Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:39, курсовая работа

Описание

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66

ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Диплом Инвестиция.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

 

 

     Қазіргі кезде мемлекет тарапынан инвестицияны ынталандыру шараларында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін экономиканың шикізаттық емес секторында кешенді түрде қолдауға көңіл бөлінуде.

Инвестицияны  мемлекеттік қолдаудың бірыңғай жүйесі шеңберінде, мемлекеттік инвестициялық  қызметті жетілдіру мен тиімділігін  арттыратын, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуын, сыртқы және ішкі инвестицияларды елімізге тартуды ойластыратын даму институттары жұмыс істеуде.

Қазақстанның  Даму Банкі ұзақ мерзімді және орташа мерзімді төмен пайыздық несиелер беру, соның ішінде экспорттық, сондай-ақ басқа да несиелік институттар ұсынатын зайымдар мен несиелерге гарантиялық міндеттемелер алу сияқты, жеке сектор мен мемлекеттің инициативасын қаржылық қолдауды жүзеге асырады.

Қазақстанның  Даму Банкінің жұмыс істеу себебі, қаржылық жүйе едәуір дәрежеде тәуекелділік пен банк жүйесінде пайыздық мөлшерлемені төмендету қажеттілігінен экономикаға ұзақ мерзімді және төмен пайзды несиемен қамтамасыз ете алмайтындықтан болып отыр. Сондай-ақ ҚДБ өз қызметін кең түрде инфрақұрылым, әлеуметтік және аймақтық жобаларды орындауға шоғырландырады және де Банк ұсынатын инвестициялық жобаға несиенің минимальді көлемі 5 млн. АҚШ долларына барабар.

Қазақстанның  Инвестициялық Қорының (ҚИҚ) мақсаты  Қазақстандық болсын, шетелдік болсын кәсіпорынның жарғылық капиталына бөлшектік  және бақылаусыз қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес жеке секторының инициативасына қаржылық қолдау көрсету.

Жеке секторда қажетті қаражаттың жетіспеуі жағдайында, жобаны қаржыландыруды жеңілдету үшін ҚИҚ жарғылық капиталға қатысу арқылы (акция сатып алу) бірге қаржыландыра алады, бірақ та бақылау пакетіне ие болмайды.

Оның өзі  ҚИҚ-ң жаңа өндірістің тууына ықпал  етіп қоймай, соның ішіне жоғары технологиялы бағалы қағаздар нарығының  дамуына да мүмкіндік береді.

Инновациялық  қор нарықтық экономиканың венчурлық  қызметін ынталандыруға бағыталған, ал бұл керек десеңіз кейбір дамыған елдерде толық дәрежеде жоқ екен. Бұл қызмет әсіресе ақпараттық сектор, электроника, биотехнология және т.б. сияқты экономиканың жоғары технологиялы салаларын құру мен дамытуға керек. Қор қызметінің басты мақсаты инновациялық белсенділікті арттыру, Қазақстан Республикасының жоғары технологиялы және ғылымды көп керек ететін өндірісті дамыту.

Қордың негізгі  міндеттері:

- инновациялық  инфрақұрылым элементтерін жасауға  қатысу (технополистер және технопарктер, ақпараттық-талдау орталықтары т.б.);

- отандық және  дүниежүзілік деңгейдегі ірі  венчурлық инвесторлармен бірге  венчурлық қорлар құру;

- жоғары технологиялық  және ғылымды көп қажет ететін  өнімді өндіру, жаңа технологияны  дайындау мақсатында құрылатын  және қызмет етіп жүрген кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу;

- грант ұсыну  арқылы, экономикалық-технологиялық  дамуы және коммерциялық тиімділігі  тұрғысынан әлеуетті-перспективалы  саналатын, қызмет көрсету, тауарлар, жаңа технологиялар жасауға бағытталған  жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибе конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

Экспортты сақтандыру корпорациясының негізгі міндеттері саяси және реттеуші тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндірушілердің тауарларымен қызмет көрсетулерін экспорттауға тікелей ықпал ету.

Экспортты сақтандыру корпорациясы қазақстандық өнімдердің экспортының дамуы үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, потенциалды өткізу нарығы туралы ақпараттарды анықтайды  және таратады. Бұл қаржылық және әкімшілік  көзқарастар тұрғысынан экспорттық транзакцияны жеңілдету бағытында бүкіл дүние жүзі мойындаған құрал болып табылады.

Мемлекеттік органдар мен жоғарыда айтылған Қазақстандық дамыту институттарының өзара байланысының көрсеткіші деп инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру үшін инвесторларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын алуды айтуға болады. Тура инвестицияның қатысуымен инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыруға артықшылықтар беріледі.

Жалпы алғанда  тұрақты қызмет етуі орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестік принциптеріне негізделген даму институттары біртұтас жүйені құрайды.

Одан басқа, сервистік даму институттары маркетингтік және аналитикалық зерттеу Орталығы мен инжиниринг және трансферттік технология Орталығы құрылып, олар мемлекет жүргізетін индустриалды-инновациялық саясатты экспертті-аналитикалық және техникалық қолдауды іске асыруы тиіс.

Маркетингтік-аналитикалық зерттеу Орталығының міндеті  – бәсекеге қабілетті салалар  мен жаңа өндіріріс үшін нарық  пен орындарды анықтау.

Инжиниринг  және трансферттік технология Орталығының негізгі міндеті – технологияны трансферттеу жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялық дамудың инфрақұрылымын жасау.

Қазақстан ТМД  елдері арасында бірінші болып экономикалық дамуды басқарудың принципті жаңа жүйесі – Ұлттық Инновациялық Жүйені (ҰИЖ) құра бастады.

ҰИЖ негізгі  төрт элементтен тұрады. Бұл ғылыми потенциал, инновациялық кәсіпорын, қаржылық және инновациялық инфрақұрылым.

Бұл жүйеде технопарктер маңызды орындардың бірін иемденеді, өйткені олар тиімді ортаны жасауға бағытталған, яғни, ірі кәсіпорын болсын немесе жекеленген ғалым болсын қазіргі заманғы ғылыми талдауларды жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болады. Бұл – салықтық преференциялар, өндірістік және офистік алаңдарды жеңілдікпен арендалау, алдыңғы қатарлы зертханалық қондырғылар, маркетинг бойынша кәсіби кеңестер алу, патент алу, т.б.

Қазақстандағы технопарктер жүйесін дамыту Концепциясына  сәйкес олар екі деңгейде қалыптастырылмақ: ұлттық және аймақтық деңгейдегі парктер.

Қазіргі кезде  үш арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар, олар салықтық және кедендік преференциялды режимінде қызмет етеді. Мәселен  каспий аймағында орналасқан “Ақтау теңіз порты” АЭА шеңберінде теңізбен тасымал базасы, теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс объектілері мен өндірісін жасау жобасын жүзеге асыруда. “Астана – жаңа қала” АЭА шеңберінде Астананың сол жақ жағалауында тұрғын және өндірістік объектілер құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Алматы түбіндегі Алатау ауылында ұлттық деңгейдегі парк – ақпараттық технология Паркі жұмыс істей бастады.

Үш аймақтық технопарктер: Оралда “Алгоритм”, Қарағанды  және Алматыдағы аймақтық технопарктер қалыптаса бастады.

Шетелдік инвесторлар  мен даму институтының қатысуымен жаңа жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Дамыған шетелдер мен көрші Ресей аймақтарындағы алдыңғы қатарлы өндірістік компаниялармен келісімдер жүргізілуде.

Кәсіпорындарды  ынталандыру бағытында салықтық заңнамаларға өзгерістер мен қосымшалар жасау ойластырылуда.

Инвестициялық климаттың тартымдылығын арттыру  үшін инвестициялық жобаны іске қосқан күннен бастап он жылға дейінгі мерзімде корпоративтік салықтан босату нормасы  енгізілуде.

Тозған негізгі  қорларды жаңартуға ынталандыру  үшін амортизациялық есептеулердің жаңа әдістеріне көшу жоспарлануда.

Бұл әдіс белгілі  уақыт өткеннен кейін белгіленген  активтердің құнын толықтай есептеп  шығаруға мүмкіндік береді және негізгі  қордың белсенді бөлігінің амортизациясының максималь мерзімі 4 пен 15 жыл аралығы  болмақ. Жаңа амортизациялық саясат негізгі капиталды жаңартудың басты ынталандырушы факторы болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмысты  зерттеу барысында келесідедей  қорытынды шығаруға болады:

  1. Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда

(табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

  1. Теориялық көзқарастан инвестиция екі топқа бөлінеді:
  • тікелей (тура)
  • портфельді.

3. Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:

     - минералдық ресурстарға бай жер  қойнауларын барлау мен ашу  мүмкіндігін;

     - өнімді экспорттаудан ақшалай  түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;

     - амортизацияның жоғары қарқыны;

     - осы сферадағы ынтымақтастықтың  екі жақты тиімділігі;

     - республика заңнамаларында инвесторлар  үшін қолайлы жағдайдың болуы.

Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.

4. Инвестицияның  басым бөлігі тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, электроэнергия және су өндіру және бөлу, құрылысқа салынып отыр. Инвестициялық климатты жақсартуда республиканың банктік жүйесіннің рейтингін жоғарылату оң жағдай тудырды. Қазақстанның бәсеке қабілеті жоғары және банктік тәуекелі аз ірі банктері ат салысуда. Олар: “Казкоммерцбанк”, “ТұранӘлемБанкі”, “БанкЦентрКредит” және т.б.

Қазақстан экономикасының нақты секторын мемлекеттік қолдау болашақта мемлекеттік инвестициялық  ресурстардың ұтымды бөлінуіне байланысты тұрақты кеңиді.

Қазіргі кезде  инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу барысында келесі негізгі қиыншылықтар байқалады:

- елдегі еркін  экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;

- тұрақтық құбылмалы  және тиянақсыз заңдар, заңдық  базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;

- экологиялық  норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы;

- транспорттық  инфрақұрылымның дамымағандығы,  Қазақстан мен  сыртқы әлем  арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі;

- Қазақстаннан  сыртқы нарыққа құрлықпен тауар  тасымалы үшін жер үсті тасымалы  жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі.

Осы  қиыншылықтарды шешу жолдары болып келесілерді  келтіруге болады:

  1. Елдегі еркін экономикалық аймақтар санын ұлғайтып,

инвесторларды қолдауды одан әрі жалғастыру;

  1. Заңдық базаны тұрақтандыру, олардың орындалуын бақылау;
  2. Мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе салық инспекторлары, құқық

қорғау органдары  қызметкерлерінің өз ісіне тиянақты, адал болуын қадағалау. Жоғары квалификациялы және компетентті мамандар дайындау.

  1. Инфрақұрылымды шетел фирмалары қажеттіліктеріне

сәйкестендіру. Оларға тек қаржы көзі деп қарамай, басшыларының тәжірибесін, менеджерге тән біліктілігін отандық инвесторларының  үйренуін алға қою қажет;

  1. Ақпараттық-таныстыру шараларын өткізумен қатар, ірі

инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыратын трансұлттық компанияларымен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет;

  1. Қаржылардың әділетті бөлінуі мен тағайындалу нүктесіне тұтастай

жетуін мұқият қадағалау.

Тізімделген шаралар  уақытында, толығымен орындалуы  экономикамыздың қарқынды дамуына  әкелетіні анық және оған толық мүмкіндік бар. Еліміз жер асты, жер үсті байлығына өте бай. Шикізаттық сектормен қатар экономикамыздың ақсап тұрған салаларын дамыту арқылы қуатты серпіндер болатынына толық негіз бар.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

 

  1. “Инвестициялар туралы” Қазақстан Респуликасы Заңы 2003 ж. 8 қаңтар.
  2. Шетел инвестициярлары туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1994 жылы 27 желтоқсан № 226.
  3. Мыльник Д.Г. Инновационный менеджмент - М.:2001
  4. Қазақстан Респуликасы Конституциясы. Алматы, 1998 ж.
  5. Қазақстан Респуликасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 1995 ж.
  6. “Қазақстан-2030” Стратегиясы. Алматы, 1997 ж.
  7. Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы. Қазақстан Респуликасы Заңы 1997 жылы 28 ақпан.
  8. Экономиканың басым салаларында инвестициялық іс-әрекетін жүзеге асырушы инвесторлармен елісімшартқа отыру барысында жеңілдіктер мен преференциялар беру процедураларын жеңілдеті туралы. Қазақстан Респуликасы Инвестиция жөніндегі Агенттігі төрағасының бұйрығы. 2000 ж. 14 сәуір.
  9. Индустрия және сауда министрлігінің, инвестиция жөніндегі комитетінің статистикалық және аналитикалық мәліметтері.
  10. Инвестицияны тиімді бағалау. / Саясат.-2003 -№ 10.
  11. Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация. // МЭ и МО-2003-№2 б.42-47.
  12. Сараев А. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері // Ақиқат.-2000-№4-72-75 б.
  13. Доронина А.Г. Регулирование иностранных инвестиций. //    проблемы международного частного права. – М:2000
  14. Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы // Қазақстан жоғары мектебі – 2003-№1 б. 161-166.
  15. Инвестиционная активность как главный индикатор // Евразийское сообщество -2004-№1-б 1033-108.
  16. Караваев В. Шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу // Проблема теории и практики управления.-2002-№2
  17. Инвесторлар мүддесі мен мемлекет мүддесінің оңтайлы арақатынасы // Егемен Қазақстан.-2000 ж. 9 желтоқсан.
  18. Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента - Алматы: Ғылым, 1999-264 б.
  19. Каренов Р.С. Производственный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1996-232 б.
  20. Каренов Р.С. Инновационный менеджмент – Алматы: Ғылым, 1997-184 б.  
  21. Каренов Р.С. Государственное регулирование экономики – Алматы: Ғылым, 1998 ж.
  22. Золотогоров В.Т. Инвестирование проектов. Оқу құралы, 1999-289 б.
  23. Мертенс А.В. Инвестиции. Дәрістер курсы, 1997. М – 184 б.
  24. Муниципальный менеджмент. ЖОО оқу құралы / Т.Г. Морозова, М.П. Победина, Г.Б. Поляк және Профессор Т.Г. Морозова басшылығымен – М:Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997-263 б.
  25. Аврамов А.Е Основы анализа финансовой, хозяйственной и инвестиционной деятельности предприятия, М: АКДИ «Экономика и жизнь», 1994-194 б.
  26. Беренс В., Ховранек П. Руководство по оценке эффективности инвестиций. М: АОЗТ «Интерэксперт»- инфра-М. 1995.
  27. Газеев М.Х., Смирнов А.П., Хрычев А.Н. Показатели  эффективности инвестиций в условиях рынка. М: ВНИИОЖНГ, 1993-248 б.
  28. Оспанов М.Т., Мухамбетов Г.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы, теории, практики привлечения и использования. – Алматы: 1997-293 б.
  29. Инвестиционные возможности Казахстана Dostar Capital Markets, 1997
  30. К.Янковский, И. Мухарь Организация инвестиционной деятельности – Санкт-Петербург: Москва-Харьков-Минск, 2001-448 б.

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні