Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, реферат

Описание

Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық сипаттамасын, өңірлік, гендерлік айырмашылықтары мен еңбекақы деңгейіне, оның саралануы мен серпініне әсер ететін басқа да ерекшеліктерді көрсетеді.
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). рді көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Әлия.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

Жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар бойынша орындайтын адамдарға ұйымның ішкі тәртібіне бағынбай жүзеге асырылатын белгіленген жұмыстарды уақытша орындауға (нақты жұмыс көлемін орындау үшін бір жолғы, арнайы шаруашылықты) тек келісім немесе шарт бойынша қабылданған қызметкерлер жатады.

Жұмысқа қоса атқарушылық бойынша  қабылданған қызметкерлер – негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайларында тұрақты ақы төленетін жұмысты орындайтын адамдар.

Жалақы қорына – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары) есепке алғанда, ұйымның қызметкерлерге ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер).

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына бөлу жолымен анықталады.

Бос жұмыс орындарының саны – ұйымдағы (кәсіпорындағы) бос жұмыс орындарының саны.

Нақты жұмыспен өтелген адам-сағатының  саны – кәсіпорынның барлық қызметкерлері қалыпты жұмыс кезеңі ішіндегі, сондай-ақ мерзімнен тыс жұмыспен өтелген уақыты нақты жұмыспен өтелген уақытпен сипатталады.

Еңбекақы бойынша негізгі  көрсеткіштерді толтырудың әдіснамасы

Еңбек бойынша есептілікті Қазақстан  Республикасы Статистика агенттігінің 2009 жылғы 7 шілдеде № 128 бұйрығымен бекітілген Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес кәсіпорындар және ұйымдар толтырады.

Қызметкерлер  саны

Қызметкерлердің тізімдік саны орта есеппен алғанда есепті айдағы мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, есепті айдың әрбір күнтізбелік күн үшін тізімдік құрамдағы қызметкерлер санын қосындылау және алынған сомманы есепті айдағы күнтізбелік күнге бөлу жолымен есептеледі. Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны есепті жылдың барлық айларына орта есеппен қызметкерлердің орташа санын қосындылау және алынған соманы 12-ге бөлу жолымен анықталады.

Тізімдік санда жұмыс  берушінің актісін орындай отырып, жұмысты белгілі бір лауазымы немесе біліктілігі, мамандығы бойынша  орындайтын есепті кезеңде ұйымның  тізімінде саналатын барлық қызметкерлер ескеріледі.

Тізімдік құрамның қызметкерлер саны әрбір күні қызметкерлердің  жұмыс уақытын пайдалануын есепке алу табелі деректерімен сәйкес келуі  керек.

Осыған сүйене отырып, тізімдік құрамға  мынадай қызметкерлер енгізіледі:

- шын мәнінде  жұмысқа келгендер және өндірістің  бос тұрып қалу себебі бойынша  жұмыс істемегендерді қоса;

- қызметкердің оған тапсырылатын  жұмысқа сәйкестігін тексеру  мақсатында жұмысқа сынақ мерзімімен  қабылданғандар. Бұл қызметкерлер  тізімдік құрамға еңбек міндеттерін жүзеге асыруды бастаған күннен енгізіледі;

- еңбек шартының талаптары  бойынша толық емес жұмыс күніне  немесе толық емес жұмыс аптасына  жұмысқа қабылданғандар, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Еңбек  Кодексіне сәйкес жұмыс уақытының  қысқартылған ұзақтығы белгіленген қызметкерлер санаты жатпайды (он төрт жастан он алты жасқа дейінгі және он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер; ауыр дене жұмыстары және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыспен қамтылғандар);

- қызмет бабымен іссапарларда жүргендер, сондай-ақ шетелдерде қызмет бабымен қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлерді қоса, егер олардың сол ұйымдағы жалақысы сақталатын болса;

- жұмысты өз еңбегімен  үйінде орындау туралы жұмыс  берушімен еңбек шартын жасағандар;

- ұйымнан тыс жерлерде уақытша жұмыс істейтіндер (жүктелім бойынша), егер олар жалақыны осы ұйымнан алатын болса;

- басқа ұйымдардан жұмысқа  уақытша тартылғандар, егер олардың  жалақысы негізгі жұмыс орны  бойынша сақталмайтын болса; 

- жұмысты вахталық әдіспен орындау үшін жіберілген қызметкерлер;

- уақытша жұмыста жоқ  қызметкерлердің (науқастануына,  жүктілігі және босануы бойынша  демалыста, балаға күтім жасау  бойынша демалыста) орнына қабылданғандар;

- ұйымда өндірістік тәжірибеде  өтіп жүрген және жұмыс орнына немесе лауазымға қабылданған білім беру мекемелерінде оқитын студенттер (оқушылар);

- жоғары оқу орындарының  ғылыми-зерттеу секторлары жұмысқа  тартқан жоғары оқу орындарының  күндізгі бөлім студенттері мен  аспиранттары, егер олар штаттық  лауазымға қабылданған болса;

- бірлескен кәсіпорындарда  жұмыс істейтін басқа елдердің  жұмысшылары мен мамандары, сондай-ақ  шетелдің жұмысшы күштері - Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген  квота шегінде республика аумағында  еңбек әрекетін жүзеге асыру  үшін елдің шегінен тыс жұмыс беруші жалдаған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

- науқастануына  байланысты жұмысқа келмегендер  (еңбекке жарамсыздық парағына  сәйкес жұмысқа шыққанға дейін  науқастанған барлық кезеңіне  немесе мүгедектігі бойынша шыққанға  дейін);

- мемлекеттік  немесе қоғамдық міндеттерді  орындауға байланысты жұмысқа  шықпағандар;

- соның ішінде  құрылыс, монтаждау және реттеу  жұмыстарын орындау мақсатында  ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға  жіберілгендер;

- біліктілігін  арттыру немесе қайта даярлау  үшін білім беру ұйымдарына немесе білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар білім беру ұйымдарына өндірістен қол үзіп жіберілгендер, егер олардың жалақысы сақталатын болса;

- ақы төленетін  жыл сайынғы еңбек демалысында,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда берілетін ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысында жүргендер;

- жүктілігі және  босануы бойынша демалыста жүрген  әйелдер, сондай-ақ жаңа туған  балаларды перзентханадан тікелей   асырап алған адамдар;

- баласы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жасқа толғанға дейін оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмай берілетін қосымша демалыста жүрген әйелдер, сондай-ақ жаңа туған балаларды тікелей перзентханадан асырап алған және жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста жүрген адамдар;

- білім беру  ұйымдарында не білім беру  қызметімен айналысуға құқығы  бар ұйымдарда оқитын (кешкі немесе  сырттай) және емтихандар тапсыру,  диплом жобасын (жұмысын) дайындау  және қорғау, бітіру емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыста жүрген қызметкерлер, сондай-ақ тиісті білім беру ұйымдарына оқуға түсетін және қызметкердің өтінішінің негізінде тараптардың келісімімен түсу емтихандарын тапсыру үшін жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

- ұйым әкімшілігінің  рұқсатымен (қызметкердің өтініші  негізінде) жалақысы сақталмайтын  демалыста жүргендер;

- өндірістің  бос тұрып қалуға байланысты  жалақысы сақталмайтын демалыста  жүргендер;

- ұйымның жұмыс  кестесіне сәйкес, сондай-ақ жұмыс уақытына жиынтықтау есебін жүргізгенде артық жұмыс істеген уақыты үшін қосымша демалыс күні бар адамдар;

- демалыс немесе  мереке (жұмыс емес) күндеріндегі  жұмысы үшін қосымша демалыс  күнін алғандар;

- ұжымдық еңбек  дауларын шешу жөніндегі ереуілдерге қатысушылар;

- әкімшілік құқық  бұзғаны үшін әкімшілік қамауға  алынған қызметкерлерді қоса, қыдырымпаздыққа  салынғандар;

- сот өкімі  шығарылғанға дейін тергеуде  жатқандар.

Тізімдік құрамға  мыналар кірмейді:

- егер олар  басқа ұйымдардың тізімдерінде болса, жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ қоса атқарушылық бойынша жұмысқа қабылданғандар;

- басқа ұйымға  уақытша жұмысқа жіберілгендер,  егер олардың негізгі жұмыс  орнындағы жалақысы сақталмайтын болса;

- жұмыс беруші  білім беру ұйымдарында немесе  білім беру қызметімен айналысуға  құқығы бар білім беру ұйымдарына  өндірістен қол үзіп оқуға  жіберілген, жұмыс берушінің қаражаты  есебінен стипендия алатындар  қызметкерлер.

Қызметкерлердің нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшін қабылданатын) – жұмысқа ресми тіркелген (жүктілігі және босануы бойынша, балаға күтім жасау бойынша және басқа да демалыстарда жүрген адамдар) қызметкерлердің жекелеген санаттарын шегергендегі тізімдік құрамдағы қызметкерлердің саны. Бұдан басқа, нақты санда: қоса атқарушылық бойынша қабылданған немесе толық емес жұмыс күніне немесе толық емес жұмыс аптасына қабылданған (ауыстырылғандар) қызметкерлердің нақты саны; үйге жұмыс алып істеуші қызметшілер; жұмыс берушімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша ұйымдағы жұмыс үшін тартылған адамдар есепті түрде ескеріледі.

Негізгі және қайталама қызметте қамтылған қызметкерлер

Статистикалық тәжірибеде негізгі және қайталама  қызмет түрлері бойынша еңбек  жөніндегі мәліметтерді әзірлеу жүргізіледі. Ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі процесінде мынадай өндірістік бірліктер жүзеге асырылады:

қызметтің негізгі  түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа  түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;

қызметтің қайталама  түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;

қызметтің көмекші  түрі – осы объектінің тұтынуына  арналған қысқа мерзімді сипаттағы  тауар және қызметтермен қамтамасыз ете отыра, объектінің негізгі қызмет түрлерін қолдау үшін жүзеге асырылатын қызмет түрі.

Сондықтан еңбек  бойынша есептілікте ұйымдар  қызметкерлер санын, негізгі қызметте жұмыспен қамтылған қызметкерлер және қайталама қызметте жұмыспен қамтылған қызметкерлер деп бөледі.

Ұйымның негізгі  қызметінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге негізгі өнім (тауарлар немесе қызмет көрсету) және басқа ұйымдарға немесе кәсіпорындарға өткізілуі мүмкін негізгімен қатар сөзсіз алынатын жанама өнімдер  өндірісінде тікелей жұмыспен қамтылған қызметкерлер жатады.

Ұйымның қайталама  қызметінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге қызметтің басқа (негізгіден басқа) түрлеріне жататын жұмыстарды орындайтын қызметкерлер жатады.

Қызметтің көмекші  түрін жүзеге асыратын қызметкер  қызметтің негізгі түрін жүргізуге арналған жағдайларды қамтамасыз етеді. Қызметтің көмекші түрін жүзеге асыратын қызметкер ұйымның негізгі қызметінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер құрамында есепке алынады.

Қызметкерлердің санаттары

Еңбек бойынша  статистикалық есептілікте қызметкерлер саны негізгі екі санатқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметшілер.

Жұмысшыларға тауарлар (қызмет көрсетуді) өндіру үдерісіне тікелей қатысатын, сондай-ақ жөндеу, жүк алып өту, жолаушылар тасымалдау, материалдық қызмет көрсетумен айналысатын адамдар жатады.

Қызметшілерге әкімшілік-шаруашылық, басқарушылық функцияларын, сондай-ақ инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа жұмыстармен айналысатын адамдар жатады.

Ұйымдағы жұмыспен қамтылған  барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышына сәйкес кәсіптер топтары бойынша бөлінеді.

Кәсіп деп адамның оқу  нәтижесінде алған мамандығы (біліктілігі) емес, табыс (еңбекақы) әкелетін, яғни атқаратын  лауазымы, жұмысы немесе жұмыс орнында  орындайтын кез келген пайдалы қызметі түсініледі.

Қызметкерлердің жіктелімі мынадай негізгі топтар бойынша жүзеге асырылады:

- ұйым басшыларын қоса  барлық деңгейдегі билік органдары  мен басқармалардың басшылары  (өкілдері);

- біліктілігі жоғары деңгейдегі  мамандар;

- біліктілігі  орта деңгейдегі мамандар;

- ақпараттар дайындаумен,  құжаттамаларды ресімдеумен, есеп  жүргізу және қызмет көрсетумен  айналысатын қызметшілер;

- қызмет көрсету, коммуналдық  қызмет көрсету, сауда саласының  және қызметтің осы тектес  түрлерінің қызметкерлері;

- ауыл, орман, аңшылық шаруашылықтарындағы, балық өсіру мен балық аулаудағы білікті қызметкерлері;

- ірі және  ұсақ өнеркәсіптік ұйымдардың, көркемөнер  кәсіпшілігінің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геология мен жер  қойнауын барлаудың білікті жұмысшылары;

- құрылғылар  мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері және  слесарь-құрастырушылар;

- біліктілігі  жоқ жұмысшылар.

Жұмыс берушінің  жалақы қоры және басқа да шығыстары

Экономикалық қызмет түрлері бойынша  жалақы туралы деректерді салыстыру, сондай-ақ олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында осы бөлімдегі төлемдер құрамы олардың қаржыландыру көздерінен тәуелсіз төлемдер сипатына сүйене отырып келтірілген.

Информация о работе Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар