Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 22:42, реферат

Описание

Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі көзқарастарын ашады.
Стратегиялық жоспарды әзірлеу Стратегиялық жоспарды талдау, моделдеу, пайымдық қалыптастыру және басымды бағыттар, стратегиялық мақсаттарын мен нысаналы индикаторларын айқындау процесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Kosimsha 101.doc

— 467.00 Кб (Скачать документ)

1) талдау кезеңі;

2) жоспарлау  кезеңі.

  1. Талдау өңірдің жай-күйінің оң және теріс жақтарын талдаудан, аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдаудан, негізгі проблемаларды, тәуекелдерді және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдаудан қалыптасады.
  2. Талдау негізінде:

- жоғары тұрған  құжаттарда белгіленген және  тиісті аумақты дамытуға бығытталған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер ортасын айқандау;

- жоғары тұрған  құжаттардың мақсаттарына қол  жеткізуге бағытталған тиісті  аумақты дамытудың мүмкіндік  сценариін талдау;

- негізгі проблемаларды,  үрдістер мен алғышарттарды анықтау;

- мақсаттарды,  нысаналы индикаторларды, міндеттірді  белгілеу үшін ішкі және сыртқы  ортадағы процесстер мен үрдістерді  анықтауғы болады.

  1. Жоспарлау – Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарынан, Елдің аумақтың-кеңістіктік болжамды схемасынан, мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын мақсаттарды және аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын, сондай-ақ аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мндеттер мен шараларды айқындау, келешектегі белгілі бір аумаққа қатысты мүдделі тараптардың мүдделерін анықтау және аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңдерін әзірлеу және қажетті ресурстарды айқындау.

 

 

3. Талдау  кезеңі 

3.1. Талдау  кезеңін жүргізу үшін негіз 

 

  1. Аумақтың келешекте тұрақты  дамуының жеделдетушісі бола алатын перспективалық кластерлерді құру үшін алғышарттарға талдау жүргізу ұсынылады.
  2. Аумақты дамыту бағдарламасын тиімді қалыптастыру үшін әрбір қаланың және облыс ауданының орналасу түрін айқындау қажет.
  3. Осы кезеңде өңірлік экономикадағы Қазақстан Республикасының үрдістері, ұстанымдары туралы, өңірдегі ахуал туралы  қолжетімді ақпаратты жинау, құрылымдау және талдау қажет.
  4. Талдау үшін ақпарат көздері:

- ұлттық және  ведомстволық статистика;

- интерактивті  семинарлар, атқарушы және заңнамалық билік, бизнес, ғылыми қоғамдастық өкілдерімен сұхбат;

- халық арасында  сауалнама жүргізу, халық пен  бизнестің қызығушылықтарын анықтау  үшін интернет-технологияларды пайдалану  болуы мүмкін.

 

3.2. Ішкі және сыртқы факторларды талдау

 

  1. Талдау алдағы жоспарлы кезеңде аумақтың дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлар бойынша орындалады.

Мысалы, факторлардың мынадай топтарын бөліп қарастыруға  болады:

- экономикалық  және қаржылық;

- демографиялық;

- технологиялық;

- қоғамдық-саяси;

- әлеуметтік  сала;

- аумақтық (кеңістіктік)  даму;

- экологиялық;

- заңнамалық  және реттеуші;

- инфақұрылымдық  кешендер;

- мемлекеттік  жергілікті басқару және өзін-өзі  басқару.

  1. Бұл тізбе белгілі бір өңір ерекшелігіне сәйкес түрлендірілуі мүмкін.
  2. Өңірді ішкі және сыртқы факторлар бойынша талдау үшін кем дегенде соңғы үш жылғы мәліметтерді пайдалану ұсынылады.
  3. Талдау жоспарлау объектісі елін дамытудың сыртқы факторлары ретінде қарастырылатын әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудың жаһандық және өңірлік (мысалы, облыс, аудан шеңберінде)  үрдістерін талдаудан басталады.
  4. Дамудың сыртқы факторлары – бұл мемлекеттік органдар мен бизнес әрекеттеріне тәуелсіз, қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде өңір дамуына елеулі ықпал ететін шарттар.
  5. Дамудың ішкі факторларын талдау белгілі салалар (қызмет салалары (мысалы айтқанда, экономикада, әлеуметтік салада және т.б.) бойынша аумақ туралы тұтас пайым беруі қажет.
  6. Дамудың ішкі факторлары – сыртқы факторлардың әр түрлі өзгерістерін есепке ала отырып, базасында стратегия қалыптасатын ресурстар мен әлеует.
  7. Аумақтарды ерекшеліктерін негізге ала отырып, салаға (қызмет аясына) ықпал ететін және ол бойынша талдау жүргізілетін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптасады.
  8. Дамудың мүмкін үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі  факторларды бағалау басқа аумақтардың тәжірибесімен салыстырылады.
  9. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық деректерге, жүргізілген сұхбаттарға, сауалнамаларға, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен жүргізілген консультацияларға, бәсекелестермен салыстыруға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және қорытындыланады.
  10. Негізгі қорытындылар бұл өзінің күшті және әлсіз жақтарын (ішкі орта) анықтауға және сыртқы ортадағы мүмкіндіктер мен қауіптерді айқындауға мүмкіндік беретін SWOT-талдаудың қағидаларына сәйкес біріктірілуі мүмкін.
  11. SWOT-талдау мәлеметтері бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер арасында байланыс орнату қажет. Талдау үшін негізінде ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау нәтижелері жүйеленетін және жоспарлау объектісін дамытудың бірнеше сценарийлері (SWOT-талдау кестесі) әзірленетін тізбенің барынша маңызды факторлары  қолданылады.
  12. Барлық факторлар (ішкі факторлар да, сыртқы факторлар да) қарастырылып отырған аумақ үшін маңыздылық критерийлері бойынша бағаланады және фактордың өңірге ықпал ету  дәрежесі айқандалады.

Маңыздылығы аз крителийлері бар факторларды төмен  тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу  кезінде пайдалануға болады.

  1. Аумақтың дамуына ықпал ететін артықшылықтар (күшті жақтары) және аумақтың дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс әсер ететін кемшіліктер (әлсіз жақтары) – бұл жоспарлау объектісінің ішкі яғни,  бақылаудағы аспектілері.
  2. Анықталған дамудың негізгі проблемалары бағдарлама мақсаттары мен міндеттерінің жүйелі қалыптасуы үшін объективті негіз жасайды және оларды бағдарлама кезеңдері бойынша бөлуге мүмкіндік береді.

 

3.2.  Проблемаларды талдау

 

  1. Проблемалар ішкі және сыртқы факторларға жүргізілген талдау, негізгі артықшылықтар мен кемшіліктердің талдауын қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптердің талдауын (SWOT-талдау) және олардың негізінде жасалған даму сценарийлері есепке ала отырып, жоғары тұрған құжаттарда белгіленген проблемалар негізінде қалыптасады.
  2. Аумақтардың күшті және әлсіз жақтарын мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптерін талдау:
  • аумақтың дамуына ықпал ететін артықшылықтарды (күшті жақтарын);
  • аумақтың дамуын тежейтін және теріс әсер ететін кемшіліктерді (әлсіз жақтарын);
  • аумақтың дамуына оң әсерін тигізетін мүмкіндіктерді;
  • аумақтың дамуына теріс әсерін тигізетін мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған SWOT-талдау әдісі қолданылады.
  1. SWOT-талдау нәтижесінде аумақтың дамуына ықпал ететін барынша маңызды факторлар анықталады.

 

4. Жоспарлау  кезеңі

4.1. Мақсаттары

 

  1. Қазақстан Республикасының алдағы он жылдық кезеңге  арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Стратегиялық карта (бұдан әрі - Страткарта) құжатын жасайды, ол Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспартының мақсаттары мен нысаналы индикаторларын оларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарын, оның ішінде, аумақты дамыту бағдарламасының тиісті мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне каскадтау арқылы  үйлестіреді. 
  2. Аумақты дамыту бағдарламасының  мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлауға уәкілетті органның аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырған және үйлестірген құжаттың, яғни, Страткартаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына міндеттеріне, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.
  3. Мақсаттар мен міндеттер өңірді дамыту пайымынан шығуы тиіс және иерархиялық құрылым: пайым – мақсат – міндеттерді түзуі қажет.
  4. Пайымдауда жоспарлы кезеңнің соңына аумақтың даму параметрлері ашылады. Мақсаттар пайымдау мазмұнын ашады.
  5. Бұдан басқа, аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде оған қосымша нақты аумақтың ерекшеліктерін – географиялық жағдайын, даму деңгейі мен факторларын, басым секторлары мен экономика құрылымдарын және т.б. негізге ала отырып, дамудың ерекше мақсаттары қалыпасуы мүмкін.
  6. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты, жоспарлы кезеңнің соңында аумақты дамытудың белгілі бағытының жай-күйінің, бірнеше міндеттерді шешу арқылы қол жеткізілетін оны дамытудың сапалы бағдарының пайымын білдіреді.

 

4.2.  Міндеттер

 

  1. Міндеттер ахуалды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңында аумақтың негізгі өзгерістерін көруге мүмкіндік беретін  бағдарламаның тиісті мақсаттарына қол жеткізу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттар болып табылады.
  2. Мақсаттарға қол жеткізу әр түрлі, кейде балама міндеттерді шешумен қамтамасыз етілуі және көлемі бойынша әр түрлі ресурстар мен шығындарды талап етуі мүмкін.
  3. Әрбір міндет мақсаттардың біріне ғана сәйкес келуі тиіс. Мақсаттардың әрқайсысы үшін жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті қызметтің барлық бағыттарын қамтуы тиіс барынша маңызды міндеттердің тиісті санын тұжырымдау қажет.
  4. Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы қажеттілік принциптеріне сай болуы тиіс – әрбір міндеттің шешімі мақсатқа қол жеткізудің және жеткіліктіктің қажетті шарты болып табылады – барлық міндеттердің шешімі мақсатқа қол жеткізудің жеткілікті шарты болып табылады.
  5. Міндеттердің әрқайсысының іске асырылу мерзімдері тиісті мақсатқа қол жеткізу мерзімінен аспауы тиіс.

 

4.5 Нысаналы  индикаторлар және нәтижелер  көрсеткіштері

 

  1. Аумақтың даму пайымын сипаттау жоспарлы кезеңнің соңында  даму деңгейін бағалауға болатын маңызды көрсеткіштерді қамтуы тиіс.
  2. Әрбір мақсат, оған қол жеткізу дәрежесін айқындау нысаналы индикаторға сәйкес болуы тиіс.
  3. Нысаналы индикаторлардың сапалық жағы алдағы он жылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызмет нәтижесінде туатын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару өңірдегі  оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы оның өлшенетін, абсолютті немесе салыстырмалы шамаларын көрсетуі тиіс;
  4. Әрбір міндет тікелей нәтижелер көрсеткіштерін – жоспарланған мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсете отырып, аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін шешу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшенетін мәндерден тұруы тиіс.
  5. Нысаналы индикатор мен тікелей нәтижелер көрсеткіштері мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

- салыстырмалылық:  бірқатар жылдар серпінінде нысаналы  индикаторларды салыстыру мүмкіндігі  болуы тиіс;

- қарапайымдылық  және анықтылық: нысаналы индикаторлар пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс;

- үнемділік: нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалау ушін жеткілікті  ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы қажет;

- толықтық және  кешендік: нысаналы индикаторлар  жалпы алғанда аумақтың жұмыс  істеуінің барлық аспектілерінің  толық және барабар сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс;

- икемділік  пен бейімділік: нысаналы индикаторлардың  жалпы алғанда аумақ дамуының  түрлі кезеңдеріндегі барлық  өзгерістерді көрсете білу қабілеттілігі;

- қол жетімділік  пен өлшемділік;

- нысаналы индикаторлар  мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мониторингі мен бағалау мақсатындағы аралық мәндердің болуы.

 

 

6. Аумақты  дамыту бағдарламасының бөлімдерін  қалыптастыру.

 

52. Талдау және  жоспарлау кезеңдері аяқталғаннан  кейін паспортты толтыру  (егер  осы талаптың орындалуы қажет болса) және аумақты дамыту бағдарламасының өзін жазу жүзеге асырылады.

53. Талдау жүргізу  процесінде алынған ақпарат, аумақты  дамыту бағдарламасының «Ағымдағы  жағдайды талдау» және «Кіріспе»  бөлімдерінде көрсетіледі.

54. Жоспарлау  жүргізу процесінде алынған ақпарат «Бағдарламаның алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар», «Іске асыру кезеңдері», «Қажетті ресурстар», «Бағдарламаны басқару» бөлімінде көрсетіледі.

 

 

7. Аумақты  дамыту бағдарламасын іске асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

 

  55. Аумақты  дамыту бағдарламасын іске асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспары  – аумақты дамыту бағдарламасының  мақсаттары мен міндеттеріне  қол жеткізуге бағытталған, мерзімдері, орындаушылары, аяқталу нысандары,  оны іске асыруға қажетті шығындар көрсететілетін нақты іс-қимылдардың жиынтығы.

56. Іс-шаралар  жоспары аумақты дамыту бағдарламасы  оның мақсаттарына, міндеттеріне  уақтылы және толық қол жеткізу  және жоспарланған нәтижелерді  алу үшін оны іске асыру  бойынша іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.

57. Іс-шаралар  Қазақстан Республикасының Елдің  аумақтық-кеңістіктік даму болжамды  схемасын ескере отырып бағдарламаның  алға қойылған мақсаттарына қол  жеткізуін қамтамасыз ететін  күтілетін нәтижелерді көрсете  отырып іс-шаралардың мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген жүйеден тұрады.

58. Іс-шаралар  жоспарында көзделген аумақты  дамыту бағдарламасын іске асыру  кезеңдерін міндетті түрде белгілей  отырып іске асырудың барлық  кезеңіне әзірленеді.

59. Іс-шараларда жоспарында көзделген іс-қимылдар аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуына қатысушы өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделуі қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық