Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Қысқартылған декларация бойынша бюджетпен есеп айырысудың артықшылықтары:
Тоқсан ішінде алынған жалпы табысқа салықты анықтауда ҚҚС сомасын азайтып, күрделі прогрессивті шкала қолданады: жеке кәсіпкерлерге – 3 деңгейлі, заңды тұлғаларға – 5 деңгейлі.
Қысқартылған декларация бойынша салықтарды есептеу салық төлеушімен тоқсан соңында есепті тоқсан ішінде алынған нақты табысына сәйкес ставкалар шкаласын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қысқартылған декларация бойынша салықтар ставкасының шкаласы табысқа байланысты жеке кәсіпкерлер үшін 4-тен 11% аралығында, заңды тұлғалар үшін 5-тен 13% аралығында ауытқиды. Салық ставкасы жұмысшылар табысынан табыс салығын алу принципі бойынша ұйымдастырылған.
Мысалы, заңды тұлғаның тоқсан ішіндегі табысы 3 500 000 тг-ні құраған кездегі салық сомасы:
Заңды тұлғаның табысы мен жалдамалық жұмысшылар саны өскен жағдайда, оны заңды тұлға ретінде қайта тіркелуге ынталандыру үшін, ставкалар шкаласының 3 деңгейінде заңды тұлғаларға салық салу ставкасы жеке кәсіпкермен салыстырғанда төмен болуы қарастырылған.
Мысалға, табыс 4 500 000 тг. болғанда ставкалар шкаласы бойынша анықталған салық сомасы:
Осы режимде
есеп жүргізетін салық төлеушілерге
салықты есептеудің оңайлатылған тәртібімен
қатар жұмысшылардың орташа санына
байланысты салықтарды төмендету бойынша
1,5 % көлемінде жеңілдіктер
Алайда, бұл шегерім есепті тоқсан қорытындысы бойынша жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы 3 есе минималды айлық еңбекақы мөлшерінен кем болмаған жағдайда жүргізіледі.
Мысалы, заңды тұлғаның тоқсандық табысы 3 500,0 тг., шкала бойынша салық сомасы 220,0 тг. құрады. Жеке кәсіпкер 4 жұмысшылардың еңбегін пайдаланды және олардың орташа айлық еңбекақысы 3 есе минималды еңбекақыдан кем емес соманы құрады. Осы жағдайда шегерім сомасы келесідей: 220,0тг*4 адам*1,5%=13,2 мың тг.
Осыған орай бюджетке төленетін сома:
220,0тг. – 13,2 мың тг. = 206,8 мың тг., бұл табыстың 5,9%-ын құрайды. Есептелген сома бюджетке жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде тең бөлікте төленеді. Келтірілген мысал бойынша:
103,4 мың тг. жеке табыс салық түрінде
103,4 мың тг. әлеуметтік салық түрінде
Сонымен қатар, жеке табыс салық түріндегі 103,4 мың тг. жеке кәсіпкердің өзі үшін жеке табысқа салық сомасы болып табылады. Сондықтан да, жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшыларға есептелген еңбекақыдан жалпы белгіленген тәртіпте төлем көзінен жеке табысқа салықты ұстап қалуы тиіс.
Ал, әлеуметтік салық түріндегі 103,4 мың тг. жеке кәсіпкер мен оның жалдамалы жұмысшылары үшін әлеуметтік салық сомасы болып табылады.
Жұмысшылардың санына байланысты салықтық шегерімдер кәсіпкерлердің нақты табысы мен жұмысшылар санын легализациялауын ынталандыруға бағытталған. Өйткені, табыс пен жұмысшылар саны артқан сайын салықтарды төлегеннен кейінгі шағын бизнес субъектілерінің иелігінде қалатын сома да артады.
Мысалы:
Сонымен қатар, жұмысшылар санына байланысты шегерімді есепке алғандағы салықтық ауыртпалықтың максималды деңгейі табысқа %-бен есептегенде жеке кәсіпкерлер үшін - 5,7, заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілері үшін - 6%.
Салық Кодексінде абыс және жұмысшылар саны белгіленген шекті мөлшерден асып кеткен жағдайда салықтарды есептеудің тәртібін реттейтін нормалар қарастырылған. Бұл нормалар бойынша табыс және жұмысшылар саны шарттарға сәйкес келмесе, кәсіпкер салық салудың жалпы белгіленген тәртібіне көшуге міндетті.
Сонымен қатар оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеген кезде:
АСР-де салық есептілігі болып:
Салық төлеушілер салық есептілігін:
Қысқартылған декларация әрбір тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей тапсырылады. Есептелген салық сомасы тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей бюджетке төленеді.
Патент алуға өтініш беру және патент бойынша салықтарды төлеу кәсіпкерлік іс-әрекет басталғанға дейін жүргізіледі.
Шағын бизнес субъектілері үшін АСР-ді қолданудың тағы бір ерекшелігі – кәсіпкердің ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге тұруын реттейтін Салық Кодексінің ережелерімен байланысты.
Салық Кодексіне сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде айналымы 10 000 АЕК-нен кем емес салық төлеушілер тіркелуге тиісті. Осыған байланысты ҚҚС бойынша есепке тұрудың еріктілік принципі әрекет етеді. Басқаша айтқанда, кәсіпкер ҚҚС төлеуші болу-болмауды өз еркімен шешеді. Шағын бизнес субъектілері үшін табыстың шекті көлеміне байланысты кәсіпкерлердің көп бөлігі ҚҚС төлеуші болып табылмайды.
Егер жеке кәсіпкер (акциздік тауарларды сатушылардан басқа) бюджетпен есеп айырысуды бір жолғы талон немесе патент негізінде жүргізетін болса, онда ол фискальды жады бар бақылау-кассалық машинаны қолданудан босатылады.
Сонымен қатар фискальды жады бар бақылау-кассалық машинаны қолданудан мемлекеттік тіркеуге тұрғаннан 6 ай уақыт өтпеген жеке кәсіпкерлер де босатылады.
Осы дипломдық жұмыста қарастырылып отырған «Нил» ЖШС-нің қызмет ету шарттары мен ұйымдық-құқықтық формасы бойынша шағын бизнес субъектісі болып табылады. Сондықтан да бұл заңды тұлға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуын қысқартылған декларация негізінде жүзеге асырады. «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларацияны пайдалану тәртібімен танысу алдында тағы да Салық Кодексіндегі шағын бизнес субъектілері үшін АСР-дің бұрынғы салық заңдылығында қарастырылған қысқартылған салықтық режимнен негізгі айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атап өткен жөн болар еді.
Сонымен, жеке кәсіпкерлерге салық салу бойынша салыстыру.
2.7-кесте
«Салықтар
және бюджетке төленетін басқа да
Заң (қысқартылған салықтық режим).
Шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғаларға салық салу. (салыстыру)
2.8-кесте
«Салықтар
және бюджетке төленетін басқа да
Заң (қысқартылған салықтық режим).
Жоғарыдағы кестелер салық заңдылығында енгізілген өзгерістерді айқын бейнелейді. Салық Кодексімен қарастырылған АСР-дің басты ерекшелігі – салықты есептеу мен төлеу тәртібінің оңайлатылуы және шағын бизнес субъектілерін анықтаудың қарапайымдылығы. Сонымен қатар, шығындар есебін жүргізудің қажетсіздігі осы режимнің тағы бір артықшылығы болып табылады.
Енді, қарастырылып отырған «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларация негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібімен нақтырақ танысайық. Ол үшін, ең алдымен «Нил» ЖШС-нің шағын бизнес субъектісі ретіндегі статусын айқындайтын мәліметтерді қарастыру керек:
І-ден, «Нил» ЖШС-нің жұмысшылар саны 14 адам, яғни 15-тен аспайды .
ІІ-ден, қызмет түрі толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне АСР-ді қолдануға рұқсат етілетін лицензияланатын қызмет.
ІІІ-денғ тоқсандық табысы 4,5 млн. тг-ден аспайды.
Осы аталған мәліметтер негізінде «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларацияны пайдалану құқығына ие болады.
«Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларацияны пайдалану тәртібін кәсіпкердің 2009 жылдың есепті үшінші тоқсаны бойынша бюджетпен есеп айырысуы негізінде қарастырайық:
2.9-кесте
2009 жылдың
ІІІ тоқсандағы «Нил»
ЖШС-нің жалпы
табысы
2009 жыл | Тоқсандық табыстың І бөлігі (теңге) | Тоқсандық табыстың ІІ бөлігі (теңге) | Жалпы тоқсандық табыс |
ІІІ тоқсан | 1 200 000
(10 000*120 адам) |
600 000
(10 000*60 адам) |
1 800 000 |
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы