Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 22:42, реферат

Описание

Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) әзірлеу жөніндегі көзқарастарын ашады.
Стратегиялық жоспарды әзірлеу Стратегиялық жоспарды талдау, моделдеу, пайымдық қалыптастыру және басымды бағыттар, стратегиялық мақсаттарын мен нысаналы индикаторларын айқындау процесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Kosimsha 101.doc

— 467.00 Кб (Скачать документ)

трансферттер  мен бюджеттік субсидиялар беру;

бюджеттік кредиттер  беру;

бюджеттік инвестицияларды  жүзеге асыру;

күрделі шығыстарды жүзеге асыру;

мемлекеттің міндеттемелерін  орындау.

11.5. «Іске асыру тәсіліне байланысты» жолында жеке не бөлінетін бюджеттік бағдарлама көрсетіледі.

11.6. «Ағымдағы/даму» жолында ағымдағы не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі.

11.7. «Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері» деген 1-бағанда тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін келтіру қажет, сондай-ақ бұл баған сапа мен тиімділік көрсеткіштерін қамтуы тиіс. Бұл көрсеткіштер абсолютті сандармен немесе пайыздармен көрсетілуі мүмкін.

11.8. «Тікелей нәтиже көрсеткіштері» жолында орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен осы бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген бюджет қаражаты шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-бөлімде көрсетілген нәтижелердің көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс (осы бюджеттік бағдарламаны іске асыру жолымен мүмкін болатын бағыттар, мақсаттар).

Түпкі нәтиже көрсеткіштерінде адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарғанын көрсететін нәтижелерді,экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы оң өзгерістерді, мемлекеттік орган бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы алуды жоспарлап отырған, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын келтіру қажет.

Мысалы:

Ауыл шаруашылығы  тауарын өндірушілерге су жеткізу  жөніндегі қызметтердің құнына субсидиялар беруге бағытталған бағдарлама бойынша «ауыл шаруашылығы дақылдарының өзіндік құнын арзандату» түпкі нәтиже болуы мүмкін;

ауылдық елді мекендердің  әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредиттер  беруге бағытталған бағдарлама бойынша – «ауылдық елді мекендерге жұмысқа және тұруға келген мамандар санының өсуі». Бұл ретте өлшем бірлігі қамтамасыз етілу %-ы болуы тиіс;

мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуды көздейтін бағдарлама бойынша – қала тұрғындарының абаттандырылған тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, бұл ретте аталған нәтиже кезекте тұрған қала тұрғындарының жалпы санынан алғанда %-бен өлшенуі тиіс;

аурулардың  алуан түрлерін емдеу жөніндегі  қызметтер көрсетуге бағытталған  бағдарламалар бойынша – «халықтың  аурушаңдық коэффициентінің төмендеуі (әдетте, нәтиже аурулар/аурулардың түрлері бойынша тұжырымдалады, өлшенетін көрсеткіштермен қатар жүреді)» және т.б.;

құқық қорғау саласында  қызмет көрсетуге бағытталған бағдарламалар  бойынша – (қылмыс деңгейін төмендету (қылмыстың санаттары бойынша көрсетілуі мүмкін және, әдетте, қылмыстардың тіркелген жағдайларының саны бойынша бағаланалы)» және т.б.

11.9. «Сапа көрсеткіштері» жолында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің оны алушылардың күтетін нәтижелері мен мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына сәйкес келуі дәрежесін айқындайтын көрсеткіштер келтіріледі. Бұл көрсеткіш сапа деңгейі кейіннен бағалау үшін маңызды өлшем болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.

11.10. «Тиімділік көрсеткіштері» жолында көрсетілген қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне жұмсалатын шығындардың көлемін сипаттайтын көрсеткіштер келтіріледі.

Бұл ретте «тиімділік»  деген сөздің қосарланған мәні бар екенін ескеру қажет. Біріншісі –қол жеткізілген нәтижелер (өзге сөзбен айтқанда, нәтижелілік) тұрғысындағы тиімділікті білдіреді. Екіншісі – ресурстарды пайдалану тұрғысындағы тиімділікті білдіреді және өнімділік, қызметтің бір бірлігінің шығындарын қамтиды (мысалы, «бір өтінішті өңдеуге жұмсалатын шығын», «бір оқушыны оқытуға жұмсалатын шығын», және т.б., не «1 адам-сағатқа жұмсалған бірліктер саны» және т.б.).

11.11. «Бюджет шығыстарының көлемі» жолында осы бюджеттік бағдарлама бойынша, жоспарлы кезеңнің жылдарына бөле отырып, жоспарлы кезеңге жоспарланған бюджет қаражатының көлемі келтіріледі (3-5-бағандар).

11.12. Мемлекеттік органның кезекті жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарын әзірлеу кезінде 6 және 7 бағандар толтырылмайды.

11.13. «Жобаланатын жыл» деген 6-баған кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті әзірлеу үшін мемлекеттік органның ағымдағы бесжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарын іске асырудың бірінші жылында толтырылады.

11.14. «Жобаланатын жыл» деген 7-баған кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті әзірлеу үшін мемлекеттік органның ағымдағы бесжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарын іске асырудың екінші жылында толтырылады.

11.15. Жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөлінген «Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген 7.2-кіші бөлімде (3-5-бағандар):

11.16. «Бюджет шығыстарының» деген жолда мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет шығыстарының көлемі көрсетіледі;

11.17. «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолда бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламалар болып табылмайтын, бюджеттік бағдарламалар шеңберіндегі шығыстардың жалпы көлемі көрсетіледі;

11.18. «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолда бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар шеңберіндегі шығыстардың жалпы көлемі көрсетіледі. 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық