Депозиттің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:56, курсовая работа

Описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание

Кіріспе
І Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
ІІ Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
2.1 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.
2.2 2006 жылғы Халық Банкіндегі қысқа және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі.
2.3. Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.
ІІІ Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

депозиттік операция.docx

— 185.72 Кб (Скачать документ)

 

 

3.5. – кестеден  көріп отырғанымыздай, кәсіпорындар  үшін қарастырылып отырған кезең  аралығында теңгемен салынған  депозиттер емес,керісінше шетел  валютасында орналастырылған депозиттер  тартымды болып отыр. Валютадағы  депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемесі, теңгедегі депозиттермен салыстырғанды,  айтарлықтай төмен болғанымен  осы жағдай орын алуда.

Ал жеке тұлғалардың  салымдарынан мынаны байқауға болады: жеке тұлғалардың депозиттік нарығында  валютадағы депозиттер бойынша жоғары пайыз мөлшерлемелері белгіленген. Банктер тек мерзімі бір жарым  жылдан астам теңгелік депозиттер бойынша  сәйкесінше валютадағы депозиттермен  салыстырғанда жоғары пайыз мөлшерлемелері белгіленген. Бұл банктердің Ұзақ мерзімді теңгемен салынған депозиттерді тарту  саясаттарымен байланысты.

Қазіргі кезде, халыққа  қызмет көрсету нарығында төрт негізгі  жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктерді  қарастыруға болады. Олардың қатарына мынадай банктерді жатқызамыз:

-         Қазақстан Халық Жинақ банкі;

-         Казкоммерцбанк;

-         Банк Туран Алем;

-         БанкЦентр Кредит;

Қаражаттарды тарту  және басқа да банктік өнімдерді  Ұсыну және қызметтер көрсету  аясында да негізінен осы банктер  бәсекеге түседі. Жеке тұлғалардың  депозиттері нарығындағы екінші деңгейдегі банктердің үлестерін келесі диаграмма арқылы бейнелеуге болады. Аталып кеткен банктер стратегиялары  бәсекелестердің қаржылық жағдайына, олардың қызметін жүзеге асыратын нарық  сегментіне, клиенттеріне және басқа  да себептерге байланысты ажыратылады.

3.2. АҚ  «Халық Банкінің » депозиттік  операциялары

Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі тұрақтытүрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады. Банктік қызметте кез келген көрсеткіш клиент сеніміне әсер ете алады. Халық Банкі ірі қаржылық мекеме үшін объективті сипаттама ретінде бөлшек бизнес саласындағы көрсеткішті алуға болады. Банкке ақшасын салған салымшылардың саны мен депозит қоржынының көлемінен — ақ клиенттің банкке деген көзқарасы бірден байқалады. 2001 жылы еліміздегі барлық банктер бойынша алғандағы жалпы көрсеткішке сәйкес тұрғындар салымының көлемі миллиардтық шектен асқан болатын. Ал бүгінгі күнгі жағдай мүлдем  басқаша, Халық Банк өзінің Қазақстандағы жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ірі қаржылық мекеме ретіндегі мәртебесін дәлелдей отырып, банкке салынған тұрғындар депозиттері бойынша рекордтық көрсеткішке – 1 млрд.АҚШ долларынан асатын көлемге қол жеткізді.

Халық Банкінің депозиттерінің негізгі тоғыз түрі бар:

-         «Халықтық – стандарт » депозиті;

-         «Халықтық – жинақтаушы » депозиті;

-         «Халықтық – балалар үшін » депозиті;

-         «Халықтық – зейнетақылық » депозиті;

-         «Халықтық – төлемақымен » депозиті;

-         «Халық – үш валюталы » депозиті;

-         «Халық — әмбебап » депозиті ;

-         «Интернет – салым » депозиті;

-         «Интернет – жинақтаушы » депозиті;

Халық Банкінің депозиттеріне  жеке тоқталатын болсақ, әр депозит  өздігінше ерекше болып келеді.

«Халықтық – стандарт » депозиті – артық ақшаны салымға  пайдамен салудың ең қарапайым әрі  сенімді әдісі. Банкте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып келе жатқан бұл депозиттің халық арасындағы танымалдығы соншалық, шын мәнінде «стандарт» атана  алады. Сонымен қатар өз қаражаттарын неғұрлым аз қатермен салымға салып, барынша көп кіріс алғысы келетін  салымшылар үшін ең тиімді депозит  түрі болып келеді және салымды сақтау мерзімінің икемділігі әрі барынша мол табыс табу. «Халықтық – стандарт» депозиті салымшылар саны бойынша депозиттер арасында көш басшы болып келеді.

Салымның негізгі  шарттары:

Салым мерзімі: 1,3,6,9,12,13,18,24,25,36,37,48 немесе 60 ай;

Сыйақы төлеу: салым  мерзімі аяқталғаннан кейін;

Салымды толықтыру  мүмкіндігі: жоқ;

Салымнан ішінара  ақша алу мүмкіндігі: жоқ;

Салымның ең төменгі  мөлшері: Алматы және Астана қалаларының  тұрғындары үшін – 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары немесе 100 евро;

-         басқа қалалардың тұрғындары үшін – 2 000 теңге, 20 АҚШ доллары немесе 20 евро;

кесте 3.6

«Халықтық – стандарт » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.  

 

Валюта

3,4,5 ай

6,7,8 ай

9,10,11         ай

12   ай

18 ай

24 ай

36 ай

48Ай

60 ай

Теңге

5,5%

6%

8,5%

9%

9,5%

10%

10%

10,25%

10,5%

АҚШ доллар.

3,5%

4%

4,5%

5%

5,5%

6%

6,5%

7%

7,5%

Евро

3,5%

4%

4,5%

5%

5,5%

6%

6,5%

7%

7,5


 

 

«Халықтық – жинақтаушы » депозиті – ақшаны ыңғайлы сақтау әрі түрлі мақсатқа жинақтау мүмкіндігі. Депозитті ашқанда қосымша кіріс  аласыз, бұл салымдағы қалған ақшаны жұмсап қоюдан сақтайды. Сіз тек  өзіңіз ойластырған затты сатып  алатын уақытты анықтап, сол кезеңге  дейін депозит ашуға болады.Сонымен  қатар қосымша табыс алу мүмкіндігі бар.

Салымның негізгі  шарттары:

Салым мерзімі: 6,9,12,13,18,24,25,37,48 немесе 60 ай;

Сыйақы төлеу: салым  мерзімі аяқталғаннан кейін;

Салымды толықтыру  мүмкіндігі: бар;

Салымнан ішінара  ақша алу мүмкіндігі: жоқ;

Ағымдағы немесе карточкалық шот ашу мүкіндігі: қалауы бойынша;

Салымның ең төменгі  мөлшері: Алматы және Астана қалаларының  тұрғындары үшін – 15 000 теңге, 100 АҚШ доллары немесе 100 Евро;

-         басқа қалалардың тұрғындары үшін – 7 000 теңге, 50 АҚШ доллары немесе 100 Евро;

кесте 3.7

«Халықтық – жинақтаушы » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.  

 

Валюта

6 ай

9 ай

12 ай

18 ай

24 ай

36 ай

48 ай

60 ай

Теңге

5,5%

8%

8,5%

9%

9,5%

10%

10,25%

10,5%

АҚШ доллар.

3,5%

4%

4,5%

5,5%

6%

6,5%

7%

7,5%

Евро

3,5%

4%

4,5%

5,5%

6%

6,5%

7%

7,5%


«Халықтық – балалар  үшін » депозиті – балаңызға жасалған қамқорлық және оның болашағына сенімділік және жасы 16 – ға толмаған балалар  үшін ақша жинаудың сенімді әдісі.

Салымшымен туыстық  қатынасының бар – жоғына қарамастан, кез келген тұлға ақша салушы бола алады. Ақша салушылардан немесе салымшының өзінен (жасы 14 – ке толғаннан кейін) не болмаса Қазақстан Республикасының  заңнамасының талаптарына сәйкес өзге бір үшінші тұлғалардан жинақ  шотына қосымша жарна қабылдануы мүмкін. Алайда, салым сомасынан  ақша берілмейді, бұл қаражатты жинақтауға әрі сақтауға мүмкіндік береді.

Салымшының жасы 14 – ке толғанға дейін салымға  оның заңды өкілдері, одан әрі өзі  иелік етеді. Жасы 16 – ға толмаған салымшыға салымнан ақша беру тек  заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Кесте 3.8

«Халықтық – балалар  үшін » депозиті бойынша пайыздық ставкалар. 

 

Валюта

12 ай

24 ай

36 ай

48 ай

60 ай

Теңге

9%

9,5%

10%

10,25%

10,5%

АҚШ доллары

5%

5,5%

6,5%

7%

7,5%

Евро

5%

5,5%

6,5%

7%

7,5%


«Халықтық – зейнетақылық » депозиті – зейнетақыға үстеме қаржы алу мүмкіндігі.Жинақ шотты  кез келген сомадағы қосымша жарнамен толықтыра отырып, ай сайын сыйақы алып отыруға болады.

«Халықтық – зейнетақылық » салымы ай сайынғы табыс түрінде  зейнетақыға қосылып отыратын үстеме. Зейнеткерлермен және 50 жастан асқан  адамдарға арналған арнайы салым.

Салымның негізгі  шарттары:

Салымшылар : жасы 50 – ден асқан жеке тұлғалар;

-         зейнеткерлік мәртебесі бар жасы 50 – ге толмаған адамдар;

Салым мерзімі: 7 немесе 13 ай;

Сыйақы төлеу: ай сайын;

Салымды толықтыру  мүмкіндігі: бар;

Салымнан ішінара  ақша алу мүмкіндігі: жоқ;

Ағымдағы немесе карточкалық шот ашу: қалауы бойынша;

Салымның ең төменгі  мөлшері: 2 000 теңге, 20 АҚШ доллары немесе 20 Евро;

Кесте 3.9

«Халықтық – зейнетақылық » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.  

 

Валюта

7 ай

13 ай

Теңге

7%

10%

АҚШ доллары

4,5%

5,5%

Евро

4,5%

5,5%


 

 

«Халықтық – төлемақымен  » депозиті – қосымша табыс  табу мүмкіндігі. Ендігі жерде табыс  алу үшін депозит мерзімінің аяқталуын  күтудің керегі жоқ.

Салымның негізгі  шарттары:

Салым мерзімі: 6,9,12,18,24,36,48 немесе 60 ай ;

Сыйақы төлеу: кез  келген уақытта, клиенттің қалауы бойынша;

Салымды толықтыру  мүмкіндігі: жоқ;

Ағымдағы немесе карточкалық шот ашу мүмкіндіг: қалауы бойынша;

Салымның ең төменгі  мөлшері: 15 000 теңге, 1000 АҚШ доллары немесе 1000 Евро.

Кесте 3.10.

«Халықтық – төлемдермен  » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.

Валюта

6 ай

9 ай

12 ай

18 ай

24 ай

36 ай

48 ай

60 ай

Теңге

5,5%

8%

8,5%

9%

9,5%

10%

10,25%

10,5%

АҚШ доллары

3,5%

4%

4,5%

5,5%

6%

6,5%

7%

7,5%

Евро

3,5%

4%

4,5%

5,5%

6%

6,5%

7%

7,5%


 

 

«Халық – үш валюталы » депозиті – мультивалюталық  салым болып табылады және үш валютамен  түрлі шот ашуды ұсынады: теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен. Бұдан  кейін ақша салушы депозит шегінде  соманы кез келген уақытта бір  шоттан басқа шотқа айырбастай алады. Бұл салым бойынша қосымша  жарна салып отыруға мүмкіндік  беріледі. Әлемдік валюталардың тұрақсыздығы жағдайында бұл депозит ақшаны орналастырудың халық арасындағы тартымды әрі сенімді  құралы болып табылады.

Салымның жалпы  талаптары:

-         Салымшының қалауы бойынша салымдағы ақша бір уақытта бір валютамен немесе екі, үш валютамен сақталуы мүмкін.

-         Салым мерзімі: 12,24,36 ай.

-         Банк салымының шартты әрекет ететін мерзім барысында жинақ шотына қосымша жарна қабылданады, ал шоттан ішінара ақша берілмейді.

-         Салым мерзімі барысында салымшының қалауы бойынша салымды түгелдей немесе салым сомасының бір бөлігін бір валютадан екіншісіне айырбастауға болады.

-         Валюта айырбастау белгіленген нысанмен жазылған салымшы өтініші негізінде жүргізіледі.

-         Айырбастау банкте белгіленген сол күнгі шетел валютасын айырбастау бағамына сәйкес іске асырылады.

-         Салым мерзімі барысында сыйақы есептеу әрбір валюта түрі бойынша бөлек, аталған валютадағы жинақ шоты ашылған салым мерзімі ұзартылған күні белгіленген сыйақы ставкасымен, салымның нақты сақталған мерзімі үшін әрі әрбір валютадағы нақты салым қалдығына жүргізіледі.

-         Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымның сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы болып табылады. 

 

Кесте 3.11

«Халықтық – үш валюталы » депозиті бойынша пайыздық ставкалар. 

 

Валюта

12 ай

24 ай

36ай

Теңге

8,5%

9,5%

10,0%

АҚШдоллары

4,5%

5,5%

6,5%

Евро

4,5%

5,5%

6,5


 

 

«Халық — әмбебап  » депозиті – бойынша қосымша  жарна қабылдаумен қатар ішінара  ақша беріліп отырады. Бұл салымның басқа бәсекелес салымдардан  басты артықшылығы мынада: депозитті  Дербес Сервис Орталығында (ДСО) ашсаңыз, 5 мың АҚШ долларына дейінгі  сомада кредиттік лимиті бар әп —  сәтте шығарылатын Visa Instant карточкасы қоса беріледі.

-         Салым мерзімі: 12,24,36 ай

-         Банк салымының шарты әрекет ететін мерзім барысында жинақ шотына қосымша жарна қабылданады және шоттан ішінара ақша беріліп отырады.

-         Салым мерзімі барысында шоттан ішінара ақша берілгенде, жинақ шоттағы салымның кемімейтін қалдық сомасы сақталуға тиіс.

-         Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 ай болса, сыйақы ставкасы салым сақталатын мерзім барысында өзгеріссіз қалады.

-         Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 12 айдан асатын болса, Банк салымының сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы.

-         Салым мерзімі барысында оның шотта сақталған нақты мерзімі үшін сыйақы нақты қалдық сомасына есептелінеді.

Кесте 3.12.

«Халық — әмбебап  » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.  

Информация о работе Депозиттің теориялық негізі