Ағымдағы жалға беру есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 10:09, курсовая работа

Описание

Егер бизнестің ұйымдастыру-құқықтық формалары түрлі елдердегі фирмаларда қолданылатын заңнамалық нормалар мен ережелер ерекшеліктеріне қарай біраз дәрежеде жан-жаққа толқытатын болса, стратегиялық жоспарлаудың үлгілері мен әдістері, керісінше, орналасу еліне қатысты инвариантты болады. Әрине, әрқашанда жоспарлаудың және жалпы менеджменттің қандайда да бір, салалық ерекшеліктерімен, фирма мақсаттарымен, бәсекелес ортамен және басқа факторлармен анықталатын ерекшеліктері бар, бірақ туындаған мәселелерді шешудің методологиялық базасы ұлттық сипатта болады; фирма өз елінің ішінде ғана әрекет ете ме , әлде шетелде операцияларды жүргізуге көшті ме және халықаралық болды ма осы жағдайлардың бәрі үлкен мәнге ие.

Работа состоит из  1 файл

нарык.жагд.фирма.стратег.doc

— 306.50 Кб (Скачать документ)

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігнің 2004 жылғы №54 бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ электр энергиясымен орталықтандырылған сауда нарығының Операторы болып белгіленді.«КОРЭМ» АҚ орталықтандырылған сауда нарығының операторы ретіндегі қызметі «Электр энергетикасы туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 27.08-дегі №197 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және қызмет ету ережелеріне, және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 29.08-дегі № 228-ОД бұйрығымен бекітілген Орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру және қызмет ету ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі «КОРЭМ» АҚ-ын элекр энергиясымен орталықтандырылаған сауданы ұйымдастыру жөніндегі монополист деп танып, өзінің 2008 жылғы 18.06-дағы №132-ОД бұйрығымен «КОРЭМ» АҚ-ын қызмет көрсету нарығында үстемдік жағдайға (монополия) ие нарық субъектілерінің мемлекеттік реестріне енгізді: электр энергиясымен орталықтандырылған сауда өткізуге сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету; электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу – 100% үстемдік үлесі. Фирманың даму баламасын алғашқы стратегиялық таңдау келесі басым ұстанымдар негізінде жүзеге асырылды.

Фирма қызметкеріне қатысты Антропоцентристік үлгіні қолдану.

Әлемдік практика көрсеткендей басқарудың антропоцентристік (гректің anthropos – адам сөзінен) үлгісін пайдалана отырып коммерциялық компанияны қалыптастыру кәсіпорынның коммерциялық тиімділігімен қатар, оның әрбір қызметкерінің моральдық және материалдық қанағаттануын қамтамасыз ететін тұрақты және үйлесімді даму жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жалпы антропоцентристік үлгі адамның мәнін қоршаған ортамен белсенді қызмет процессі барысында үнемі жаңарып және өзгеріп отыратын ашық жүйе деп қабылдайтын түсінікке негізделеді.Антропоцентристік үлгіде адам «барлық заттардың өлшемі», қоғамның басты құндылығы болып табылады. Барлық табиғи және әлеуметтік орта құбылыстары адам мақсаттары мен құндылықтары тұрғысынан қаралады.Мұндай ортада әрбір қызметкер өзін фирма басшылығы арқылы пайдаланылатын кезекті ресурс («жалдамалы жұмысшы») ретінде емес, толыққанды серіктес ретінде сезініп, жалпы мақсатқа қол жеткізу жолындағы өзінің рольін, жеке басының игілігінің жалпы командалық жетістікке тікелей байланысты екендігін түсінеді. Кәсіпорынға қатысты антропоцентристік үлгі жалпы әрбір қызметкердің жағдайын жақсартуға және тиімді өндірістік қызмет үшін барынша ыңғайлы әрі қолайлы орта, әрбір қызметкердің жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауы мен өзін-өзі дамытуға деген талпынысын қалыптастыруға бағытталады. Корпоративтік әлеуметтік тұжырымдама негізінде бизнес-практиканы қолдану.Коммерциялық компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) тұжырымдамасына айрықша көңіл бөлуінің маңызды факторы болып қоғамның бизнеске этикалық тұрғыдан бақылау жасау деңгейінің артуы табылады.Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа белсене араласуда және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік анықтамасы мен түсінігі біртіндеп әлемдік стандартқа жақындай түсуде.Негізінен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қоғамның бизнестен этикалық, коммерциялық немесе көпшілік тұрғыдан күткендеріне сай болу немесе одан асып түсу ретінде анықталады және қандай да болмасын шешім қабылдау барысында барлық мүдделі тараптардың (кәсіпорын қызметкерлерінің, өнімді тұтынушылардың, жеткізушілердің, жергілікті қауымдастық пен жергілікті билік өкілдерінің) пікірлерін ескереді. Осыған қарамастан, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке бизнестің барлық ішкі процесстері тартылған, ал бұл аталмыш жүйе бизнес стратегиясының бір бөлігі және корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болуы тиістігін білдіреді.Кәсіпорында инсталляциялауға ұйғарылған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесі түптеп келгенде бизнесті капитализациялауды арттыруға бағытталады және өз кезегінде оның бағасын негіздеуге мүмкіндік беретін бизнестің мөлдірлігін арттыратын тұрақты әлеуметтік есептер дайындаудан тұрады.Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде арнайы ережелерге сәйкес диалог құру жолымен мүдделі тараптардың тілектері мен пікірлерінің есебі арқасында беделді басқару мүмкіндігі туындайды. Жақсы атақ пен бедел клиенттік базаны сақтап қалуды, компанияның даму жылдамдығын, оның табысын арттыруды қамтамасыз етеді. Клиенттердің адалдығы мен ықыласына кәсіпорынның тұтынушылар арасындағы жақсы имиджі мен қызметтер сапасының жоғарылығы арқасында қол жеткізіледі. Осы міндетті жүзеге асырудағы негізгі құралдардың бірі болып аймақтық нарықта фирманың серіктестер мен тұтынушылар мүдделерін ескере отырып мамандандырылған көлік қызметтерін көрсету, жол құрылысын жүргізу, мұнай өнімдерін тасымалдау мен жанар-жағар май жеткізу секілді нарықтың барлық сегменттерінде ұзақ уақыт бойы болу басымдығынан бастау алатын тұрақты саясатын жүзеге асыру саналады. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар, зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен тәуекелді басқаруға да әсер етеді.Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша тиімді тәсілі.Аталмыш қызметтің негізгі аспектілерінің бірі болып аймақтық нарықта әрекет етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік қарым-қатынастар орнату табылады.Фирманың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:

- персоналды дамыту;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау;

- экология мен ресурс қорғау сұрақтары;

- сыртқы әлеуметтік қызмет.

Сонымен қатар, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.

Баяндалған екі басым көріністерге негізделе отырып кәсіпорынның орта мерзімді болашақтағы мақсаттарының бірін сөзбен былайша сипаттау мүмкін болады: «Команданың әрбір мүшесінің жалпы жетістікке жеке мүдделілігі есебінен қол жеткізілетін Батыс аймақтағы көлік қызметтері нарығындағы күмәнсіз көшбасшылығы». Аталмыш миссия фирманың аймақтық ұстанымына қатысты Қоғам Миссиясының бөлшектелген көрінісі болып табылады.

Стратегияны жүзеге асыру деңгейінің сапалық сипаттамалары болып келесі бағдарлар (мақсаттар) табылады:Қызметкерлердің тұрмыс жағдайын арттыру және қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру;Фирманың ұстанымдарын қалыптастыру:

- Компанияда – қызмет көрсету деңгейі, көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы, озық инновациялық шешімдерді жемісті инсталляциялау деңгейі жағынан, өзгермелі сыртқы орта жағдайында ұйымдастырушылық-икемді және бәсекеге қабілетті сенімді серіктес ретінде;

- қызметке тапсырыс берушілер мен тұтынушылар алдында – қол жетімді бағамен озық сападағы қызметтерді көрсететін тұрақты, сенімді, клиентке бағытталған кәсіпорын (психологиялық аспектіде – «бұл Компанияның қызметтерін қолдану – зор мәртебе»).Кәсіпорынның маркетингтік бағдарларын актуализациялау;Кәсіпорында корпоративтік саясатқа сәйкес менеджментті жетілдіру арқылы жоғары деңгейдегі корпоративтік және ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыру.Кәіпорынның тиімді менеджмент жүйесін қалыптастыру, кез-келген деңгейдегі міндетті шешуге жалпы шешу жолдарын қолдану. Процесстік шешу жолы негізінде негізгі бизнес-процесстердің реинжинирингі. Персоналды дамыту мен ынталандыру жүйесін қалыптастыру;Ұйғарылған ішкі әлеуметтік бағытталған корпоративтік саясатты және фирманың қызмет бағыттары бойынша маркетингке бағытталған функционалдық даму стратегиясын қалыптастыру;

2007-2010 жылдарға арналған негізгі даму бағыттарына сәйкес орта мерзімді болашаққа арналған фирманың негізгі стратегиялық даму бағыттарын анықтау. Фирманың қысқа мерзімді даму бағдарламасын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мониторингін ұйымдастыру;Кәсіпорынның маркетингке бағытталған жұмыс сұлбасын қалыптастыру жолымен көлік қызметтері нарығындағы ұстанымын нығайту және кеңейту. Келешек мүмкіндіктер пен қажеттіліктер (жаңа өнім нарықтарына шығу және жаңа қызмет түрлерін енгізу) есебінен көлік қызметін тұтынушылардың қанағаттануына және олардың ықыласына қол жеткізу. Дифференцияланған маркетинг (әсіресе, нарықтың жоғары табысты сегменттерінде) есебінен көрсетілетін қызметтерге қол жетімділікті кеңейту, жоғары сапаны және сенімділікті ұстап тұру;

Табысты көбейту және шығынды оңтайландыру жолымен кәсіпорын табысын арттыру жұмыстарын жүйелеу. Ұқсас компаниялардың сипаттамалары арасындағы айырмашылықтарды өлшеу және анықтау үшін үнемі бәсекеге қабілеттілік талдауын жүргізу, айырмашылықтарды жою және зерттеу және фирмаға басқа компаниялардың үздік тәсілдері мен технологияларын енгізу жолымен бизнестегі озық позицияларды жаулап алу;

Өзгерістерге жылдам әрекет ету, инновацияларды қабылдай алу және инновациялық өзгерістерді шапшаң енгізу жүйесін қалыптастыру;

Тұтынушылар, серіктестер мен қызметкерлер арасында жағымды корпоративтік бедел мен тартымдылықты дамыту.Шешімдер қабылдауға арналған ережелер (міндеттерді шешудің жалпы қолайлы жолдары:

Фирма қызметінің кез-келген деңгейінде шешімдер қабылдау келесі ұйғарылған және танылған, маңызды шарттар негізінде жүзеге асырылады:

1) адамдарға деген қамқорлық (ұйымдағы ішкі климат, ынталандыру жүйесі, жоғары қауіпсіздік деңгейі, қолайлы және экологиялық еңбек жағдайлары және т.б.).

2) ресурстардың шектеулілігіне байланысты міндеттерді шешудің дифференциалды жолын пайдалану; басқару шешімдерін қабылдау барысында Парето ережелерін тиімді қолдану; 80 пайыздық табысқа қол жеткізетін 20 пайыздық күш жұмсауға көңіл бөлу.

3) барлық деңгейде құрылымдық бөлімшелер/қызметтер арасындағы қарым-қатынасты формальдандыру жүйесімен ішкі шаруашылық есеп қағидаларын барынша қолдануға бағытталу;

4) процесстердің клиентке бағытталуы қағидасын қолдану («сыртқы» және «ішкі» клиентке);

5) кәсіпорын қызметіндегі барлық бизнес-процесстердің тиімді құжатталуын қамтамасыз ету және оларды барынша автоматтандыруға тырысу;

6) фирма қызметін бағалау барысында жүйелік процесс ретінде басқа компаниялардың табысты стратегиясын зерттеу, сонымен қатар, фирманың құрылымдық бөлімшелері мен жекелеген қызметкерлерінің қызметін белгіленген КПР өлшеу жүйесі негізінде бағалау арқылы баламаларды бағалауға, стратегияны жүзеге асыру мен өндірістік сипаттамаларын жетілдіруге бағытталған бенчмаркинг процедурасын қолдану;

7) жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауды жүзеге асыру, кәсіпорын қызметінің барлық салаларының үздіксіз инновациялық процессіне алып келетін креативті, стандартты емес ойлау тәсілдерін қолдану артықшылықтарына негізделген қызметкерлердің ментальдылылығын қалыптастыру. Шешімдер қабылдауға арналған ережелер негізінде фирманың 2007-2008 жылдарға арналған ұйғарылған стратегиялық даму бағдарларын (мақсаттарын) жүзеге асыру келесілерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) қағидаларын сақтайтын озық, экономикалық тиімді, бәсекеге қабілетті және бизнеске бағытталған позицияға қол жеткізуге;

- кез-келген нарықтық өзгерістер жағдайында фирманың даму стратегиясының негізгі ережелерінің өзектілігін сақтауға;

- фирма клиенттерінің көлік қызметтеріне деген сұраныстарын барынша толық қанағаттандыруға;

- жоғары технологиялы және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру мен жетілдіру және оны дамыту.

Фирманың практикалық қызметінің ағымдық жағдайы мен болашағына құжатты актуализациялауға Стратегияның негізгі ережелерін жүзеге асыру қадамдарының келесі бірізділігі есебінен қол жеткізіледі:

1) қазіргі таңдағы Стратегияны жүзеге асыру деңгейінің сандық сипаттамасын жедел анықтау қажеттілігін ескере отырып, Кәсіпорынның 2007-2008 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен оны Жүзеге асырудың шаралар жоспарын (кейіннен – жыл сайын) дайындаудың маңызы зор;

2) сонымен бір мезгілде, мақсаттарға қол жеткізу жолдарын сегментациялау және бөлшектеу, түрлі қызметтерді үйлестіру үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметтік стратегияларын (саясаттарын) дайындау басталады.

Сыртқы және ішкі орталардың динамикалылығын ескере отырып Стратегияның өзектілілігінің алдағы уақытта нақты төмендеу мүмкіндігіне болжау жасалады. Осыған байланысты, құжаттың негізгі ережелеріне уақытылы өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен міндеттілігін білдіретін құжаттың ашықтығы мен икемділігі декларацияланады.

 

 

 

 

 

 

2.2«КОРЭМ» АҚ-ның нарық жағдайындағы стратегиялық жоспары

 

Осы уақытқа дейін «КОРЭМ» АҚ келесі жұмыстарды атқарды:

- орталықтандырылған спот-сауда-саттық, ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша сауда ұйымдастыру және өткізу жөнінде сауда алаңы құрылды;

- электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық көлемі 2002 жылғы 9,0 млн кВтс-дан 2007 жылы 9 508 ,611 млн кВтс-қа ұлғайды және орталықтандырылған сауда-саттық нарығының өтімділігі қамтамасыз етілді;

- ISO9001-2000; стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі әзірленді, енгізілді және сертификатталды.

- «КОРЭМ» АҚ халықаралық энергетикалық биржалар ассоциациясының мүшесі болып, әлем мойындады.

«КОРЭМ» АҚ «Самұрық» холдингі» АҚ-ның құрамында қызмет еткен екі жылдың ішінде корпоративтік басқару жөнінде мынандай жұмыстар атқарылды:

- Қоғамның Жалғыз ационерінің шешімімен («Самұрық» холдингі» АҚ-ның 2007 жылғы «01» қазандағы №131-п бұйрығы) Корпоративтік басқару кодексі әзірленді және бекітілді.

- Қоғамның Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген, №5 хаттама, Корпоративтік басқару кодексін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес оны енгізу бойынша сәйкес жұмыстар енгізілуде.

- тәуелсіз директорлар кеңесі қалыптасты, Директорлар кеңесінің аудит және тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттері құрылды, сондай-ақ Жоспарға байланысты басқа да жұмыстар жүргізілуде.

- «КОРЭМ» АҚ «Самұрық» холдингі» АҚ-ның басшылығымен стратегия мен тиімділікті басқару жөнінде, үш жылдық жоспармен және жылдық бюджетпен толықтырылып отыратын Компания дамуының бес жылдық стратегиялық бағыттарын әзірледі.

- стандартты ай сайынғы, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есеп беруден тұратын Компанияның есептілік жүйесі жетілдірілді.

«КОРЭМ» АҚ қол жеткен нәтижелерді негізге ала отырып өзінің келесі даму кезеңіне кірісуге дайын.

«КОРЭМ» АҚ-ның мақсаты мен миссиясы:«КОРЭМ» АҚ-ның миссиясы электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығының қызмет ету механизмдерін енгізу және кеңейту, оның барлық қатысушыларына, олар өз бизнестерін ойдағыдай жүргізуі үшін сапалы қызметтер мен құралдар ұсыну.«КОРЭМ» АҚ-ның мақсаты: қазіргі заманғы мамандандырылған энергетикалық тауар биржасын құру.

«КОРЭМ» АҚ қойған мақсатына жетуі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:

1) бизнесті кеңейту және өндірістік үдерістерді жетілдіру;

2) Компанияның өндірістік-қаржылық қызметінің тиімділігін және оның құнын арттыру;

3) энергетикалық тауар биржасына айналу үшін ішкі өзгерістер мен іс-шаралар жүргізу.

Бизнесті кеңейту және өндірістік үдерістерді жетілдіру:Бизнесті кеңейту және өндірістік үдерістерді жетілдіру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

• клиенттердің ескертпелерін және олардың тілек-талаптарының өзгеруін сезіну үшін бар қызметтерді модернизациялау және жетілдіру.

• Орта Азиялық сауда алаңын құру және саудаға Орта Азия мен Ресейдің негізгі компанияларын тарту

•«КОРЭМ» АҚ-ның Батыс Еуропаның дамыған елдерінде кең қабылданған биржалық сауда принциптеріне көшуі, олар бойынша биржа барлық жасалған мәмілелерде контрагент болып, олардың орындалуын кепілдік береді. Саудаға қатысушылар арасындағы есеп-қисапты ұйымдастыру үшін клирингтік орталық құру.

• Инвестициялардың құрылысқа және электр станцияларының өндірістік қуаттарын модернизациялауға қайтарылуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан электр энергиясының көтерме нарығында электр қуатымен сауда-саттықты әзірлеу және енгізу.

• нарық субъектілеріне сақтандыру бойынша мүмкіндік беру үшін қаржы келісім-шарттарымен сауданы әзірлеу және енгізу.

• жасыл «келісімшарттармен» (немесе жаңғырмалы энергия сертификаттармен) сауданы әзірлеу және енгізу.

Компанияның өндірістік-қаржылық қызметінің тиімділгін арттыру

Құнды тудыратын қызмет түрлеріне күш-жігерді топтау және Компания қызметінің тиімділігін арттыру үшін мына бағыттар бойынша мәселелерді шешу қажеттілігі бар:

*дағдылар мен ресурстар;

*ұйымдық құрылым және жауапкершілік cферасын қоғам ішінде бөлу;

*корпоративтік мәдениет және ойлау сипаты;

*корпоративтік басқару;

*нұсқаулар мен нормативтер;

Информация о работе Ағымдағы жалға беру есебі