Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 21:15, реферат

Описание

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі

Содержание

Кіріспе
І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану
ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары.docx

— 103.37 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

Суббота, Октябрь 29, 2011 8:16

Бөлімі: Туризм

Пікірлер жоқ 

Жоспар 

Кіріспе  

І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі

1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері

1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану 

ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары

2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы

2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау 

Қорытынды  

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 

 Кіріспе

 Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

 Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

 Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.

 Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

 Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

 Қазақстанның мәдени – тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

 Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа

 бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, «әдемі» де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.

 Зерттеу жұмысының мақсаты. Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу, туризм рыногы мен маркетингтік қызметтің қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайын қарастыру мен Қазақстан туризм саласының даму жолына және оның маркетингпен байланысына қатысты ғылыми көзқарас қалыптастыру. Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық талдау әдістері қолданылды.

 Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған. мәселелер, ҚР туристік рыногын зерттеу, оның зерттеу қарқынын анықтау, туристік саланың дамуындағы маркетингтің ролін айқындап, қазіргі жай күйі мен даму болашағын қарастыру.

 Зерттеу пәні – туризм саласындағы маркетинг.

 Зерртеу объектісі  – ҚР туризм рыногы және оның дамуындағы маркетинггік қызметтің атқаратын ролі.

 Ғылыми жұмыстың тоериялық және методологиялық негізі осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары және интернет жүйесі болып табылады.

 Аталган тақырыпта жүргізілген зерттеу жұмысының жаңалығы. ҚР туризм саласындағы маркетингтің дамуын қазақстандық туристік өнімін халықаралық рынокқа үсыну түрғысынан зерттеу жүргізу.

 Ғылыми жұмыстың тәжірибелік мацызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет,

Информация о работе Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары