Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:39, курсовая работа

Описание

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66

ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Диплом Инвестиция.doc

— 549.00 Кб (Скачать документ)

Әрбір дамушы елдің  экономикалық дамуының  болмысы  сыртқы қаржыландырудың  көзі ретінде  ТШИ басымдылығымен  анықталады.

ТШИ тартудың мүмкін жағымсыз жақтарын обьективтік бағалаудың маңыздылығы – бұл үрдістің барлық мүлігін толығымен пайдалануға мүмкін болады. ТШИ тартудың жетілдіру үрдісінің практикалық және теориялық мәселелерінің кейбіріне  тоқталайық.

Кейбір экономистердің пікірінше, жақын арада шетел инвесторларының дивиденд республика экспортының маңызды бөлігін құрайды, яғни сыртқа шығарылатын өнім көлемінің номиналды өсімі экспорттық валюталық табысты теңбе-тең өсімімен ере жүрмейді, ол төлем балансының ағымдық шотында теріс әсер етеді.

Өлшеулі ағымның  себебін талдай келе бірінші кезекте  инвесторлардың түсініктемелеріне  қарау керек.

Отандық және шетелдік мамандардың бағасы бойынша инвесторларды  бәрінен бұрын мына факторлар  тоқтатады:

- елдегі еркін  экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;

- тұрақтық құбылмалы  және тиянақсыз заңдар, заңдық  базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;

- экологиялық  норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі  мәселесінде саясаттың жоқтығы;

- транспорттық  инфрақұрылымның дамымағандығы,  Қазақстан мен  сыртқы әлем  арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі;

- Қазақстаннан  сыртқы нарыққа құрлықпен тауар  тасымалы үшін жер үсті тасымалы  жүйесінің (мұнай құбыры мен  газ қүбырын қоса алғанда) барабар  еместігі.

Осы қорытындыларды растайтын басқа да зерттеу нәтижелерін  келтірейік.

Шетел инвестициялары бойынша Кеңестік қызметтің тексеру  мәліметіне сәйкес кейбір инвесторларда  ел туралы жағымсыз түсінік қалыптасқан. Осы зерттеулер бойынша теріс  факторлар келтіріледі:

1. Инвестициялық   жобаларды іріктеудің жетілмеген, тәртіпсіз, шиеленіскен жүйесі әлеуетті инвесторларды болашақта инвестиция салудан бас тартуға мәжбүр етеді.

2. Шетел инвесторларына  ықыластың кәсіпкерге емес, қаржылық  құралдардың, салықтық түсімдердің   көзіне деген қарым-қатынас.

3. Шиеленіскендік, қайшылық, заңды аумалы-төкпелі қолдану және толығымен елемеу.

4. Заңды сақтау  мен келісімшарттық қарым-қатынасты  қамтамасыз ететін сенімді механизмдерінің  жоқтығы.

5. Инфрақұрылымның  шетел фирмаларының қажеттілігіне  сәйкес келмеуі.

6. Корпорациялар  үшін тұрақсыз, әрдайым өзгеретін салық режимі.

Салық және инвестициялар  бойынша Халықаралық орталықтың батыстың ірі инвесторлары арасында жүргізген әлеуметтік сұрау нәтижелері газет бетіне жарияланып, Қазақстанның іскерлік қызығушылық білдіретін келесі бес себебін анықтады:

- ірі нарықтық әлеует;

- табиғи ресурстардың  молдығы;

- стратегиялық іскерлік орналасуы;

- аймақтағы  басқа бәсекелестердің алдына  шығу тілегі;

- инвестициядан  түсетін әлеуетті пайда көлемі.

Сұраудың нәтижесі бойынша неғұрлым тартымдылау болып  төмендегілер табылады:

- мұнай мен  газ қоры;

- өндіріс;

- қызмет саласы (бухгалтерлік есеп және заңды  қызметті қоса);

- тұтынушылық  кооперация.

Сонымен қатар, шетел инвесторларын іскерлік мәселені шешудің бюрократиялық әдісі, қаржылық тәуекелділік, тарифтік барьерлер, шаруашылық қатынастарға қатысты заңдық актінің жиі өзгерісі мен әлсіз инфрақұрылым тежейді, кей кезде үркітеді.

ТШИ теориялық  пайдасының практикаға сәйкес келмеуі  және бұрмалануы келесі мысалдан көрінеді, инвестор жергілікті жұмыс күшін  қолданбайды, өз елінен импорттайды. Мысалы, қонақ үй және туристік кешендердің құрылысын инвестициялаушы жақ жұмыс күшін  өз елінен әкеледі. Елге жаңа технологиялар аз тартылады. Тіпті акцияның бақылау пакеті мен кәсіпорынды сатып алуда инвесторлар өндірістік аппаратты жаңартуға асықпайды. Көне жабдықтан бәрін күтеді және сығып алады. “Ноу-хау” – технология деңгейінде салмақты капитал салымының жоқтығы инвестицияның қысқа мерзімді екенін, инвесторлар мүддесінің уақытша екенін білдіреді [12].

Нәтижесінде қазіргі  уақытта бірде бір біріккен немесе шетел кәсіпорындары мұнай өндірудің максимальді коэффициенті мен өндірілген өнімнің толық қолданылуын қамтамасыз ететін кен орындарын толық зерттеу, технологиялық сұлба өңдеу жұмыстарын орындамайды.

Жер қойнауы  байлығын қолдану барысында біріккен кәсіпорын құру барысында қазақстан қатысушылары БК қызметін қиындататын, кей кезде құлдырауына әкелетін әртүрлі қателіктер жіберілді және жіберілуде. Іс жүзінде тіркеу мәселелерінің келісімшарттық мәселелерімен араласып кеткені байқалады. Нәтижесінде, көптеген жарғылық құжаттардың көбінде салық салу мәселелері және құрылтайшылар компитенциясына енбейтін экономикалық көрсеткіштер бар.

Сөйтіп, ТШИ  тартуда көңіл көншітерлік жағдай, кейде статистикаға қарамастан әлі  де мардымсыз.

Екінші жағынан, бұл жағдайды түзетуде ешқандай шаралар қолға алынбауда деп айтуға болмайды.

Шетел инвестицияларын  тартуда ең басты бағыт ақырғы өңдеу салалары. Қазіргі таңда  Қазақстанда рудалардың, минералды  шикізаттың, жанармай – энергетикалық  ресурстары сирек кездесетін асыл металдың қоры, пайдалы қазбаны өңдіру мен алғашқы өңдеудің қуатты индустриясы бола тұрып, машина жасау  базасы, жоғары тауарлық дайын өнім өндіру өндірісі жоқ. Республикада білім сыйымдылықты техникалық күрделі өнім өндіретін сала жоқ, халық тұтынатын тауар индустриясы әлсіз дамыған, химия өнеркәсібінің ауылшаруашылық өнімін өңдеу әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды. Өнеркәсіптің алдыңғы салаларында – қара және түсті металлургия, химия кешенінде энергияны көп қажет ететін, экологиялық лас технологияларды, моральды және физикалық тозған жабдықтарды қолдану үлесі жоғары [13].

Осы мәселелерді  шешу үшін және экономикалық дамуға жету үшін, сонымен бірге экономиканы  шикізаттық бағыттан ауытқу үшін ҚР–ң 2003-2015 жылдардағы индустриалды–инновациялық  даму Стратегиясы жасалды. Индустриалды–инновациялық дамуға қатысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты мемлекеттің қолдауынсыз жеке сектордың әлі жетпейтін салаларға инвестиция тарту мен қолданудың сәйкес механизмдері мен қаржыландыру көзін анықтау Стратегияда көрсетілген.

Мемлекеттік инвестициялық  саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірісті  дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге асыру және жеке инвестицияларды  ынталандыру шараларының кешенін  қарастырады.

Перспективті  жобаларды табу бойынша потенциалды  инвесторларға  да, кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды дайындауға көмек көрсететін аймақтарда тікелей ақпараттық-консультативтік орталықтарды құру үшін жұмыстар жүргізіледі.

Ақпараттық-презентациялық шараларды өткізуден басқа, инвесторлармен, әсіресе, индустриалды-инновациялық дамудың ірі инвестициялық жобаларын бірігіп іске асыратын трансұлттық компаниялармен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет.

Инвестициялық қарекет үшін жағымды  ортаның қалыптасуына әсер етуші  болып ең алдымен, экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторды қолдау, инфрақұрылым мен банк жүйесінің дамығандығы, сонымен қатар шетел инвесторларына қатысты заңнаманың нақтылығы мен тұрақтылығы табылады.

Біріккен кәсіпорын  құруда жаңа әдістер, олардың қызметінде радикалды өзгерістер қажет. Біздің ойымызша ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекеқабілетті дайын өнім өндіруші біріккен кәсіпорындарға белгілі дәрежеде мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс.

Тіпті ең дамыған  елдерде де біріккен кәсіпорындарға қолдау көрсету сыртқы экономикалық саясатта лайықты орынға ие. БК-ға тегін немесе мардымсыз арендалық ақыға бос жерлер мен ғимараттар беріледі. Энергия, су және жылу тарифтерін төмендету.

Осындай протекционистік  саясатты барлық деңгейдегі әкімшілік  басшыларының ұстанғаны дұрыс. Бұл  жаңа жұмыс орнының пайда болуына, бюджетке түсімдердің ұлғаюына әкеледі.

 Батыс прессаларының  хабарламаларының негізінде қалыптасқан пікірге байланысты, қазақстанда шынымен жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету үшін әлі де жұмыстану қажет екеніне қарамастан, тікелей шетел инвестицияларытартымды болып табылады.

Мәселелердің  айтарлықтай кең шеңбері бар, алайда неғұрлым маңыздылары мүмкіндігінше  жедел шешімін табу қажет. Абсолютті  приоритетті міндет- салық заңнамасын тәртіпке келтіру. Инвестицияны қай  жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде инвесторларды салықтық жеңілдіктер қызықтырмайды, ашық және ақылға сыятын салықтық  жүйе қажет [14].

Қорытындылай  келгенде, басты мәселелердің бірі  кеден органдарының жұмыстарын ретке  келтіру болып табылады, өйткені  инвесторлардың айтуынша бұнда сыбайластық пен немқұрайдылық қалыптасқан.

Сонымен, тура инвестициялардың көп  бөлігі өндірістік салада шоғырланғанына қарамастан, олардың салалық құрылымы отын-энергетикалдық кешенінің гипертрофиялық жағына бағытталғаны байқалады.

Осы құрылымдық бұрмалаушылықтың өзгермеуінің басты себептерінің бірі-қазақстандық экономиканың даму приоритетін анықтаушы және шетел инвесторларын тартуда сараптаушы әдісті жүзеге асырушы экономикалық саясаттың нақты шараларының жоқтығы.

           3   БАСЫМДЫ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 ҚР инвестициялық  іс-әрекетін шетел тәжірибесі  негізінде    жетілдіру

Шетел капиталының  ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі.

Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл  алады, өйткені олардың негізгі  бөлігі қолда бар қуаттарды қайта  қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы [15].

Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел  инвестицияларын тартудың әлемдік  тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті, маңыздылары келесілер табылады:

     - саяси тұрақтылық;

     - елде жүргізілетін экономикалық  реформалардың нарықтық объективтілігі;

     - қолайлы инвестициялық климат;

     - басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі;

     - құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы;

     - жарамды, қолайлы өндірістік және  нарықтық инфрақұрылым;

     - табиғи ресурстардың баршылығы  мен құны;

     - валютаның еркін конверттелуі  мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.

Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар:

- қызмет етуші  шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру (жеке жағдайда өнім бөлу механизмін шыңдау және нақты жұмыс істеуші еркін экономикалық аймақтар құру);

- жергілікті  билік пен шаруашылық субъектілер  арасында меншікті нақты айқын бөлу;

- тұрақты экономикалық  және сыртқы сауда заңнамасын  құру, концессия және өнімді бөлу  бойынша нормативті базаны қоса  алғанда;

-  салық ауыртпалығын  төмендету мен салық құрылымын  оңайлату;

- жерге жекеменшік  енгізу;

- шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру;

Инвестициялау процесінің негізін салымның басымды  бағытын анықтау мен сәйкес қаржыландыру көзін табу құрайды.

Приоритетті бағытты  және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ұстаған жөн:

- бұрын құрылған  материалды-техникалық базаны, өндірістік қуатты және жабдықты тиім қолдану мүмкіндігі;

- қызмет етуші  жұмыс орындарымен толықтыру  және жаңа орындар құру;

- экспортты-жарамды  өнім үлесін ұлғайту;

- инвестиция  қайтарымдылығы және ең алдымен,  жоғары қор қайтарымдылық есебінен капитал салымының мерзімін қысқарту;

- әртүрлі көздерден  инвестиция тарту мүмкіндігі.

Бюджеттен тыс  инвестициялар үшін мемлекеттік  приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер  жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын  басуы керек. Аталған мәселе бойынша  макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады: мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатырғанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде.

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні