Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, реферат

Описание

Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық сипаттамасын, өңірлік, гендерлік айырмашылықтары мен еңбекақы деңгейіне, оның саралануы мен серпініне әсер ететін басқа да ерекшеліктерді көрсетеді.
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). рді көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Әлия.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

Жалақы қорына (еңбегіне ақы төлеу) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) есепке алғанда, ұйымның қызметкерлерге ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер) жатады.

Жалақы қорында  ақшалай, сондай-ақ ақша бірлігіне келтірілген заттай нысандағы барлық төлемдер ескеріледі.

Төлеу үшін есептелген ақшалай сомалар Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, қызметкерлерге жұмыспен өтелмеген  уақытына (жыл сайынғы демалыс, мерекелік  күндер) төлеу үшін есептелген ақшалай сомаларды қоса, қызметкерлермен жалақысы бойынша есеп айырысатын төлем құжаттарына сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген сомалар «бруттоға» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес салықтар мен басқа да ұстап қалуларды шегермегендегі) келтіріледі.

Ақы төленетін  жыл сайынғы еңбек демалыстарына, ақы төленетін жыл сайынғы  қосымша еңбек демалыстарына  есептелген сомалар осы айдың  демалыс күндеріне келетін сомада есепті айда көрсетіледі. Келесі айдағы демалыс күндері үшін есептелетін сома келесі айдың есебіне кіреді.

Еңбекақы заттай түрде төленген жағдайда еңбек жөніндегі  есептерге қызметкерлерге заттай түрде  берілетін тауарлар мен қызмет көрсетулердің  құндық бағасы қамтылады.

Жалақы қорына мыналар  қосылады:

- қызметкерлерге орындалған жұмысы немесе нақты жұмыспен өтелген уақыты үшін тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық (базалық) айлықақылар, түскен табыстан пайызбен және үлеспен келісімді бағаламалар бойынша, ұйымда қабылданған еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне тәуелсіз, есептелген жалақы;

- ынталандыру  сипатындағы төлемдер: тарифтік  мөлшерлемелер мен лауазымдық  айлықақыларға үстемеақылар (еңбек  сіңірген жылдары, жұмыс өтілі,  кәсіби шеберлігі, мемлекеттік  тілді білуі, ғылыми дәрежесі, дипломатиялық рангі және тағы басқалар); өндірістік нәтижелері үшін сыйлықақылар (тұрақты немесе мерзімді сипаттағы, олардың төлем көздеріне тәуелсіз); төлем көздеріне байланысты емес біржолғы сыйлықақылар; бір жылдық жұмыс қорытындысы бойынша сыйақылар; ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленген басқа да төлемдер мен көтермелеулер;

- жұмыс режимі  және еңбек жағдайларына байланысты  өтемақылық төлемдер: экологиялық  апат және радиациялық қатер  аймақтарында тұрғаны үшін, Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілетін төлемдер; еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер (ең негізгі еңбек жағдайында, сондай-ақ өте ауыр және өте зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін); түнгі уақытта жұмыс істегені үшін қосымша төлемдер;  демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу; мерзімнен тыс уақыттағы жұмысқа ақы төлеу және т.б.;

- жұмыспен өтелмеген  уақытқа ақы төлеу: жыл сайынғы  еңбек және қосымша еңбек демалыстарына  ақы төлеу, пайдаланылмаған демалыс  үшін ақшалай төленетін өтемақы; демалысқа берілетін жыл сайынғы сауықтыру үшін жәрдемақы (демалысқа материалдық көмек); амалсыздан жұмыссыз жүрген уақыт үшін ақы төлеу және т.б.;

5) төлеуге есептелген  басқа да ақшалай сомалар: өзінің  негізгі жұмысынан босатылмастан қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін төленетін қосымша төлем сомалары; газет, журнал және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары қызметкерлерінің тізімдік құрамында тұрған қызметкерлерге төленетін қаламақы; тарифтік мөлшерлемеге (айлықақыға) қосымша төленетіндігіне немесе негізгі ақы төлеу болып табылатындығына тәуелсіз пайыздық немесе комиссиялық сыйақылар, атап айтқанда, штаттағы делдалдарға және т.б.;

Жалақы қорында  есепке алынбайтын ұйымның шығыстарына  мыналар жатады:

- қызметкерлерді  тұрғын үймен қамтамасыз ету  бойынша ұйымдардың шығыстары;

- қызметкерлерді  оқытуға байланысты шығыстар;

- жұмыс күшін  пайдаланумен байланысты салықтар  мен алымдар;

- қызметкерлерді  әлеуметтік қорғауға арналған  ұйымның шығыстары;

- мәдени іс-шараларды  жүргізуге, сондай-ақ демалыс  пен ойын-сауықты ұйымдастыруға  арналған шығыстар;

- бұрынғы келтірілген  жіктелім топтарына жатпайтын  жұмыс күшін ұстауға арналған  басқа да шығыстар.

Орташа айлық  атаулы жалақы

Орташа айлық атаулы жалақы – бұл бір қызметкерге орташа есептелген жалақы немесе ақшалай бірліктерде тұлғаланған жұмыспен өтелген уақыт бірліктері. Орташа айлық атаулы жалақы қызметкерлердің есептелген жалақы қорын олардың орта санына немесе белгілі уақыт кезеңдеріндегі (ай, жыл басынан бергі кезең, жыл) олардың нақты жұмыспен өтелген адам-сағат санына бөлумен есептеледі. Жыл бойы және жыл басынан бастап  бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысын анықтау барысында алынған санды кезеңдегі айлар санына бөлу қажет.

Жеке лауазымдар мен  кәсіптер бойынша қызметкерлердің  жалақы мөлшерінің іріктеме есебін ұйымдастыру

Зерттеудің  әдіснамалық негіздері мен мақсаттары

Он төртінші Еңбек статистиктерінің Халықаралық Конференциясымен (1987ж., ХЕҰ) қызметкерлер олардың жұмыстарына деген нақты қатынастарын есепке алумен топталатын қызметкерлердің Кәсіптер сыныптауышының халықаралық стандарты туралы Қарары қабылданды. Жұмыстар функциялардың орындалатынына немесе орындалуға тиістілігіне байланысты сыныпталады.

Экономиканың жеке секторларында  және қызмет түрлерінде лауазымдар мен  кәсіптер деңгейінде жалақыдағы (тарифтер мен табыстар) айырмашылықтар мен  ерекшеліктерді қарастыратын «Кәсіп түрлері  бойынша жалақы индексі» 16-шы KILM сәйкес лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлердің жалақысына іріктеме зерттеу жүргізіледі. Осы зерттеу бір мамандық бойынша гендерлік аспектінің, экономикалық қызмет түрлерінің және біліктіліктің әр түрлі деңгейін есепке алумен кәсіптің негізгі түрлері бойынша жалақының неғұрлым репрезентативті бейнесінің өзгеруін беретіндіктен әзірленген, сондықтан олар әр түрлі факторлардың ықпалына ұшырауы мүмкін.

Жалақы статистикасы жекелеген  лауазымдар мен кәсіптер бөлінісінде  тиісті деректерді бөлумен әлеуметтік қамтамасыз ету, ең төменгі жалақыны бақылау, халық табыстарын саралау саласындағы бірқатар маңызды міндеттерді шешеді.

Жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлердің орташа жалақысын статистикалық байқаудың мақсаты олармен тұтастай бір айда жұмыспен толық өтелген жұмыс уақытындағы қызметкерлердің кәсіби топтарының еңбекақысын сипаттайтын, сондай-ақ олардың сағатпен есептелген табыстарын анықтау кезінде алынатын ақпарат болып табылады.

Республикада жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлердің жалақысын іріктеме зерттеу Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес әзірленген. Бір жылда бір рет (қыркүйек айына) іріктеме негізінде біржолғы есеп жүргізіледі. Зерттеу құралы ретінде экономикалық қызмет түрлері (түр тармақтары) бойынша мамандандырылған 2-Е (Кәсіп)  «Жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшері туралы есеп» мемлекеттік статистикалық есептілік нысаны қызмет етеді.

Негізі лауазымдар мен кәсіптер бойынша қызметкерлерді бөлу Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік стандарттың 1999 жылғы 16 қазандағы № 22 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышына сәйкес санаттар немесе кәсіптер топтарына қатысты жүзеге асырылады. Осы сыныптауыш Кәсіптер жіктелімінің халықаралық стандартымен – ЖХСС немесе ISKO-88  үйлестірілген.

Байқау бірліктері

Зерттеуге кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын шағын кәсіпорындардан  басқа, іріктемеге түскен барлық заңды  тұлғалар, олардың барлық меншік нысанындағы  жекелеген құрылымдық бөлімшелері  жатады. Статистикалық тәжірибеде зерттеу объектілері, әдетте, өнеркәсіп (және оның ішкі салалары), көлік, байланыс, білім беру және денсаулық сақтау болып табылады. Бұл қызмет түрлерінің дәстүрлі жинағы ұлттық қажеттіліктерге байланысты нақтыланады және кеңейтіледі. Осы зерттеудегі сол немесе өзге қызмет түрлерін енгізу үшін негізгі критерий ретінде ондағы жұмыспен қамтылғандар саны, ел экономикасы үшін салалардың маңызы, қызметкерлердің жеке санаттарының немесе белгіленген лауазымдар мен мамандықтардың жоғары шоғырлануы қызмет етеді. Себебі, бұл зерттеу үлкен қаражат шығындарымен және ақпараттарды жинаудағы еңбекті көп қажет етумен түйіндеседі, зерттелетін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі ақпараттарды жинауда, бірінші кезете, жалақы туралы неғұрлым көкейтесті ақпарат болып табылатын салаларға назар аударып, кезең-кезеңімен кеңейтуді ұсынады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда  іріктеме зерттеумен (2-Е (Кәсіп) нысаны бойынша есепке алумен) келесі экономикалық қызмет түрлері қамтылған:

- Ауыл, орман  және балық шаруашылықтары:

- Өсімдік және  мал шаруашылығы, аңшылық және  осы салаларда қызметтер ұсыну;

- балық шаруашылығы  және аквадақыл;

- кен өңдіру  өнеркәсібі және карьерлерді  өндіру:

- көмір және  лигнит өндіру;

- шикі мұнайды  және табиғи газды өндіру;

- өңдеу өнеркәсібі:

- етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру;

- өсімдік майы,  мал мен тоң майды өндіру;

- сүт өнімдерін  өндіру;

- нан - тоқаш  және ұн өнімдерін өндіру;

- тоқыма бұйымдарын  өндіру;

- мұнай өңдеу  өнімдерін өндіру;

- химиялық өнеркәсіп  өнімдерін өндіру;

- металлургия  өнеркәсібі;

- басқа санаттарға  енгізілмейтін машиналар мен  жабдықтар жасау; автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер  өндіру; өзге де көлік құралдарын  жасау;

- жиһаз өндіру;

- электрмен жабдықтау,  газ бу беру және ауа баптау (электр энергиясын өндіру, беру және бөлу);

-    құрылыс;

- көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу;

- тұру және  тамақтану бойынша қызметтер;

- көлік және жинақтау;

- жолаушылар  темір жол көлігі, қалааралық; жүк  темір жол көлігі;

- өзге де құрлықтағы  жолаушылар көлігі; автомобиль көлігімен  жүк тасымалдау;

- әуе көлігі;

- пошталық және  курьерлік қызмет;

- ақпарат және  байланыс (байланыс);

- қаржы және  сақтандыру қызметі;

- мемлекеттік  басқару және қорғаныс; міндетті  әлеуметтік қамтамасыз ету;

- білім беру;

- денсаулық сақтау  және әлеуметтік қызметтер (денсаулық  сақтау саласындағы қызмет)

Зерттеу объектілері

Қойылған зерттеу міндеттерін  шешу мақсатында екі кезеңнен тұратын байқау объектілерін іріктеу жүргізіледі:

Іріктеудің бірінші кезеңі – бұл зерттеуге жататын ұйымдар (базалық объектілер) тізімін құру. Ол жоғарыда аталған қызмет түрлері бойынша әрбір өңір деңгейінде қалыптастырылады. Осы базалық ұйымдарды іріктеу үшін Кәсіпорындардың статистикалық тіркелім қорында қалыптастырылатын ірі және орта кәсіпорындардың каталогы құрылады. Ақпараттарды жинау жергілікті бірліктер деңгейінде жүзеге асуы қажет.

Екінші кезең – бұл зерттеу бағдарламасына қосу үшін лауазымдар мен кәсіптерді таңдау. Басты критерийі ретінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер қызмет етеді. Сондай-ақ, іріктеудің басқа да критерийлері болуы мүмкін: жұмыс істейтін белгіленген саннаттар үлесі жалақы құрылымы тұрғысынан сол немесе өзге кәсіптердің маңыздылығы.

Жоғарыда тізбектелген әрбір қызмет түрлері (түр тармақтар) үшін 2-Е (Кәсіп) нысаны көрсеткіштерін толтырудың бірегей  әдістемесін сақтау мақсатында жеке бөлімдер әзірленген. Әрбір бөлімде  олардың сипатты (өзекті) атауларын  қосатын қызметкерлердің лауазымдары мен жұмысшылардың кәсіптерінің тізімі келтірілген.

Қазіргі уақытта  қызметкерлер жалақысының мөлшерінің біржолғы есебі үшін бір мыңнан аса  нақты лауазымдар мен кәсіптер атауы  алынған.

Іріктеме  жиынтығына түскен ұйымдарда, оған тиісті қызмет түрлері (немесе түр тармақтары) есептілік нысандарын толтыру кезінде лауазымдар мен кәсіптер тізімдерінің нысаны бланкісінде көрсетілуіне сәйкес қызметкерлерді іріктеу жүргізіледі. Бұл ретте келтірілген тізімге қосымша енгізуге және қызметкерлердің жаңа атауларын нысанға енгізуге  кәсіпорындардың мүмкіндігі бар.

Кәсіп орындалатын жұмысымен (ісімен) сәйкес келмеуі мүмкін, бұл кең  мағынадағы түсініктеме болғандықтан «жұмыс» немесе «лауазым» және  әдетте оған әр түрлі жұмыстар жатады. Басты мақсаттары  мен міндеттері сәйкестіктің жоғары деңгейімен сипатталатын жұмыстардың жиынтығы кәсіби кәсіптерді (кәсіпті құрайды) қалыптастырады.  Кәсіпорын жалақыны ішінде атқаратын қызметтерінде, міндеттерінде айырмашылығы бар, біліктілік және жауапкершілік деңгейінде жұмыстар мен лауазымдарына байланысты жиі белгілеп отырады.  «Жұмыс» және «лауазым» жіктелімі бұл кәсіпорынның өзіндік ерекше құқығы және ол кәсіптер жіктелімі шегінен тыс.

Зерттеудің  есептік белгілері және көрсеткіштер жүйесі

Зерттеуге оның жасалған мерзімінен тәуелсіз еңбек шарты бойынша  қабылданғандар (азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, сондай-ақ қоса атқару бойынша жұмыс істейтін адамдардан басқа), қыркүйектің барлық күндерін толық мөлшерлеме (лауазым жалақысы) бойынша жұмыс істеген және қыркүйек айына жалақысы есептелеген барлық қызметкерлер жатады.

Есептік деректерге келесі қызметкерлер туралы деректер жатпайды:

а) 1 қыркүйектен кейін жұмысқа қабылданғандар;

б) 1 қазанға дейін босатылғандар;

в) уақытша еңбекке қабілетсіз қағазы барлар;

г) балаға күтім жасау бойынша қосымша демалыста және жүктілігі бойынша демалыста жүргендер;

д) ақысыз  демалыста жүргендер;

е) жыл сайынғы (ақылы) демалыстарда жүргендер;

Информация о работе Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар