Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Отандық шағын бизнесінің дамуы 1992 – 1993 жж басталды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр. 1990 жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамасы болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылады. Кейбіреулер 10 немесе одан да жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшы қамтыған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады. Шағын бизнеске жатқызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатысына қарай, “шағын” деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай – ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, Ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Кәсіпкерлердің көпшілігінің жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады. Олардың жартысынан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай – ақ мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан техникалық көмек көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті деп саналды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69 пайызының жоғарғы білімі болған.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатырған бөлігі болып отыр. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында лайықты орын алды. Ең бастысы, кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне қарағанда үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында шағын бизнес субъектілерінің жалпы саны 483,4 мыңды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға көп. Қазіргі кезде осы субъектілерде1,2 млн-нан астам адам еңбек етеді. Олар өз отбасыларын асырап отыр, сенімді салық төлеушілер болып табылады. Қазіргі кезде шағын бизнес қана ел бюджетінің 11 пайызын қалыптастырады, ал оның ІЖӨ-дегі үлесі 17 пайызды құрайды. Бір жыл ішінде шағын бизнеспен айналысатын адамдар саны 28,5 пайызға өсіп отыр. Шағын кәсіпкерлік иелерінің бюджет қоржынын молайтуға қосқан үлестері де қомақты. Мысалы, өткен жылдың І жартысында тек осы сала өкілдері 43909 млн теңге салық төлеген болса, үстіміздегі жылдың осы мерзімінде оның көлемін 52783 млн теңгеге жеткізген. Яғни, 1 жыл ішінде салық төлемдерін 20,2 пайызға арттырған. Көз қуантатын бұл деректер уақыт өткен сайын елімізде шағын кәсіпкерлік күш алып келе жатырғанын білдіреді. Бұған шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің күшейтілуі, сондай – ақ нормативтік – құқықтық актілердің жетілдірілуі оң ықпал еткені анық. Шағын бизнес иелерінің басым бөлігі бұрынғысынша, сауда, автокөлік жөндеу және тұрмыстық қызмет көрсету салаларында көптеп шоғырланған. Мәселен, белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың 49 пайызы жоғарыда аталған салаларда жұмыс істесе, 12,4 пайызы өнеркәсіп саласында, ал 12,6 пайызы жылжымайтын мүлік операцияларын жүргізу, делдалдық қызмет көрсету т.б салаларда жұмыс істейді. Бұл шағын бизнес иелерінің сауда – саттық пен делдалдық қызмет көрсетуден арғыға батыл қадам жасай алмай отырғандығын көрсетеді.
Кейбір
дерек көздеріне қарағанда, шағын
және орта бизнесті қоса есептегенде,
экономикалық өсудің 25 тен 35 пайызға
дейінгі активтері мен
Әр нәрсені сылтау етіп, кәсіпкерлердің қаржы шаруашылық қызметін салық және құқық қорғау органдары жиі тексеретіні жасырын емес. Тіпті, тағы басқа мекемелердің қызметкерлері де мазалап, жұмысына кедергі келтіріп жатады. Кәсіпкерлер форумында Елбасы осыған байланысты биылғы жылдың басынан 9 ай мерзімге шағын бизнес нысандарының барлығына тексері жүргізуге мораторий жариялауды ұсынған болатын. Оның қорытындысы жақында жария етілді. Индустрия және сауда Министрлігі шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктен алынған мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері республиканың қадағалау және бақылау құқықтарына ие мемлекетттік органдар шағын кәсіпкерлік нысандарына тексерулер тағайындау туралы 84 мыңнан астам актіні тіркеген. Бұл өткен дылдың осы мерзімімен салыстырғанда 42 пайызға азайғанын көрсетеді. Әсіресе, Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында айтарлықтай төмендеп отыр.
Мораторий жарияланған 9 ай ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тіркелмей, шағын кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізген органдардың да аз болмағанын қорытынды құжаттар дәлелдейді. Әсіресе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары мен Алматы қаласында заңсыздық орын алған. Сондай – ақ тексеру жүргізуге құқықтары бар мемлекеттік органдардың барлығы мораторийді бұрмалауға жол бергендері өкінішті. Олардың көш басында ішкі істер органдары мен мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органдары тұр.
Шағын кәсіпкерлік нысандарын
тексеруге мораторий жариялау
кәсіпкерлерге тиімді болатыны
белгілі. Бірақ медальдың 2 жағы
болатынын кәсіпкерлер де
Сонымен
қатар, аталған мерзім ішінде алкогольдік
өнімдердің акцизінен бюджетке түскен
қаржы мөлшері бұрынғыға
Әлемнің өте қарқынды өзгерістер мен процестерде болғанын барша халық мойындайды. Қазақстан осы өзгерістерден тыс қалмауы үшін жаңашыл бетбұрыстарды тиімді қолдануы керек. Көп жылдардан кейін қол жеткізген тәуелсіздігін жоғары деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық негізге сай нығайтуы керек.
Өтпелі кезеңдегі және алдағы болатын қиындықтарды жеңіп өту, табысты және кедергісіз өтпелі кезең үшін жаңа саясат пен стратегияларды дамыту керек. Осы жаңа саясат пен стратегиялардың өзекті мәселесі ретінде шағын және орта кәсіпкерліктің кеңінен қолданылуы және дамытылу қарастырылады.
Қазіргі кезде барлық мекемелерде дерлік шағын кәсіпкерліктің жұмыс орындардағы, жалпы жұмыспен қамтудағы және өндірістегі алатын үлесімен қоса есептегенде оның экономикадағы орны қарқынды артуда.
Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролін, әсіресе, жұмыспен қамтуға қосқан үлесін төмендегі мысалдар арқылы нақты көрсетуге болады. Италияда жалпы жұмыспен қамту 80%; Англияда 76%; Жапонияда 73%; Францияда 69%; Германияда 64%: АҚШ – та 53% шағын кәсіпорындар тарапынан қамтамасыз етілуде.
Жоғарыда
атап өткен бұл көрсеткіштер дамыған
мемлекеттердегі жағдайларды
Бұл мақсат пен маңыздылықты Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары түсіне бастады. Барлық қиыншылыққа қарамастан алға қойылғанмақсаттардың дұрыс таңдалуы және осының негізінде құқықтық инфрақұрылымның қалыптасуы маңызды бір қадам болған. Бірақ қазіргі кезде бұл жеткіліксіз. Құрылымдық әрі с жүзінде туындаған көптеген мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуына кедергі келтіруде.
Қазіргі кезде Қазақстандағы ШОК – тың дамуына кедергі болатын мәселелерді қарастыратын болсақ, құрылымдық құрылымдық мәселелерді және осыдан тыс іс – тәжірибелерге байланысты заңсыздық пен немқұрайлылықты көруге болады.
Осы мәселелерді қарастырғанда1998 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бағыттауымен Үздіксіз Даму Ұлттық Кеңесі - әлеуметтік – экономикалық мәлімет және болжау институты және Қоғамдық ой – пікірді зерттеу орталығының ынтымақтастығымен жүзеге асырылған зерттеудің нәтижелерін пайдалануға болады.
Мұндай зерттеуде Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 643 шағын кәсіпкерлердің, секторлардың жағдайларына қатысты бағалаулары қолға алынып, мәселелері анықталған.
Мұның ішінде қаржыландыру мәселесі маңызды орын алады. Аталмыш зерттеуде сіздің немесе таныс кәсіпкерлер үшін қандай мәселелер маңызды? деген сұраққа берілген жауаптар ішінде несие табу қиындығы - 49,9% және несиенің қымбат болуы 55,1% мөлшері арқылы қаржыландыру мәселелерін нақты анықталды. Қазіргі қалыптасқан несие беру саясаты жағдайында шағын кәсіпкерлердің тиімді несиелер алуы қиындап отыр. Несие берілгеннің өзінде ол жоғары процентпен, қысқа мерзімге беріледі. Себебі, банктер шағын бизнес субъектілеріне сәтсіздік қаупі зор болғандықтан сенімсіздікпен қарайды.
Бұлардың ең маңыздысы – салық заңдарындағы ШОК – терді қолдауға бағытталған элементтердің болмауы және салық бақылауындағы заңсыздықтар.
Шағын
кәсіпкерлікке кедергі
Бұл
мәселе төңірегіндегі шағымдар кәсіпкердің
әртүрлі тексерулерден алшақ
өз қалаулары бойынша жұмыс
Жоғарыда айтылған тексеру жұмыстарында осындай заңсыз тексеру және пара алу, кәсіпорын ашуға және оны іске қосуға рұқсат алу туралы мәселелер, кәсіпкерлік тарапынан 64% мөлшерде маңызды мәселе ретінде көрсетілген.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын және ерекше түрде бағаландырылуы тиіс мәселелелердің келесісі кәсіпкерлердің білімдерінің жетіспеушілігі. Бұл кемшілік бір жағынан жұмыстарды жетілдіру тұрғысынан кедергі келтіруде, ал екінші жағынан құқтарын қорғау мәселеде өте әлсіз жағдайда қалуларына себеп болады.
Осыған қосымша ретінде кәсіпорын құру процедурасындағы маркетинг мәселелері, энергияның және инфрақұрылымның жетіспеушілігі сияқты мәселелер де ШОК – ң дамуына әсер етеді.
Аталған
проблемалардың барлығы Қазақстанда
ШОК-ң дамуына кедергі
Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып, жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: несие алу мүмкіндігінің шектеулілігі, шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы. шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі, несиенің қысқа мерзімде ғана берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы, несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы, білікті кадрлардың жетіспеуі т.б.
Қазақстан Республикасындағы
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие бері ісіне жеке сектордың араласуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықытық актілерді жетілдіру, сақтандыру жүйесін ұйымдастыру.
Бүгінгі
таңда шағын кәсіпкерлік
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы