Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер
2.2 ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары
3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

  Шыныпластиктен  жасалған ысырма - тәжірбиелік партиясын  өндіру, 
стендтік және өнеркәсіптік сынақтар. Қазақстан Республикасы өнер кәсібінің әртүрлі салаларының жылуқуатты қондырғылары үшін сүйық орталардың экологиялық таза және қауіпсіз гидродинамикалық қыздырғыштарының се-риясын дайындау және жасау. Ауыр мұнай шикізатының газ ағымды термолиз әдісі мен технологиясын дайындау. Профилактикалық байқау және экология-лық аудиттер жағдайындағы скриниг-тексерулер жүргізу үшін ақпараттық-бағ-дарламалық кешенін құру. Қаратау фосфоритінің концентарцияланған азотты-фосфорлы тыңайтқыш - нитроаммофосқа химиялық өңдеу әдісін дайындау. Жергілікті порталдар технологиясы. Электромагнитті перфораторларды дайын-дау және өндіру. Арилокси (алкил) карбондық қышқылымен сульфинонил-несеп нәрі негізінде қиыстырылған гербицидтің жаңа  префоративті  түрлерін дайындау.
 
 

              
          Кластерлеудің даму бағыттары

      

Салалық аудандар кластерлеу бағыты   М. Портер кластерлеу бағыты   «Солтүстік» кластерлеу бағыты   Калифорниялық кластерлеу бағыты
-салаларды   

біріктіру, 

-салалық аудан-дарды  шоғырлан-дыру,

-сенімділіктерін

орнату,

-инновациялық  дамыту,

-өндірістік  маман-

дануды жүргізу.

-жергілікті  кәсіпорындар мен қорларды айналдыра  шоғырландыру,

-ең жақын  жолдарды айқындау;

-жергілікті  бірлесіп жұмыс жүргізу.

  -кластерді дамытуда  білімнің құндылығын пайдалану,

-инновациялық оқыту және дамыту,

-жергілікті  қалыптаспаған білімдердің құндылықтарын  ықшамдау, жетілдіру.

  -фирмалардың  агломерациялық бірігуіне әкелу,

-фирма аралық  тасымалдау шығындарын азайту,

-әкімшілік басқару  біріктіруді ұйым-дастыру,

-қалыптаспаған  білімдерді, территориялық шарттарды азайту.


                Сурет 4 Аймақтық экономиканы кластерлеудің даму бағыттары 

  2004 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің  тапсырмасы бойынша "Қазақстандық  кластерлік бастама" жобасы  басталды. Жоба мақсаты –эконо-миканың дайын өнім өндірмейтін салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы ел экономикасын диверсификациялау.Кластерлеу процесі - халықаралық және ұлттық деңгейден аймақтық дамыту деңгейіне тереңдеп еніп келеді. Кластерлеу процесін, технологиясын жинақтаған және өзінің даму бағыттарында негізгі концепцияларын өңдеп жатырған қазіргі таңдағы кластерлеудің экономикалық даму бағыттарын үлкен төрт топқа бөлуге болады (Сурет 4).

    Аймақтық  экономиканың толығымен кластерлерден  тұратын жағдайында, барлық аймақ  экономикасын бағалау үшін баланстау көрсеткіштер жүйесін қолдану мүмкіндігі туады. Қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштер жүйесі кәсіпорындардың және аймақтың байланыстарын есептеу индикаторлары болып саналады, мысалы, кластер кәсіпорындарының тапсырысы бойынша ғылыми институттардың қызметтерінің есебінің жиынтығы, жоғарғы және орта білім беру орындарының мақсатты мамандарды дайындауы жатады. Осындай индикаторлы көрсеткіштер арқылы кәсіпорындардың стратегиялық байланыстары, тұтастай келе кластер бойынша аймақты дамытудың стратегиялық бағыттарын туындатады (Сурет 6). 

     Сурет 6 Кластер стратегияларының аймақты дамыту байланысы 

   Біз жоғарыда атап көрсеткендей, кластер шығаратын  өнім әлемдік стандартқа жауап береді және бәсекеге қабілетті, сондықтанда  жоғары қосылған құны бар. Ол әлемдік сауда ұйымының нарықтарында жеткілікті жоғары бағада сатылады. Әлемдік сауда ұйымының нарықтарында сатылатын кластер өнімінің бағасы құрылатын құрылымды біз былайша көрсетеміз (Кесте 26). Онда интеллектуалдық адам ресурстарын жұмылдыруға 20% дан 30% дейін тікелей мекен-жайлы қорларға немесе қосылған құнға салық түрінде бөлінуі керек. 

   Кесте 3 Әлемдік сауда ұйымдарының нарықтарында сатылатын тауар бағасының үлгілік құрылымы

  Тауарды сату бағасы 100
1 Өзгермелі технологиялық шығындар  10 – 10
2 Шикізат сатып  алуға жұмсалатын өзгермелі шығындар 30 – 40
3 Жұмысшылар  мен қызметкерлердің жалақысы 10 – 10
  Маржиналдық өзіндік  құн   50 – 65
  Тауарды сатудан  түскен маржа 50 – 35
4 Тұрақты өндірістік шығындарды жабу         5 – 5
5 Сатуды ұйымдастыру  шығындарын жабу 5 – 5
6 Жұмысшылар  мен қызметкерлерге бонус төлеу 10 – 5
7 Интеллектуалды  адам ресурстарын жұмылдыруға аударымдар (тікелей мекен-жайлы немесе салық  жүйесі арқылы) 30 – 20
 

 

  Инновациялық  процесінің қалыптасуы мен дамуының негізінде экономикалық белсендіру жатыр. Ол үшін экономиканың интенсивті дамуын қамтамасыз ету керек. Мемлекеттік саясат ғылыми-өндірістік және технологиялық кешендерді дамыта отырып, отандық өндірісті қолдап, ұлттык экономиканың деңгейін өзіміздің ғылыми-техникалық потенциалымызға сүйене отырып көтеруге бағытталу керек.

  Сонымен, дүние жүзілік экономикамен ықпалдастыққа  тас түйін дайын-дықпен жақындап келе жатқан Қазақстанның инновациялық әлеуетінің де мол екеніне ешкім шүбә келтіре қоймайды. Алла жазса алдағы 10-15 жылда мұхит асып, айшылық алыс жерлерге барған отандасымыздың "Қазақстанда жасалған" деген тауармен табыс алатынын сеніммен айтқымыз келеді.

 Индустриялық саясат дегеніміз мемлекттік бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

          Стратегияның негізгі мақсаты  – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

    2010 жылы астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8,9 млн. тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2009 жылғы көлеммен салыстырғанда 2,2 млн. тоннаға, ұн 339,9 мың тоннаға артты. Астық пен ұнды экспортқа сатудан түске түсім сомасы 1542,7 млн. АҚШ доллары көлемінде болды. Негізінен олар 3,3 млн. тонна астық ТМД, 1,5 млн. тонна Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна ЕО елдері. Осы жылы қазақтандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания мемлекеттеріне экспортталды, келешегі мол Қытай бағытын пысықтау жүргізілуде. Кестеден 2010 жылы Қазақстаннан көп көлемде астық импорттаған негізгі елдерді көруге болады.(4-кесте) 

     Кесте 4 Қазақстанның негізгі астық импортерлары

Елдер Экспортталған астық көлемі (мың тонна) Жалпы экспортталған  астық көлеміндегі үлесі %-бен
      ТМД елдері     3,3 млн.т 48,5
1 Әзірбайжан     886,6 мың т 13
2 Ресей Федерациясы     613,5 мың т 9
3 Украина     394,6 мың т 5,7
4 Қырғызстан     345,5 мың т 5
5 Тәжікстан     298,4 мың т 4,3
6 Басқалары     761,4 мың т  11,1
      Алыс шетел  мемлекеттері     2442,5 млн. т 35,9
1 Тунис     555,1 мың т 8,1
2 Түркия     464,5 мың т 6,8
3 Сауд Аравиясы     348,5 мың т 5,1
4 Египет     329,6 мың т 4,8
5 Иран     225,3 мың т 3,3
6 Йемен     193,0 мың т 2,8
7 Италия     176,8 мың т 2,5
8 Германия     149,7 мың т 2,1

 

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  жүргізген астық рыногының мониторингі  бойынша 2010 жылы 17473,6 мың тонна астық жұмсалған. Оның ішінде 6810,0 мың тонна экспортқа шығарылды, астыққа балама салмақпен 2089,0 мың тонна ұн экспортталды. Ішкі қажеттілікке 8574,6 мың тонна астық жұмсалды, оның ішінде 3916,6 мың тоннасы – азық-түліктік қажеттілікке, 2704,7 мың тоннасы – жемдік, 2037,2 мың тоннасы – тұқымдық мақсатқа, 334,3 мың тоннасы – өндірістік қайта өңеуге. Республикадан тыс жерлерге астыққа балама салмақпен жасырын шығарылған ұнның көлемі 4,3 мың тоннаны құрады. 2009 жылдың дерек бойынша республикада 14669,1 мың тонна астық болған, бұл 2010 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 2243,2 мың тоннаға немесе 18,1%-ға артық. Оның ішінде азық-түліктік астық – 9940,6 мың тонна, жемдік астық – 2689,4 мың тонна, тұқымдық астық 2039,1 мың тонна. Көрсетілген көлемнің 863,3 мың тоннасы мемлекеттік ресурстардың астығы.

    Елдің азық-түлік қауіпсіздігі тұтыну тауарларының 80% өндірген жағдайда немесе сыртқы сауда балансында оң сальдо әкелетін өнім өндірісіне маманданған жағдайда толық қамтамасыз етіледі. Елдің азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз етуде агроөнркәсіптік кешен салаларын тұрақты әрі перспективті дамыту маңызды саналады. Осы орайда ҚР Президенті өз Жолдауында “АӨК туралы айрықша айтқым келеді, өнің дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз», – деп ерекше атап көрсетті.Қазіргі таңда Қазақстан бірқатар азық-түлік өнімдерін алыс,  жақын шет елдерге экспорттайды, алайда сонымен бір уақытта көптеген азық-түлік тауарларын импорттайды. Оның себептері әртүрлі, ол азық-түлік өнімі елде мүлде өндірілмейді немесе өте аз мөлшерде өндіріліп, ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмайды. Азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері бойынша экспорттың және импорттың үлесін келесі кестелерден көруге болады: 

    Кесте 5 Негізгі азық-түлік тауарларының экспорты, млн АҚШ доллары

Өнім атаулары 2007ж 2008ж 2009ж 2010ж**
Тірі  мал және мал 

шаруашылығының  өнімдері

68,8 67,0 66,3 69
Өсімдік майлары 10,4 14,7 14,0 14,7
Дайын тамақ өнімдері 148,3 144,7 147,1 154,4
Өсімдік шаруашылығының өнімдері 456,5 837,3 869,9 913,3

 

      Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын  жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация  – негізгі қозғаушы күш болмақ.

     2010 жылдың қаңтар-маусым аралығында кен өндіруші өнеркәсіптің физикалық көлем индексі 101,8%-ды құрады. Шикі мұнай мен табиғи газ (103,3%) өндіру әлдеқайда көбейді.

     Қайта өңдеуші өнеркәсіпте қорытынды  кезеңде 95%-ға төмендеді. Машина мен  құрал-жабдық өндіру ісі – 25,9%; химиялық өнеркәсіп – 24,5%; құрылыс материалдары – 20,2%; транспорттық құрал-жабдық өндірісі – 18,6%; қара және түсті металлургия өнімі – 15 және 4%; темекі өнімі – 11,4%; мұнай өндірісі – 5,2%-ға азайды.

     Электроэнергия, газ және суды өндіру мен таратуда өндіріс көлемі және газ өнімдерін (отын) тарату (96,8%), электроэнергия (94%), бу мен ыстық судың қамтамасыз етілуі (93,6%), суды тазарту мен тарату (88,2%) көлемі төмендеді.

     Айта  кетер жайт, 2010 жылдың бас кезінде еліміздегі инновациялық үдерістің жалпы көрінісін нақты екі сала анықтады: металлургия (Қазақстанның барлық инновациялық өнімінің 51,4%-ы) және кен өндіруші өнеркәсіп (14,8%)

     Инновациялық  өнімдерді жүзеге асыру бойынша  көшбасшылардың екінші тобына шамамен 5% орташа салмақтағы салалар кірді: транспорттық құрал-жабдықтау өндірісі (4,98%); машина құрылысы (4,75%); азық-түлік саласы (4,71%). Бұл топқа электрожабдықтау өндірісі белгілі-бір көрсеткіштік деңгейде жете алмады: электрондық және оптикалық жабдықтау - 3,88%.

     Аутсайдерлер қатарында тері өндірісі, теріден жасалған бұйымдар мен мен аяқ киім, сонымен қатар, электроэнергия, газ және суды өндіру мен тарату ісі де болды. Мұнда инновацияның ең аз жүзеге асуы орын алды, яки сәйкес түрде, 2,4 млн теңге (0,002%) және 1,9 млн теңге (0,001%).

     Қызмет  секторлары бойынша зерттеу мен  жасау шығындарын талдау негізінде  зерттеу жұмыстарын жүргізу мен  жасаудың Қазақстандық және Батыстық тәжірибенің нақтыланған бейнесі  көрінеді.

     Мәселен, АҚШ-та 68,2% зерттеу мен жұмыс жасау  шығындарын өндірістік компаниялар жүзеге асыратын, ал қалғандары – құзырлы ұйымдар мен басқа да қайнар көздері болса, Қазақстанда кәсіпкерлік секторға көмекші рөл көрсетіледі (39,3%)

     Оңтүстік-Шығыс  Азия мемлекеттерімен салыстырғанда  айырмашылық одан сайын жоғарылайды: зерттеу мен жүмыс жасау шығындарындағы Жапонияның өндірістік компанияларының үлесі – 72,4%, ал Оңтүстік Кореяның үлесі – 73%

Информация о работе Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат