Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 22:42, реферат

Описание

Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі көзқарастарын ашады.
Стратегиялық жоспарды әзірлеу Стратегиялық жоспарды талдау, моделдеу, пайымдық қалыптастыру және басымды бағыттар, стратегиялық мақсаттарын мен нысаналы индикаторларын айқындау процесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Kosimsha 101.doc

— 467.00 Кб (Скачать документ)

6. Аумақтарды  экономикалық ұйымдастыру схемалары.

7. Мемлекетаралық маңызы бар аумақтардың схемасы;

8. Аумақтардың  дамуын барынша толық бағалау үшін қажетті өзге де схемалар.

  1. Схемалар –салалардың халықты таратып орналастыру, инфрақұрылым нысандарының, өндіріс күштерін елдің экономикалық кеңістігінде өңірлерді олардың жағдайын және ел қажеттілігін ескере отырып, тиімді орналастыру мен дамытудың оңтайлы қарқыны мен пропорцияларын белгілейді.
  2. Схемалар өңірлердің белгілі бір сипаттамаларын өткен ортамерзімдік кезең ішіндегі көрсеткіштерін міндетті түрде келтірумен көрсете отырып елдің географиялық картасы негізінде қалыптастырылады және ағымдағы жағдайға жүргізілген  талдауда көрнекті көрсетуі тиіс. 

 

3. Талдау  кезеңі 

3.1. Талдау  кезеңін жүргізу үшін негіз 

 

  1. Талдау жүргізу үшін елдің аумақтық-кеңістіктік дамуы туралы ішкі және сырттағы жағдайдағы процестерді және үрдістерді анықтау үшін  қолжетімді ақпаратты жинауды жүзеге асыру қажет.
  2. Стратегиялық талдауға арналған ақпарат көздері мыналар бола алады:

- ұлттық және ведомстволық статистика;

- мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілген семинарлар кеңестердің қорытындылары.

 

 

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

 

  1. Талдау алдағы жоспарлы кезеңде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша орындалады.

Мысалы, факторлардың мынадай топтарын бөліп қарастыруға  болады:

- экономикалық  және қаржылық;

- демографиялық;

- географиялық;

- технологиялық;

- әлеуметтік және мәдени;

- кеңістіктік  және экологиялық

- заңнамалық  және реттеуші;

- басқарушылық.

  1. Бұл тізбе белгілі бір елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының ерекшелігіне сәйкес түрлендірілуі мүмкін.
  2. Өңірді ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау үшін кем дегенде соңғы үш және бес жылғы деректерді пайдалану ұсынылады.
  3. Талдау елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының сыртқы факторлары ретінде қарастырылатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың жаҺандық және өңірлік (мысалы, облыс, аудан шеңберінде)  үрдістерін талдаудан басталады.
  4. Дамудың сыртқы факторлары – бұл мемлекеттік органдар мен бизнес іс-қимылдарынан тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде елдің және өңірлердің дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
  5. Дамудың ішкі факторларын талдау аса маңызды салалар (қызмет салалары (мысалы айтқанда, экономикада, әлеуметтік салада және т.б.) бойынша өңірлер туралы тұтас пайымды беруі қажет.
  6. Дамудың ішкі факторлары – сыртқы факторлардың әр түрлі өзгерістерін есепке ала отырып, базасында стратегия қалыптасатын ресурстар мен әлеует.
  7. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, мүдделі тараптармен жүргізілген консультацияларға, бәсекелестермен салыстыруларға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және қорытындыланады.
  8. Елдің аумақтық-кеңістіктік болжамды схемасының мақсаттары SWOT-талдау жүргізу арқылы өңірлер бөлінісіндегі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына  әсер ететін  барынша маңызды факторларды анықтау негізінде   анықталады.
  9. SWOT-талдау мыналарды анықтауға бағытталады:
  • ықпал ететін артықшылықтар (күшті жақтары);
  • елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс әсер ететін кемшіліктер (әлсіз жақтары);
  • Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына оң әсер ететін мүмкіндіктер;
  • Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына теріс әсер ететін қауіптер.
  1. Болжамды схеманың мақсаттары белгіленгеннен кейін оларға кол жеткізуді шешу үшін міндеттер қажет.

 

4.  Жоспарлау кезеңі 

4.1. Елдің  аумақтық-кеңістіктік даму схемасын  әзірлеу

 

  1. Болжамды схемасны әзірлеу Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға жетуге шоғырлануы тиіс.
  2. Ол үшін:
    • ағымдағы жағдайды талдау;
    • Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының пайымы;
    • Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамын қалыптастыру қажет.
  1. Проблемаларды дұрыс тұжырымдау және олардың пайда болуының басты себептерін анықтау мен оларды еңсеру шараларының негізделген таңдауы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарындағы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді анықтауды қамтамасыз етеді.

 

 

5. Болжамды  схеманы қалыптастыру

 

 

  1. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу Ережесі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес Болжамды схема қалыптастырылады.

 

6.3. Аумақтық-кеңістіктік даму нәтижелерінің көрсеткіштері

 

  1. Нәтижелер көрсеткіштері жоспарланушы мәндерге жетуді көздейтін нақты кезеңді (ортамерзімдік немесе ұзақ мерзімді) көрсетумен, міндеттерді шещу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшем мәндері болуы керек.
  2. Нәтижеле көрсеткіштері келесі талаптарға сай болуы қажет:
  • жоспарланатын  кезең ішіндегі серпіндегі нәтижелер көрсеткіштерін салыстыру мүмкіндігін беру;
  • қолданушыларға біркелкі түсінікті болуы;
  • нәтижелер көрсеткіштеріне жетуді бағалау үшін қажетті ақпараттық және техникалық ресурстар болуы қажет;
  • жеке бір саланы (аяның) немесе елдің (өңірдің) толық және  барабар сипаттамасын қамтуы қажет;
  • жеке бір саланы (аяның) немесе елдің (өңірдің) әр түрлі кезеңдер даму өзгерістерін көрсетуі қажет;
  • өлшемді және жеткілікті болуы қажет;
  • көрсеткіштерге жетуді бағалау және мониторинг жүргізу үшін аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.
  1. Әрбір нәтиже көрсеткіші үшін ақпарат көзі мен деректерді жинау құралдарын анықтау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық  даму және

сауда министрлігінің

2010 жылғы « 01 » шілдедегі № 101

бұйрығына                                                                                            

3-қосымша

Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу

жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

 

1. Жалпы  ереже

 

  1. Осы әдістемелік нұсқаулық Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі тәсілдерді ашып көрсетеді.
  2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мақсаттарын, міндеттерін олардың көрсеткіштерін көрсете отырып күтілетін нәтижелері қажетті ресурстарын талдау және айқындау процесі болып табылады.
  3. Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын және Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын  (бұдан әрі – жоғары тұрған құжаттар)  іске асыру мақсатында әзірленеді,  Қазақстан Республикасының он жылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына

қол жеткізу  жолдарын анық баяндауы, жалпыұлттық  салаішілік сипаттағы міндеттерді  шешуге және тиісті қызмет саласының  дамуына бағдарлануы қажет.

 

    1. Негізгі ұғымдар

 

  1. Осы әдістемелік нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
  2. каскадтау -  бұл Мемлекеттік жоспарлау жүйесі иерархиясының жоғарғы деңгейлердегі мақсатары, міндеттері, нәтижелі көрсеткіштері төменгі деңгейлердін  тиісті мақсатарына, міндеттеріне, нәтижелі көрсеткіштеріне ауысуы кезіндегі әдіс.  Каскадтау кезінде жүйе дәйекті түрде төмен түсе отырып, егжей-тегжейлі ашылатын оның иерархиясының дәйекті деңгейлері арасындағы өзара байланыс белгіленеді;
  3. квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысатын немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
  4. жоспарлы кезең – аумақтарды дамыту бағдарламасы  әзірленетін кезең;
  5. нысаналы индикатор - аумақтарды дамыту бағдарламасының   мақсатына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшем көрсеткіші;
  6. нәтиже көрсеткіші - аумақтарды дамыту бағдарламасы міндеттерінің шешілу дәрежесін айқындауға  мүмкіндік беретін сандық өлшем көрсеткіші.

 

  1. Мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу

 

  1.  Мемлекеттік бағдарламалар бекітілген Мемлекеттік бағдарламалардың тізіміне сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
  2. Мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді.
  3. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу екі кезеңнен тұрады:

1) талдау кезеңі;

2) жоспарлау  кезеңі.

  1. Талдау белгілі қызмет саласының жай-күйінің ағымдағы жағдайын талдаудан және белгілі қызмет  саласын  дамытуды, мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдаудан қалыптасады.
  2. Талдау негізінде:

- жоғары тұрған  құжаттарда белгіленген және  тиісті аумақты дамытуға бығытталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер ортасын айқандау;

- жоғары тұрған  құжаттардың мақсаттарына қол  жеткізуге бағытталған тиісті  аумақты дамытудың мүмкіндік  сценарийін талдау;

- негізгі проблемаларды, үрдістер мен алғышарттарды анықтау;

- мақсаттарды,  нысаналы индикаторларды белгілеу  үшін ішкі және сыртқы ортадағы  процестер мен үрдістерді анықтауға  болады.

  1. Жоспарлау – жоғары тұрған құжаттардан туындайтын мақсаттарды және мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларын, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін міндеттер мен шараларды айқындау, келешектегі белгілі бір салаға қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау және келісу мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңдерін әзірлеу және қажетті ресурстарды айқындау.
  2. Қажетіне қарай Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге байланысты барлық жекелеген шешімдерді толықтай талқылау және бекіту  мақсатында мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу комиссиясы (жұмыс тобы)  құрылады.
  3. Жұмыс тобы қажетіне қарай мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға мүдделі ғылыми-зерттеу ұйымдарының, әр-түрлі білім беру саласындағы ғалымдар мен мамандарды, бизнесті, қоғамдық ұйымдарды тарта отырып мемлекеттік органдардың өкілдерін (дұрысы, басшылардан) құрылуы қажет.
  4. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын жариялы түрде талқылау және түскен ұсыныстарды пысықтау үшін  мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруы мүмкін.
  5. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену кезінде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен келісілуі қажет.

 

3. Талдау  кезеңі 

 

3.1. Талдау  кезеңін жүргізу үшін негіз 

 

  1. Осы кезеңде өңірлік экономикадағы Қазақстан Республикасының үрдістері, ұстанымдары туралы, өңірдегі ахуал туралы  қолжетімді ақпаратты жинау, құрылымдау және талдау қажет.
  2. Талдау үшін ақпарат көздері:

- ұлттық және  ведомстволық статистика;

- интерактивті  семинарлар, іскердлік ойындар, атқарушы  және заңнамалық билік, бизнес, ғылыми қоғамдастық өкілдерімен  сұхбат;

- халық арасында  сауалнама (анкета) жүргізу, халық  пен бизнестің қызығушылықтарын  анықтау үшін интернет-технологияларды  пайдалану болуы мүмкін.

 

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

 

  1. Талдау алдағы жоспарлы кезеңде саланың дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша орындалады.

Мысалы, факторлардың мынадай топтарын бөліп қарастыруға  болады:

- экономикалық  және қаржылық;

- демографиялық;

- технологиялық;

- әлеуметтік  және мәдени;

- кеңістіктік  және экологиялық;

- заңнамалық  және реттеуші;

-  басқару.

  1. Бұл тізбе белгілі бір қызмет саласының ерекшелігіне сәйкес түрлендірілуі мүмкін.
  2. Қызмет саласының ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау үшін кем дегенде соңғы үш жылғы мәліметтерді пайдалану ұсынылады.
  3. Талдау қызмет саласын дамытудың сыртқы факторлары ретінде қарастырылатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың жаһандық, елдік және өңірлік үрдістерін талдаудан басталады.
  4. Дамудың сыртқы факторлары – бұл мемлекеттік органдар мен бизнес әрекеттеріне тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде қызмет саласының дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
  5. Дамудың ішкі факторлары – сыртқы факторлардың әр түрлі өзгерістерін есепке ала отырып, базасында стратегия қалыптасатын ресурстар мен әлеует.
  6. Қызмет саласының ерекшеліктерін негізге ала отырып, салаға ықпал ететін және ол бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптасады.
  7. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен жүргізілген консультацияларға, бәсекелестермен салыстыруға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және қорытындыланады.
  8. Негізгі қорытындылар анықтауға бағытталған SWOT-талдаудың қағидаларына сәйкес біріктірілуі мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық