АКК жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:25, курсовая работа

Описание

Біздің елімізде соңғы кезде экономиканың құлдырауының салдарынан, көптеген автокөліктік кәсіпорындар ойсырап қалды, өйткені мемлекет оларды қаржыландыра алмады.
Бірақ жеке кәсіпкерлік фирмалар пайда бола бастады, олардың өз автокөліктері болғанымен, материалдық базалары болмады, сондықтан өз жылжымалы құрамдарын сақтайтын және қызмет ететін жер болмады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
1 Жалпы бөлім....................................................................................................
Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі..................................
Жайрем кен байыту кеңішіндегі АКК міндеті және оның жұмыс
режимі............................................................................................................
Жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері.......................................
Техникалық қызметтің құрылымы...............................................................
Жылжымалы құрамды жөндеу және ТҚК технологиялық процесінің
кестесі.............................................................................................................
Карьерлік автомобильдің техникалық сипаттамасы..............................
Тасымалданатын жүктің сипаттамасы және тиеу-түсіру жолдары мен
механизімдері..........................................................................................
2 Технологиялық бөлім...................................................................................
2.1 Берілген мәліметтер...................................................................................
2.2 Өндірістік бағдарламаның техникалық қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстары бойынша есебі......................................................................
2.2.1 Жүйе нормативтерін таңдау және түзету............................................... 2.2.2 ТҚК және жөндеудің бір автомобильге арналған циклдың санын
есептеу.......................................................................................................
2.2.3 Бір автомобильге және барлық цехтің жылдық ТҚК және жөндеу
санын анықтау............................................................................................
2.2.4 ТҚК және жөндеудің тәуліктік бағдарламасын анықтау........................
2.3 Жылдық жұмыс көлемі есебі және өндірістік жұмыскер қатары............
2.3.1 Еңбек сыйымдылығының нормативтік таңдауы және мінездемесі.........
2.3.2 ТҚК және Ж жылдық көлемі....................................................................
2.3.3 Кәсіпорынның өздік қызмет көрсетуі бойынша жылдық жұмыс
көлемі........................................................................................................
2.3.4 ТҚК мен жөндеудің әкімшілік аумақтарға орналасу жүйесі..................
2.3.5 АКК – ның өзіне – өзі қызмет көрсету жүйесінің орналасуы.................
2.3.6 Өндірістік жұмысшылардың саны есептеу.................................................
3 Ұйымдастыру бөлімі......................................................................................
3.1 ТҚК №2 аймағының технологиялық процесс сұлбасы..............................
3.2 ТҚК №2 аймағындағы жұмысшылар санының есебі..................................
3.3 Технологиялық жабдықтар мен құрал-сайманды іріктеу...........................
3.4 ТҚК №2 аймағының ауданының есебі және геометриялық шамаларды
нормалау..........................................................................................................
3.5 Технологиялық процесті басқару сұлбасы..................................................
3.6 ЕFҰ бойынша шаралар..................................................................................

4. Карьер автомобиль көлігінде еңбек қауіпсіздігі..................................
4.1 Карьер автомобиль көлігінде апаттар мен сәтсіз оқиғалардың
себептері……………………………………………………………………
4.2 Автомобиль жолдарына қойылатын талаптар............................................
4.3 Карьер автомобиль көлігінде негізгі қауіпсіздік талаптары......................

5 Конструкторлық бөлім...................................................................................
5.1 Құрал-сайманның тағайындалуы және қолдану аймағы............................
5.2 Құрал-сайманның құрылымы және әрекет ету қағидаты...........................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Курстык жоба.docx

— 554.32 Кб (Скачать документ)

       Автомобиль көлігінде ендірістік  жаракаттануды талдау нәтижелеріне  қарағанда, жалпы карьер көлігінде  болатын сәтсіз оқиғалардың бірқатар  бөлігі автокөліктің үлесіне  жатады. Карьер автокөлігінде болған  апаттар мен сәтсіз оқиғалардың  басты себептері мынандай:

1) автосамосвалдардың үйінді және кемер киябетіне аударылуы;

2) автосамосвалдардың пойызбен немесе бірбірімен соқтығысуы;

3) арту және түсіру жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін бұзу;

4) жылжымалы құрамды күту және жөндеу жұмыстарында қауіпсіздік     

         ережелерін бұзу;

5) автосамосвалдардың шанақтары өздігінен төмен түсіп кетуі;

6) адамдардың автосамосвалдар шанағынан және баспалдағынан құлауы;

7) автосамосвалдар мен тіркемелерді буксирлеу ережелерін бұзу;

8) автомобиль жолдарының нашар күйі;

9) автосамосвалдар мен тіркемелердің және олардың басты түйін бөлшектерінің ақаулығы.

      Апаттар мен сәтсіз оқиғалардың  көпшілігі автомобильдердің соқтығысуынан  және олардың жүкті түсіру  кезінде үйінділер қиябетіне  немесе кемерден жиегіне жакын  жүргенде құлауынан, сондай-ак  автомобильдерді жөндеу, буксирлеу  және арту-түсіру жұмыстарында  қауіпсіздік ережелерін бұзғаннан  болады.

      Автомобиль көлігінде жарақаттану  қауіптілігін туғызатын көптеген  факторлардың бар болуы, оларды  жан-жақты зерттеп, апаттар мен  сәтсіз оқиғалардың алдын алу  үшін тиісті шараларды қолдануды  талап етеді.

      Карьер автокөлігінде өндірістік  жарақаттануды талдау негізінде  қауіпсіздік техникасы талаптарын  анықтауға болады, олар карьерлерде  автомобиль жолдарын салуға және  күтуге, автомобильдердің кауіпсіз  жүрісін ұйымдастыруға, автокөлік  қызметкерлеріне ұсынылады.

 

       4.2 Автомобиль жолдарына қойылатын  талаптар

 

       Карьерлерде автомобиль жолдары  арналуына қарай өндірістік және  шаруашылық болып бөлінеді. Өндірістік  жолдар пайдалы қазындыларды  және аршу жыныстарын, ал шаруашылық жолдар - шаруашылық және қосалқы жүктерді тасымалдауға арналған.

      Пайдалану жағдайларына қарай  өндірістік автомобиль жолдары  стационарлық (тұрақты) және уақытша  болып бөлінеді. Тұрақты жолдар  ұзақ уақыт бойы пайдалануға  арналады, әдетте, олардың жол жабыны  және екі жүріс жолағы болады. Уақытша жолдар кен жұмыстары  орындарының жылжуына қарай мезгіл-мезгіл  жаңа жерге көшіріліп отырылады,  олардың жабыны болмайды.

      Тұрақты жолдар автомобильдердің  жүріс қарқынына қарай (бір  сағатта неше автомобиль), үш категорияға  бөлінеді: I категория -100-ден артық, II категория - 100-ден 15-ке дейін, III категория - 15-тен кем.

     Автомобиль жолдары мынандай негізгі көрсеткіштермен сипатталады:

• жолдың жүріс жолағының ені,

• трасса (жол бойы),

• айналмалардың ең аз радиусы,

• жол жабыны мен кұрылғыларының (белгілер, бағаналар т.б.)түрі.

      Жолдарды салу барысында осы  элементтерінің әрқайсысын қалап  алуда карьердің белгіленген  өнімділігіне сәйкес олардың  тиісті өткізгіш қабілеттілігін  және жүрісінің толық қауіпсізідігін  қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру  керек.

      Автомобиль жолдарының барлық  түрлерін жобалау және салу  құрылыс нормаларына жөне ережелеріне  (ҚНжЕ) сәйкес орындалуға тиісті. Әр категориядағы жолдар үшін  максимал жүріс жылдамдығы, жолдың  жүріс бөлігінін ені, айналманың  минимал радиусы, ең үлкен еңіс, жабын түрі т.б. белгіленеді.

      Автомобиль жолдарының жүріс  бөлігінің ені жылжымалы құрамның  габариттерімен және қарсыма-қарсы  жүретін автомобильдердің арасындағы  қажетті саңылауларға сәйкес  жүріс жылдамдығымен және жүріс  жолақтарының санымен байланысты  болады.

      Жолдар мен жабынның түріне  және автомобильдердің жүк көтерімділігіне  карай автомобиль жолдарының  ені бір жақты жүрісте 5.5- 11м,  ал екі жақты жүрісте12-27м кұрайды.  Жолдың тиісті енін жасамау,  автомобильдердің соқтығысуына  және сәтсіз оқиғалардың тууына  әкеліп соғуы мүмкін.

      Автомобиль жолдары айналмаларының  шекті радиустары жол жағдайлары  мен жылжымалы құрамның жүк  көтерімділігіне қарай 10-60 м болады. Жолдың өрі ( басшылык өр) карьердің  тереңдігіне, автокөлік жүрісінің  карқындылығына, жылжымалы кұрамның  тартым қасиеттеріне, климаттық  және кен техникалық жағдайларға  байланысты 70-80 °/00 құрайды, ерекше  жағдайларда 100 °/00 дейін болады. Автопойыздармен тасымалдауда өрдің  шамасы 40-60 °/00 аспауға тиісті.

      Автокөліктің жоғары жылдамдықпен  жүрісін қамтамасыз ету үшін  және жылжымалы кұрамның, табиғи  климаттык факторлардың әсерінен  автомобиль жолдарының жүріс  бөлігін бүлінуден сақтау үшін  оның жабыны болу керек.

       Жол жабынының бірнеше түрлері  болады: жақсартылған ( күрделі және  жеңілдетілген), өтпелі және төмен  сортты. Күрделі жақсартылған жабындарға  асфальт және цементбетон, ал  күрделі жеңілдетілген жабындарға - битум қосылған қара щебень  және кара гравий жабындары  жатады. Өтпелі жабындарға жай  щебень, гравий, шлак жабындар жатады. Төмен сортты жабындарға бекіту  қосымшалары (құм, шлак т.б.) бар,  тегіс тапталған топырақ жабындар  жатады.

      Карьер жағдайларында автомобильдер  жүрісінің әртүрлі жүріс сүлбелері  қолданылады: жолдың бір жүріс  жолағымен қарама-қарсы, жолдың  екі жүріс жолағымен қарама-қарсы  (мұнда біреуімен жүк тасымалданады)  және сақиналы (айналмалы, ағынды). Карьерлерде ең көп тарағаны  қарама-қарсы екі жолақпен жүріс  жөне ағынды бір жолақпен бір  бағытта жүріс.

     Автомобиль жолдарының орналасуы  жөне автокөлік жүрісінің сүлбелері  кен орындарын қазуда кентехникалық  жағдайлармен, арту жұмыстарын және  пайдалы казындыларды тасымалдау  бағыты мен кашықтығы бойынша  аныкталады.

 

       4.3 Карьер автомобиль көлігінде негізгі қауіпсіздік талаптары

 

        Карьерлерде автомобиль көлігін  пайдалануда жол жүру және  қауіпсіздік техникасы ережелерін  басшылыққа алу керек. Автокөлік  жұмысының қауіпсіз тәртібінің  маңызды талаптарының бірі карьер  жолдарынын әр түрлі учаскелерінде  автомобильдердің қауіпсіз жылдамдығын  сақтау болып табылады. Ол көбінесе  автомобильдерді жүргізушілердің  іс әрекетімен байланысты болады. Сондықтан, карьер автокөлігінде  жұмыс істеуге жүргізушілерді  алу және дайындау мәселесіне  көп көңіл бөлу керек.  

      Карьерлерде автомобильдерді жүргізуге тек тиісті оқу оқыған, жақсы дайынданған және өндіріс төртібін сақтайтын жүргізушілер ғана жіберілуге тиісті.

     Көктайғақта және жауынды күндерде  қарама-карсы жүретін автомобильдердің  соқтығысып қалуы мүмкін болады.Сондықтан, автомобиль жолдарын мұндай қауіптілікті туғызбайтын күйде ұстау керек.  

     Жол белгілері де түзу күйде болуға және күннің қараңғы мезгілінде жарықтандырылуға тиісті.

     Қауіпсіздік ережелері бойынша рұқсат етілмейді:

1) автосамосвалдардың шанақтарын көтеріп жүруіне;

2) З0 м артық қашықтықта автомобильдердің арту орнына артымен жүруіне;

3) арнайы сақтық қоршауы жоқ жерде жатқан кабельдердің үстінен жүріп өтуге;

4) әкімшіліктің рұқсаты бар адамдардан басқа адамдарды кабинаға міңгізіп жүруге;

5) автомобильдерді өрге немесе ылдиға қойып кетуге;

6) автомобильдердің қозғалтқышын ылдимен жүріп от алдыруға.

     Автомобиль артымен жүрген кезде, үздіксіз дыбыс сигналы берілуге

тиісті. Тұманда, қатты боранда және басқа  нашар көрініс жағдайларында, егер көрініс қашықтығы тежелу жолынан аз болса, автомобильдердің жүруіне тыйым салынады. Карьер жолдарында автомобильдердің бірін-бірі басып озуына рұқсат етілмейді.

     Карьер автомобиль көлігінің жүріс қауіпсіздігі тек толық түзу автомобильдерді пайдалану арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Сондықтан, жұмысқа тек техникалық түзу жылжымалы құрам ғана шығарылуға тиісті.

Барлық  автосамосвалдар мен автопойыздар гараждан шығар алдында мұқият тексерілу керек.Мұнда тежеуіш жүйесінің, басқару рөлінің, ілініс муфтасының, беріліс қорабының, жүріс бөлігінің, сигналдардың, жарық және бақылау-өлшеу аспаптарының күйіне ерекше көңіл бөлінуге тиісті.

      Автомобиль кабинасы жүргізушінің тұрақты жұмыс орны болғандықтан, онда жағымды еңбек жағдайлары жасалынып, автомобильді ыңғайлы басқару ісі қамтамасыз етілу керек. Автомобиль кабинасына мынандай талаптар қойылады: жүргізушінің отырысы мен жұмысының ыңғайлылығы, жақсы көрініс, саңлаусыздық; әйнек тазалағыштың, жылыту және желдету құрылғыларының түзулігі; есік құлыптарының сенімділігі, басқару иінтіректерінің және бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыс жұмыс істеуі, тазалық және тиісті тәртіп болу.

      Автосамосвалдар мен автопойыздарды арту кезінде мынандай жағдайларды жасау керек:

1) артуды күтіп тұрған автомобиль экскаватор шөміші жетпейтін жерде түру керек және арту орнына тек экскаватор машинистінің рұқсат сигналымен ғана келуге тиісті;

2) жүк артылуда тұрған автомобиль тежелуге тиісті және экскаватор машинистіне жақсы көрінетін болу керек;

3) автомобиль  шанағына жүкті тек оның артынан немесе бүйірінен арту керек, кабинаның үстінен шөмішті еткізуге рұқсат етілмейді;

4) жүк артылып болған автомобиль тек экскаватор машинистінің рұқсат сигналымен ғана орнынан қозғалу керек.

      Автомобильдерге жүк арту және түсіру алаңдары көлденең, жазык болуға тиісті, көлбеулігі 0,01 аспау керек. Арту және түсіру алаңдарында автосамосвалдар мен экскаватордың жұмыс аймағында адамдардың болуына және қандай болмасын жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Сөткенің қараңғы кезінде арту орындары және карьер жолдары жарықтаңдырылуға тиісті. Адамдарды тасымалдау тек осыған арналған автомобильдермен ғана орындалады, мұнда жол жүру ережелері сақталу керек.

 

 

 

 

 

5  Конструкторлық бөлім

5.1 Назначение и область применения  приспособления

5.2 Устройство и принцип действия  приспособления

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе АКК жобалау