- белгілі қызмет
саласының дамуына ықпал ететін артықшылықтар
(күшті жақтары);
- белгілі қызмет саясын тежейтін
және (немесе) оның дамуына теріс әсер
ететін кемшіліктер (әлсіз жақтары);
- белгілі қызмет саясының дамуына оң
әсер ететін мүмкіндіктер;
- белгілі
қызмет саясының дамуына
теріс әсер ететін қауіптер.
- SWOT-талдау нәтижесінде белгілі қызмет саясының дамуына әсер ететн барынша маңызды факторлар анықталады. Барлық факторлар белгілі қызмет саласы үшін маңыздылық өлшемдері бойынша бағаланады.
- SWOT-талдау нәтижелері, белгілі қызмет саясын дамыту сценарийлерін әзірлеуге қажетті материал ретінде пайдаланылады. Сценарийлер, сондай-ақ соның негізінде әзірленетін шаралар басымдықтарды пайдалануды, кемшіліктерді азайтуды, мүмкіндіктерді іске асыруды, қауіптерді жоюды көздеуі қажет.
3.2.
Проблемаларды талдау
- Проблемалар ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау, негізгі артықшылықтар мен кемшіліктердің талдауын, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптердің талдауын (SWOT-талдау) және олардың негізінде жасалған даму сценарийлерін есепке ала отырып, жоғары тұрған құжаттарда белгіленген проблемалар негізінде қалыптасады.
- Проблеманы сипаттау қалыптасқан жағдайға деген теріс көзқарасты білдіреді.
- Талдаудың осы кезеңінде негізгі проблеманы бөліп қарау, оның пайда болу себептерін және соның салдарын түсіну, ал кейін проблеманы шешу бойынша әрекеттердің жүйелілігін анық белгілеу үшін анықталған проблемаларды талдау қажет.
- Проблемалар келесі талаптарға сай келуі қажет:
- проблема қазіргі,
неге қалыптасқан жағдайды қолдануға
болмайтынын және нені өзгетуге
болатынын мүдделі тараптарға
жеткізе алатын кезде бар проблема
болуы қажет;.
- проблема тым
жалпылама немесе аса ғаламдық
болмауы тиіс;
- проблеманы тұжырымдау артық
сөзсіз нақты әрі шынайы болуы тиіс;
- Проблемалар қайталанбауы тиіс. Егер бірнеше проблемалар мағынасы жағынан жақын болса, оларды біріктіру немесе проблемалар арасында айырмашылық айқындалғанша тұжырымдаманы нақытлау қажет.
- Барлық мүмкін проблемаларды анықтағаннан кейін, проблемалардың иерархиялық орналасуын және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтап алу қажет. Бұл үшін проблемалар бір-бірімен қалайша байланысатынын анықтау, яғни «проблемалар-себептерді» және «проблемалар-салдарларды» айқындап алу керек. Проблемаларды еңсеру бойынша дәйекті шаралар (іс-қимылдар) әзірлеу үшін проблемалардың сапалық және сандық сипаттамасының болжамы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағытталатын негізгі проблеманы таңдап алу қажет.
- Проблемаларды тура анықтау талдау процесінде аса маңызды қадам болып табылады, өйткені олардың негізінде тиісті мақсаттарды қою және оларға қол жеткізудің аса тиімді стратегиялық құралдарын таңдау жүзеге асырылады.
- Проблемаларды дұрыс тұжырымдау және олардың туындауының негізгі себептерін табу, оларды еңсерудің негізделген шараларын таңдау жоғары тұрған құжаттардаң стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді айқындауға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Жоспарлау
кезеңі
4.1. Мемлекеттік
бағдарламаның мақсаттары
start="157"
Әзірленіп жатқан мемлекеттік
бағдарлама мемлекеттік бағдарламаның
мақсаттарын қалыптастыру арқылы проблемаларды
шешуге шоғырлануы тиіс.
- Белгілі бір қызмет саласын дамытудың қарастырылатын сценарийінің басты мақсаты-жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласының жай-күйін пайымдауды білдіреді және оның осы бағытта дамуының сапалы бағдары болып табылады.
- Басты мақсат Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсатына сәйкес келуі керек.
- Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларды анықтап бөлу арқылы басты мақсатты жеке-жеке мақсаттарға нақтылау).
- Бағдарламаның мақсаттары Қазақстан Республикасының 10 жылдық кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау Жүйесінде белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі керек, бұл Жүйені іске асыру мақсатында мемлекеттік бағдарлама әзірленді.
- Басты мақсат жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласын дамыту параметрлерін ашады. Бағдарламалық мақсаттар басты мақсаттың мазмұнын ашып көрсетеді.
- Әрбір мақсаттың сипаттамасына оның қысқаша тұжырымдамасы, мазмұнды анықтамасы, мақсатқа қол жеткізу деңгейін өзгертуге болатын сандық және сапалы көрсеткіштердің жиынтығы және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қол жеткізілуі тиіс аталған көрсеткіштердің мәндері (мақсатты мәндер) жатады.
- Мақсаттарды анықтауда мынадай өлшемдерді басшылыққа алу қажет.
- нақтылық: мақсаттар
нақты болуы тиіс.
- өлшемділік: мақсаттарға
қол жеткізуді сандық индикаторлардың
көмегімен тексеруге болады.
- релеванттық:
мақсаттың жоғары тұрған деңгейдің
стратегиялық құжаттарының мақсаттарымен
айқын байланысының болуы, бұл мақсаттарды
іске асыруда мемлекеттік бағдарлама
әзірленеді.
- қол жетімділік:
мақсаттар жоспарлы кезеңде ықтимал
түрде қол жетімді болуы қажет.
- мақсат айқын
болуы тиіс: мақсат тұжырымдамасынан
оған қол жеткізу индикаторлары
айқын көрінуі қажет;
- әзірлеуші
органның (қоса атқарушы орган)
функцияларымен сәйкестік.
- Мақсат тұжырымдамасы қысқа, әрі түсінікті болуы қажет және онда мыналар болмауы тиіс:
- өз бетінше
немесе біркелкі түсінік берілмейтін
терминдер, ұғымдар мен сөз
тіркестері;
- стратегиялық
мақсатқа қол жеткізу салдары
болып табылатын өзге де мақсаттарға,
міндеттер мен нәтижелерге сілтемелер;
- мақсатқа қол
жеткізу жолдарын, құралдары мен
әдістерін сипаттау.
- Стратегиялық мақсаттар саны көп болмауы тиіс. Стратегиялық мақсаттардың дұрыс тұжырымдалған жүйесі қазмет аясының жоспарлы кезеңдегі өзекті қажеттіліктерін қамтуы қажет.
- Мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдарын, құралдары мен әдістерін таңдау, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау және оларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу міндеттерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады.
4.2.
Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері
- Міндеттер-ахуалды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласындағы шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттар болып табылады.
- Мақсаттарға қол жеткізу әр түрлі, кейде балама міндеттерді шешумен қамтамасыз етілуі және көлемі бойынша әр түрлі ресурстар мен шығындарды талап етуі мүмкін.
- Әрбір міндет мақсаттардың біріне ғана сәйкес келуі тиіс. Мақсаттардың әрқайсысы үшін, жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті қызметтің барлық бағыттарын қамтуы тиіс, барынша маңызды міндеттерді шешуші санын тұжырымдау қажет.
- Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы қажеттілік принциптеріне сай болуы тиіс – әрбір міндеттің шешімі мақсатқа қол жеткізудің және жеткіліктіктің қажетті шарты болып табылады – барлық міндеттердің шешімі мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады.
- Міндеттердің әрқайсысының іске асырылу мерзімдері тиісті мақсатқа қол жеткізу мерзімінен аспауы тиіс.
- Мақсаттар мен міндеттер қызмет аясының дамуын пайымдаудан туындауы тиіс және иерархиялық құрылымды түзуі қажет: пайымдау – стратегиялық мақсат – міндеттер.
4.3 Мемлекеттік
бағдарламаның нысаналы индикаторлары
мен нәтижелер көрсеткіштері
- Әрбір стратегиялық мақсатқа, оған қол жеткізу дәрежесін анықтау үшін аралық және түпкі нысаналы индикатор сәйкес келуі қажет. Бұл ретте жоспарланған мәнге жетуді көздейтін нақты кезең көрсетіледі.
- Әрбір міндет нәтижелер көрсеткіштерін – жоспарланған мәнге жетуді көздейтін нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсету арқылы міндеттерді шешу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшеу мәндерін қамтуы тиіс.
- Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері (бұдан әрі бұл бөлімде – көрсеткіштер) мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
- жоспарланған
кезең ішінде серпінді көрсеткіштерді
салыстыру мүмкіндігін ұсыну.
- көрсеткіштер
пайдаланушыларға бірдей түсінікті
болуы тиіс.
- көрсеткіштерге қол жеткізуді
бағалау үшін ақпараттық және техникалық
ресурстардың жеткілікті болуы;
- жекелеген
қызмет аясы қызмет етуінің
барлық аспектілерінің толық
және барабар сипаттамасын беру;
- жекелеген
қызмет аясының әр түрлі даму
сатыларындағы өзгерістерін көрсете білу;
- қолжетімді
және өлшемді болуы тиіс;
- көрсеткіштерге
қол жеткізу мониторингі мен
бағалау жүргізу мақсатында
аралық мәндердің болуын қамтамасыз
ету.
- Шешуші өзгерістерден тұратын, анықталған проблемаларды шешуді өте жақсы сипаттайтын және мақсаттар мен міндеттерге жетуді бағалауға қажетті көрсеткіштерді ғана таңдау қажет.
- Барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық (бастапқы) және жоспарлы мәнді (егер жоспарланған өзгерістер осындай түрде тиімді қамтылып көрсетілсе), сондай-ақ аталған көрсеткіш мәніне қол жеткізуге қажетті уақытша кезеңді (нақты жыл) белгілеп көрсету қажет.
- Әрбір көрсеткіш үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдарын анықтау қажет.
- Ақпарат көздері мыналарды қамтуы тиіс:
- құжаттық растау
түрлері, олардың көмегімен тиісті мақсаттар
мен міндеттерге қол жеткізу фактісін
тіркеуге болатын, яғни ақпарат қолжетімді
болатын формат және ақпарат көзі;
- ақпарат беру
жиілігі (тоқсан сайын, жыл
сайын және т.б.).
- Лайықты тексеру көздері табылмайтын көрсеткіштер немесе олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді, қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін жағдайда басқаларымен ауыстырылуы қажет.
- Басқа көрсеткіштерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, таңдап алынған көрсеткіштер бойынша есептеу әдістемесін (формуласын) көрсетуге және мұндай көрсеткіштің бағалық (болжамдық) есептеуін қоса беруге болады.
- Егер көрсеткіш үшін ақпарат көзі немесе оны өлшеу тәсілі болмаса, онда басқа көрсеткіш әзірлеу қажет.
- Көрсеткіштерді әзірлеу кезінде бұдан әрі оларды қол жеткізуге жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, ведомствоға қарасты ұйымдардың, құрылымдық бөлімшелердің деңгейіне каскадтауды жүргізу қажеттігін ескерген жөн.
5. Стратегиялық
талдау мен жоспарлау нәтижелерін
қолдану
- Қызмет аясын дамытудың сыртқы және ішкі факторларын бағалау, SWOT-талдау жүргізу, проблемаларды анықтау, мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу нәтижелері мыналар болуы тиіс: қызмет аяларының даму стратегиясын сипаттау, даму стратегияларының қаржылық және материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау, мемлекеттік билік органдарының, бизнес және өзге де мүдделі тараптардың проблемаларды шешуге қажетті іс-әрекеттерін тізбелеу.
- Жүргізілген талдау мен жоспарлау нәтижесі мынадай қысқаша мазмұнда болуы тиіс:
- мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру нәтижесінде
қандай мақсаттарға қол жеткізіледі,
- бұл қалайша
жүзеге асырылады,
- бұл үшін
қандай құралдар мен ресурстар
қажет,
- қандай нәтижелерге
қол жеткізілді және олар қалай өлшенеді,
- бағдарламаны
іске асыру үшін қандай тәуекелдер
мен қосымша шарттар (жол берілулер) туындауы
мүмкін.
- Жоғарыда аталған ақпарат белгілі бір қызмет аясы бойынша таңдап алынған әрбір мақсат бойынша кестеге жинақталады.
- Бұл кестені толтыру, ең алдымен, схеманың түрлі деңгейлеріндегі тұжырымдамаларды кесте құрылымына ауыстыру арқылы әзірленген мақсаттар мен міндеттердің себеп-салдарлық байланыстары схемасы негізінде жүзеге асырылады.
Талдау
нәтижелерінің кестесі
Сипаттамасы |
Нысаналы
индикаторлар және нәтижелер
көрсеткіштері |
Көрсеткіштерді
тексеру көздері |
Жол
берілулер мен тәуекелдер |
Пайымдау |
|
|
- |
Мақсат
|
|
|
|
Міндеттер
|
|
|
|
1 міндет |
|
|
|
…. |
|
|
|
Мақсаттарға
жету және жоспарланған нәтижелер алу
үшін атқарылуы тиіс іс-шаралар (әрекеттер)
|
|
|
|
|
Қаражаттар мен шығындар |
|
|
|
Алдын
ала шарттар |
- Нәтижесінде белгілі бір қызмет аясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерінің өзара логикалық байланысы белгіленеді.
- Мемлекеттік бағдарламаның логикалық құрылымы бірінші («Сипаттамасы») толтырылғанша, тігінен төмен қарай жылжи отырып құрылады. Мақсат, міндеттер, іс-шаралар мен шығындар иерархиясы қисынды деп есептелгенде ғана, «Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері», одан кейін «Жол берілулер мен тәуекелдер» бағаны толтырылады.
- «Сипаттамасы» бағанында мақсаттар мен міндеттер келтіріледі.
- «Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері» бағанында өлшенетін көрсеткіштер қамтылады: 1) мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін («Мақсат» жолы) анықтауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлар және 2) міндеттерді шешу дәрежесін («Міндеттер») сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштері.
- «Көрсеткіштерді тексеру көздері» бағанында әрбір мақсат индикаторы мен нәтиже көрсеткіші үшін оларды орындау мониторингін жүргізуге алынған деректер көзін көрсету қажет. Тұжырымдаулар қысқаша болуы қажет және ақпарат келіп түсетін мемлекеттік немесе өзге де органның атауы, құжаттың ресми атауы, ақпарат ұсыну кезеңділігі қамтылуы тиіс.
- «Жол берілулер мен тәуекелдер» бағанында мыналар көрсетіледі: