Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер
2.2 ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары
3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

  Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.  Бұл ретте ғылыми институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады

     Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға кө шу көзделуде.

     Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген  тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек. 
           Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

   Стратегияны орындау Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның iске асырылуы жөнiнде iс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының  Үкiметi үш жылдық кезеңге әзiрлеп, бекiтедi.

Iс-шаралар  жоспарында елдiң индустриялық-инновациялық  дамуының әрбiр кезеңiнiң сапалық  ерекшелiктерi көрсетiлiп, Стратегия  қағидаттарын iске асыру жөнiндегi нақты шаралар көзделедi. Индустриялық  дамудың басым бағыттары бойынша бөлек салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрленедi. Онда нақты атқарушылар мен iске асырудың мерзiмдерi, сондай-ақ қаржыландырудың жылдар бойынша болжанатын көлемi мен көздерi көрсетiледi.

     Өндiрiстi кең ауқымды жаңарту үшiн қазiргi уақытта республикада жеткiлiктi мөлшерде жоқ едәуiр капиталдық қаражат талап етiледi. Осыған байланысты, қойылған мiндеттердi іске асыру үшiн мемлекеттiк қаржыландырумен қатар несие ресурстарын, инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жеке қаражатын, шетелдiк капиталды және басқаларды тарту алда тұр. Бұдан басқа, лизинг бойынша жабдықтар мен технологияларды сатып алуды тәжiрибеге енгiзу қажет, өйткенi бұл бюджетке түсетiн күштi едәуір азайта алады. 
 
 

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ

3.1    Қазақстан Республикасындағы  индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары

     Елімізде  индустриалды-инновациялық саясатты ойдағыдай  жүзеге асырубарысындағы негізгі күшті  әлемдік тәжірибені ескере отырып, инвестицияларды үйлестіру мен іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларға жұмсау қажет. Бірақ Қазақстанның бюджеттік қаражаты жеке меншіктегі кәсіпорындарға қаржылық және инвестициялық қолдау көрсетуге бағытталмағандықтан мемлекет нақты компанияларға тікелей қаржылық қолдау көрсете алмайды, дегенмен ол экономиканың

бәсекеге  қабілеттілігін арттыру мәселелерінде  катализатор, яғни бастамашы бола отырып, жеке меншіктегі кәсіпорындарды инновациялық процестерге тартады. Сонымен қатар, өндірістік және бәсекеге қабілетті әлеует құруға, оларды одан әрі жақсартуға, жаңғыртуғаықпал етеді. 

     Алматы  облысының Индустрияландыру картасы  сомасы 745,5 млрд.теңгенің 34 инвестициялық  жобасы енгізілді. 

     2010 жылы облыста аталған Бағдарламаны іске асыру аясында 18,3 млрд. теңгені құрайтын 10  жоба іске асырылып, 806 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Атап айтқанда келесі инвестициялық жобалар (инфузиялық ерітінділерге арналған бір рет пайдаланатын жүйелер шығаратын «Алтомед», сүт өнімдерін шығаратын «Danone Berkut», майбұршақ майын өндіретін «Сарыбұлақ Компаниясы», майбұршақ өңдейтін «ЗПС «Экстра», табиғи тас өңдейтін "TASKOM KZ" ЖШС-нің зауыттары, Қаратал 4 шағын ГЭС-і, «ЮСКО Логистикс Интернешнл» АҚ-ның «Көп салалы логистикалық кешені», «Dostyk Refinery» ЖШС-нің «Достық бекетінде мұнай өңдеу қондырғысын орнату» «Есік жеміс консервілеу зауыты» .

     2011 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 9,6 млрд. теңге болатын 10 нысанқолданысқа берілді, 609 жұмыс орны құрылды: «Кормовик-Евротехнология» ЖШС-нің премикс және концентраттарды шығару, «ЮринвестСтрой» ЖШС-нің асфальтті шығару, «Байсерке Агро» ЖШС-нің сүт өнімдерін шығару, «Компания SONIK» ЖШС-нің профильді құбыр шығару, «ХундайАвтоТранс» ЖШС-нің Хундай маркалы жүк көліктерін және автобустарын жинайтын ірі торапты зауыттар, «Кайнар-АКБ» кәсіпорынында индустриялды аккумулятор батареяларын иегерелуі бойынша жабасы, «Байсерке Агро» ЖШС-нің серіктестігінің ет өңдеу, «Жеңіс 2006 компаниясы» ЖШС-нің балық өңдеу кешендері, «Жаңа Ақ-дала» ЖШС-нің 13 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, «Green House - зеленый дом» ЖШС-нің аумағы 3,65 га жылыжайы. 
2011 жылы Республикалық карта аясында Жетіген-Қорғас теміржол желісі іске косылды, Мойнақ ГЭС-ы құрылысы жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда.

     2012 жылы облыстың Индустрияландыру картасына енгізілген 8 жобаны аяқтау жоспарланып отыр, инвестиция көлемі 5,9 млрд.теңгені құрайды және 650 жұмыс орны құрылады.

     2010-2014 жылдарға бағытталған Қазақстанның Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша (индустрияландыру Картасына) жалпы жобалық құны 1 905,7 млрд.теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобалар енгізілген (республикалық картасында -14 жоба, аймақтық картасында  - 27 жоба).

     Соның ішінде, Республикалық индустрияландыру картасында жалпы құны 701,8 млрд. теңгені  құрайтын 7 жоба, аймақтық картаға - жалпы  құны 43,7 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық  жобалар қарастырылған.

     2010   жылы Ақтөбе  қаласы бойынша   9 инвестициялық жоба   жүзеге асырылса, 2011   жылы     республикалық    үйлестіру  кеңесі    24   жобаны  қарап шығып,  оның   22-сін  мақұлдады,   ол жобаларға қарастырылған инвестицияның жалпы сомасы 11,2 миллиард теңгені  құрап отыр.  

      Атап  айтқанда,   өнеркәсіптік салада  жалпы инвестиция көлемі 9,1 миллиард теңгенің    16 инвестициялық   жобасы  қолға алынса,    ауыл шаруашылығында  құны 1,6 миллиард теңгенің 5 инвестициялық жобасы, сауда және   қызмет көрсету саласында   500 миллион теңгенің     бір инвестициялық жобасы    жүзеге асырылмақ.

     Теміртауда мемлекеттік үдемелі индустриялдық инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде іске асырылуда. Қазір қалада 15 инновациялық жоба іске асырылып жатыр.

     Жақында мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қарағанды  облысына іссапармен келгенде, Индустрияландыру картасына енген екі жобамен танысты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ №2 домна пешінің құрылысы мен сорттық илек өндірісіне әзірлемелерді үздіксіз құю машинасын іске қосты. Оның алғашқысының құны 15 млрд теңге. Бұл жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім өндіру қуатын айтарлықтай арттырады.

     Жобаның ерекшелігі мұнда барлық пештерде осы  заманғы жаңа құрылғылар орнатылған, әрі экологиялық жағы да ескерілді. Үздіксіз құю машинасын іске қосу арқылы блюм, сапалы сорттық илек сынды әзірлемелер өндіруді жолға қоюға мүмкіндік береді. Әрі кәсіпорынның болат өндіру қуаттылығын жылына 4-тен 5 млн тоннаға арттырады.

     «Nord Пром НС» ЖШС өткен жылдың мамыр  айынан бастап жұмыс істеп келеді. Ол жылдамдығы жоғары пойыздарға арналған темір-бетонды шпал жасайтын Қазақстанда теңдесі жоқ кәсіпорын.

«Аst Etalon Crown» ЖШС болса, Қазақстанмен қатар  ТМД елдерінде де ақ қаңылтырды лактап және литография саласында қызмет көрсетуде  алдыңғы қатарда келе жатқан кронен тығындарын шығарады.

МҮИИДБ  Қазақстан экономикасын болашақта әлеуметтік маңызына аса назар аударып, әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

     Аталған бағдарламаны іске асыруда Қазақстан  мынадай жетістіктерге жетуі  тиіс: ІЖӨ 2008 жылмен салыстырғанда 50 пайызға, өңдеуші секторда еңбек өнімділігін 50 пайызға, экономиканың жекелеген секторларында 100 пайызға арттыру. Сондай-ақ, шикізаттық емес экспортты 40 пайызға, ал ІЖӨ өндірудегі энерго шығынды 2008 жылмен салыстырғанда 10 пайызға дейін азайту, ал қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кем дегенде 10 пайызын инновациялық кәсіпорынға айналдыру көзделіп отыр. 

     Жалпы Қостанай облысында ҮИИД бағдарламасының  аясында 200 млрд. теңгеден астам қаражат  жұмсалған 40 инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде 25 нысанды  биыл қатарға қосу көзделген.

     Жамбыл облысында биыл үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында құны 15 миллиард теңгеге жуық 10 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде, 1000-ға тарта жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Аймақта жұмыс сапары кезінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов алып жобалардың аяқ алысымен танысты.

     Павлодар   облысында І жартыжылдықта   Үдемелі  индустриялық-инновациялық  бағдарлама бойынша 12 жоба іске қосылады. 

Жалпы сомасы   56,7 миллиард теңге инвестицияны қамтып отырған бұл  жобалардың арқасында  533   жаңа  жұмыс  орны  құрылуда,  деп   хабарлады  кәсіпкерлік және   өнеркәсіптік  басқармасынан.  

      Қазақстанның   индустриялық картасына  кіретін  «Гофротара» зауытын  қайта жаңғырту  және оның  қуатын  арттыру   жобасы     аяқталды.   Бұл жобаның  құны  210 миллион  теңгені  шамалады.    Кәсіпорын,  Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысушы ретінде  өнімділігі  жоғары  заманауи  жабдықтар алуға    жеңілдікті несие алды.  

      Сондай-ақ   Павлодарлық  «Корунд»  ЖШС-інде  металл бұйымдар   өндірісін  қайта жаңғыртудың   құны  177 миллион теңгелік жобасы жүзеге асырылды.  

      2011   жылы Павлодар  облысында  жалпы  инвестиция көлемі  85,5 миллиард теңгенің  54 жобасын  іске  қосу,  1мыңнан  астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 
 

3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары

         « Инновациялық даму » дегеніміз  жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын девирсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

      Көрсеткіштері онша жоғары болмаса да, бұрынғы  бағдарламаларды тиімсіз деуге  болмайды. Елге инвестициялар тартылды, бірлескен кәсіпорындар құрылды, бұрынғы жұмыс жасап келген кәсіпорындар қайтадан жарақтандарылды және жаңа өндірістер ашылды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, индустриялдық-инновациялық стратегия ауқымында республиканың барлық аймақтарында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 246 млрд. Теңгенің 154 инвестициялық жобасы іске қосылды.

      Іске  қосылған жобалардың саны бойынша аймақтар арасында Ақтөбе (40) және Шығыс Қазақстан (22) облыстарында ең көп жоба іске қосылған. Салалар жағынан алғанда жобалардың расында құрылыс материалдары (45) мен тамақ өнімдері (43) салаларының  үлесі жоғары. Іске қосылған өндірістерде 11613 жұмыс орны құрылған болса, бұл орайда 3525 жұмыс орнын ашқан Ақтөбе облысы көш бастап келеді.

      Маңызды бағыттар бойынша барлығы мемлекеттік  бағдарламалар жасалынды, оларда дамыту мақсаттары мен міндеттері бес жылға  нақтыланып отырады. Өзекті құжаттардың бірі 2010-2014 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық жеделдете даму бағдарламасы болмақ, оны жсау биылғя жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс және одан кейі мемлекет басшысының Жарлығымен бекітіледі. Сонымен қатар салалық басқармалар, шеңберлік жоспарлары жасалынды. Дәйектілігімен сабақтастығын сақтау мақсатында мемелекеттік бағдарлама мен салалық бағдарламалар бұрын қабылданған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясымен,кластерлік бағдарламамен, «Қазақстан 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасымен көлік стратегиясы мен индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалар құжаттармен ұштастырылады.

     Бәсекеге  түсу қабілеті дегеніміз қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын  өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, өңдеуші өнеркәсіптің  өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.

     Саясат  мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • жеке сектормен серіктестік;
  • инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетіне арттыруға бағытталуы;
  • өнеркәсіпті жаңартуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі рәсімдердің  жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және өзге қолдау кқрсету;
  • қосылған құн тізбегін дамытуды қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;
  • тең бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тарту;
  • индустриялық саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.

Информация о работе Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат