Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.

Работа состоит из  1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать документ)

 Бұл көрсеткіштер  әр түрлі құжаттар негізінен алынды. Төмендегі кестеде кәсіпорынның  қаржылық –экономикалық жағдайына әсер ететін факторлардың  2008-2010 жылдар  аралығындағы қозғалысы көрсетілген.                                                                                   

 2.1- кесте

 «Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы көлемі

 Көрсеткіштер  2008жыл

 мың теңге

 2009жыл

 мың теңге

 2010жыл

 мың теңге

 
2010жылды 2008жылмен салыстырғандағы

 айырмашылық

 (+;-)

 Жалпы өнім көлемі  125755,6  177500,5  157209,5  +31453,9
 Негізгі қорлардың құны,мың теңге  25985,4  23664,0  21342,4  - 4643
 Шығын көлемі  122536,0  174633,2  154087,0  +31551
 

 Жоғарыдағы  кестеден кәсіпорынның 2008-2010 жыл ішіндегі жалпы түскен табысы мен қандай көлемде шығындар кеткенін көруге болады. 2010 жылы  қызмет көрсетуден түскен табыс жыл сайын өсіп  2008 жылмен салыстырғанда 31453,9 мың теңгені құрады, негізгі қорлардың құны 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда -4643 мың теңгеге азайған,  шығын көлемі табыстың өсуіне байланысты 31551 мың теңгеге өскен.Бұл өзгерістер  негізінен қызметтің орындалу көлемінің өсуіне байланысты. Кәсіпорынның табысы жеке қызметтерінен түсетін  кіріс есебінен  қаматамасыз етіледі. 

 2.2 «Нил» ЖШС-нің қаржы жұмысын талдау 

         Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржы нарығы қатысушыларымен тығыз байланысты. Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, олардың табыстарының және тұтынуға бөліп жұмсаумен байланысты.

 Қаржы – бұл ақша қатынастары. Қаржы  ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын  және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің  қорын, мемлекеттің өндірістен тыс  сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді.

 Кәсіпорынның  бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары  есебінен құрылады. Ал салымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірістік қорлар, бағалы қағаздар, мүліктік құқ, сонымен бірге белгілі бір  сома ақша болуы қажет. Бастапқы капиталдың жасақталу әдісі коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқтық нысанына байланысты. Сонымен бастапқы капитал өндірісті қаржыландыруға жұмсалады. Өндіріс жағдайының қорытындысында белгілі бір жұмыс көлемі және қызметтер жасалады, белгілі мөлшерде құн жасақталады, ал ол сатылатын тауарлар бағасы арқылы көрініс береді. Сатудан, істелген жұмыстар мен қызметтерден түскен түсімдер кәсіпорынның банктегі есеп айырысу немесе валюта шотына түседі. Банкіге түскен ақша кәсіпорынның бережақтарына төленеді, белгіленген уақыт мерзіміне байланысты жалақы төлеуге, бюджет сыртындағы әлеуметтік қорларға, кейбір салықтарды төлеуге жұмсалады. Сонымен өнім өндіруге кеткен, оның өзіндік құнына шыққан шығындар қайтарылады. Түскен ақшалай түсімнен пайдаға салықтың авансы, қалған салықтар төленеді, өнімнің өзіндік құнына кірмейтін, бірақ қаржы жоспарында қаралған шығындар төленеді.

 Қорытып айтқанда, сатудан түскен түсім –  ол негізінен шыққан шығындарды қайтару. Егер түскен түсімнен шығындарды салықтық төлемдерді қайтарғанда қалатын ақша болса, ол таза пайда болады. Кәсіпкердің басты мақсаты  пайда табу. Шаруашылық және инвестициялық істерге кәсіпорынның өзінің қаржы ресурстарын пайдалану. Таза пайда мен амортизациялық қайтарым – кәсіпорынның өзінің қаржы ресурсының көзі. Амортизациялық қайтарымдар – бұл негізгі қордың пайдаланылған, яғни тозған құны. Ол техника тозғанда орнына басқа техника алуға жұмсалуы керек. Ол ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді. Амортизациялық қайтарымдар жалпы ақша тасқынында болады, сондықтан оны жұмсап қою кәсіпорынның болашағына үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Амортизациялық қайтарымдар өнімнің өзіндік құнына кіреді, ол тауар сатылғанда қайтарылады және оған салық салынбайды, түгелдей кәсіпорынның есебінде қалады. Пайданың амортизациядан айырмашылығы оған салық салынады, салық төлемінен қалған пайда қор жинау – бұл кәсіпорынның мүлкін көбейту үшін, ал тұтыну – акционерлерге дивиденд төлеуге, облигацияның, қарыздардың пайызын төлеуге кетеді. Ішкі өз қаражаттарына қосымша жарналар, серіктестерге қатынасушылардың қосымша капиталы, қосымша акция шығарып сатудан түсетін түсімдер.

 Қаржылық  жұмыстың негізгі мақсаты – ұдайы  өндірістің мүдделері үшін қажет  қаржылық ресурстармен кәсіпорынды  қамтамасыз ету, бюджет, банктер алдындағы  қаржылық міндеттемелерді орындау.

 Қаржылық  жұмыс келесі негізгі бөлімдерден  тұрады:

 - қаржылық  жоспарлау – бұл жерде тұтыну, кіріс түсіру жоспарын құру, оларды  бөлу, қаржылық жоспардың нақты  құрылуы (кварталдық, айлық), тапсырмалар  және олардың орындалуын тексеру  есебі  сияқты құжаттарды жасақтау;

 - жабдықтаушылармен  есептесу – бұл жерде жабдықтаушылардың  тұрған орны, кәсіпорынның банктегі  құжатталуы (шот-фактура, накладнойлар  және т.б.), қабылдау және жеткізу  (көлік, жүк тиеу-түсіру құжаттары), төлеу (материалдық тапсырмаларды аккредитивтер және т.б.) және келісімшарттардың орындалуын тексеру, талап қою есебі мәлімдемелерді құрастыру құжаттары толтырылады;

 - сатып  алушылармен есептесу, соның ішінде  өнімді өткізу бойынша құжаттың  дайындалуы және сол үшін есептесуі,  өткізілген өнімнің сапасын, бағасын, уақытылы төленуін, өткізу бойынша шығындардың орны толтырылуын және талап қоюын тексереді;

 - қаржылық  органдармен есептесу: салық, бюджеттік  төлемдердің есебін құрастру;

 - айналым  құжаттары: меншікті айналым қаражат  мөлшері есебі, жоспарлы қаржы бөлу және оларды жабу көздері есебі құрылады, айналым қаражатты тиімді пайдалану және айналымын түзету бойынша шаралар жасалады, оларды пайдалануды тексеру жүзеге асырылады;

 - қорлардың,  қаржылардың құрылуы және қолданылуы;

 - кассалық  операциялар – банктен ақшаны қолма-қол алу үшін мәлімдемені дайындау, қолма-қол ақшаның түсуі және беруі бойынша кассалық операцияларды дайындау, кассалық операциялардың сақталуын тексеру.

      Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, сонымен баланс шаруашылықтың жағдайын ақшалай бағалау ретінде береді.

 Баланс-белгілі  бір мерзімде жобаны іске асырып отырған  кәсіпорынның қаржылық жағдай қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді.

 Баланс екі  жақтан тұрады:

  1. актив (сол бөлігі )
  2. пассив (оң бөлігі)

 Олардың қосынды  мәндері үнемі өзара тең болуы  тиіс.Активтер –бұл құндық бағасы бар, кәсіпорынның мүлкі, мүліктік құқығы болып  табылады. Яғни кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді.Пассивтер- басқа біреуге тиісті  нәрсе, яғни кәсіпорынның қарызды дегенді білдіреді.

 Актив пен пассивтің тең болуы баланстың  маңызды сыртқы белгісі. Бухгалтерлік балансты тікелей меншіктегі әртүрлі  мүліктік құралдар тобы (материалдық құндылықтар) және осы құндылыққа құқ, шаруашылық субъектілері еркімен құрылған капитал ретінде көрінеді. Баланстың пассиві – бұл, біріншіден, кәсіпорынның шаруашылық ісіне қандай мөлшерде құралдар салынғанын көрсетеді, екіншіден, кім қандай нысанда кәсіпорынның мүлкін жасақтауға қатынасқанын бейнелейді.

 Баланс  пассиві алынған байлық үшін міндеттеме ретінде немесе кәсіпорынның ресурстарды (активтерді) алғаны үшін міндеттеме ретінде  анықталады.                                                                                                  

 Міндеттемелерді топтау екіге бөлінеді: бірі – шаруашылықтың  меншік иелерінің алдындағы міндеттеме, басқалары – үшінші адамдар (кредиторлар, банктер т.б.) алдында. Бұл бөлінудің  маңызы мынада: біріншісі тұрақты  оны өтеудің керегі жоқ, ал қарызға алынған құралдар мерзімді уақытта қайтарылуы керек.

 «Нил» ЖШС-гі өзінің есеп жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланады. Сонымен бірге «Нил» ЖШС-де қабылданған есеп саясаты қолданылады. Кәсіпорында журналды – ордерлі форма қолданылады. Оларға жазу алғашқы құжаттар, есеп регистрлерінен түсіріледі.

 Төмендегі кестеден «Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы ақша құралдарының қозғалысын көре аламыз                                  

 Бұл кестеден көріп отырғанымыздай  өнімді сатудан түскен түсімдер 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда   9985 мың теңгеге өскен.Осыған байланысты шығын көлемі де  26544,1 мың теңгеге өскен.Соның ішінде жабдықтаушыларға төлемдер   25866,7 мың теңгеге,  еңбекақы төлемдері 216 мың теңгеге, Салықтық төлемдер 16,5 мың теңгеге,  бюджетке басқалай төлемдер  558,9 мың теңгеге өскен. 
 
 
 
 
 
 
 

  

 2.2- кесте

 «Нил» ЖШС-нің 2008-2010 жылдардағы ақша қаражаттарының   қозғалысына сипаттама

 Көрсеткіштер 2008жыл

мың теңге

2009жыл

мың теңге

2010жыл

мың теңге

2010-2008ж.ж.

(+;-)

айырмашылық

1  Өнімді сатудан  түскен түсімдер

 барлығы,соның  ішінде:

 -өнімді  сатудан түскен ақшалай түсімдер;

 -басқалай  түсімдер

 
 
 
 171249,3 
 

 171249,3

       -

 
 
 
 247161,9 
 

 247161,9

    -

 
 
 
 181234,3 
 

 181234,3

    -

 
 
 
 +9985 
 

 +9985

 
2  Ақшалай шығындар,барлығы  соның ішінде:

-жабдықтаушылар төлемдер;

 -төленген  аванстар;

 -еңбекақы  төлемдері;

 -Салықтық  төлемдер;

 -бюджетке  басқалай төлемдер;

 -басқалай төлемдер

 
 
 160730,3 

 159914,8 

 - 

 324,0 

 51,3

  

  326,2 

 165,2

 
 
 239513,8 

 238540,7 

 - 

 360,0 

 47,7 

 565,4

     -

    

 
 
 187274,4 

 185781,5 

 - 

 540,0 

 67,8 

 885,1

    - 

 
 
 +26544,1 

 +25866,7 

 - 

 +216 

 +16,5 

 +558,9

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы