құрылымды қайта  құруға, халықтың жоғары сапалы өмір сүруіне шетел капиталын қолдану арқылы қол жеткізу.

Алайда ТШИ  тартуды қолдануда республикада бірнеше мәселелер бар:

1. ТШИ құрылымы  қазіргі таңда шикізаттық бағытта  және кәсіпкерлерді тек жоғарырентабельді  жобалар қызықтырады. Бірде-бір  кәсіпорын мұнайды  максимальды өндіру технологияларын қолдану, кен орындарын тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Бүгінгі таңда Қазақстанға деген қызығушылықты шикізат байлығына ғана танытуда.

2. Аймақтық талдау аймақтардың инвестициялық рейтингі жергілікті билік күшімен әлсіз анықталады. Бұл дегеніміз, яғни ынталандыру тетігі әлі күнге дейін орталықта. Аймақтар экономикалық шешім қабылдауда өз алдыңа тәуелсіз емес.

3. Шетел инвестициялардың  шикізаттық бағыты республика  экономикасының құрылымындағы диспропорцияны  онсыз да ұлғайтуда, елдің қауіпсіздігін бұзуда. Пайданың көп бөлігі шетелде қалуда (оның ішінде дайын күйде: мұнай өнімдері, металл өнеркәсібі, түсті металл және с.с Қазақстан экспортының негізгі салалары). ТШИ бұл жағдайда елдің сыртқы борышында көріне бастады және экономикалық өсуге түрткі болмайды.

4. ТШИ “Капитал  ағымына” трансформациялануы. Тәжірибеде, талдау көрсеткендей шетел және  БК шетел капиталының үлкен  ағымына әкелмейді. Жергілікті  ресурстарды қолданғаннан кейін  түскен  пайда басқы компанияларға  жіберіледі. Мұндай қызмет ТШИ мақсатына қайшы келеді, шын мәнінде, ешқандай пайда әкелмейді, керісінше “капитал ағымы” орын алады.

5. Кәсіпкерлік  шетел капиталы құрылымында заемға  алынған құралдардың меншікті  құралдан артық болуы. Қазақстандағы  қолайсыз инвестициялық жағдай кәсіпорында нарыққа өз капиталымен емес  заемдық капиталмен (фирмалық несие түрінде, сирек жағдайда - банктік) келуіне әкеледі.

Сөйтіп, ТШИ  “әдемі статистикасы” бұрмаланған, ал ТШИ көбіне жаңа технологиялардың, жұмыс орындарының және тәжірибенің ағымын емес, сауда-коммерциялық шағын кәсіпорындардың келіссіз формасын білдіреді. Шикізаттық салаға ірі компаниялардың келуі елге валюталық түсімдердің азаюынан сыртқы қарызының өсуіне әкеледі. Егер де, сыртқы қарыздануда айтарлықтай мәселелер жоқ және оның шектеушісі болып мемлекет бола алады, тәуелсіз кәсепкерлік инвестицияларда жағдай неғұрлым күрделі. Шетел инвестициясының ағымына негізгі ынталандыру болып тек қолайлы инвестициялық климат бола алады. Әйтпесе, ағым өзінің шекті шамасына жеткен соң сапалық срезде өзінің шекті мәніне жетеді (шикізаттық кәсіпорын санымен және шикізаттық қор өлшемімен байланысты) [11].

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні