Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, реферат

Описание

Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық сипаттамасын, өңірлік, гендерлік айырмашылықтары мен еңбекақы деңгейіне, оның саралануы мен серпініне әсер ететін басқа да ерекшеліктерді көрсетеді.
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). рді көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Әлия.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

ж) толық емес жұмыс күні мен толық емес жұмыс аптасына қабылданғандар;

Жалақы қорына жататын төлемдер құрамы

Зерттелетін қызметкерлердің жалақы қорына олар нақты төленген төленбегеніне  тәуелсіз тек қана қыркүйек айының күндеріне ақшалай және заттай нысандағы оларға  барлық қаражат көздері арқылы есептелген сомалар жатады. Ақшалай сомалар «брутто», яғни республиканың заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да ұстап қалуларсыз жүргізіледі.

Нысандарды толтыру  көздеріне есептелген  жалақыны есептеудің есептік және есептік-төлемдер тізімдемесінің көрсеткіштері, және есептелген жалақы, сыйақылар, және жалақы қорынан  тағы басқа төлемдер туралы деректері  бар құжаттар (ақшалай және заттай нысандар) жатады.

Төлемдер құрамы келесі ерекшеліктер есебімен анықталады:

- жалақы қорына бір жылдағы жұмыстарының нәтижесі бойынша сыйақылар, сыйлықақылар, мадақтаулар немесе бір реттік сипаты бар төлемдер;

- егер сыйлықақы мен сыйақының есептеуі 1 тоқсанда істеген жұмыс нәтижелері  бойынша есептелетін болса,онда қызметкердің қыркүйектегі жалақысына есепті жылдың ІІІ- тоқсан жұмыстарының нәтижесі бойынша есептелген тоқсандық соманың үштен бір бөлігін қосады.

3.4. Жұмыс уақытын пайдалану. Қызметкерлер қозғалысы.

Түсініктемелер мен  анықтамалар. KILM 6 – Жұмыс уақыты.

Жұмыс уақытын сипаттайтын көрсеткіш  үш жеке элементтерден құралады.

Біріншісі, аптасына «аз» сағат саны бойынша жұмыс істейтін жұмыспен қамтылған халықтың үлесін анықтайды. Яғни, жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі үшін жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығының жартысынан аз жұмыс уақытын құрайтын адамдар (Қазақстан Республикасында бұл аптасына 20 сағаттан көп емес).

Екінші элемент, белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан «тыс» жұмыс істейтін жұмыспен қамтылған халықтың бөлігін сипаттайды. Яғни, бұл аптасына 40 сағаттан жоғары жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі үшін аптадағы қалыпты жұмыс сағаттар санынан асатын адамдардың жұмыс уақыты. Елдер өзге де уақытша бастапқы көлемдерді пайдалануы мүмкін.

Үшінші элемент, бір жұмыспен қамтылғанға  келетін өтелген жұмыс сағаттарының орташа жылдық санын бейнелейді. Жұмыспен өтелген адам-сағат саны кәсіпорынның барлық қызметкерлермен нақты істелген жұмыстың қалыпты кезең аралығында және одан тыс істелген жұмыс уақыттын сипаттайды.

Халықаралық анықтамаға сәйкес жұмыспен қамтылғандарға белгіленген қысқа  мерзімді зерттеу кезеңі аралығында тауарлар мен қызметтер өндірісінде  жұмыспен қамтылған барлық адамдар, сондай-ақ жұмысы бар, бірақ зерттеу  кезеңі аралығында жұмыс орнында болмаған адамдар жатады. «Жұмыспен қамтылғандардың» кең мағынадағы түсінігіне жұмыспен қамтылудың барлық кезеңдері, соның ішінде уақытша жұмыс, толық емес жұмыспен қамтылу және тұрақсыз жұмыспен қамтылудың барлық түрлері жатады.

Жұмыспен қамтылғандар санының  көп бөлігінің жұмыс аптасының  ұзақтығы олардың өз еркілері бойынша  және жұмыс берушінің еркі бойынша  стандартты аптадан ерекшеленеді. Мерзімнен  тыс жұмыс сондай-ақ жұмыс берушімен  берілген ерікті және мәжбүрлі болуы  мүмкін. Қызметкер өзінің жалақысына қанағаттанбаушылығына байланысты қалыпты жұмыс аптасының ұзақтығынан тыс жұмыспен қамтылуы мүмкін. «Қосымша жұмыс уақытымен байланысты жұмыспен қамтылудың сәйкессіздігі», сондай-ақ «жұмыспен қамтылудан тыс» деп аталатын» «мұнда кәсібі бар адамдар қалайтын немесе төмен табысқа сәйкес сол немесе басқа жұмыс орнындағы жұмыс уақытының ұзақтығы аз (зерттеу уақыты кезеңінде немен жумыс істеген) жұмысты іздейтін жағдай» ретінде анықталады.

Қызметкерлер бір жылда бірнеше  ай немесе аптасына бірнеше күн бойы жұмыспен қамтылуы, түндер немесе демалыс күндері жұмыс істеуі, әр түрлі тәулік уақытында жұмысқа келуі және кетуі мүмкін. Олар ұзақтау кезеңге жұмыс уақытының жалпы ұзақтығын белгілейтін кестенің бір бөлігі болып табылатын жұмыстың әр түрлі күнделікті немесе апталық кестелері болуы мүмкін. Демек, күніне немесе аптасына істелген жұмыс сағаттары саны түрленуі мүмкін, себебі орындалған жұмыстың көлемінің өзгеру үрдісі мен деңгейін анықтау үшін жұмыспен қамтылғандар санын немесе жұмыс аптасының ұзақтығын есептеу жеткіліксіз болып табылады. Жеке қызметкерлердің жұмыс кестелерін қарастыру және оларды салыстыруға орташа жылдық жұмыспен өтелген сағаттар саны туралы деректер көмектеседі.

Жұмыс уақытының ұзақтығының кеңейтілген  жіктелімі жұмыспен қамтылуды аса бағалауды қалайтын пайдаланушыларға ақпараттар ұсыну үшін арналған. Белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан  аз немесе көп жұмыс істейтін адамдардың үлесі толық жұмыспен қамтылу стандарттық құрылымынан шығатындарды көрсетеді.

Жұмыс уақыты – жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін (функция) атқаратын уақытының ағымы.

Қалыпты жұмыс уақыты (жұмыс аптасының  қалыпты ұзақтығы) – бұл қызметкердің санаты мен нақты жұмыс түрі үшін ұжымдық шарттармен, ережелер және заңнамамен  бекітілген жұмыс уақыты немесе жұмыс сағаты.

Қазақстанда Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек  шарттарында екіжақтың келісімі бойынша аз жұмыс уақытының ұзқтылығы  көзделуі мүмкін. Қызметкерлердің жеке санаттары үшін Кодекспен қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленеді.

Аптадағы нақты жұмыс уақытының ұзақтығы – жұмыс орнында өткізген және лауазым мақсаттар мен міндеттердің бір бөлігі болып табылатын өндірістік және өндірістік емес қызметіне кеткен уақытты көрсетеді. Сондай-ақ, қызметкердің өндірістік үдеріспен немесе өндірістің ұйымдастырумен байланысты себептері бойынша әрекет етпеген жұмыс орнында өткізген уақыты жатады.

Статистиканың жұмыс уақытында қолданылатын әдіснамалық негіздер ХЕҰ-ның 10-шы (1962ж.) және 13-ші (1982ж.) Еңбек статистикасының Халықаралық конференциясының қарарымен анықталған. Бұл қарарлар жұмыс уақытының көрсеткіштері бойынша деректердің халықаралық салыстырмалығын қамтамасыз ететін стандартты анықтамаларды үйлестіреді. 13-ші Еңбек статистикасының Халықаралық конференциясында қабылданған қарарлар, сондай-ақ халықтың толық емес жұмыспен қамтылудың түсініктері мен критерийлеріне қатысты болады.

ХЕҰ ұсынған  анықтама бойынша «ішінара жұмыспен қамтылғандар деп толық жұмыспен қамтылған қызметкерлерге қарағанда, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аз жұмыс істейтін адамдарды айтамыз». Индивидиумның жұмысы белгілі нормативтер немесе оның біліктілік есебінен басқа мүмкін жұмыстың  көзқарасы бойынша қанағаттанарлықсыз болған жағдайда толық емес жұмыспен қамту орын алады.

Көрінетін толық  емес жұмыспен қамтуды өлшеудің екі  элементін ажырата алуымыз керек:

а) толық емес жұмыс уақытымен жұмыспен қамтылған  тұлғалар саны;

б) көрінетін  толық емес жұмыспен қамтудың көлемі (масштабы).

Уақытша толық  емес жұмыспен қамту терминінің анықтамасы KILM-12 берілген. Жұмыс міндеттерін  атқаруға келіскен және кірісуге дайын  тұрған  басқа қызметкердің еңбегінің  альтернативті жағдайымен салыстыру  бойынша қызметкердің жұмыс сағаты жеткіліксіз болғанда уақытша толық емес жұмыспен қамту пайда болады. Уақытша толық емес жұмыспен қамту және сайма - сай емес еңбек шарты есебінің (бағалары) негізгі мақсаты ретінде жұмыспен қамту мәселелерінің талдау мүмкіндігінің күшеюі болып табылады, сондай-ақ жұмыспен қамтудың толық, тиімді және ерікті жетістіктеріне арналған критерийлерді әзірлейді.

Жұмыс уақыты көрсеткіштер есебінің әдіснамасы

Жалпы мемлекеттік  статистикалық бақылау нысанында  мәліметтер көрінісі кезіндегі жұмыс уақыты деп қызметкердің нақты орындаған жұмыс уақытының ұзақтығын айтамыз. Жұмыс уақытының көрсеткіштері қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану деректерінің есебі негізінде толтырылады.

Жұмыспен өтелген  адам-сағат саны барлық қызметкерлермен  нақты жұмыспен өтелген үстемелік, мереке (жұмыс істемейтін) және демалыс (кесте бойынша) күндері жұмыспен өтелген сағаттары, осы ұйымдағы жұмысты негізгі сондай – ақ  қосалқы жұмыс бойынша және қызметтік іссапарлардағы сағаттарды қоса қамтиды. Жұмыспен өтелген адам-сағат санына мыналар жатпайды: қызметкерлердің жыл сайынғы, қосымша және оқу демалыстарда болуы; ауырған уақыты; әкімшіліктің рұқсаты арқылы демалыста болу уақыты; ауысымішілік бос тұрып қалу және басқа жағдайлардағы жұмыста қызметкерлердің жоқ болу уақыты, оған жалақының сақталуы немесе сақталмауы тәуелді емес.

Нақты жұмыс  уақыты жөніндегі деректер мыналарды  қамтиды:

    • қалыпты уақыт кезеңдердегі нақты жұмыспен өтелген сағаттар;
    • қалыпты уақыт кезеңіндегі жұмыспен  тыс өтелген сағаттар және әдетте көбірек, жалпы қалыпты мөлшерлемелермен (үстемелік) төленетін уақыты;
    • жұмыс орнын дайындау, жөндеу және қызмет көрсету, құралдарды тазалау, кестелер мен есептерді және т.с.с. дайындау үшін жұмыс орнында кеткен уақыт;
    • жұмыста болмаған, көліктің сынуы, келеңсіз жағдай сияқты себептер бойынша жұмыс орнында кеткен уақыттар, сондай-ақ жұмыс орнында орындалмаған жұмысқа кеткен уақыт, бірақ кепілдік берілген еңбек шартына сәйкес төленеді;
    • жұмыс орнында демалыс үшін үзілістер (шай, кофе қабылдау) сияқты тиісті қысқа мерзімді демалыс уақыттары.

Нақты жұмыс уақыты жөніндегі деректер мыналарды қамтымайды:

    • төленген, бірақ жұмыс өтелмеген уақыттар, мысалы, жыл сайынғы еңбек демалысы, төленетін мемлекеттік мерекелер, төленетін ауырған уақыты;
    • түстенуге арналған үзілістер (тамақ қабылдау);
    • жұмысқа бару және жұмыстан келу жолына (сапарға) кеткен уақыт.

Жұмыс уақытын  пайдалану жөніндегі деректер кәсіпорындарды (мекемелерді) ағымдық бақылаудың немесе үй шаруашылығын кезеңдік бақылаудың шеңберінде жинақталады. Кәсіпорындарды бақылаудың артықшылығы олар көбінесе тура нәтижелерді береді. Үй шаруашылығының бақылауы халықтың кеңірек қатпарын қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ индивидтпен бақыланып жасалған жұмыстардың, әсіресе қоса атқару қолданылғандағы сағаттардың жалпы санын айқындайды.

Жұмыс уақытының  статистикасы жалақы алатындарды да қамтуы керек. Нақты жұмыспен өтелген сағаттар жөніндегі деректерге дұрысы, кезеңде және қалыпты аптада қамтылған жұмыс күндері санының арақатынасы негізінде мүмкіндігінше бір апта ішіндегі деректерге өзгерістер енгізу.

Бір қызметкерге есептегендегі орташа нақты жұмыспен өтелген сағат саны есептік кезеңде қызметкерлермен жұмыспен өтелген адам-сағат (жиынтық) санын жалпы сол кезеңдегі жұмыс сағаттарының есептелуі бойынша орташа қызметкерлер санына бөлу жолымен есептеледі.

Бір қызметкерге есептегендегі орташа нақты жұмыспен өтелген сағаттарының саны жөніндегі жеке деректер жұмыс істейтіндердің әрбір санаты бойынша критерийлеріне қарай беріледі. Олар: толық емес жұмыс уақытымен жұмыспен қамтылған тұлғалар; толық  жұмыс уақытымен жұмыспен қамтылғандар; толық  жұмыс уақытымен жұмыс істейтіндер және деректермен қамтылған кезеңде  жұмыста болғандар; кездейсоқ және уақытша қызметкерлер; ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдер.

Жұмыспен қамту  мәселелері жөніндегі халықтың ішінара  бақылау материалдары бойынша жұмыспен өтелген уақыт санына тәуелді барлық жұмыс істейтін азаматтар мынадай тұлғаларға бөлінеді:

    • жұмыс аптасының қалыпты (немесе белгіленген) ұзақтығымен салыстырғанда көбірек сағат жұмыс істегендер;
    • жұмыс аптасының қалыпты (немесе белгіленген) ұзақтығымен салыстырғанда аз сағат жұмыс істегендер;
    • жұмыс аптасының қалыпты (немесе белгіленген) ұзақтығы сияқты сонша сағат жұмыс істегендер;
    • жұмыс аптасында жұмыс істемегендер.

Есептік кезеңде  қызметкермен нақты жұмыспен өтелген  жұмыс уақытының есебі кәсіпорындармен (жұмыс берушілермен) жүзеге асырылуы керек. Жұмыс уақыты деп -  жеке еңбек шарты талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына кететін уақытын айтамыз. Үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жеке өндірістерде (цехтарда, учаскелерде, бөлімдерде және жұмыстардың кейбір түрлерінде) өндіріс талаптары бойынша қызметкерлердің осы санаттары үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуы мүмкін емес жағдайда жұмыс уақытының жинақталған есебін енгізуге рұқсат етіледі. Осыдан есептік кезеңдегі жалпы жұмыс уақытының ұзақтығы заңнамамен бекітілген аптадағы жұмыс сағаттарының қалыпты санынан аспауы керек. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі ұжымдық шартпен белгіленеді немесе жұмыс берушінің актілерімен анықталады.

Мерзімнен тыс болып - Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен белгіленген мерзімнен тыс жұмыс уақыты ұзақтығының жұмыс сағаттары саналады. Жұмыспен өтелген мерзімнен тыс сағаттар санына жұмыспен өтелген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс орнатылған сағаттар, демалыс және егер олар үшін басқа демалыс күндері көрсетілмей, мереке (жұмыс істемейтін) күндері жұмыспен өтелген сағаттар, есептеледі.

Егер кесте  бойынша бекітілген жұмыс күнінің  ұзақтығы, қалыптыдан артық болғанда, жұмысқа шыққан сандарын қысқарту нәтижесі жағдайында мерзімнен тыс жұмыс уақыты сағатына жатқызылмайды. Жұмыс уақытының жиынтық есебі бар жеке салалы ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін өндіріс талаптары бойынша демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндері (мысалы, көлік, электр стансасы, сумен жабдықтау және т.б.) жұмыстарын тоқтатуға болмайтын, жұмыс уақыты кесте бойынша, демалыс және мереке күндеріне келетіндерге үстеме сағаттары болып саналмайды және жұмыспен өтелген уақыт саны болып есептеледі.

Әкімшіліктің  бастамасы бойынша жұмысы өтелмеген қызметкерлерді (бекітілген жұмыс аптасының ұзақтығымен салыстыру бойынша) толық емес жұмыс уақыты жұмысына ауыстыруға байланысты адам-сағат саны жұмыс өтелмеген әрбір қызметкерлермен есептік кезеңде осы себеп бойынша сағаттар саны ретінде анықталады. Есептік кезең ағымындағы жұмыс өтелмеген уақыттың есебі тек нақты жұмыс мүмкін күндер бойынша жүргізіледі (жыл сайынғы, оқу және басқа демалыстарысыз, сырқаты бойынша келмей қалған күндерісіз, демалыс және мереке күндерісіз және т.б.).

Информация о работе Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар