Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:25, курсовая работа
Біздің елімізде соңғы кезде экономиканың құлдырауының салдарынан, көптеген автокөліктік кәсіпорындар ойсырап қалды, өйткені мемлекет оларды қаржыландыра алмады.
Бірақ жеке кәсіпкерлік фирмалар пайда бола бастады, олардың өз автокөліктері болғанымен, материалдық базалары болмады, сондықтан өз жылжымалы құрамдарын сақтайтын және қызмет ететін жер болмады.
Кіріспе.....................................................................................................................
1 Жалпы бөлім....................................................................................................
Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі..................................
Жайрем кен байыту кеңішіндегі АКК міндеті және оның жұмыс
режимі............................................................................................................
Жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері.......................................
Техникалық қызметтің құрылымы...............................................................
Жылжымалы құрамды жөндеу және ТҚК технологиялық процесінің
кестесі.............................................................................................................
Карьерлік автомобильдің техникалық сипаттамасы..............................
Тасымалданатын жүктің сипаттамасы және тиеу-түсіру жолдары мен
механизімдері..........................................................................................
2 Технологиялық бөлім...................................................................................
2.1 Берілген мәліметтер...................................................................................
2.2 Өндірістік бағдарламаның техникалық қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстары бойынша есебі......................................................................
2.2.1 Жүйе нормативтерін таңдау және түзету............................................... 2.2.2 ТҚК және жөндеудің бір автомобильге арналған циклдың санын
есептеу.......................................................................................................
2.2.3 Бір автомобильге және барлық цехтің жылдық ТҚК және жөндеу
санын анықтау............................................................................................
2.2.4 ТҚК және жөндеудің тәуліктік бағдарламасын анықтау........................
2.3 Жылдық жұмыс көлемі есебі және өндірістік жұмыскер қатары............
2.3.1 Еңбек сыйымдылығының нормативтік таңдауы және мінездемесі.........
2.3.2 ТҚК және Ж жылдық көлемі....................................................................
2.3.3 Кәсіпорынның өздік қызмет көрсетуі бойынша жылдық жұмыс
көлемі........................................................................................................
2.3.4 ТҚК мен жөндеудің әкімшілік аумақтарға орналасу жүйесі..................
2.3.5 АКК – ның өзіне – өзі қызмет көрсету жүйесінің орналасуы.................
2.3.6 Өндірістік жұмысшылардың саны есептеу.................................................
3 Ұйымдастыру бөлімі......................................................................................
3.1 ТҚК №2 аймағының технологиялық процесс сұлбасы..............................
3.2 ТҚК №2 аймағындағы жұмысшылар санының есебі..................................
3.3 Технологиялық жабдықтар мен құрал-сайманды іріктеу...........................
3.4 ТҚК №2 аймағының ауданының есебі және геометриялық шамаларды
нормалау..........................................................................................................
3.5 Технологиялық процесті басқару сұлбасы..................................................
3.6 ЕFҰ бойынша шаралар..................................................................................
4. Карьер автомобиль көлігінде еңбек қауіпсіздігі..................................
4.1 Карьер автомобиль көлігінде апаттар мен сәтсіз оқиғалардың
себептері……………………………………………………………………
4.2 Автомобиль жолдарына қойылатын талаптар............................................
4.3 Карьер автомобиль көлігінде негізгі қауіпсіздік талаптары......................
5 Конструкторлық бөлім...................................................................................
5.1 Құрал-сайманның тағайындалуы және қолдану аймағы............................
5.2 Құрал-сайманның құрылымы және әрекет ету қағидаты...........................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................
1.1.3 Техникалық қызметтің құрылымы
АКК мен ОБ директоры түгел кәсіпорынды басқарады. Түгелдей және техникалық қызмет мынадан тұрады: бас инженер,бас механик, жеңіл цех бастығы.
Қызмет көрсету жүйесінің және жылжымалы құраманы жөндеу жұмысы әдетте, өзара байланысқан бірнеше жүйелерден тұрады. Негізгі құрылымдар 3 өндірістік жүйеге жіктеледі: негізгі, қосалқы және қызмет көрсетуші. Негізгі өндіріс БҚК, ТҚК-1,ТҚК-2 жұмыстары және АЖ қосалқы-өндірістік бөлімшелер(цехтар), механикалық, жылу, сырлау, обойлық, электротехникалық және басқа да жұмыстарды орындайтыннан тұрады, қызмер көрсетуші өндіріс қоймалардан, БМБ шеберханаларынан, көліктік топтардан және басқалардан тұрады.
Сурет 4 – АКК-дағы жылжымалы құрамаға қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің ұйымдастыру құрылымы
Бас механик бөлімі технологиялық жабдықтардың, ғимараттардың, энергия - күштік және санитарлық-техникалық шаруашылықты техникалық дұрыс күйде сақталуын қамтамасыз етеді, өндірістік жабдықты, құрал-сайманды құрастыру, қызмет көрсету мен жөндеуді, оларды дұрыс қолдануды, сондай-ақ стандарттық емес жабдықтарды жасауды қамтамасыз етеді.
Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі АКК-ны материалдык- техникалық жабдықтармен үздіксіз қамтамасыз етеді (қосымша бөлшектер, агрегаттар, майлайтын материалдар және басқалар), материалдық-техникалык жабдықтау женінде тапсырыстарды жасайды және қойма шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Техникалық бақылау бөлімі жұмыстың сапасын тексеруді, барлық өндірістік бөлімдердің орындаушылығын, жылжымалы құрамның таңдамалы және мезгілдік техникалық күйін тексеруді іске асырады, жылжымалы құраманың жолға шығар алдындағы және соңындағы кемшіліктердің туындау себептеріне талдау жасайды.Қосалқы жүйелер мен бөлімдер арасында көпжақты ішкі және сыртқы байланыстар бар.
1.1.4 Жылжымалы құрамды жөндеу және ТҚК технологиялық процесінің кестесі
Кәсіпорында жылжымалы құрамды жөндеу және ТҚК жоспарлы (1.2 сурет) – ескертулі жүйесі қабылданған.
Бұл жүйенің маңызы – техникалық қызмет көрсетуді жоспар бойынша, ал жөндеуді талап ету бойынша іске асыру.
Кәсіпорында автомобильге техникалық қызмет көрсету – ТҚК жоспар графигі бойынша орындалады. ТҚК жоспарлы жүргізгенде автомобиль линиядан қайтып оралады, оралғаннан кейін жуу - тазалау жұмыстары өтеді және сақтау аймағындағы өз орнын алады. Келесі күні автомобиль ТҚК аймағына кіреді, бұл күні автомобильге жолдама қағазы жазылмайды. Егер де ТҚК процессін жүргізгенде тетіктің әлде агрегаттық табылған ақау ағындық жөндеуді талап етсе, онда бұл тетік немесе агрегат автомобильдік шешімді және тиісті телімдерге бағытталады, әлде ТҚК орындалып біткен соң автомобиль өз жүрісімен телімге жіберіледі.
Көлемі және жүк көтерімділігі әсерлі карьерлік самосвалы Еуропада да шығарылады. Осы кластың бір түрі немістерден шығады. Бұл Австралия, Оңтүстік Африка және Канададаның тау-кен байыту комбинаттарының тапсырысы бойынша шығарылған Liebherr T282B карьерлік самосвалы.
Оның жүк көтерімділігі 336 тонна, автомобильдің өз салмағы 222 тонна. Жиырма цилиндрлі қозғағышының қуаты 3650 л. с., салмағы 10 тонна, самосвалға 64 км/сағ. жылдамдықта жүруге мүмкіндік береді. Осы жылжып келе жатқан үйдің жанармай багының көлемі 4 мың 730 литрді құрайды. Бұл алып шанағын (кузовын) көтерген кезде, ол жерден алты қабат үйдің биіктігіндей көтеріледі. Машина кабинасында екінші (жүргінші) креслосы және дәстүрлі приборлар панелінің орнында дисплей бар, онда көптеген ақпарат көрсетіледі (қозғағыштың жұмысы, машинаның жүк тиеуі, бүлінгені туралы және тағы басқалары) және «классикалық» приборлардың өзі, мысалы, тілді және дөңгелек шкалалы аналогты спидометр бейнесі бар. Кабинаға кіру үшін қаншама баспалдақтан өту керектігін ескере отырып, инженерлер тағы да бір пайдалы нәрсе – қозғағышты және машинадағы токты
Сурет 5 - Карьерлік автосамосвал
өшіретін, жерге төмен жерде орналасқан кнопка ойлап тапқан. Опционалды жоғары қуатты тұманға қарсы фаралар, кондиционер және CD-плеер ұсынылған. Liebherr-America, Inc., Liebherr компаниялары тобына кіреді (барлығы 60 фирмадай), қазіргі сұраныс деңгейіне сай дизель электрлі карьерлі самосвалдар шығарады және тау–кен өндірістерінің кәсіпорындарына арнап дизель электрлі карьерлі самосвалдар шығарады. Модельдік қатарға T 252, T 262, T 282 машиналары кіреді.
Модельге және модификацияға байланысты олар DDC/MTU немесе Cummins қозғағыштарымен қамтамасыз етілген. Liebherr карьерлік самосвалдарының электр бөлімі Siemens және GeneralElectric компанияларымен бірігіп құралған.
Liebherr-CanadaLtd (Канада) шыққан карьерлік самосвал тау жыныстарын және басқа тиейтін топырақтарды тасымалдауға арналған. Ашық түрде алынатын пайдалы қазбаларды өндіруде және гидротехникалық құрылыстарын салуда пайдаланылады.
Кесте 2 - Liebherr Т 252 автосамосвалының техникалық мінездемесі
Мінездемесі |
|
Габариттік өлшемдері,мм |
13300x7100x6400 |
Доңғалақ базасы |
5800 |
Жалғасы келесі бетте |
|
Жалғасы |
|
Алдыңғы және артқы дөңгелектер соқпақтары, |
5900/4800 |
Габаритті бұрылыс радиусы,мм |
15.7 |
Асынған массасы, кг |
129275 |
Жүккөтергіштігі, кг |
195025 |
Асынған массаны осьтер бойынша үлестіру,кг |
53435/75840 |
Толық массаны осьтер бойынша үлестіру, кг |
107050/ 217250 |
Шанақтың төгілген және геометриялық сыйымдылығы, м3 |
76,5/ 107,8 |
Жүктеудегі биіктігі, мм |
5600 |
Көтерілген кездегі шанақтың биіктігі, мм |
12200 |
Жүгі бар шанақтың көтерілу уақыты, с |
24 |
Шанақтың ықтиярсыз және еркін, с |
12/ 15 |
Көтеру бұрышы, град. |
50 |
Шиналар |
37R57/ 40R57 |
Қозғалтқыш |
Cummins QSK45, Cummins K1800E турбодизель V-12, Cummins K2000E турбодизель V-16 немесе DDC/ MTU 12V4000 турбодизель V-12 |
Қозғалқыштың жұмыс көлемі, см3 |
45000; 40000 |
Қуаты, а.к. |
1725...2025 |
Маховиктегі қуаты, а.к. |
1800...2000 |
Трансмиссия |
электромеханикалық |
Тартқыш генератор |
GE 788 Statex III |
Тартқыш электроқозғалтқыш |
GE GTA-22 |
Ретардердің қуаты, кВт |
2376 |
Жанармай багының сыйымдылығы, л |
2460 |
Жылдамдығы, км/сағ |
0,8...51 |
1.3 Тасымалданатын жүктің сипаттамасы және тиеу-түсіру жолдары мен механизімдері
Түсті металдар. Түсті металдарға темірден басқа барлық металдарды жатқызады: мыс, мырыш, қалайы, никель, алюминий, сынап және т.б. Түсті металдарды қаптамасыз формалары және өлшемдері әр түрлі құйма, кесек, қарындаштар түрінде тасымалдайды.
Түсті металдарды тасымалдау және сақтау көп жағдайларда дайын пакеттер арқылы жүзеге асырылады. Түсті металдарды сонымен қатар сым (мыс, алюминий, т.б.), құбыр (қорғасын, алюминий, т.б.), қабат (мыс, қорғасын, т.б.) түрлерінде тасымалдаса, ал жоғары сапалы түсті металдардың кейбір түрін жәшіктерде немесе барабандарда (кобальт, никель, т.б.) тасымалдайды. Түсті металдарды тасымалдағанда және сақтағанда олар сыртқы ортамен әрекеттеседі. Қорғасын ылғалды ауада жіңішке оксидті қабыршақпен жамылады, ол оны одан әрі тотығудан сақтайды; мырыш нормаль температурада сынғыш болып келсе, ылғалды ауада жіңішке оксидті қабыршақпен жамылады; алюминий оңай тотығады және оксидтің берікті қабыршағын құрайды, сонымен қатар алюминий металл коррозиясына төзімді.
Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады.
Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы
қосылып, түсті металлургияны құрайды.
Түсті металдардың көп бөлігі
аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық
революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа
түсті. Реактивті ұшақтар,
ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау
үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа
конструкциялық материалдар қаж
ТҚК-2 машинаның және оның механизмдерінің
техникалық жағдайын тереңдете тексеруге
арналған, сонымен қатар автомобильдің
келесі техникалық қызмет көрсетуіне
дейін тоқтаусыз сенімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін реттеу және жөндеу
жұмыстарын атқаруға арналған. ТҚК-2
өткізудің жұмыс көлемі әр машинаға диагнолстиканың
көрсеткішіне байланысты, ТҚК-1 жұмыстарынан
басқа, жеке белгіленеді, оған барлық агрегаттардың
және түйіндердің жағдайларын тексеру
және жартылай бөлшектеу кіреді. Автомобильдерге
ТҚК-2 арнайы жабдықталған постыда жөндеушілер
бригадасы орындайды, жұмыс бір ауысымда
ұйымдастырылған. Автомобильдерге ТҚК
орындауда жөндеуді жүргізетін жұмысшылар
қажетті жүк көтеретін механизмдерді,
ТҚК-2 орналасқан стендтер мен жабдықтарды
пайдаланады. ТҚК-2 кесте бойынша
талап ететін автомобильдерге техникалық
қызмет көрсету және жөндеу карточкасы
жазылып беріледі, онда кесте бойынша
техникалық қызмет көрсету түрі көрсетіледі.
Автомобильге ТҚК-2 аяқталған соң оған
жанармай құйылып, сақтау орнына қойылады.Агрегаттардың,
түйіндердің және автомобильдің толық
техникалық күйінің параметрлерінің өзгеру
заңдылықтарын білу және оларды сандық
сипаттау, пайдалану автомобильдің жұмысқа
жарамдылығын және техникалық күйін басқаруға,
яғни оның жұмысқа жарамдылығын сақтап
отыруға және қалпына келтіруге мүмкіндік
береді. Бұл жұмыстар 2 үлкен топқа
бөлінеді - техникалық қызмет көрсету
(ТҚК) және техникалық жөндеу (ТЖ).
Жұмысқа жарамдылықтың
жоғарғы деңгейін сақтау қажеттілігі,
істен шығудың және бұзылулардың үлкен
бөлігі алдын ала ескертіліп отырылуын
талап етеді, яғни бұйымның жұмысқа жарамдылығы
істен шығу немесе бұзылудың алдында қалпына
келтіруі керек, Сондықтан ТҚК- дің міндеті
істен шығудың және бұзылудың пайда болуын
ескертіп отырудан, ал жөндеуден (жұмысқа
жарамдылығын қалпына келтіруден) құралады.
Істен шығуларды және бұзылуларды алдын-ала
ескерту ТҚК-ны белгілеуді талап етеді,
яғни белгіленген мерзімділікпен және
еңбек сыйымдылығымен ТҚК-нің белгілі
операцияларын жоспар бойынша дер кезінде
орындау.
Орындалатын операциялардың тізімі, олардың
мерзімділігі жэне еңбек сыйымдылығы
техникалық қызмет көрсету режимін құрайды.Елімізде
автомобильдерге ТҚК және жөндеу басқа
машиналар мен механизмдер сияқты (ауылшаруашылық
машиналарға, кемелерге, ұшақтарға, тепловоздарға
және т.б) ТҚК және жүйесі түріндегі жоспар
негізінде жүргізіледі, бұл пайдалану
процесінде автомобильдер сапасының берілген
көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында
ТҚК және жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібін
анықтайтын өзара байланысқан нормалар
мен ережелер кешенінен құралады. Көптеген
мемлекеттердің автомобиль көлігінде
жоспарлы - ескерту жүйесі пайдаланады,
оған сәйкес ТҚК ескеру, алдын алу сипаттауында
болады және автомобильдің белгілі жұмысынан
соң, үнемі орындалады, ал жөндеу қажеттілігіне
қарай істен шығу немесе бұзылу пайда
болғаннан кейін орындалады, Автомобильдерге
ТҚК және жөндеу жүйесіне келесі талаптар
қойылады:
а) ұтымды материалдық және еңбек шығындары кезінде автомобиль паркінің пайдаланулық сенімділігінің берілген деңгейлерін қамтамасыз ету;
б) автокөлік кәсіпорынынан бастагі жалпы мемлекеттік жоспарлы және директивті органдарға дейін барлық деңгейде ТҚК және жөндеуді жоспарлауға және ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жоспарлы-нормативтік сипаттамасы;
в) ведомстволық бағыныштылығына тәуелсіз, қорғаныс министрлігі (Қорғаныс министрлігі, ІІМ және МҚК ұйымдарынан басқа), автомобиль көлігіне ие барлық ұйымдар мен кәсіпорындар үшін міндеттілік;
г) автомобиль көлігінің инженерлік-техникалық қызметінің барлық тармақтарының шешім қабылдануы жэне басшылық ету үшін нақтылық, қол жеткізу және жарамдылық;
д) негізгі принциптердің тұрақтылығы және автомобильдерді пайдалану шарттарын, конструкциясын, сапасын және сенімділігін ескеретін нақты нормативтердің икемділігі;
е) автомобилдерді пайдалану шарттарының әр алуандығын есепке алу.
Ұйымның принциптік негіздері және ТҚК мен жөндеу нормативтері елімізде «Автомобиль көлігінің жылжымалы кұрамасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы ережесімен» белгіленеді, бұл біріншіден, автомобильдерді техникалық пайдалану облысында Минавтотранс жүйесінде өткізілетін ғылыми зерттеулер, екіншіден, АКК тәжірибесі, үшіншіден, автомобильдердің сапасын жоғарылату бойынша жүргізілетін автомобиль өнеркәсібі.
ТҚК және жөндеу жүйесін тұрғызудың принциптік негізі болып табылады:
ТҚК-ге 8-10 түрлі жұмыстар (майлау, бекіту, реттеу, бақылау, диагностикалық және т.б) және 150-280 нақты қызмет көрсету объектілері кіреді, яғни ескертпе әсерлерді талап ететін агрегаттар, механизмдер, тетіктер.
Әр түйіннің, механизмінің, қосылыстың, ТҚК-нің оңтайлы мерзімділігіне ие болады.Егер бұл мерзімділікті сақтаса, онда автомобиль толығымен үздіксіз әр қосылыс агрегатқа техникалық қызмет көрсету үшін жіберілу тиіс, бұл жұмысты ұйымдастыруда үлкен қиындықтар туғызылады және жұмыс уақытының қосымша шығындарын, дайындау - соңғы операцияларында туғызады.
Сондықтан, әсерлердің ішінен ТҚК кезінде орындалатын және әр операцияның оңтайлы мерзімділігін анықтағандағы әсерлерді бөліп көрсеткеннен соң, ТҚК түрлеріне операцияларды топтауды жүргізеді. Бұл автомобильдердң ТҚК-ге келуімен және ТҚК және жөндеу тұру уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ операцияларды топтау жеке операциялардың ТҚК-нің оңтайлы мерзімділігінен осы түрдің ТҚК мерзімділігінен ауыткуымен байланысты екенін ескеру керек. Операциялар топтарының ТҚК-нің мерзімділігінен анықтағанда («топтық» аралық уақыт) келесі әдістері қолданылады: