Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 21:52, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫ ИНДУСТИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инновациялық саясатының мәні мен қағидасы
1.2 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторлары
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер
2.2 ҚР индустриалды-инновациялық даму стратегиясының орындалынуына талдау
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялык даму бағдарламасы бойынша жобалары
3.2 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық Стратегияның іске асыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

  Іс  жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың  негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми  зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджет-тен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақы-сыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энерге-тика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес зертханаларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемле-кеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт - зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.

3. Ғылыми-техникалық  зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бө-лінген жеке бизнеске салықтық жеңілдіктерін ұсыну. 

  Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк  қолдау көрсету келесі жүйе бойынша iске асады.

    
 
 
 
 
 
 
 

  3 сурет  Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 

  Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

  Инновациялық  дамудың маңыздылығын ескере отырып, қазiргі жағдайда ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы қайта өңдеу мен сақтау, отын-энергетикалық кешен, химия мен мұнай химиясы, жаңа материалдар өндiрiсi, коммуникациялар, көлiк және байланыс жүйелерi, биотехнология сияқты салалардағы инновациялық жобалар айрықша рөлге ие болып отыр.  
     
Кәсіпкерлік қызметтің инновациялық негізде болуының мотивтері көп және құрылымы бойынша әр түрлі. Ішкі себептері алдымен кәсіпкердің қызығушылығымен тікелей байланысты, яғни жаңа тауар мен технологияны ойлап табуды мақсат тұту; жаңа тауар негізінде ассортиментін кеңейту; сату көлемін көбейту; «новатор» кейпін құру, тарихқа ену т.с.с. Ал сыртқы себептер  сыртқы ортаның көңілін көрсетеді, яғни кәсіпкерді жаңалық жасауға құлшындырады.

  Шағын бизнес жоғары инновациялық белсенділігімен сипатталады. Мұны американдық 500 астам кәсіпорындардың қатысқан зерттеуі куәландырады. Зерттеу негізінде ҒЗТҚЖ–ға бірдей  1 млн. долларға шығындалған ірі және шағын кәсіпорындар 100 млн.дол. сату көлемімен 3,76 өнім өндірген, ал ірі корпорациялар  4 млрд.дол. сату көлемімен барлығы 0,59 жаңа өнім шығарған.  

     Кесте 2  Сала бойынша фирмалардың жаңа тауарды ұсыну бойынша үлесі, (%) (2010 ж)

Салалар Фирманың  масштабына байланысты жаңа өнім мөлшері
Ірі фирмалар Қалған фирмалар
Өндірістік  өнімнің, транспорт, технологияның  әр түрі 16 84
Химиялық  тауарлар және қара металлургия өнімі 43 57
Текстильді  және қағаз тауарлары 0 100
Машина  құрастыру және электроника 16 84
Қарулар және жарылғыш заттар 47 53
Ғылыми  құралдар 21 79
Электротехникалық құралдар 48 52
Алғашқы қажеттіліктегі тауарлар 10 90

     Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы  тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың  әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда  бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында  болып отыр. Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.

  Бірақ, тәжірибеде ірі кәсіпорындарға қарағанда, шағын және орта кәсіпорындар техникалық жаңалықтарға әуес келеді.

  Жаңа  идеялар авторы болып көбінесе тұтынушылардың өздері болып табылады. Олардың сұранысы, ескертулері мен ұсыныстарын сұрастыру негізінде  кәсіпкерді жаңа тауарды ойлап табуға итермелейді.

     ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық  инновациялық жүйесі негізінен  үш құрылымдық қолдау және  іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:

- ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.

- Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.

- Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация және Даму банкі.

  Қазақстанда венчурлық қаржыландыру нарығының  сыйымдылығы 2008 жыл соңында 14,5 млрд теңгені құрады. Елдің венчурлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстың соңғы үш жылы ішінде бес отандық қор құрылды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша отандық венчурлық қорлар жасаған жобалардың портфелі коммерциализация тұрғысынан перспективті 324 жобаны қамтыды. Қазіргі таңда отандық венчурлық қорлар құны 2,8 млрд теңге тұратын 15 жобаны қаржыландыруда.            

 Дамыған  елдер, энергетикалық және экологиялық  дағдарыстардың қысымымен, энергия  шығынды технологиядан бас тарту  және қалдықсызына көшу есебiнен  қайта өндiрудiң ресурсты үнемдеушi тұрпатына көштi. өнеркәсiптiң шикiзат саласының төмен технологиялық тұрпатын ескере отырып Қазақстанда ресурсты үнемдеушi инновациялық жобалар жоғары экономикалық тиiмдiлiкке ие бола алады.      

 Бұл  бағыт үшiн өсу нүктелерi - минералдық, көмiрсутегiлiк және ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеу тереңділігін арттыру, металлургиядағы ақырғы қайта өңдеудi игеру, техногендiк және қайталанған шикiзатты, ұқсату.  
      Неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды айқындау кезiнде елдiң экономикасы бесiншi технологиялық жағдайды қалыптастыру кезiнде дүниежүзiлiк техникалық-технологиялық дамудың талаптарына қаншалықты бейiмделе алатындығын ескеру қажет.     
 

     2.2 ҚР индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының орындалынуына талдау

  Қазіргі уақытта елімізде бәсекеге қабілетті  өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың өнеркәсіп және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жж. арналған стратегиясының мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу.

  Индустриалды-инновациялық стратегияға сәйкес өңдеуші саланы дамыту-дың алғашқы қадамдары қолға алынды. Атап айтқанда, жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, инновациялық қорлар, Даму банкі, экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпо-рациясы сияқты даму ирституттары құрылды. Даму банкі құрылғаннан бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты. Отандық инновациялық жобалардың нарық айдынындағы бәсекелестікке төтеп беруі үшін қатаң талаптар қойылып, оларды мемлекеттен емес, даму институттары арқылы ғана инвестициялау қарастырылды.

  Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру мақсатында құрылған "Ұлттық инновациялық қор" құрылған еді. Қор қызметінің негізгі  міндеттері:

  - отандық және шетел инвесторларымен бірлесе отырып, венчурлық қорларлы ҚҰРУ, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетіктері мен инфрақүрылымын қалыптастыру барысында қатысу;

  - коммерциялық әсер түрғысынан  алғанда, әлеуетті келешегі зор  болып  табылатын  жаңа технологиялар, жүмыс және қызметтер, тауарларды жасауға бағытталған қоданбрлы ғылыми зеттеулер мен тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру;

  - инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капталында үлестік бақылаусыз қатысу арқылы инновациялар енгізуді қаржыландыру;

  - ұлттық инновациялық құрылымдардың  (технополистер, технопарктер,    бизнес-инкубаторлар, инновациялық  орталықтар) элементтерін құруға  қатысу;

  - ғылыми-техникалық өнім нарығын  қалыптастыруға қатысу;

  - "инновациялық технологияларды тасымалдау, игеру және дамыту" 
саласындағы халықаралық әріптестікті, олардың коммерциализациясын және енгізілуін дамыту;

  - ұлттық венчурлық индустрияның оң бейнесін қалыптастыру және жеке меншіктік капитал үшін инновациялық қызметтің тартымдылығын арттыру.

  Қордың оңтайлы үйымдастырушылық қурылымы қалыптастырылды. Атқарушы орган - қор басқармасы, ішкі сараптау органы – қордың инвестициялық комитеті, сырқы тәуелсіз эксперттік органы – сараптамалық Кеңес қүрылды. Қор қызметінің бағыттарын, ұстанымдарын, тәртіптейтін ішкі қүжаттама әзірленді.

  Қордың  инвестициялық саясаты туралы меморандумымен анықталған міндеттерге сүйене отырып, келесі шаралар жүзеге асырылды: Венчурлық қорларды қүру саласында 3 венчурлық қор бойынша атқарылған жүмыстар:

  "Тұран   Әлем Банкі" акционерлік қоғамы мен ("Тұран Әлем Секъюритис компаниясы атынан) бірлесе отырып "Әрекет" жоғары технологиялыр қоры" құрылды.

  "VISOR Investment Solutions" ЖШС бірлесіп "Адвант" венчурлық қоры құрылды.

  "Сентрас  Капитал" ЖШС бірлесіп венчурлық  қор құру жобасы бойынша құрылтайлық құжаттарға қол қойылды (инвстициялық саясат туралы меморандум жобасы, басқаршу компаниямен келісім жобасы дайындалды).

  Инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында  үлестік бақылаусыз қатысу арқылы инновацияларды енгізуді қаржыландыру саласында 5 инновациялық жобаның қаржыландырылуы басталды:

        "Жер бетіндегі  басқару кешені мен байланыс  мониторингісінің жүйесі-мен жалғасқан телекоммуникациялық серікті жасау және геостационарлық орбитаға жеткізі". Жобаны жүзеге асыру үшін "КазСат" акционерлік қоғамы құрылды. "Байланыс және хабар тарату үлттық геостационарлық спутнигін жасау және үшырудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №1355 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтарында "М.В. Хрунишев атындағы ғылыми-өндірістік орталық" Федерал-ды мемлекеттік унитарлы кәсіпорыны мен космостық аппаратты жер бетінен басқару кешені мен байланыс мониторингісінің жүйесімен жалғасқан телеком-муникациялық серікті жасау және геостационарлық орбитаға жеткізуге келісім-шарт жасалды.

   "Телепрокаттың сандық серіктік  жүйесі" "Жарық" ЖШС. Жоба  мақсаты таратудың серіктік жүйелері  мен қазіргі заманғы проекциялық дыбыстық жабдықтардың мүмкіндіктерін біріктіретін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы, әсіресе, ауылдық жерлердегі халыққа және үйымдарға жаңа сапалық деңгейде сандық киноөнімді ұсынатын фильмдер телепрокатының жоғары технологиялы қиыстырылған сандық серіктік жүйесін енгізу.

  Жоба  жаңалығы: ақпарат тасымалдау стандарттарын  қолдана отырып, теле-театрлар жасау үшін серіктік телетаратудың, қазіргі заманғы проекциялық және дыбыстық жабдықтардың сандық технологияларын біріктіру және осы негізде киноөнімді көпшілікке көрсетудің бірегей желісін құру. Бүгінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 110 кинотеатрлар орнатылған.

  "Қарағанды  көмір бассейініндегі Талдықұдық  телімінде көмір қаты 
метанын барлау және тәжірибелік өндіру бойынша пилоттық жобаны жүзеге 
асыру".   Инвестициялық   жобаны   жүзеге   асыру   үшін   "Казтрансгаз"   ЖАҚ бірлесе отырып, Астана қаласында "Метанплюс" ЖШС құрылды.

  "Борисенко  А.В. жүйесінің технологиялық  газдарды тазарту 
бойынша модульдің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын жүргізу". Жобаны 
жүзеге асыру мерзімі - 1 жыл.

  "Аллергияға  қарсы және иммунитетті нығайтатын  дәрі-дәрмектің 
және субстанциялардың сериялық өндірісін ұйымдастыру". Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 5 жыл.

  ҒЗТКЖ қаржыландыру саласында: ҒЗТКЖ 9 жобасын  қаржыландыру басталды. Пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіретін тау-кен 
кәсіпорындарындағы желдеткішті бақылау және басқару жүйесін үлгілеудің автоматтандырылған бағдарламалық кешені.

Информация о работе Қазақстанда ғы индустиалды-инновациялық саясат