Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.

Работа состоит из  1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать документ)
 
 

            Сонымен, «Нил» ЖШС-нің тоқсандық табысы  - 1 800 000 тг. Қысқартылған декларация шеңберінде анықталған табысқа шкала бойынша салық ставкасы қолданады. Сондықтан:

  • алғашқы 1 500 000 тг-ден – 60 000 тг. (1,5 млн*4%= 60 000)
  • 1,5 млн-нан асқан соманың 7%-ы + 60 000 тг. = (300 000*7%) + 60 000 = 21 + 60 000 = 71 000 тг.

Есептелген  салық сомасы – 71 000 тг.

Өзіміз  білетіндей, АСР-де есеп жүргізетін салық  төлеушілер үшін жұмысшылардың орташа санына байланысты салық ауыртпалығын төмендету бойынша 1,5%-ы жеңілдіктер  әрекет етеді. Сондықтан «Нил» ЖШС-нің қысқартылған декларация бойынша есептелген салық сомасына келесідей шегерім жасалады:

71 000 тг. * 4 адам * 1,5%  4260 тг.

Осыған  орай бюджетке төленетін салық сомасы:

71 000 тг. – 4260 тг. = 66 740 тг., бұл табыстың 3,7%-н құрайды. Осы анықталған сома бюджетке жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде тең бөлікте төленеді, яғни

33 370 тг. жеке табыс салығы,

33 370 тг. әлеуметтік салық түрінде. 
 
 
 
 
 
 

3 «Нил» ЖШС-нің  салық салу тәртібі және оларды  жетілдіру жолдары

 3.1. «Нил» ЖШС-нде қысқартылған декларацияға жатпайтын қызметтері бойынша бюджетпен есеп айырысу тәртібі 

          Қазақстанда шағын  және орта бизнестің дамуына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының  «Салықтар және бюджетке төленуге тиісті басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде шағын және орта  кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу процедурасын оңайлатуға бағытталған біршама шаралар қарастырылған.

      Жекелеген салықтарды төлеу мен есептеудің ерекше тәртібін қолдану және олар бойынша салық есептілігін жүргізуге  қатысты Салық Кодексінің негізгі ережелер 15 «Арнаулы салық режимдері» бөлімінің 63 «Жалпы ережелер» және 64 «Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі» тармақтарында біріктірілген.

      Сонымен қатар, бұл бөлімде арнаулы салық  режиміді қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері – заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық, ал жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша оңайлатылған қарастырылған.

      Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің  жекелеген санаттары үшін  белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеумен  төлеудің  және жер участкелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудін, содай-ақ олар бойынша салық есептідігін берудің онайластылған тәртібін колдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Ауыл  шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар  бюджетпен есеп айырысуда шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық  режимінде жүзеге асыра алады.

Базарларда  тауар сату бойынша  бюджетпен  есеп айырысу, кәсіпкерлік қызметтің  жекелеген түрлерінен басқа, біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен  есеп айырысуды жүзеге асыратын  тұлғаларға шағын бизнес субъектілеріне және шаруа қожалықтарына арналған ережелер колданылмайда.

Кәсіпкерлік қызметтін жекелеген түрлері  бойынша айналысатын тұлғалар бюджетпен  есеп айырысуды кәсіпкерлік қызметтің  жекелеген түріне арналған арнаулы  салық режимінде ғана жүзеге асырады.

Арнаулы салық режимін  қолданылатындар, оның ішінде біржолғы талон, патент және оңайлатылған декларация негізіндегі  талаптарға сай келетін  жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар шағын бизнес субъектілері деп аталады

      ҚР-ның  «Шағын кәсіпкерлікте мемлекеттік  қолдау туралы» Заңына сәйкес шағын  кәсіпкерлік субъектілері  болып заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлі іс-әрекетпен айналысатын жеке тұлғалар мен жұмысшыларының ортажылдық саны 50 адамнан аспайтын және жыл ішіндегі активтер құны

60 000 АЕК-нен аспайтын заңды тұлғалар табылады.

      Салық Кодексінде «Шағын бизнес субъектілері» термині қолданылады және осы терминге сәйкес табыс, жұмысшылар саны және іс-әрекет түрі бойынша шектеулер бекітіледі.

      Арнаулы салық режимі  шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен  ұсталатын  салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпарациялық немесе жеке табыс салығын есептеумен төлеудің оңайлатынған тәртібін белгілейді.

Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін (жалдамалы жұмысшылар еңбекақысынан  ұсталынатын табыс салығы мен  салық ауыртпалығын төмендетуге  бағытталған жеңілдік ставкалары және басқа механизмдерді есепке алмағанда) әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салықтарын есептеу мен төлеудің және олар бойынша салық есептілігінің оңайлатылған тәртібін бекітеді.

Әлеуметтік  салық және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің онайлатынған тәртібі салық салу объектісіне патент және оңайлатылған декларация негізіндегі ставкаларын қолдану жолымен жүргізіледі.

Төлем көзінен салық ұстағанын растайтың  құжаттар және біржолғы талон болған кезде, бұрын салық  салынған  табыстарды қоспағанда, Казақстан Республиканың аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынғане таьыстардың барлық түллерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс салық салу объектісң болып табылады.

Жеке  кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатан есептілік  бланктерді болып табылады  және  ақша  алынбай бермейді. Олары басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Жеке  кәсіпкердің мүлікті жалға беруден  түскен табыстарын қоспағанда, төлем  көзінен салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстарды салық салу объектісі  болып табылмайды.

Арнаулы салық режимдері қолданатың тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі  болып оның функцияларының бір бөлігін  орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары  жабдықталған аумақтық оқшауларын бөлімше танылады. Егер жұмыс орыны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

Арнаулы салық режимін қолданатын шағын  бизнес субъектілері  кәсіпкерлік қызметін қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтылғымен айқындалады.

Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып  табылатын шағын бизнес субъектілері үшін салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайда.

Шағын бизнес субъектілері  салықтарды есептеумен төлеудін, сондай-ақ олар бойынша салық  есептелігін тапсырудың төменде  аталған тәртіптерірінің біреуін  ғана дербес таңдауға құқылы:

  1. жалпыға бірдей белгіленген  тәртіп;
  2. бiржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
  3. патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
  4. оңайлатылған декларация  негізіндегі арнаулы салық режимі.

Бұл талап базарларда  тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды.

      Салықтарды  есептеу мен төлеудің жалпыға  бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан  кезде жалпыға бірдей белгіленген  тәртіп екі жыл  қолданылғаннан кейін  ғана  арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар:

  1. шағын бизнес субъектiлерiне;
  2. шаруа (фермер) қожалықтарына;
  3. ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;
  4. кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi. 

Келесідей қызмет түрлерімен айналысатын заңды  тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер шағын бизнес субъектілері болып табылмайды және арнаулы салық режимды қолдану құқығына ие бола алмайды:

  1. акциздік тауар өндірісі;
  2. кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;
  3. мұнай өнімдерін сату;
  4. шыны ыдыстарын жинау және қабылдау;
  5. жер қойнауын пайдалану;
  6. лицензияланатын қызметтер, мыналардан басқа:
  • медициналық, дәрігерлік мал дәрігерлік қызмет;
  • тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен
  • жабдықтау жөніндегі өндіру, жөңдеу және құрылыс жұмыстары;
  • күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
  • өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтардыжәне өрттен қорғау құралдарын өндіруді және сатуды;
  • жолаушылар лифтілерін монтаждау, жөңдеу және оларға қызмет көрсету жұмыстары;
  • дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын дайындауды, өндіруді, ұқсатуды және көтерме саудада сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлері;

- халықаралық  жолаушылар мен жүк автомобиль көлігімен

тасымалдау;

- емдік  препараттарын дайындау және  сату;

- жобалау-іздестіру,  сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын,

құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын

өндіру  жөніндегі жұмыстарын;

- алкоголь  өнімдерін бөлшек саудада сатуды қоспағанда,

лицензияланатын қызметтер.

  Басқаша айтқанда, лицензияланатын қызметтердің аталған түрлерімен айналысатын тұлғалар АСР-ді қолдана алады.

Сонымен қатар, келесі тұлғалар АСР-ді қолдана  алайды:

  • филиалдары, өкілеттіктері бар заңды тұлғалар;
  • филиалдар мен өкілеттіктер;
  • заңды тұлғаның сабақтас мекемелері мен тәуелді АҚ-дар.

Мысалы, заңды тұлға табысы, жұмысшылар саны және қызмет түрі бойынша АСР шартына  сай келеді, алайда оның филиалы  бар. Бұл жағдайда заңды тұлға  да, оның филиалы да АСР-ді қолдану құқығы жоқ. АСР-ді немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін таңдауды кәсіпкер өз бетінше жүргізеді.

Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің көптігіне байланысты АСР шеңберінде бюджетпен есеп-айырысудың 3 тәсілі ұсынылады:

  • егер кәсіпкерлік қызмет маусымдық сипатта болса, онда жеке кәсіпкерлер бір жолғы талон негізінде жұмыс істеуге құқылы;
  • егер кәсіпкер табысы аз болып және ол өз қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүргізетін болса, онда ол бюджетпен патент негізінде есеп айырысуға құқылы;
  • егерде кәсіпкер жалдамалы еңбекті тарту арқылы жоспарлы бизнеспен айналысатын болса, онда ол бюджетпен есеп айырысуды салық органына тапсырылған қысқартылған декларация негізінде жүргізеді.

Осы аталған әдістер аясындағы салық  салу механизмінің формалары жеке кәсіпкердің  салықтық білімділігін арттыруға және ол үлкен кәсіпорынға айналған кезде салық салудың жалпы белгіленген тәртібіне қиындықсыз, қиналмай көшуіне мүмкіндік береді.

   Біржолгы талон - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын қужат.

Біржолгы  талон негізіндегі арнаулы салық  режимін қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар қолданады.

Салық агенттерiмен жасалатын шарттар  негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы