Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер
2.2 ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары
3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

     Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

     Мәселелерді шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.

     Экономиканы мемлекеттік реттеу  әдістері мен саясатын жетілдіру  жөніндегі жекелеген ұсыныстарды  негіздеу үшін Стратегияның тиісті  бөлімдеріне импортты алмастыратын  және экспортқа бағытталған саясатты  іске асыру жөніндегі шет елдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әр қилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін факторлар келтірілген.

         Қорытындылай келе, елімізде индустриялы-инновациялық дамуды жетілдіру үшін төмендегідей шараларды атқарылуы қажет:

  • елдегі инновациялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;
  • мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
  • индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
  • отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
  • инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.   

      Сол себепті экономика салаларын  жаһандану үдерісіне сәйкестендіре  дамытуға, экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік рынокта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына  бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау керек.  

     1.2 Ұлттық экономиканың  бәсекеге қабілеттілік  факторлары

   Рыноктық  экономиканың мәнді сипатының бірі бәсеке екені белгілі. Рыноктық шаруашылықты дамытудың маңызды тәсілі, қоғамдық өндірісті реттеудің негізгі тетігі ретінде бәсекенің рыноктық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін экономикалық артықшылықтары бар.

   Бәсеке - тауарлар мен қызметтерді өндіру және өткізудің аса қолайлы жағдайлары үшін шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық бақталастықтың  антогонистік нысаны. Әрбір кәсіпкердің мақсаты - пайданы мейілінше жоғарылату болғандықтан, олардың әрқайсысы өзінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің көлемін ұлғайтуға ұмтылады. Ал өндірісті ұлғайту сол тауарға (қызметке) деген қажеттілікке, сұранысқа тәуелді. Кәсіпкерлер тұтынушы үшін өзара экономикалық күреске түседі, өзін өндіру мен өткізудің аса қолайлы жағдайларымен қамтамасыз етуге тырысады, бәсекелесіне қарағанда өз тауарының бағасын төмендету үшін шығындарды төмендетіп, өндірісі көлемін арттырады, сол арқылы тауарларына деген сұранысты жоғарылатады. Бірақ та, бағаны одан ары төмендету ұсыныстың қысқаруына әкеледі. Егер  сұраныс ұсыныстан жоғары болса, онда тұтынушылар бір-бірімен бәсекеге түседі. Тапшы тауарды сатып алу үшін кейбір тұтынушылар басқаларға қарағанда жоғары баға ұсынуы мүмкін. Баға өседі және бұл ұсыныстың артуын ынталандырады. Ұсыныстың өсуі өзіне сәйкес көлемдегі сұранысқа теңескенге дейін жалғасып, тепе-теңдік баға қалыптасады. Сұраныстың немесе ұсыныстың кез-келген өзгерісі бағаның өзгеруі арқылы басқа жаңа тепе-теңдіктің қалыптасуына әкеледі. Басқаша айтқанда, бәсеке рыноктық тепе-теңдікке жетудің, белгілі бір қоғамдық үйлесімділікті қамтамасыз етудің тәсілі болып табылады.

   Шаруашылық  жүйесінде бәсекенің болуы барлық экономикалық процестерге оң әсер етеді. Бәсекелесінің өкшелеп келе жатқанын сезген кез- келген кәсіпкер өндірістің “кілтін” ғана тауып қоймай, сонымен  бірге болашақты болжауға, болашақ сұранысты қалыптастыруға міндетті болады.

   Бәсекенің экономикалық басты артықшылықтары:

  1. Қоғамдық тұрғыда бәсекелік күрес арқылы шектеулі ресурстардың аса тиімді бөлінуі жүзеге асады, өйткені сұранысы бар тауарлар ғана өндіріледі, яғни не, қанша өндіру мәселесі шешіледі. Бұл жағдай Парето бойынша тиімділік деп аталынады (италияндық экономист әрі әлеуметтанушы ВильФредо Паретоның атымен байланысты), өйткені ол ең алғаш «жетілген бәсекенің ресурстарды тиімді бөлу» жағдайын қалыптастырған болатын. Егер кез-келген басқаның әл-ауқатын төмендетпейінше, ешкімнің әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес болса, онда ресурстар Парето бойынша оңтайлы бөлінген деп есептеледі.
  2. Бәсеке кәсіпкерді өз өндірісін үнемі жетілдіруге, өнім сапасына кері әсер етпейтіндей төмен баға қоя отырып, өнім бірлігіне жұмсалынатын шығындарды азайтуға мәжбүр етеді. Ал бұл төмен бағаға сұранысты өсіру арқылы жауап беретін тұтынушыларға қолайлы. Тұтынушылардың сұранысы үшін күресте кәсіпкер шығындарды төмендетудің жолдарын жиі-жиі іздестіруге, шектеулі ресурстарды қолайлы пайдаланудың жаңа комбинацияларын есептеуге мәжбүр. Осыған қоса, өмір сүру үшін күресте  ол тек сапалы өнім шығаруға, қоғамдағы барлық стандарттарды сақтауға, тұтынушылардың өзгеріп отыратын талаптары мен артықшылық беруіне сәйкес игіліктер мен қызметтердің сұрыпталымын жаңартумен айналысуға мәжбүр. Бұл, сөзсіз, жалпы өндірістің тиімділігін жоғарылатады.
  3. Шығындарды төмендетудің жаңа тәсілдерін іздестіру ауқымын ұлғайта отырып, кәсіпкерлер жаңа, өнімділігі жоғары техника мен технологияларды, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалануға және рыноктағы өз үлесін нығайтуға ұмтылады. Оған тек қана ғылыми- техникалық инновациялар арқылы жетуге болады. Бұл да, нақты кәсіпкерге ғана емес, қоғамға да тиімді.
  4. Қоғам үшін бәсекенің елеулі маңызды нәтижесінің бірі- тұтынушылар үшін күресте өз фирмасының беделі және адал, әділетті бизнесмен абыройының кәсіпкерлерді толғандыруы. Ол үшін өз тауарлары мен қызметтерінің сапасына ғана емес, сервистік қызмет көрсетуге, сонымен қатар өз фирмасының имиджінің сыртқы көріну нысанына да көп көңіл бөлуге тура келеді. Өз пайдасын ойлап қана қоймай, сонымен бірге халықтың белгілі бір тобына бағаны төмендету, тұрақты сатып алушылары үшін сый-ақы және жеңілдіктер беру, қайырымдылықпен айналысу және т.б. арқылы тұтынушылар үшін белгілі бір шығын шегуге дайын болуы тиіс.

   Мұның барлығы қоғамда қолайлы жағдайларды, сауатты бизнесменді қалыптастырады, әлеуметтік шиеленісті төмендетеді.

      Жаһандану нәтижесіндегі ел экономикасының бәсекеге жарамдылығы әлемдік табысты бөлуге қатысу мүмкіндігінің міндетті шарты болып табылады, ал, бәсекеге жарамдылықтың негізі сапа және төмен баға болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы кезінде елдердің ашық экномикалық (айталық, Қытай, Америка Құрама Штатымен экономикалық байланысы) трансұлттануы  жүзеге асырылады. Әлемдік шаруашылықта табыс көлемі Қазақстанда онық экономикалық бәсекеге жарамдылығына және де өнім  сапасымен төмен бағаға әсер етеді. Әлемдік табыс елдердің ашық экономикасына, трансұлттануына өзінің үлкен үлесін қосады.

      Жаһандану жағдайындағы  экономикада сапаның  атқарар қызметін төмендегі модуль арқылы сипаттадық (1- сурет).  

     
     

     
     
     
     
     
     
     
     
     

     
     

1- сурет Жаһандану жағдайында экономиканың бәсекеге жарамдылығын құру моделі 

          Бәсекелестіктің қатал жағдайы технологияны жаңартуға, жаңа өнім жасау уақытын қысқартуға, сапа және сенімділік мәселесінің маңызының артуына әкеледі . Нәтижесінде ғылымға шығын артуда. Мысалы: ғылым және жоба жасауға шығын ЖІӨ-ге қатысты АҚШ, Германия, Жапонияда 3%, Ұлыбритания және Францияда 2%, ТМД-да 1% құрады. 2000жылы Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарына ЖІӨ-ге қатысты 0,2% болды.

           Салалардың ғаламдануы және фирмалардың  көп ұлттық болуы мемлекет  маңызын төмендетеді. Бірақ, белгілі  бір мемлекетте жетекші салалар  ондаған жылдар өмір сүретін заңдылық бар. Ұлттық шаруашылықтың құрылымындағы және құндылықтар бағасындағы айырмашылықтар, ұлттық мәдениет, мемлекеттік мекемелер және тарих бәсекеге қатты әсер етеді.  

   Ұлттық  деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің ең саналы концепциясы – ол өнімділік. Бәсекелестік – бұл динамикалық процесс. Ресей экономикасын АҚШ және ЕО рыноктық деп танығанмен, бәсекеге қабілетсіз болды. Дүниежүзілік экономикалық форумда 2002 жылы Ресей бәсекеге қабілетті деп танылған 75 елдің ішінен 74-ші орынды иеленді. Ресей орта мерзімдік (2003-2005жж.) жаңартылған әлеуметтік экономикалық стратегиясын жасады. Басты мақсаты: «ұзақ мерзімді өсу динамикасына ие, халықтың өмір деңгейін көтере алатын, өндіріс аппаратын, тиімді қайта өндіру және модернизациялайтын, мемлекеттің қауіпсіздігі мен бәсеке қабілеттілігін нығайтатын Ресей экономикасының моделін құру».

   Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  факторлар кезеңінен инновация  кезеңіне көшті. Жапонияда тиімді даму нәтижесінде бәсекеге қабілетті  бір сала екінші сала дамуын арттырды, нәтижесінде сұраныс деңгейі өсіп, тиімді қызмет көрсетуші салалар қатары көбейді. Жапония халқының әл-ауқаты өсіп, сыртқы қарыздары төленуде. Бірақ, соған қарамастан Жапонияда АҚШ, Германия және Ұлыбритания елдеріндегідей экономикалық даму жылдамдығы төмендеуде. Бұл ел өз даму қарқынын ұстап қалуға барынша талпынуда.

      Өткізілген  зерттеулер көрсеткендей, қазір отандық  тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті  өнімдерді өндіруді ұйымдастыруда  инновацияның ролі жоғары екендігі анық. Бұл үшін Қазақстанда негізгі объективті алғышарттар жасалған. Ғылыми ұйымдармен жасалған зерттеулер құрылымында қолданбалы зерттеулер үлесі 50%, ғылыми–техникалық өндіріс – 30% асады. Мемлекет инновациялық қызметтің дамуына қажетті жағдай жасауда.

      Бүгінгі күні инновацияны дұрыс пайдалану ертеңгі күнгі дамыған экономика екенін дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Осыны дұрыс аңғарған отандық фирмалар мен кәсіпорындар инновацияны жетілдіру, дамыту және дұрыс пайдалану нәтижесінде ертеңгі күні табысқа жетпек. 

     2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ  ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ

     2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер

     Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.

     Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (кесте) ықпал етедi. 

      Кесте 1 Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін факторлардың салыстырмалы сипаттамасы

               Оң факторлар                Теріс факторлар
бай табиғи ресурстар;

бос өндiргiш  қуаттардың болуы;

салыстырмалы  түрде дамыған

ғылыми-техникалық әлеует;

технологиялық жағдайлардың

қатарында технологиялық

баяндамалардың  болуы;

жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк- техникалық қызметшi;

жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк

деңгейiмен  үйлескен арзан жұмыс күші;

елдiң  екi құрлықтықтың тоғысында

географиялық орналасуы;

инженерлiк-техникалық кадрларды

даярлаудың  қалыптасқан жүйесi.

инновациялық  қызметтi жеткiлiксiз

нормативтiк  құқықтық реттеу;

жаңаформациядағыбасқарушылық 
кадрлардың болмауы;

 экономиканың  шикiзаттық  

 бағытталуы;

дүниежүзілiк  деңгейдегі меншікті

технологиялар салаларының шектелуi;

iшкi қаржы  ресурстарының тапшылығы;   

инновациялық  қызметтiң   инфра-құрылымының  дамымағандығы; өндiргiш күштердi керi индустрия-

лансыздандыру материалдық-техникалық базаның  жарақтануы;

техникалық  жағынан әлсiз өндiргiш  күштердi бөлудегi теңсiздiк;   

ғылыми-техникалық қызметтi ком -мерциялау үшiн тетiктер мен нақты экономикалық ынталандырудың жоқтығы;

өндiрiстiң  жоғары технологиялық салаларының  қатарында   техникалық және өндiрiстiк  кадрлардың жоқтығы;

ішкi рыноктың мардымсыз                                                                               
сыйымдылығы.                                                                                  
                                                                                                                              


   

     Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi.  
      "Yстемелеу" инновациясы - жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.  
      "Қарыз алу" инновациясы - бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.    

"Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.      

 Қазақстан  үшiн жақын болашақтағы неғұрлым қолайлы стратегия "үстемелеу" және "қарыз алу" инновациялары, сондай-ақ олардың ұштастырылуы болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдаланумен бiрге, ғылым мен техниканың аралас және жаңа салаларында отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.      

 

     2 сурет Қазақстанда инновациялық өнімдердің көлемі 

  Қазіргі экономикалық жағдайлардағы әлемдік  қауымдастықтың дамудың жаңа сапалы сатысына көшуі инновациялық және инвестициялық үдерістердің бесенділігінің артуымен байланысты. Еркін бәсекелестік механизмі – дамыған нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс проблемаларын шешуде; дегенмен әлемдік тәжірибеде белгілі ғылыми-инновациялық сфералардағы көптеген индустриалды елдер нарықтық қатынастарға мемлекеттің арала-суын көріп отырмыз. Инновациялық негіздегі қазақстандық дамудың жаңа формалары мен әдістерін табу қажеттілігі туындап отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің артуы инновациялық үдерістердің белсенділігінің артуымен тығыз байланысты: өндіріске жаңа технологияладың ендірілуі, оның ішінде ресурстарды үнемдейтін және ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік аналогтармен табысты бәсекелесе алатын үздік тұтынушылық қасиеттері бар инновациялық өнімдердің шығарылуын кеңейту болып табылады.

  Елдiң  негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс  пен ғылыми-техникалық ресурстарды  жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық әлеует - кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекеттің көркеюінің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда көшбасшы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекегеқабіліеттігін жоғарылатады.

Информация о работе Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат