Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер
2.2 ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары
3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)
 
 

     МАЗМҰНЫ 
 
 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1          ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.................................................5

1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы......................5

1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары........................8

2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ...................................................11

2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер.........................................................................11

2.2    ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау...............................................................................................................16

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН  ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ.........................25

3.1    Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары................................................................25

3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары..................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................34 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік  қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

   Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

     Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.     Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.

   Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.

     Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында елдің индустриалдық-инновациялық дамуының нәтижелері мен бағыт-бағдары анық көрінеді:

     «2010 жылғы қаңтардағы халыққа Жолдауымда мен Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жарияладым.

     Оның  жүзеге асуының бірінші жылының  нақты нәтижелері бар.

     Біз 152 кәсіпорынды қолданысқа бердік, 24 мыңға жуық қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

     Ел  бойынша барлығы сегіз жүз  әртүрлі өндіріс ошақтары құрылды.

     Біз химия және жеңіл өнеркәсіптің белсенді түрде қалпына келуі және дамуы процесін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде секіріс жасадық.

     2014 жылға дейін 8,1 триллион соммаға  294 инвестициялық жобаны жүзеге  асыру жоспарланып отыр.

     Бірінші индустриалдық бесжылдықтың бірінші  жылының басты қорытындысы –  бұл  экономиканың нақты секторы  есебінен экономикалық өсуде күрделі құрылымдық өзгерістердің басталуы».

      Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті – Қазақстандағы индустриалды -инновациялық дамуын талдау және Стратегияны іске асырудың жолдары мен мәселелерін анықтау арқылы төмендегі міндеттерді белгілейді:

  • инновация ұғымын экономикалық категория ретінде зерделеу;
  • индустриалды-инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
  • инновациялық дамуды жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
  • ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің басымдылықтарын анықтау болып табылады.

    Зерттеу пәні – Қазақстан экономикасының индустриалды- инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.

    Зерттеу объектісі – Ұлттық экономикадағы интеллектуалды адам ресурстарын жетілдіру қорлары, тұрғындарының ғылыми әлеуеті, кәсіпорындар мен қоғамдар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салалары.

   Зерттеу жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, тұжырымдардан, қолданылған әдебиеттер тізімі, кестелерден тұрады. 
 
 
 
 
 

 

 

     1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

     1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы 

   Кез-келген қоғамдағы мемлекеттің экономикалық рөлі оның нақты қызметтерінің жиынтығы арқылы көрінеді. Мемлекеттің рөлі мен оның қызметтері мемлекет пен  экономиканың өзара қатынасының әртүрлі модельдерінде ғана емес, әр елдің әртүрлі нақты тарихи жағдайлары бар бір модельінде де өзгеше. Сонымен қатар мемлекеттің экономикалық рөлі мен атқаратын қызметтері рыноктық экономикасы жоғары дамыған мемлекет пен өтпелі экономикалы мемлекетте бірдей болуы мүмкін емес. Бұл жерде нақты, ерекше жағдайлар да маңызды. Мұндай өзгешеліктер көптеген объективті, материалдық факторларға байланысты, сонымен бірге әр қоғамға тән дәстүрлер мен көзқарастардың (менталитет) әсерінен пайда болады.

   Қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілуімен бірге оның дамуы, экономика субъектілері арасындағы шаруашылық байланыстардың күрделенуі, қоғамдық өмірдің кейбір сфераларының маңызының артуы және интеграциялық процестердің күшеюі нәтижесінде мемлекет қызметтері толықтырылады, нақтыланады және жаңа қызметтер пайда болады. Соңғысының қатарына экономистер жатқызады:

  • өте дәлдікпен қалыптастырылған өнеркәсіп саясатын жүргізу;
  • қазіргі заманғы технологиялар жасау мен енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру, жекелеген аймақтар мен сфералардың дамуын ынталандыру;
  • ел шекарасын анықтау және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

   Бұл қызметтерді жүзеге асыру көбінесе әртүрлі мемлекеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Дамыған рыноктық экономикада макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуге, оның техника-технологиялық базасын дамытуға ықпал ететін қызметтер басты болады әрі жиі қолданылады. Ал6 экономикасы өтпелі елдерде ескі жүйені рыноктық жүйеге жедел қайта құруға мүмкіндік беретін қызметтер басты болады. Сондықтан әр ел мемлекеттік реттеуге қатысты әртүрлі ұстанымдарды қалыптастырады, әртүрлі ағымдық және стратегиялық мақсаттар қояды, оларға жетудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданады.

   Экономикаға мемлекеттік ықпал ету ауқымы туралы мәліметті келесі көрсеткіштер береді. Жиі қолданылатын көрсеткіш- бюджет және бюджеттік емес қорлар арқылы бөлінетін ЖІӨ-нің үлесі. 90 жылдардың басында Жапония мен АҚШ-та бұл үлес 35-40% болған, Германия, Франция, Италия, Канада елдерінде- 50%-дан жоғары болса, ал Швецияда- 60%-дан жоғары үлес жоғары болған сайын мемлекеттің экономиканы реттеу ауқымы да жоғары болады.

     Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:

  • экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
  • әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
  • ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
  • ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
  • өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
  • кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
  • мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
  • ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
  • ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
  • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;
  • экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
  • ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
  • Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония елдерде бұл көрсеткіш – 0,22 - 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4 -0,6; Канада мен Қытайда – 0,8 - 1,2 киловатт сағатты құрайды.

     Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.     Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға, өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясатты қарқынды жүргізуге тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.

 Осы  мәселелерді шешу қызметі барысында  стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады:

  • өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
  • өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
  • кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
  • ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
  • сапаның әлемдік стандартына көшу;
  • дүниежүзілік ғылым – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.

     Осы стратегияны іске асыру  мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды  және ол даму барысында келесідей  кезеңдерден тұрады:

    І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;

    ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;

    ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.

     Күтілетін нәтижелер: Индустриялық  саясатты белсенді жүргізу экономиканың  өсу қарқынын жылына 8,8 – 9,2 % қамтамасыз  етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3,5 – 3,8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 – 8,4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5 – 1,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат