Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 22:42, реферат

Описание

Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі көзқарастарын ашады.
Стратегиялық жоспарды әзірлеу Стратегиялық жоспарды талдау, моделдеу, пайымдық қалыптастыру және басымды бағыттар, стратегиялық мақсаттарын мен нысаналы индикаторларын айқындау процесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Kosimsha 101.doc

— 467.00 Кб (Скачать документ)

- көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау үшін  ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;

- елдің барлық жұмыс істеу аспектілерінің толық және барабар сипаттамасын беру;

- елдің әр түрлі даму сатыларындағы барлық өзгерістерді көрсете білу;

- қолжетімділік және өлшемділік болуы тиіс;

- мониторинг пен көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау мақсатында аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.

  1. Шешуші өзгерістерден тұратын және анықталған проблемаларды шешуді өте жақсы сипаттайтын нысаналы индикаторларды ғана таңдау қажет және олар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін қажет.
  2. Әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдарын анықтау қажет.
  3. Ақпарат көздері мыналарды қамтуы тиіс:

- құжаттық растау  түрлері, олардың көмегімен тиісті  мақсаттарға қол жеткізу фактісін тіркеуге болатын, яғни ақпарат қолжетімді болатын формат және ақпарат көзі;

- ақпарат беру  жиілігі (тоқсан сайын, жыл  сайын және т.б.).

  1. Нысаналы индикаторлар үшін лайықты тексеру көздері табылмаса немесе  олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін болса басқаларымен ауыстырылуы қажет.
  2. Басқа нысаналы индикаторларды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған нысаналы индикаторлар немесе нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесін (формуласын) көрсетуге және мұндай нысаналы индикатордың бағалық (болжамды) есебін қоса беруге болады.
  3. Егер нысаналы индикатор үшін ақпарат көзі немесе оны өлшеу тәсілі болмаса, онда басқа нысаналы индикаторды әзірлеу қажет.
  4. Стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларын әзірлеуде бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдар, ведомствоға бағынысты ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер деңгейінде каскадтау қажеттігін ескерген жөн.
  5. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік жоспарлау органымен құжат қалыптастырылады, ол – стратегиялық жоспардың стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларын тиісті мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне және мемлекеттік бағдарламалар, аумақтардың даму бағдарламалары және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына каскадтау арқылы үйлестіретін Стратегиялық карта.

 

5. Стратегиялық талдау және жоспарлау нәтижелерін қолдану

 

  1. Елдің дамытудың сыртқы және ішкі факторларын бағалау, SWOT-талдау жүргізу, проблемаларды анықтау, мақсаттарды тұжырымдау, нысаналы индикаторларды әзірлеу нәтижесі елдің даму стратегияларын сипаттау, мемлекеттік билік органдарының, бизнес және өзге де мүдделі тараптардың проблемаларды шешуге қажетті іс-әрекеттерін тізбелеуге айналуы тиіс.
  2. Жүргізілген стратегиялық талдау мен жоспарлау нәтижесі мынадай қысқаша мазмұнда болуы тиіс:

- Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде қандай мақсаттарға қол жеткізілді;

- бұл қалайша жүзеге асырылды;

- қандай нәтижелерге қол жеткізілді және олар қалай өлшенеді;

- оны жүзеге асыру үшін қандай тәуекелдер мен қосымша шарттар (жол берілгендер) туындауы мүмкін.

  1. Жоғарыда аталған ақпарат кестеде ел дамуының әрбір таңдап алынған мақсаты бойынша жинақталады.
  2. Бұл кестені толтыру, ең алдымен, схеманың түрлі деңгейлеріндегі тұжырымдамаларды кесте құрылымына ауыстыру арқылы әзірленген мақсаттар, себеп-салдарлық байланыстар схемасы негізінде жүзеге асырылады.

 

Талдау нәтижелерінің кестесі

 

Сипаттамасы

Нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикаторларды тексеру көздері

Жол берілгендер мен тәуекелдер

Пайымдау

   

-

Мақсат 

     
       

 

  1. Бұл кестенің көмегімен әзірлеуші мемлекеттік орган оған қалай қол жеткізгісі келетінін, оны қалайша жүзеге асыратынын, ол үшін не қажет, қандай нәтижелерге қол жеткізеді және қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігін айқын болжай алады.
  2. Қорытындысында ел дамуынпайымдау, мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың логикалық өзара байланысы құрылады.
  3. Стратегиялық жоспардың логикалық құрылымы бірінші баған («Сипаттамасы») толтырылғанша, тігінен төмен қарай жылжи отырып жасалады. Пайымдау иерархиясы мен мақсаттар қисынды деп есептелгенде ғана, «Нысаналы индикаторлар», одан кейін «Нысаналы индикаторларды тексеру көздері» және «Жол берілгендер» бағаны толтырылады.
  4. «Сипаттамасы» бағанында ел дамуының пайымдауы мен стратегиялық мақсат тұжырымдамасы келтіріледі.
  5. «Нысаналы индикаторлар» бағанында өлшенетін көрсеткіштер қамтылады: 1) мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін («Мақсат» жолы) анықтауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлар және 2) міндеттерді шешу дәрежесін сипаттайтын нысаналы индикаторлар («Міндеттер» жолы).
  6. «Нысаналы индикаторларды тексеру көздері» бағанында әрбір мақсат пен нысаналы индикаторлар үшін оларды орындау мониторингін жүргізуге қажетті деректерді алу көздерін көрсету қажет. Тұжырымдаулар қысқаша болуы қажет және ақпарат келіп түсетін мемлекеттік немесе өзге де органның атауы, құжаттың ресми атауы, ақпарат ұсыну жиілігі қамтылуы тиіс.
  7. «Жол берілулер мен тәуекелдер» бағанында мыналар көрсетіледі:

- мақсаттарға  жетуге жоғары дәрежеде теріс  әсер етуі мүмкін жағдайлар  (тәуекелдер);

- мақсаттарға  жету үшін қосымша жағдайлар  жасайтын сыртқы (ішкі) ортаның оң ықпалдары (жол берілулер).

  1. Осылайша, жол берілулер мен тәуекелдер – бұл мақсаттарға жету үшін маңызды болып табылатын, бірақ Стратегиялық жоспарды орындаушылар оларға қандай да бір себептермен әсер ете алмайтын факторлар.
  2. Жол берілулер мен тәуекелдер стратегиялық талдау кезеңінде жүргізілген  SWOT-талдау нәтижелерінің негізінде қалыптастырылады.
  3. «Пайымдау» жолында жол берілулер мен тәуекелдер келтірілмейді.

 

6. Стратегиялық жоспарды қалыптастыру

 

  1. Стратегиялық жоспарҚазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі қызмет етуінің кейбір сұрақтары туралы» Жарлығына сәйкес құрылады және оның шеңберінде Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау мен бақылау туралы Ережелер бекітілді.
  2. Стратегиялық мақсаттар елдің дамуын пайымдаудан туындауы тиіс және иерархиялық құрылымды түзуі қажет: пайымдау – стратегиялық мақсат – нысаналы индикатор.
  3. Пайымдауда елдің жоспарлы кезеңнің соңына қарай даму параметрлері ашылады. Стратегиялық мақсаттар пайымдау мазмұнын ашады.
  4. Стратегиялық талдау жүргізу процесінде алынған ақпарат Стратегиялық жоспардың «Ағымдағы жағдайды талдау» және «Пайымдау» бөлімдерінде қамтылады.
  5. Стратегиялық жоспарлау процесінде алынған ақпарат негізінде «Ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттары» бөлімі қалыптастырылады.
  6. «Қорытынды» бөлімінде алдағы жоспарлы кезеңге Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша негізгі қорытындылар келтіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Экономикалық  даму және

сауда министрлігінің

2010 жылғы « 01 » шілдедегі № 101

бұйрығына                                                                                            

2-қосымша

Елдің аумақтық-кеңістіктік  дамуының болжамды схемасын әзірлеу

жөніндегі әдістемелік  нұсқаулық

 

1. Жалпы  ереже

 

  1. Осы әдістемелік нұсқаулық Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын (бұдан әрі - Болжамды схемасы)  әзірлеу жөніндегі тәсілдерді ашады.
  2. Болжамды схеманы әзірлеу Болжамды схеманың пайымын талдау, модельдеу, қалыптастыру және басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындау процесі болып табылады.

 

    1. Негізгі ұғымдар

 

  1. Осы әдістемелік нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
  2. квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

2) жоспарлы кезең  – Болжамды схема әзірленетін кезең;

3) нысаналы индикатор  - Болжамды схеманың міндеттерін шешу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшеу көрсеткіші;

4) схема – бұл салалардың, өнеркәсіптік кешендер мен аумақтар дамуының өңірлік стратегиясына негізделген ғылыми-индикативтік сипаттамадағы стратегиялық құжат.

 

2.  Болжамды схеманы әзірлеу

 

  1.  Болжамды схеманың жобасы Қазақстан Республикасының алдағы он жылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлісінде ел тұрғындарын таратып орналастыру, өндірістік күштерді, көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды тиімді орналастыру жүйесі болып табылады.
  2. Болжамды схеманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі органдардың қатысуымен әзірлейді.
  3. Болжамды схеманы әзірлеу екі кезеңнен тұрады:

1) талдау кезеңі;

2) жоспарлау  кезеңі.

  1. Талдау – негізінде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының бөлінісіндегі ел жағдайын талдау, оның негізінде сыртқы және ішкі ортада орын алатын процесстер мен тенденцияларды төмендегідей мақсаттар үшін анықтауға болады:

- Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) белгіленген және өңірлер бөлінісіндегі елдің дамуына бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер ортасын айқындау;

- Стратегиялық жоспардың  мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған  елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мүмкін сценарийлерін талдау;

- проблемаларды  анықтау және проблемаларға себеп-салдарлық талдау жүргізу;

- елдің аумақтық ұйымдастырылу перспективаларын және ел тұрғындарын таратып орналастыру, инфрақұрылым нысандарын орналастыру, қоршаған ортаны қорғау жүйелерін және макроөңірлер экономикасын талдау;

- елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының  мақсаттары, міндеттерін және елдің ұзақ мерзімді даму болжамын белгілеу.

  1. Жоспарлау – серпінді бәсекелі ортада, ел өңірлері бөлінісінде елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының мақсаттары мен негізгі бағыттарын айқындау, келешекке қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау  мен келісу елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу және ұзақ мерзімді перспективаға  арналған ел дамуының макроэкономикалық болжамы және қажетті ресурстарды айқындау.
  2. Болжамды схема төмендегідей бағыттарда қалай қамтамасыз етуді алдын ала қарастыруы тиіс:

- олардың тұру  жеріне (қала, шалғайдағы ауыл) қарай  тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен;

- тыныс тіршіліктің  жоғарғы деңгейін қамтамасыз  ету мақсатында, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бар, перспективалы елді мекендерге (бірінші кезекте кірістерді ескере отырып) халықты шоғырландыру;

- еліміздегі  перспективалы елді-мекендерді мемлекеттің  ішінара қолдауын;

-  өсу нүктелерін  бірінші кезекте қалалық агломерацияларды  дамыту мен қалыптастыру  бойынша  жергілікті бастамаларды нысаналы  қаржыландыруды;

- инженерлік  инфрақұрылым нысандарын өндіріс күштерін орналастыру мен таратып орналастыру перспективті орналастырудың өзара байланысын;

- жалпы адам  капиталын дамыту және республикадағы  еңбек ресурстарының жұмылдырылуын  арттыру көші-қон ағындарын тиімді  басқаруды;

- елдің ресурстық  әлеуетін тиімді қолдануды және еңбекті республикалық, өңірлік және халықаралық бөлуде оның өңірлеріндегі бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандыруын қалыптастыруды;

- үшінші елдің  нарығына шығу мақсатында шекаралас  аумақтарды дамыту.

  1. Болжамды схема болжамды схемалардың мынадай түрлерін қамтуы тиіс:

1. Функционалдық  аймақтарға бөлу схемасы.

2. Салалық схемалар.

3. Инфрақұрылым  нысандарын дамыту схемалары.

4. Қоршаған ортаны  қорғау жөніндегі схемалар.

5. Тыныс-тіршілік  деңгейін жақсарту процестерімен  байланыстыра отырып, ел халқын таратып орналастыру схемасы (еңбек кірістері тұрғысынан).

Информация о работе Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық