Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:39, курсовая работа

Описание

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66

ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Диплом Инвестиция.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

Инвестиция  салу туралы шешім қабылдауны негізгі шарт инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау. Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де, жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

- республика  деңгейінде бақылау үшін арнайы  банктік шоттарды амортизациялық  шегерімдерді орналастыру бойынша  талаптарды шешу жолымен, өндірістік  қорларды мақсатты инвестициялауға  амортизациялық шегерімдерді қолдану  процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

- халық жинақтарын  міндетті сақтандыру жүйесін  бекіте отырып, халықтың банктік  жүйеге сенімін арттыру шараларын  жүргізу арқылы ішкі жинақ  потенциалын жүзеге асыру;

- инвестициялық  климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

- үкімет деңгейінде  ұлттық мүддені сақтау және  кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

- әрі қарайғы  экономикалық даму мен ынтымақтастық  үшін нақты секторды несиелеу  аясында коммерциялық банктерге  өзінің белсенділігін арттырудың  жарамды тәсілдерін табу қажет;

- инвестициялық  белсенділікті арттыру үшін қор  нарығының дамуын жүзеге асыру;

- есептеу тәсілінің  қарапайымдылығы мен ашықтығын  және аймақтың өмірін қамтамасыз  етуші факторларды алушы рейтингтік  бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

- аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.

Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік ынталандыру: АҚШ және    Оңтүстік Шығыс  Азия тәжірибесі.

Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы  макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.

Оңтүстік Шығыс  Азия елдері мемлекеттің инвестициялық  үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды нарықтық деңгейден төмен ұстау.

Мемлекеттік несие  және бағаларды бақылау.

Фирмалардың инвестициялық бағдарламаларын  қаржыландыруда маңызды рөлді банктік  несие ойынады. Мемлекет несие құны мен оның ағымының бағытына белсенді әсер етті.

АҚШ тәжірибесі қызықты, өйткені 80 жылдардың басында  инфляция мен өндіріс құлдырауы  қатар келген жағдай, белгілі бір  деңгейде 90 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстандағы жағдайға ұқсастығына  байланысты.

Әр елдің  корпорация қызметін қаржыландырудағы айырмашылықтарына қарамастан, басты рөлді ішкі көздер (бөлінбеген пайда мен амортизациялық аударымдар) және банктік несиелер ойнайды. Сонымен бірге акционерлік капиталдың рөлі әлсіз болды (Тайваньді есептемегенде). Әлемдік Банк мамандарының айтуынша: “Тек экономиканың жетілуіне байланысты акция және облигация нарықтарын құру мен тиімділігін арттыруға күш салынды. Бұл нарықтардың маңызы өссе де, осы елдердің қарқынды даму кезеңінде инвестициялық ресурстарды мобилизациялаудың басты факторы болмады”.

Дамушы елдердің инвестициялық бағдарламаларын  қаржыландыруда мемлекеттік қаржылық институттар маңызды рөл ойнады. Мәселен, Оңтүстік Кореяның несие-қаржылық аясында мемлекеттік институттар  басым болды, себебі жеке банктік  несиелік институттар 80 жылдардың бірінші жартысында пайда болды және 90 жылдардың басында рудименттік күйде болды.

Мемлекеттік несие-қаржылық институттар Жапонияның өнеркәсіптік құрылымын модернизациялауда маңызды  орын алды, әсіресе алғашқы сатысында. 1955 жылы мемлекеттік қаржылық институттар займы арқылы жапон фирмаларындағы жаңа өнеркәсіптік жабдық сатып алуға 32%-ы қаржыландырылды, 1965 ж. – 16%, 1980 ж. – 17,6% және 1990 ж. – 8,1%.

Жапония өнеркәсібінің  дамуына үлкен әсер еткен үш мемлекеттік  қаржылық институт болды. Олар – Даму Банкі, Экспорттық-импорттық Банк және шағын бизнесті қаржыландыру жөніндегі Корпорация. 80 жылдардың басында жапон фирмаларына ұсынылған займдар үлесі: металл бұйымдарының өндірісінде – 15,7%, қара металлургияда – 12,4%, құрылыс материалдары өндірісінде – 12,9%, жалпы машина жасауда – 8,4%, түсті металлургияда – 7,7%, химия өнеркәсібінде – 6,3%, электротехникалық машина жасауда – 5,7%.

Мемлекеттік Даму Банкі берген займдар маңызды  функция атқарды. Жоғары дәрежеде осы  займ есебінде электроэнергетика, газ және сумен қамту қаржыландырылды (аталған сала компанияларының алған зайымдарының жартысынан көбі). Сонымен қоса мемлекет тұрғысынан басымды саналатын қызмет аясында жеке қаржылық ұйымдардың зайымдарының катализатор рөлін атқарды.

Даму банкінің займдары әдетте инвестициялық жоба құнының 30-50%-ын жауып отырды және 5 жылдан 15 жылға дейін, сонымен бірге жеке банк несиелерінен гөрі төмен пайызға берілді. Осындай займ алатын фирмаларға банкте соманың 10%-ын құратын депозит ашу керек болмады.

Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік ынталандырудың маңызды бағыты – пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу.

Американдық экономист  А. Амсден айтуынша, “Оңтүстік Кореялық 25 жылдық экономикалық дамуының көп  бөлігінде ұзақ мерзімді несие таңдаулы фирмаларға белгілі салалалдың дамуын ынталандыру мақсатында теріс нақты пайыздық мөлшерлеме бойынша үкіметпен бөлінді”.

Әлемдік Банк мамандары  аталған елдерде салықтық, тарифтік және валюталық саясат инвестор-фирмалардың  инвестициялық тәуекелділігінің бір бөлігін азайтты және қалыпта масштабта пайыздық мөлшерлемені түсіріп қоймай, капитал импортын бақылады және инвестициялық тауарларға төменгі баға ұстағанын айтады.

А. Амсден есептеуінше, “Оңтүстік Корея тәжірибесі экономикалық даму инвестициялау бағытында экономикалық белсенділікті ынталандырушы бағалық диспропорцияны мемлекеттің жасау қабілетіне тәуелді”. 1986 жылы Оңтүстік Кореяда мемлекет 110 тауарға, оған қоса газ, болат, дәрі-дәрмектер, автомобиль, қағаз, теледидар бағаларын бақылады. Осыған байланысты тек дифференциаланған өнім өндіруші фирмалардың баға бәсекелестігін жасау мүмкіндігі болды.

Тайваньда мемлекет жергілікті фирмаларды шығынды азайтуға ынталандыру үшін импорт алмастыратын өнім бағасын реттеді. 1960 ж. жергілікті импорт алмастырушы өнімді орташа әлемдік бағадан 25% жоғары сатуға рұқсат етілді, 1964 ж. – тек 15%, 1968 ж. – тек 10%, 1973 ж. - 5%.

Мемлекеттің баға пропорциясына әсер ету масштабы туралы Малайзия мысалын келтіруге  болады, 1987 ж. ішкі бағамен есептелген таза өнім құны әлемдік баға құнынан артық болды: қара металлургияда - 284%, пластмасса өндірісінде - 163%, ағаш өңдеу өнеркәсібінде - 82%, көлік-машина жасауда - 65%, целлюлозды-қағаз өнеркәсібінде - 29%, жалпы машина жасауда - 19%, электротехникалық машина жасауда - 12%.

АҚШ-та бағаны мемлекеттік реттеудің әртүрлі формаларына тоқталды. 1960жж. Дж. Кеннеди әкімшілігі металлургия фирмаларының өніміне бағаның өсуін тоқтату мақсатында қысым көрсетті. Р. Никсон әкімшілігі де 1970 жж. бірінші жартысында бағаны бақылауда кең қанат жайды (қысқа мерзімге). Ұзақ уақыт табиғи газ бірнеше жылдар мұнай өнімдері бағасына мемлекеттік бақылау жүргізілді.

1970 жж. екінші  жартысында Канада үкіметі 3 жыл  бағаны бақылады (жалақыны қоса). Сонымен қатар инвестициялық  үрдіс пен елдің экономикалық  өсуін ынталандыру мақсатында мемлекеттік реттеу тудыратын бағалық диспропорцияны қолдану мүмкіндігі оның әлем шаруашылығына ену көлеміне байланысты азаюда.

Инвестициялық үрдістің ынталандырушысы ретінде салық  жүйесі.

Өнеркәсіп дамуына  әсер етуші мемлекеттік салық саясатының 2 маңызды бағытын бөлуге болады. Біріншіден, салық арқылы халықтың жинағына, фирмалардың амортизациялық қоры мен бөлінбеген пайдасына әсер ету арқылы, яғни фирмалардың инвестициялық бағдарламаларының әлеуетті қаржыландырушы көздерінің көлеміне, мемлекет ұлттық табыстың жинақ арасында бөлінуі сияқты негізгі макроэкономикалық пропорцияға әсер етеді. Екіншіден, мақсатты бағытталған салықтық жеңілдіктерді, заңнаманы қолдана отырып, мемлекет фирма инвестициялары негізгі қорының актив және пассив бөлуіне, елдің өнеркәсібіндегі негізгі капиталды қайта құрылу жылдамдығына әсер етеді, мемлекет тұрғысынан басымды саналатын салаларға өнеркәсіптік фирмалар инвестицияларын ынталандырады.

1970 жж. энергетикалық  дағдарыстан кейін жалғасқан  өнеркәсіптің құрылымдық қайта құрылу кезеңінде көптеген елдерде салық саясатының мәселеріне көп көңіл бөлінді. Р. Рейганның экономикалық кансультанттар кеңесінің төрағасы М. Фелдстайнның айтуынша, “біздің экономикамыздың өмір сүруі салық жүйесіне байланысты”.

Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландырудың қосымша көздерін қалыптастыруда амортизациялық заңнама өзгерістері мен компания пайдасына салынатын салықтың төмендеуі маңызды рөл ойнады. АҚШ-та 1980 жж. салық реформалары барысында негізгі қорлардың қызмет ету уақыты қысқартылды, қызмет ету уақыты әртүрлі негізгі қорлар кластар азайды, нәтижесінде амортизация есептеуді жеңілдетті.

1986 ж. салық  реформасы негізгі қорлар құнын  амортизация уақыты бойынша келесі  кластарды бекітті: 3 жыл, 5 жыл (бұл  класқа жабдықтардың негізгі  бөліктері енеді) 7, 10, 15, 20, 27,5 және 31,5 жыл. Негізгі капитал құнын жедел есептеп шығару амортизациялық қордың өсуіне (1979 ж. – 341,5 млрд. долл-дан, 1985 ж. – 426,7 млрд. долл. өсті) және машина мен жабдыққа инвестицияның (259 млрд-тан 304 млрд. долл. сәйкесінше) өсуіне әкелді.

Көптеген жылдар инвестициялық үрдістің салықтық стимуляторларының  кең тараған түрлерінің бірі пайдаға  салынатын салыққа жеңілдік жасау, ол құрал-жабдық пен өндірістік құрылысқа  фирмалардың каптал салымының белгілі  пайыз мөлшерінде болады. АҚШ- та 1962 ж. мен 1986 ж. аралығында фирмалар жаңа жабдыққа пайда салығынан 10% шығынын шығарып тастауға құқылы болды. Сонымен бірге жеңілдік мөлшері құралдардың амортизациялық мерзімімен байланыстырылды.

Ұлғайтылған мөлшерде инвестициялық салықтық жеңілдік АҚШ-та және басқа да дамыған нарықтарда энергетикалық дағдарыс кезінде мұнай мен газ орнына қолданылатын энергия тасушы энергетикалық жабдықты, энергия жинақтаушы жабды, қоршаған ортаның ластануын азайтатын жабдықтарға фирмалардың капитал салымын қолдау үшін қолданылды. Аталған жабдықты инвестициялаушы фирмаларға капиталсалымының 20% пайдаға салықтан алып тастауға рұқсат етілді. Инвестициялық салықтық жеңілдік аймақтық саясат тетігі ретінде қолданылды. Мысалы, Канада да фирмаларға жаңа жабдық пен өндірістік құрылыс шығынының 7%-ын пайдаға салынатын салықтан шегеріп тастауға құқық берді. Табиғи-климаттық жағдайы күрделі аудандарды инвестициялаушы фирмаларға 20-50%-ға дейін сәйкесінше мөлшері ұлғайды, ал экономикалық даму темпі төмен аудандарды инвестициялаушыларға - 10%-ға дейін.

АҚШ-та фирмалардың  университеттермен қарым-қатынасын  нығайту үшін арнайы салықтық ынталандырушы  ретінде қолданылады. Американдық  фирмалар университеттердегі фундаментальді-ғылыми зерттеулерді қаржыландыру шығындарының 20%-ын пайдаға салынатын салықтан шығарып тастауға құқығы бар. Одан басқа университеттерге, коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымдарына қайтарымсыз берілген ғылыми аппаратура мен құрал-жабдықтардың құнын жиынтық табысқа салынатын салықтан алып тастауға фирмаларға рұқсат етіледі. Осы жеңілдіктер университет ғылымы мен өндірістік фирмалар арасындағы байланысты орнатып, университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының дамуына мүмкіндік берді [16].

3.2 2003-2015 жылдарда республикада индустриалды инновациялық даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары

 

 

2003

2004

2005

Өнеркәсіп, барлығы

630418

687775

838278

Оның ішінде:

     

Тау кен өндірісі

470972

459565

540152

Оның ішінде:

     

Энергетика  үшін материал өндіру

447816

432910

492973

Табиғи газ  бен мұнай өндіру;

Осы салада қызмет көрсету

439649

423617

475512

Урандық және торилық  руда өндіру

3702

4706

10093

металдық руда өндіру

19691

24042

40841

Тау кен өндірісінің  басқа салалары

3465

2613

6338

Өндеу өнеркәсібі

131012

200368

263078

Оның ішінде:

     

Тамақ өнімдері мен сусындарды өндіру

23004

26339

32721

Шылым өнімдерін  өндіру

6751

2221

1839

Тоқыма өнеркәсібі

994

7200

7360

Киім өнеркәсібі;

Теріні бояу мен өндеу

242

298

166

Тері өндіру, тері бұйымдарын өндіру және аяқкиім  өндіру

102

169

742

Ағашты өндеу  және ағаштан бұйымдар өндіру, жиһаздан басқа

575

552

766

Қағаз, картон және қағаз өнімдерін өндіру

1011

3050

5862

Баспа және полиграфия қызметі, жазылған ақпарат тасушылардың таратылымы

3427

4619

4404

Кокс, мұнай  өнімдері және ядролық материалдарды өндіру

11893

30797

41865

Химиялық өнеркәсіп

2563

3389

20607

Резенке және пластмастық  заттарды өндіру

2100

5500

13333

Басқа металдық емес минералды заттарды өндіру

10158

13368

15469

Металлургиялық  өнеркәсіп

46280

82022

100701

Дайын металдық заттарды өндіру

1874

2731

2735

Машина мен  жабдықтарды өндіру

7541

7105

5942

Су, газ  және электроэнергияны бөлу және өндіру

28434

27842

34048

Оның ішінде:

     

Электроэнергияны  бөлу және өндіру

22249

17926

27661

Газ тәрізді  отынды бөлу  және өндіру

838

1568

1792

Ыстық су және бумен  жабдықтау

3386

5979

3093

Суды бөлу, тазалау  және жинау

1961

2369

2502

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні