Депозиттің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:56, курсовая работа

Описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание

Кіріспе
І Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
ІІ Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.
2.1 2006 жылғы Халық Банкінің негізгі операцияларының қаржылық көрсеткіштері.
2.2 2006 жылғы Халық Банкіндегі қысқа және ұзақ мерзімді несиелердің үлесі.
2.3. Халық Банкінің қызметтерінің қаржылық көрсеткіштері.
ІІІ Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

депозиттік операция.docx

— 185.72 Кб (Скачать документ)

 

Валюта

12 ай

24 ай

36 ай

Теңге

9,0%

9,5%

10,0%

АҚШ доллары

5,0%

5,5%

6,5%

Евро

5,0%

5,5%

6,5%


«Интернет – салым  » депозиті – интернет – Банкинг  жүйесінде ашылатын салым.

-         Салым: теңгемен, АҚШ долларымен, Еуромен қабылданады.

-         Интернет-салым ашу: интернет шоттан ақша аудару арқылы мүмкін болады.

-         Салым мерзімі: 3,6,9,12 ай.

-         Салымның ең төменгі мөлшері: 10 000 теңге, 100 АҚШ доллары, 100 Евро.

-         Салымның ең жоғары мөлшері шектелмейді.

Кесте 3.13.

«Интернет – салым  » депозиті бойынша пайыздық ставкалар.

Валюта

3 ай

6 ай

9 ай

12 ай

Теңге

5,5%

6,0%

8,5%

9,0%

АҚШ доллары

3,5%

4,0%

4,5%

5,0%

Евро

3,5%

4,0%

4,5%

5,0%


«Интернет – жинақтаушы » депозиті – қосымша жараналары бар жинақтаушы салым.

- Салым: теңгемен, АҚШ долларымен немесе Евромен  қабылданады;

- Салымның ең  төменгі мөлшері: 2 000 теңге, 10 АҚШ доллары немесе 10    евро;

- Бастапқы жарнаның  ең төменгі мөлшері: 300 теңге, 2 АҚШ  доллары немесе 2 евро;

- Салым мерзімі: 6,9,12,18,24,36 ай;

- Сыйақы ставкасы: салымның сақталу мерзімі барысында  өзгертілмейді;

- Басқа талаптар: «Жинақтаушы – плюс » депозитін  «Интернет – банкинг » жүйесі  арқылы дербес режимде ашуға  да болады. Бұл жағдайда депозитті  Интернет арқылы тексеріп отыруға,  қосымша ақшамен толықтыруға  болады.

- Салым бойынша  жинақ шоттан ішінара төлем  жүргізілмейді, банк салымының  шартын автоматты түрде сол  мерзімге, ұзарту жасалатын күні  Банкте қолданыста болатын сыйақы  ставкасымен қайта ұзарту қарастырылған;

- Салым бойынша  есептелген сыйақы Банк салымы  шартының мерзімі аяқталған күні  жүргізіледі;

Кесте 3.14.

«Интернет — жинақтаушы»  депозиті бойынша пайыздық ставкалары.

Валюта

7 ай

13ай

Теңге

1,0%

7,0ай

АҚШ доллары

5,5%

4,5%

Евро

5,5%

4,5


- Бастапқы жарна  сомасы кемінде 500 АҚШ долларына  немесе сол соманың баламасындағы  теңгелік не болмаса евродағы  сомаға тең болса әрі сақтау  мерзімі 6 және 12 ай болса, белгіленген  пайыздық  ставкаға 0,5% мөлшерінде бонус қосылады.

«Карточкалық –  депозит» — Халық Банкінің төлем  карточкасын пайдаланушы клиент бұл депозитті банкке барып жатпай – ақ, банкомат арқылы аша алады.

- Карточкалық депозитті  ашу: депозит банкомат көмегімен  карточкалық шоттан ақша аудару  арқылы ашуға немесе толықтырып  отыруға болады.

- Карточкалық депозиттің  мерзімі: ақша қабылданған күннен  бастап 12 ай, алайда карточканың  әрекет мерзімінен ұзақ болмауға  тиіс. Депозит ашу туралы шарт  мерзімін ұзарту қарастырылмаған.  Мерзімі аяқталғаннан кейін ол  автоматты түрде жабылады, ал  салым сомасы мен есептелген  сыйақысы карточкалық шотқа аударылады.

- Жарнаның ең  төменгі мөлшері: бастапқы ең  төменгі жарна мөлшері – 1000 теңге, яғни депозит ашуды қаласаңыз,  алдымен карточкалық шотта тиісті  соманың болуын қамтамасыз ету  керек. Депозиттен ішінара ақша  беру қарастырылмаған. Депозиттің  бір бөлігі мерзімінен ерте  талап етілген жағдайда шарт  бұзылған болып саналады, ал салым  сомасы карточка ұстаушының карт  – шотына аударылады.

- Депозитті толықтырып  отыру: депозитті ақшамен толықтырып  отыруға болады, қосымша жарна  мөлшері мен толықтыру саны  шектелмейді.

- Сыйақы мөлшерлемесі: карточкалық депозит бойынша  сыйақының жылдық мөлшерлемесі  – 5% әрі бұл депозит сақталатын  мерзім барысында өзгеріссіз  қалады. Сыйақының есебі карточкалық  депозит мерзімі аяқталғанда  шығарылады және ақша сомасының  сақталу мерзімі барысындағы  өзгерісін ескере отырып есептеледі. Сыйақы депозит мерзімі аяқталғаннан  кейін депозиттегі негізгі сомамен  бірге карт – шотқа аудару  арқылы төленеді.

- Қосымша талаптар: карточкалық депозит Салымшының  бастамасымен/кінәсінен мерзімінен  бұрын алынатын болса, салым  сомасын төлегенде, операция жасалатын  күні қолданыстағы қолма –  қол ақша беру үшін ұсталатын  Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық  ұсталып қалады. Есептелген сыйақы  талап ету салымының мөлшерлемесі  бойынша салымның нақты сақталған  мерзіміндегі өзгеріс қарқынын  ескере отырып, қайта есептеледі.

Халық Банкіндегі карточкалық  депозит жалақы жобасына қатысушылар  арасында қызығушылық тудырады әрі  зейнетақысын карточкамен алатын зейнеткерлерге пайдалы болмақ. Банктің мұндай клиенттер  саны 1,5 милионнан асады. Барлық жұртшылыққа  барынша пайдалы өте тиімді, пайдалануға  ыңғайлы болып табылады. Бұл депозиттердің  түрлері дамып әрі жетіледі деген  ойдамын.

Қазақстан «Халық Банкі» жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ең ірі қазақстандық банк атағын дәлелдеді. Халық Банкі екінші деңгейдегі банктер  арасында бірінші болып халық депозиттерінің көлемі бойынша 1 млрд.АҚШ долларлық рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

2001 жылғы жаздың  аяғында халық салымдарының көлемі  бір миллиард доллардан асып, 1116,2 млн.АҚШ долларын құрады. Бүгінгі  күні Халық Банкінің 2006 жылғы  1 ақпандағы жағдай бойынша депозиттік  қор көлемі 132,9 млрд.теңгені немесе 1,01 млрд.АҚШ долларын құрады. 2006 жылғы   1 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 138,3 млрд.теңгеге немесе 1,06 млрд.АҚШ долларына дейін ұлғайды. 2006 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша мерзімді депозиттер 98,7 млрд.теңгені және 71,4%, ал талап ету депозиттері 39,6 млрд.теңгені яғни 28,6% құрайды. Теңгелік депозиттер 90,4 млрд сомаға және 65,3%, шетел валютасындағы депозиттер 47,9 млрд.теңгеге  немесе 34,7% — ға ашылған.

2006 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша мерзімді салымдардың  жалпы сомасы 94,5 млрд.теңге болды. 1 наурызда бұл көрсеткіш 98,7 млрд.теңгеге  дейін ұлғайып осы жылдың 2 айының  ішінде 4,4% өсімді көрсетті. Бүгінгі  күнге дейін жұртшылыққа кеңінен  танымал салымдар болып 42,4 млрд.теңгені  шоғырландырып отырған «Халықтық  — стандарт» және 36,5 млрд.теңгені  шоғырландырған « Халықтық –  жинақтаушы» депозиті болып табылады.  

 

 

 

3.1. сурет «Халық  Банкінің» жеке және заңды  тұлғалар салымының өсу      динамикасы.  

 

Жалпы Халық Банктің  клиенттер алдындағы міндеттемелері жыл соңына таман 16422,5 млрд теңге  құрады. Халық Банкімен тартылған  жеке тұлғалар депозиттерінің өсу қарқыны 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 21,7%- ға өскен, яғни ол 841,4 млн теңгені құрайды. Ал 2005 жыл 2004 жылға қарағанда 31,1% —  ға өскен, яғни ол 1828,8 млн.теңгені құрады. 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 25,2% —  ға өскен, яғни ол 4136,6 млн.теңгеге өсті.

Заңды тұлғаларға берілетін  депозиттерінің өсу қарқыны 2003 жылы заңды тұлғаларға берілген депозиттер 65,3% немесе 1008,5 млн.теңгеге өсті. Ал  2004 жылы  2003 жылға қарағанда 78,3% немесе 3032 млн.теңгеге өсті.2006 жылы 2005 жылға қарағанда 74,8% — ға өсіп, 12885,9 млн.теңгені құрады

3.3 АҚ  «Қазақстан Халық Банкінің» депозит  операцияларын дамыту жолдары.

Қазақстан Республикасы қаржы нарығының дамуын қоғамдық қайта өндірудің макроэкономикалық  пропорцияларына экономикалық әдістермен ықпал етуге мүмкіндік беретін  ақша-несиелік  реттеу мен ақша-несиелік қатынастардың жаңа механизмін құрмай, несиелік қатынастардың әдістерін жетілдірмей, банктердің ролін көтермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Халық Банктің тиімді қызмет етуі үшін, біріншіден, банктік  қызмет нарығын тұрақты зерттеу  және болжау, екіншіден, банктік қызметті жан-жақты жоспарлау қажет.

Жанданған бәсекелестік жағдайында Халық Банкі ілгерілеу  үшін  халықаралық стандарттар мен технологияларға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық басқару және мәліметтерді өңдеу жүйесін қолдау керек, базалық технологияларды жетілдіру жолдарын іздеуі қажет, сондай-ақ жаңа банктік құралдар енгізуі керек. Банктік операцияларды модельдеу, талдау және бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Депозиттік операцияларды  Халық банкі қызметінің маңызды  түрі ретінде қарастыра отырып, оны  жүзеге асырудағы  негізгі мақсат неғұрлым аз бағамен неғұрлым көп депозит тарту екендігін алға қою керек. Осы мақсатты сәтті орындау келесі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:

-    депозиттік операцияларды жүзеге асыру кезінде банктік пайда алу;

-    талап етілетін банктік өтімділік деңгейін ұстау;

-    депозит түрлері мен депозиттік операциялар субьектілерінің диверсификациясын қамтамасыз ету;

-    депозиттік операциялар мен ссудалық операциялардың арасында сәйкестілік сақтау;

-    депозиттік шоттардағы бос қаражаттарды минимизациялау;

-    тиімді пайыздық саясат жүргізу;

-    тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды азайту жолдарын іздестіру;

-    банктік қызмет көрсетулерді дамыту және клиенттерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын жоғарылату.

Депозиттік базаны көбейту Халық банкінің қызметінің дамуына алғышарт болады. Осылайша, жалпы банктік саланы жетілдіру  үшін депозиттік ресурстарды көбейту  жолдарын қарастыру қажет. Олардың  бірі ретінде капиталды легализациялау процесін атап өтуге болады. Ақша қаражаттарын легализациялау механизмі капиталды  сыртқа шығару немесе қаражаттарды көлеңкелі  экономикадан нақты экономикаға  құю болып табылады. Капиталды  шығару оның криминалдық негізін  жасыруға мүмкіндік береді. Мысалы, европалық банктере депозит ашу  үшін капиталдың заңды түрде шыққанын куәландыратын құжаттың бар болуы  жеткілікті. Ол белгілі бір ақша сомасы қазақстандық банктегі шоттан алынғаны туралы сертификат болуы мүмкін. Ал, банктер шот ашу кезінде  ақшаның пайда болу негізін куәландыратын  құжатты талап етпейді .

Жалпы алғанда, капиталды  сыртқа шығару процесін нарықтық агенттердің  шаруашылық жүйедегі аномалияға табиғи реакциясы ретінде қарауға болады. Себебі, ол жалпы приватизациялау  және мемлекеттік меншікті жұлмалау негізінде пайда болды. Сондай-ақ, инфляцияның жоғарылауы, отандық  валютаға сенімнің болмауы да оған қосымша себеп болды. Қазақстан  экономикасынан соншалықты көп ақшаның  шығарылуы экономикаға бірқатар зиянын келтірген соң капиталды  легализациялау процесі қажет болды. Осылайша, көлеңкелі қызметті төмендету  үшін Қазақстанда 2001-жылдың маусымында 20 күнге есептелген легализация  жүргізілді. Сөйтіп, 2001-жылдың 28-маусымына  құзыретті қазақстандық банктердің арнайы шоттарына 71 млн. доллардан аса қаражат түсті. Легализацияланған ақшалардың 82%-нан астамы қолма-қол доллармен түссе, 11,4%-ы шетелден аударылды, ал 6,5%-ы қолма-қол теңгемен берілді. Ұлттық Банк легализациядан түскен қаражаттарды ақша-несиелік саясатқа зиян келтірмейді деп есептейді. Өйткені, негізінен бұрын айналымда болған қолма-қол ақша легализацияланғандықтан, олардың банктерге аударылуынан ешнәрсе өзгермейді.

Халық Банк өтімділігін  сақтайтын маңызды фактор оның депозиттік базасының сапасы болып табылады. Депозит сапасының критерийі  олардың тұрақтылығы болып табылады. Депозиттердің тұрақты бөлігі көп  болған сайын банк өтімділігі де жоғары болады. Өйткені, бұл жердегі жинақталған  ресурстар банктің ішінде болады. Депозиттердің тұрақты бөлігін  көбейту банктің өтімді активтердегі қажеттілігін төмендетеді, өйткені  ол банк міндеттемелерінің қайта  түзілуін білдіреді. Депозиттік саясаттың  ұйымдастырылуы тиімді депозиттік портфельдің  қалыптасу принципіне негізделеді. Нарық жағдайында банк дамуының жалпы  стратегиясында депозиттік портфельдің  орны мен ролі бірталай өседі. Бұл  жағдай ұсынылатын қызметтер саны мен  сапасының ұлғаюы, депозиттер түрлерінің өсуі және осыған байланысты мемлекеттің  әлеуметтік іс әрекеті шекарасының  кеңеюімен белгіленеді.

Ақша қаражаттарын тарту кезінде таңдау құқығы клиентте болады да, банк салымшы үшін қатаң  бәсекелестік күресін жүргізеді. Банктік  бәсекелестіктің дамуымен байланысты ресурстардың шектеулілігі белгілі-бір  клиенттерге банктің тәуелді  болуына әкеледі. Егер бұл клиенттердің шеңбері тар болса, онда банктің  оларға тәуелділігі де жоғары болады. Пассивтік операциялар бойынша  банк таңдауы, әдетте, оның қарыз алушыларына  қарағанда неғұрлым күшті тәуелді  болатын клиентурасымен шектеледі. Сондықтан, банктің ресурстық базасын  қалыптастыру мәселесін шешу үшін салымшылардың  санын көбейту бойынша жұмысты  жандандыру керек. Осыған байланысты банкке жақсы депозиттік саясат қажет. Оның негізіне диверсификацияның қажет  деңгейін ұстап отыру, ақша қаражаттарын басқа көздерден тарту мүмкіндігін  қамтамасыз ету, активтермен мерзімі, көлемі және пайыздық мөлшерлемесі бойынша  балансталуын сақтау жатады.

Несиелік потенциалын  кеңейту мақсатында Халық банкі  депозиттік саясатты активизациялау қажет. Оны бірнеше тәсілдермен жүзеге асыруға болады, соның ішінде салымшылардың  санын көбейту арқылы. Осылайша, клиенттерге демалыс кездері  пайызы төленетін мақсатты салымдар пайдалы болар еді. Мұндай мақсатты салымдар жаңа жылда, наурызда қосымша  сыйлықты қарастырғаны жөн. Сондай-ақ, тұтыну тауарларын жеңілдікпен сатып  алуға болатындай депозит тартымды болады деген ойдамыз.

Банктің өтімділік  тәуекелділігін басқару тиімділігін  көтеру үшін халықтың мерзімді салымдарын кенеттен алуының банктің қаржылық жағдайына теріс әсерін минимизациялау бойынша шаралар қолданған жөн. Тек қана мерзімінен бұрын шешуден  қорғау арқылы банк өзінің ресурстарын  толық қолдана алады. Алдыңғы тарауларда жасалған талдаулар мен зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде жүргізіліп жатқан депозиттік операциялардың даму үстінде екенін айқындауға болады. Яғни, олардың жылдан-жылға өсуі мен депозит түрлерінің көбеюі осы операцияның ілгерілеуде екенін дәлелдейді. Алайда, егер әрбір банктің ішіндегі депозиттік портфельге үңілсек, депозиттік операцияларды жетілдіру қажеттігі де бар екенін көреміз.

Информация о работе Депозиттің теориялық негізі