Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.

Работа состоит из  1 файл

диплом Нил.doc

— 547.50 Кб (Скачать документ)

   Жаңа Салық Кодексінің қолданысқа енгізілуімен саяси қоғамда қызу талқылаулар жүріп жатыр. Салықтық қатынастар жүйесіндегі өзгерістерге түсініктеме бере келіп, жаңа заңдылықты жасақтаушы ведомствоның жетекшісі, мемлекеттік кіріс министрі З.Какимжанов былай дейді:[3] “Бірден айта кететін жайт, Салық Кодексінің нормативтік базасындағы маңызды нәрсе – бұл декларациялар жүйесі. Біздер алға қарай маңызды қадам жасай отырып, нұсқамалық жүйеден декларацияны құрастыру (толтыру) ережелеріне көштік. Декларацияны құрастыру ережелері халықаралық тәжірибе негізінде жасақталған. Келешекте көп қиындық туғызбайды деген ойдамыз. Бүгінгі күнде декларация әрбір жолы мен әрбір бағаны нөмірленген және өзінің жеке мәні бар кодталған жүйе болып табылады. Сонымен қатар, салық есептілігінің жаңа формаларын енгізу аясында көптеген салық төлеушілер, соның ішінде шағын бизнес субъектілері үшін де позитивтік өзгерістер баршылық. Мысалға, арнайы салықтық режим бойынша әрекет ететін шағын бизнес субъектілері үшін декларарция бір парақтан ғана тұрады”.

 Жаңа  Салық  Кодексінің тиімділігін баса көрсетіп, Мемлекетік кіріс Министрлігінің өндірістік емес төлемдер Департаменті директоры Д.Баймурзин мырза:[4] “Менің ойымша, бірінші және біршама қызықты жаңалық – бұл шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режим. Ол біржолғы талон, патент және қысқартылған декларация негізінде жүзеге асырылады. Бұл режимнің қарапайымдылығы – біз алғашқы рет кәсіпкерлер шығындарының  нақтылығын (достоверность) бақылаудан бас тартып отырмыз. Шағын бизнес субъектісі – кәсіпкермен хабарланған кіріс сомасына корпоративтік (жеке) табыс және әлеуметтік салықтарды ауыстыратын (заменяющий) бірыңғай салық ставкасы қолданылады. Басқаша айтқанда, алғашқы рет мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынас сенімділік негізде құрылып отыр” деген пікірді айтады.

   Жаңа салық заңдылығының ерекшеліктерін түсіндіру доцент Исабеков Б.[5] мырза келесідей пікір айтады: “Қазіргі кезде шағын бизнес субъектілерінің көпшілігі салық төлеуден құтылып кету мақсатында өндірісінде жұмыс жасайтын тұлғалардың нақты санын жасыратыны ешкімге де құпия емес. Жұмысшылардың нақты санын заңдастыру және жұмыс берушілердің жаңа жұмыс орындарын құруға мүдделігін арттыру мақсатында аталған режимге қысқартылған декларарция бойынша есептелген салық сомасын әрбір жұмысшы үшін 1,5%-ке төмендетуге мүмкіндік беретін норма қарастырылған. (жалдамалы жұмысшылардың айлық саны бойынша) Сондықтан да кәсіпкерге алынған кіріс пен жұмысшылардың нақты санын жасырып, салық органдарының санкциясына ұшырағаннан нақты мәліметтерді хабарлап төленуге тиісті салық сомасынан 37,5% көлеміндегі жеңілдікті пайдаланған анағұрлым тиімдірек болады. Бұл режим салық салу жөнінен либералды (либерален) болғандықтан, ол бойынша кіріс, әрекет түрі және жұмысшылар саны бойынша шектеулер қойылған. Әрине, жаңа Салық Кодексінің АСР бөлімі жөнінде барлық мүдделі тұлғалардың, соның ішінде, Парламент депутаттарының қатысуымен қызу талқылаулар жүргізілді. Соның нәтижесінде, менің ойымша, идеяны жүзеге асырудың неғұрлым тиімді варианты табылған сияқты”.

 Жаңа  Салық Кодексін талқылау барысында  бір сәт тәжірибелі кәсіпкердің  көзқарасына да құлақ асқан дұрыс: “Елімізде жаңа Салық Кодексі  өз күшіне енгені баршаға белгілі. Алайда, Үкіметтің салық заңдылықтарын өзгерту жөніндегі аталмыш қадамы кәсіпкерлер арасында біршама қобалжу туғызғандай болды. Өз қалтасынан салық төлейтін азамат ешқашан да мемлекеттің фискалдық саясатын бірқалыпты қабылдай алмасы анық. Дегенмен, жұмыс орнын көбейтіп отырған кәсіпкер және экономист маман ретінде Салық Кодексіндегі өзім байқаған мардымды өзгерістер жайында айта кетсем деп едім”,- дейді. “Мерей” ЖСШ директоры Серік Мәдиев мырза (Петропавл қаласы) – Заңды тұлғаларға бағытталған патентті режимнің қолайсыздығы салдарынан біздің  дүкеніміз бүгінге дейін көпке белгілі схема негізінде жұмыс істеп келді: яғни,  патенттің төлемдік құнын төмендету үшін кәсіпорындар жұмысшы санын азайтып, оларға кішкентай жалақы төлеуге мәжбүр болды. Бұрын қолданыста болған режимнің талабы осыған итермеледі. Өздеріңіз білесіздер, орта шағын бизнестегілер ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 1,5-2 есеге төмен жалақы алады. Бұл жасырын емес. Айтайын дегенім, бұрын патент иесі- кәсіпкер өз кәсібін бастамай тұрып, салық төлеуі тиіс болды. Сондықтан да менің әріптестерім арасында патентке деген аса қызығушылық болған жоқ. Меніңше, тоқсандық есептік мерзімнің қолданылуы- бюджеттік түсімді реттеу қажеттігі мен кәсіпкердің « виртуалды» табысынан көк тиын жұмсамау принципі арасындағы мәміле, яғни компромисс. Мыс, бүгінгі күн ықшамдалған негізде табыстан шығынды ұстап қалмай-ақ салық есептеген жағдайдың өзінде, төлем жасайтын сома нақты төмендегенін байқадым. Өйткені, мен басқарып отырған дүкеннің потенциалды табысы 7-9% шамасында құбылып отырады. Ал, бізге бұрыннан белгілі патенттен схема бойынша бұл көрсеткіш 30%-тік ставкамен есептелетін. Сонымен қатар, қызметкерлер саны 18 адамнан жоғары болғанда берілетін жеңілдіктер штатты ұлғайтуға біршама экономия жасауға мүмкіндік береді. Салық Кодексіндегі қолайлы жаңалықтарды тиімді пайдалана білейік, әріптестер!”[6]

 Сонымен, жоғарыда аталған пікірлер жаңа Салық  Кодексін қолданудың тиімділігін біршама  деректермен нақтылап отыр. Алайда, салық заңдылығының әрекет етуі барысында  оның жағымды жақтарымен қоса кемшіліктері де байқалып отыр. Салық заңдылығындағы кемшіліктер жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзінде айтты:

 “Осы  кезге дейін кәсіпкерлерге салық  салу жүйесінің жетілмегендігі, олардың  “көлеңкеге” кетуі жанға  бататын проблема болып отыр.

 Маған, атап айтқанда, қолданыстағы Салық  Кодексі бюджетпен есептесуде барынша  қарапайымдылығымен ерекшеленетін  патент жүйесінің іс - әрекет аясын  тарылтып, дербес кәсіпкерлер үшін іс – жағдайын нашарлатып жібергеніне шағымданады. Ал, қажеті – патент құнын төле де, салық органдары тарапынан жаманшылық болады деп қорықпастан тыныш өмір сүр. Бұған қоса, іс барысы көрсетіп бергендей, жаңа жүйе өзін ақтамады. Үстіміздегі (2002) І жартысында бюджет түсімдерінің ұлғаюы іс жүзінде болған жоқ, дербес кәсіпкерлер санының өсу қарқыны бәсеңдеген, кәсіпкерлердің бір бөлігі “көлеңкеге” кеткен. Осыған байланысты Үкіметке тапсырма: кәсіпкерлерге “көлеңкеден” шағын кәсіпкерлерді барынша шығаратындай салық тәртібінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңнамалық нормаларды талдап жасау керек”.

 Сонымен қатар, жаңа Салық Кодексінің кейбір олқылықтары жөнінде Алматы қалалық  акимат жанындағы шағын бизнес Департаментінің  директоры С.А.Тұржанов мырза былай дейді:[7]“Қазақстанда кәсіпкерлердің бизнесті жүргізуге қажетті заңдылық база негізінен қалыптасты деп айтуға болады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген проблемаларды осы қабылданған заңдар мен нормативтік – құқықтық базаның жетілдірілмегендігінен туындап отыр. Мысалға, жаңа Салық Кодексін қолдану кейбір проблемаларды анықтады.

 Ең  алдымен бұл іс - әрекеті біржолғы талонмен байланысты кәсіпкерлерге  қатысты. 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Салықтар және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес шағын бизнес субъектілері кәсіпкершілік іс - әрекетін жүргізу үшін салықтарды есептеу мен төлеудің келесідей тәртіптерінің біреуін өз бетінше таңдайды:

  1. Жалпы белгіленген тәртіп.
  2. Біржолғы талон негізіндегі АСР.
  3. Патент негізіндегі АСР.
  4. Қысқартылған декларация негізіндегі АСР.

 Бірақ та, жоғарыда аталған режимдерде әрекет етудің шарттарын ескере отырып, базарларда саудамен айналысатын кәсіпкерлер  тек біржолғы талон негізінде  әрекет етеді. Салық Кодексінің 373 бабына сәйкес біржолғы талондар қызметі маусымдық сипат алатын, яғни 90 күннен аспайтын, тұлғаларға беріледі. Базардағы саудагерлер талондарды сатып ала отырып, өз қызметін заңдастырдым деген ойда болады. Бірақ, 90 күннен кейін бұл адамдардың сауда жүргізуге құқығы жойылады. Басқаша айтқанда, біржолғы талоны бар адамдардың қызметі 90 күннен кейін жансыз болып есептеледі және оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес айып салынады.

 Осыған  байланысты, Салық Кодексіне біржолғы талонның әрекет ету мерзімін шектемеу жөнінде өзгерістер енгізіп, әрбір аймақтар үшін базардағы жиындар бойынша тиімді ставкаларды жергілікті атқарушы органдар, маслихат өкілдері мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірліктерімен келісе отырып қалыптастыру қажет.

 Сонымен қатар, біржолғы талондарды сату құқығы мемлекеттік өкілетті органға емес, базар әкімшіліктеріне берілген. Ал, бұл саудагерлерден қаржыны заңсыз жинауға алып келеді және базарларда жасырын жұмысбастылықты туындатады. Бүгінгі күнде 100000–дай базар саудагерлерінің 50% заңсыз қызмет етуде.

 Сондықтан біз талондарды сатуды жүргізуді  салық органдарына беруді ұсынамыз. Бүгінде базар басшылары шектеусіз  билікке ие. Олар мемлекеттік немесе жергілікті бюджетті емес, өздерінің  қалталарын толықтыратын, еш жерде  тіркелмеген саудагерлер санының көбеюіне мүдделі болып отыр. Базар иегерлері сауда орындары мен құралдарын арендаға беруші ретінде ғана қызмет етіп, базар саудагерлерінің ұйымдық – техникалық қамтамасыздығымен айналысуы қажет. Осыған орай қабылданған шаралар бюджетке түсім көлемінде ұлғайтып, жасырын жұмысбастылықпен күресуге мүмкіндік берер еді».

 Шағын бизнес субъектілері үшін АСР тақырыбын  жалғастыра отырып, Алматы ауданы бойынша  Салық Комитетінің салық инспекторы Тойғанбаев Е.Ж былай дейді:[8] «Соңғы кездері кәсіпкерлер мүлікке салықтың жоғары ставкасына көп шағымданады. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар мүлкіне салық салу тәртібін салыстырып көрейікші: Кәсіпкерлер үшін мүлікке салық жылдық ставкасы мүлік құнының 1%, ал жеке тұлға үшін - 0,1%. Мысалы, бірінші қабаттан пәтер сатып алған жеке тұлға  0,1% ставкасы бойынша мүлік салығын төлейді. Ал, егер де осындай тұлға өз бизнесін ұйымдастырып, қала экономикасына қаржы салып, жаңа жұмыс орындарын құрастырып, салықтар (жер салығы, ҚҚС, т.б) төлеген жағдайда, ол коммерциялық іс - әрекетпен айналысатын заңды тұлға ретінде1%-к ставкамен мүлік салығын төлеуге міндетті. Ал бұрын ол пәтер иесі ретінде 0,1% төлеген еді. Шынымен – ақ, бұл әділетсіздік!

 Бұндай  жағдайлар шағын бизнес субъектілерін  шығынды азайту мақсатымен «көлеңкеге»  кетуге, яғни өз мүлкін кәсіпкерлікпен айналыспайтын жеке тұлға ретінде көрсетуге итермелейді. Нәтижесінде компаниялар активтері азайып, көлеңкелі мүлік көлемі арта түседі».

 Жаңа  Салық Кодексіндегі кәсіпкерлерге  байланысты ауыртпалықтар жөніндегі  тағы бір маман пікіріне көз салсақ. Алматы қаласы бойынша Салық Комитеті төрағасының орынбасары А.Иманғожин:[9] «Кәсіпкерлер басындағы тағы бір проблема пайдаға салықпен байланысты. Егер кәсіпкер алған табысы өндірісті дамытуға жұмсаған болса, бұл қаржыны салықтан босатқан дұрыс болар еді. Ал бүгінде барлық қажетті салықтарды төлеген кәсіпкердің өндірісті дамытуға ешқандай қаржы да, ынтасы да қалмайды. Жалпы алғанда, кәсіпкерлер үшін әлі де молшылық. Кәсіпкерлік мемлекет тұрақтылығының негізі болып қалыптасуы үшін бұл проблемаларды дұрыс шешу барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға жүктелері сөзсіз». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 2 «Нил» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық  сипаттамасы және қаржы жұмысы

 2.1 «Нил» ЖШС-нің  ұйымдық-экономикалық  құрылымы

  

     «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі  ЖШС) «Бірлік» Ашық акционерлік қоғамын қайта құру арқылы  құрылады. «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Нил» Ашық акционерлік қоғамының құқықтары мен  міндеттерін иеленуші болып табылады. «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға болып табылады.

   Серіктестіктің атауы:

 Мемлекеттік тілде - «Нил» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 Орыс  тілінде – Товарищество с ограниченной ответственностью «Нил».

   Серіктестіктің тұрған жері: Батыс  Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы. Қызмет көрсету мерзімі шектелмеген.

   Серіктестік қызметінің  негізгі  мақстаы  табыс және  оны   қатысушылардың сұранысына  сәйкес  өндірістегі  өркендету мен  әлеуметтік мәселелерді  шешуге  жұмсау.

   Серіктестік қызметінің мәні мынадай:

 - Ешқандай меншік түріне қарамастан  шаруашылықтың барлық категорияларында  республикалық, облыстық   селекциялық  мал тұқымын асылдандыру  жұмысының   бағдарламасына  сәйкес, мал өсірудің  жетілген  әдістерін енгізу, соның  негізінде ауылшаруашылық малдарының өнім беру қасиеті мен тұқымын жетілдіре түсу.

 -  Асыл тұқымды мал өсіретін  шаруа қожалықтарын және де  басқа  мал тұқымын асылдандыратын  бөлімшелер құру.

 -   Асыл тұқымды малдарды әзірлеу,  сатып алу, сатуға ұйымдастыру.

 -  Асыл тұқымды малдардың өнімділігін  бақылаудың және баға берудің  жаңа тәсілдерін өндіріске енгізу.

 -   Аталық малдардың тұқымдық қасиеті   жазылған каталогтар мен  мемлекеттік  кітаптарды  баспаға беру, аталық  малдарды бағалау, сұрыптау және  олардың есебін жүргізуді ұйымдастыру.

 -   Мал шаруашылығын  асылдандыруға   байланысты  ғылыми жетістіктерді   өндіріске енгізу.

 Жаңа  тұқым, линия  типі басқа  ауылшаруашылығы   малдарының  буындарын  шығару және  жетілдіру жөнінде  ғылыми мекемелермен  бірлесе отырып  жұмыстану.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы