Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа
Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.
Серіктестік заңдармен тиым салынбаған (жарғыда көрсетілгендерден басқа) басқа да қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.
Арнайы рұқсат талап етілетін жекелеген қызмет түрлерімен Серіктестік заңдармен белгіленген тәртіпте берілген рұқсаттың негізінде айналысады.
Лицензияны қолдану жағдайлары Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-техникалық келісімдерінің болуы мен сақталуы міндетті.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуді өткен сәттен бастап заңды тұлғаның құқықтарын иеленді. Серіктестіктің өзінде мөрі, дербес балансы, банкілерде есепшоттары, өз атауымен бланкілері бар. Қызметінің мақсатына жету үшін Серіктестік өзінің атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелікке алуға, жауапты болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдарын және өкілдіктерін ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (қоғамдарға) кіруге және өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы. Серіктестік өзінің міндеттемелрі бойынша өзінің қарауындағы барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет Серіктестіктің қарыздары үшін жауап бермейді. Серіктестік өзінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қолданылатын заңдармен көзделген жағдайларды қоспағанда. Серіктестіктің қатысушылары Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауап бермейді және Серіктестіктің қызметіне байланысты оның шығындарына өзінің қосқан салымдарының құны мөлшерінде тәуекел етеді. Серіктестік қолданылатын заңдарға сәйкес облигацияларды шығаруға құқылы.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болады. Ол Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерін атқара алады. Тізімі заң актілермен белгіленген кейбір қызмет түрлерімен Серіктестік лицензия негізінде шұғылдана алады.
Серіктестік қатысушылары төмендегідей құқықтарға иеленеді:
- осы
жарғымен және ҚР «Жауапкершілігі
шектеулі және қосымша
- Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның құжаттамаларымен танысуға;
- Серіктестіктің қызметінен табыс табуға;
- Серіктестік
таратылған жағдайда несие
- өзінің
үлесін иесіздендіру арқылы
Серіктестіктің қатысушылары міндетті:
- құрылтай
құжаттарының талаптарын
- салымдарды
құрылтай құжаттарында
- Серіктестікпен
коммерциялық құпия деп
Серіктестіктің қатысушылары заңдармен және құрылтай шартымен көзделген басқа да құқықтарды иелене алады.
Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін мынадай мөлшерде жарғылық капитал жаңадан толықтырылған 30 432400 (отыз миллион төрт жүз отыз екі мың төрт жүз теңге). Жарғылық капиталы 21 620 улеске әрбірінің құны 1 407,60 теңгеден бөлінген Серіктестікті қайта тірекеу сәтіне жарғылық капитал толығымен құралды. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану және интеллектуалды қызмет нәтижелерін пайдалану құқықтары және тағы да басқа мүлік жатады. Салымарды жеке мүліктік емес құқықтар және басқа заттық емес құндар түрінде салуға болмайды. Серіктестікті қайта тіркеу сәтіне жарғылық капитал толығымен құралды. Қатысушылардың Серіктестік мүлкіндегі үлесі жарғылық капиталға салған салымдары мөлшеріне пропорционалды болады және процент түрінде көрсетіледі. Серіктестіктің мүлкі қатысушылардың жарғылық капиталға салған алғашқы салымдарынан, қосымша салымдардан, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардан, сондай-ақ заемдық қаражат және белгіленген тәртіп бойынша Серіктестікпен иеленген немесе алынған басқа да мүліктен құралады. Қатысушылардың шешімі бойынша Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгере алынады. Серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі қатысушылардың пропорционалды салған қосымша салымдары арқылы, Серіктестіктің меншік капиталы, нақты құны баланс құнынан асатын таза активтерді қайта бағалау, басқа қатысушылардың келісімі бойынша бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарды салу, Серіктестіктің құрамына жаңадан қатысушыларды қабылдау арқылы атқарыла алынады. Серіктестіктің жарғылық капиталының кемуі Серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдары мөлшерінің пропорционалды түрде кемуі арқылы немесе кейбір қатысушылардың үлестерін толығымен немесе жартылай өтеу арқылы орын алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы заңмен белгіленген мемлекеттік тіркелуді өту үстіндегі минималды мөлшерден төмен бола алмайды.
Серіктестіктің ең жоғарғы органы қатысушылардың Жалпы жиналысы болады. Серіктестік қатысушыларының Жалпы жиналысының айрықша құзырына жатады:
Серіктестіктің жалпы жиналысы Серіктестіктің қызметіне байланысты кез-келген мәселені қарауға құқылы. Қатысушылардың Жалпы жиналысында есеп беретін және оның шешімдерін орындайтын алқалы атқару органына Директор атқарушы орган болып табылады. Директор Жалпы жиналыспен тағайындалады. Директорда құрылтайшылар тағайындаған жағдайда еңбек қарым-қатынастары еңбек туралы заңмен реттеледі. Серіктестік
Серіктестік
Қазақстан Республикасында
Серіктестіктің бір жылдық жұмысының нәтижелерінен алынған таза табыс Серіктестік қатысушыларының қаржылық есеп беруді бекітуге арналған кезекті Жалпы жиналысының шешімімен бөлінеді. Жалпы жиналыс Серіктестік қатысушыларының арасында бөлуден таза табысты немесе оның бөлігін алып тастау туралы шешімді қабылдауға құқылы. Серіктестікте болуы мүмкін шығындар резервтік қор арқылы, егер ол Серіктестікте құрылса, ондажабылады. Резервтік қордың қаражаты жетпесе немесе резервтік қор құрылмаса, шығындарды жабатын кіріс көздері туралы шешім қатысушылардың Жалпы жиналысымен қабылданады. Серіктестіктің қай-бір қатысушысын таза табысты бөлуде қатысудан шеттететін келісімдер жарамсыз болады.
Директор жұмысшыларды жеке еңбек туралы шарттар бойынша жалдауға атқаруға құқылы. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қызметкерлеріне беруді кепілдейді. Әрбір қызметкердің жалақысы максималды мөлшермен шектелмейді және бекітілген ережелер бойынша оларға салық салынады. Мемлекеттік тарифтерді біліктілігі бірдей жұмыскерлер мен мамандардың еңбекақысының минималды төлемақы ретінде кепіл ете қарастыра отырып, Серіктестіктің өзі еңбекақыны төлеу үлгілерін және жүйесін белгілейді, жеке еңбек шарттарында тарифтік ставкалардың және жалақының мөлшерлерін көздейді. Серіктестіктің қызметкерлері міндетті түрдегі әдеуметтік сақтандыруға жатады. Серіктестік барлық қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді, денсаулықтарына және жұмыскерліктеріне әкелген залал үшін заңдармен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілік атқарады.
Серіктестіктің қызметін тоқтату, оны тарату немесе қайта құру арқылы Жалпы жиналыстың немесе соттың шешімі бойынша атқарылады. Серіктестік өзінің қызметін келесі негіздемелер бойынша тоқтатады:
Серіктестікті қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, жағарту) заңдармен көзделген тәртіп бойынша жүргізіледі. Серіктестікті тарату қатысушымен немесе сотпен тағайындалған таратушы комиссия өткізеді. Таратушы комиссия тағайындалғаннан бастап оған Серіктестіктің істерін басқару бойынша өкілеттіктер тапсырылады. Тарату қолданылатын заңдармен көзделген тәртіп бойынша атқарылады. Тарату өткізілді, Серіктестік өз қызметін тоқтатты деп бұл туралы жазбаны заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне енгізгеннен бастап саналады.
Директордың өкілеттігі:
«Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өндірістік техникалық бөлімнің негізгі қызметі өндірістік жоспар жасау болып табылады. Өндірістік жоспар (өндірістік бағдарлама) дегеніміз – ұйымдағы және оның бөлімшелеріндегі құрылыстық монтаждық жоспарлаудың негізгі, әрі маңызды түрі, яғни осының негізінде Серіктестіктің өндірістік техникалық дамуы, еңбек және еңбекақы, материалдық техникалық жабдықталуы, өзіңдік құны, табыс және ұйымның әлеуметтік дамуы көрінеді және құрылыстық монтаждық басқарудың өндірістік-экономикалық жоспары ретінде пайдаланады. Құрылыстық монтаждық басқарудың өндірістік жоспары талданғаннан кейін учаскелер және бригадалар қызметтерінің нақты көрсеткіштерінің мәні анықталады. Жоспарлауда әртүрлі масштабтағы өндіріс алатын, әртүрлі мерзімге есептелген жоспар жүйесі болады.
Бухгалтерия бөлімі белгіленген мерзімде, анықталған мөлшерде салық органдарына салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттарды ашу жөніндегі құжаттарды тапсыру арқылы бюджетпен есеп айырысу қызметін орындайды.
Қаржы бөлімі.
Кәсіпорынның қаржы жұмысынның негізгі бөлімдері мыналар:
1.Қаржылық
жоспарлау. Бұл жерде қаржылық
жоспардың баланстық жоспары,
кіріс пен шығыс жоспары, ақша
қозғалысы жоспары сияқты
2.Жабдықтаушылармен есеп айырысу. Бүл жерде жабдықтаушылармен келісім шарт жасалып, олармен есеп айырысуды жүргізу барысында қажетті құжаттар толтырылады.
3.
Қаржы органдармен есептесу. Бұл
жерде бюджетпен есеп айырысу
бойынша, сақтандыру
4.Айналым
қаражаттары. Бұл жерде
5.Несиелендіру.
Мұнда несиені алу және
6.Кассалық
операциялар. Кәсіпорындағы
Сонымен қатар “ Нил ” ЖШС - нің жалпы
экономикалық жағдайын қарастыратын болсақ,
оны келесі кестеден көруге болады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы