Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, реферат

Описание

Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық сипаттамасын, өңірлік, гендерлік айырмашылықтары мен еңбекақы деңгейіне, оның саралануы мен серпініне әсер ететін басқа да ерекшеліктерді көрсетеді.
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). рді көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Әлия.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

I. Жұмыспен өтелген уақыт (тікелей жалақы) үшін еңбекақы – жұмыспен өтелген уақытына еңбекақысы және тарифтік мөлшерлемелер бойынша немесе орындалған жұмысының келісілген бағалау бойынша қызметкерлерге есептелген жалақы, өнімдерді сатудан түскен пайызы; заттай еңбекақы ретінде қызметкерлерге берілген тауарлар мен қызметтер құны; ынталандыру сипаттағы төлемдер; еңбек жағдайы және жұмыс тәртібіне байланысты өтемақылық төлемдер; мерзімнен тыс, түнгі уақыттағы және демалыс күндердегі жұмысқа қосымша ақы төлеу; олардың төлемдері және басқа үстемеақылар және төлемдер көздеріне тәуелсіз жүйелік сипаттағы үстемеақылар (сыйлықақылар) мен сыйақылар.

II. Жұмыс өтелмеген уақыт (жұмыссыз) үшін еңбекақы – елдің заңнамасымен қарастырылған жыл сайынғы және қосымша демалыстарға ақы төлеу; білім беретін мекемелерде оқитын қызметкерлерге ұсынылған оқу демалыстарына ақы төлеу; мемлекеттік немесе басқа да белгіленген мерекелерге төлеу; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға арналған төлемдер; жалақының сақталумен жұмыс берушімен ұсынылған басқа да төлемдер және қызметкердің кінәсінен болмаған тұрып қалуларға ақы төлеу.

III. Бір жолғы сыйлықақылар мен  сыйақылар (төлемдер) – біржолғы сыйақылар, олардың төлемдер көздерінен тәуелсіз соның ішінде өндірістік нәтижелер; бір жыл бойы жұмыстың нәтижелері бойынша сыйақылар; пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай өтемақылар; барлық немесе қызметкерлердің көпшілігіне берілетін материалдық көмек; табысқа қатысу шегіндегі біржолғы сыйақылар; жыл сайынғы демалыстарға берілетін қосымша төлемдер; ұжымдық шарттар немесе жұмыс берушінің актілерімен анықталатын мадақтаулар мен басқа да бір реттік төлемдер.

IV. Жалақыға жататын заттай төлемдер – тегін берілетін отын (көмір, газ, электр және т.с.с.) және тамақтану өнімдерінің құнын төлеу (толығымен немесе жарым-жартылай); заттай төлеу тәртібімен берілетін өнімдер құны; субсидияланған немесе тегін үй-жайдың есепті құнын төлеу (толығымен немесе жарым-жартылай); басқа да заттай төлемдер құны.

V. Қызметкерлерді тұрғын үймен  қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың  шығыстары – қызметкерлерге ақысыз тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер немесе олардың ақысыз берілуіне ақшалай жәрдемақылар бойынша шығыстары; қызметкерлердің шығыстарын өтеу тәртібінде, тұрғын жайға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша республиканың заңнамасында тыс көзделген, ұйыммен төленетін сомалар; ұйымға жатпайтын тұрғын үйлерге арналған шығыстар (жәрдемақылар, субсидиялар және т.с.с.); қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша басқа шығыстар.

VI. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға  арналған шығыстар – бұл жалпы сырқаты, еңбекпен зақымдану және жүктілігі және тууы бойынша кәсіби аурулармен байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздік, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтік жәрдемақылар жұмыс берушінің есебінен төленетін сомалар; мемлекеттік әлеуметтік қорларға (әлеуметтік салық) жарналары, еңбек шартын бұзу кезіндегі қызметкерлердің жәрдемақылар (шығу жәрдемақысы) сомасы; жұмыспен байланысты емес (бір реттік тәртіпте) жағдайдағы қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек; ұйымның есебінен қызметкерлерге көрсетілетін денсаулық сақтау мекемесінің қызметтерін төлейтін шығыстар; қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға кететін ұйымның басқа да шығыстары.

VII. Кәсіби дайындыққа (қызметкерлерге  білім беру)арналған жұмыс берушілердің  шығыстары – өндірістік қажеттілікке байланысты әр түрлі оқу мекемелерінде өзінің қызметкерлерін ақылы оқытуға жұмсалған шығыстар; ұйымның қаражат есебінен төленетін оқу мекемелерінде оқуға жұмыс берушімен бағытталған студенттер мен оқып жатқандардың стипендияларын, оқу демалыстарын төлеу; кадрды дайындау және қайта дайындауда қызметкерлерге білім беру бойынша кеткен басқа да шығыстар.

VIII. Мәдени-тұрмыстық қызметтерге  (әлеуметтік қызметтер) арналған  жұмыс берушілердің шығыстары  – бұл Мәдени – ағарту, сауықтыру және басқа да іс-шараларды өткізуге жұмсалған ұйым шығыстарының сомасы; жұмыс берушінің қаражатымен қызметкерлерге көрсететін білім, туризм және демалу, денсаулық сақтау ұйымдарының түрлі қызмет түрлеріне ақы төлеу; мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды күтіп баққаны үшін қызметкерлер төлемінің орнын толтыру; ұйым қаражат есебінен қызметкерлердің балаларына арналған ойын – сауық іс – шараларына билеттер және сыйлықтар құны; қызметкерлерге да мәдени – тұрмыстық қызмет көрсетулерге арналған басқа да шығыстар

 

IX. Жоғарыда келтірілген топтарға  жатпайтын жұмыс күшіне кеткен  шығыстар – жұмыс орнына және кейін қарай жолақы құжаттар құнын төлеу; тегін берілетін арнаулы киімдер, киім-кешектердің құны немесе төменгі бағалар бойынша оларды сатуға байланысты жеңілдіктер сомалары; берілетін арнайы киімдер, арнайы аяқ-киімдер және жеке қорғаудағы басқа құралдар, емдік-профилактикалық тамақтар құны және т.б; республиканың заңнамасымен тыс көзделген нормалар шегінде қызметтік іс-сапарлар кезіндегі жәрдемақылар; жұмыс берушінің қаржы есебінен өзінің қызметкерлерінің пайдасы үшін ұйыммен жасалған жеке, мүліктік және өзге сақтандыру шарттар бойынша ұйыммен төленетін сақтандыру төлемдері (жарналары); жұмыс күшін ұстауға кеткен басқа да шығыстар.

 

X. Жұмыс күшін пайдаланумен байланысты  салықтар – қызметкерлер саны немесе жалақы қоры салық қоры болып табылатын өңірлік жинау немесе жергілікті арнаулы жинау .Сондай-ақ, бұл топқа шетел жұмыс күштерін тартуға арналған төлемдер жатады.

Жұмыс күшіне кеткен шығыстарды сипаттайтын  есепті көрсеткіштер

Барлық көлемді көрсеткіштер келесі бөліністерде әзірленеді:

- экономикада барлығы;

- республиканың өңірлері бойынша;

- экономикалық  қызмет түрлері бойынша;

- ұйымдардың  түрлері бойынша, соның ішінде ірі  және орта кәсіпорындар түрлері бойынша.

Әр түрлі топтарда ұсынылған  негізгі есепті көрсеткіштер мыналар  болып табылады:

- бір қызметкерге есептегендегі (теңге) жұмыс күшіне кеткен орташа жылдық шығындары (немесе орташа айлық);

- бір нақты жұмыспен өтелген сағатқа (теңге) есептелген жұмыс күшіне кеткен шығындар;

- құрылатын компонеттер бойынша (теңге, пайыздар) жұмыс күшіне кеткен шығындар құрылымы;

- шығындардың (пайыздар) бір қызметкерге орташа есептегендегі шығындардың жалпы сомасындағы негізгі топтардың үлесі;

- бір қызметкерге орташа алғандағы (теңге, пайыздар) құрылатын элемент бойынша  жалақы құрылымы;

- бір қызметкерге орта есеппен алғандағы (сағат) нақты жұмыспен өтелген сағаттар саны;

- жұмыс күшіне кеткен шығындардың жалпы  сомасының (теңге, пайыздар) тікелей  және жанама шығындарының үлесі.

Бір қызметкерге орта есеппен алғандағы жұмыс күшін  ұстау үшін кеткен шығындар – бір жылға орта есеппен алғандағы қызметкерлердің нақты санына жұмыс беруші алып жүретін шығыстардың жалпы сомасын бөлу жолымен есептеледі.

Еңбек құнының индексі. Еңбек бағасының индексі.

Жұмыс күшін ұстауға кеткен ұйымның  шығындар құнын сипаттау үшін еңбек  құнының индексі және еңбек бағасының  индексі есептеледі.

Еңбек құнының индексі (ЕҚИ) – жұмыс  күшін пайдалану және ұстауға  кеткен жұмыс берушінің сағаттық шығыстардың өзгерісін сипаттайтын  салыстырмалы көрсеткіш.

                                                                                                                           (3.15)

мұнда

LC t - еңбек құнының индексі;

TLC t - уақыт кезеңіндегі t еңбектің жалпы құны;

TH t - уақыт кезеңінде t жұмыспен өтелген сағаттың жалпы саны; 

Бұл индекс қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей бағытталған, ұйымның шығындар динамикасын анықтауға көмектеседі, оның құрамына қызметкерлер жалақысы, әр түрлі әлеуметтік төлемдер, кәсіби білім беру және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетулер және тағы басқаға жұмсалған шығыстар жатады.

Әлемдік тәжірибеде ЕҚИ оларды бір  негізгі экономикалық көрсеткіштері  ретінде пайдаланады. Бұл индекс жалдамалы қызметкердің еңбегіне жәрдемақылар үшін кәсіпкердің (жұмыс берушінің) ұстап қалу динамикасының жылдық көрсеткіші ретінде қолданылады. Сол уақытта, ол қосылатын негізгі өтемақылар бойынша, қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысы және қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер мен төлемдер әрбір жұмыспен өтелген сағатқа жұмыс берушінің шығындарының үлесі туралы деректермен қамтамасыз етеді.

Еуропалық Одақтың талаптарының бірі жұмыспен өтелген сағат бойынша  ЕҚИ деректерін есептеу арқылы пайдалану  болып табылады. Яғни, өлшеу бірлігі  «сағаттар» болып табылады, себебі бұл сағаттар базалық кезеңге  жатқызылуы керек. Салмағын есептеу  кезінде базалық жылда жұмыспен өтелген сағаттардың жалпы саны алынады. Базалық салмақтар ұзақ мерзімді кезеңдегі уақыт аралығында өзгермеуі қажет. Еңбек құнының индексі жұмыстың бір сағаттағы еңбек құны үшін Ласперестің индексі ретінде анықталады, жыл бойынша жүйелік байланыспен біріктіріледі және экономикалық қызмет құрылымы негізінде құрылады.

Еңбек құнының индексі экономикалық қызмет түрлері және секторлары бойынша; жұмыс күшіне кеткен шығындардың  әр түрлі топтары (бөлімдері) бойынша; маусымдық  және жұмыс күндері  тиімділігімен (немесе маусымға түзетулерсіз); әр түрлі базалық кезеңдер мен басқа да топтар бойынша есептеледі.

Еңбек құны жұмыстың сапасы және көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін, яғни жеке тұлғаға жатады.

Еңбек бағасы жұмыс беруші қандай да бір  шығыстарды жұмыстардың белгілі бір мөлшерімен ауыстыруға келісуін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қызметкердің кәсібімен (лауазымы) байланысты және жұмысқа қатысты.

ХЕҰ әдіснамасына сәйкес Еңбек құнының индексі (ЕҚИ) стандартты сағат бойынша жұмыс  берушінің жалпы жылдық міндеттерін қадағалайды. Осы индекстің шығыс бірлігі  болып ақы төленбейтін сағат емес жұмыспен өтелген сағат болып табылады.

Стандарттық сағаттық бағалар есебі төмендегі  формула бойынша жүзеге асырылады:

                                                                      (3.16)

мұнда,

TLC  - нақты жұмыспен өтелген сағат бағасы:

W - айлық жалақы; W = Wх12/ Hn = сағаттық мөлшерлеме

H- бір жылдағы қалыпты жұмыс сағатының саны;

H0 - бір жылдағы мерзімнен тыс жұмыспен өтелген сағаттар саны;

Hnw -  бір жылдағы жұмыс істемеген сағаттар саны (в Hn енгізілген)

Hn-Hnw+H0 - бір жылда нақты жұмыспен өтелген сағаттар саны;

P - мерзімнен тыс мөлшерлемесі, мұнда p >1;

G - демалыс үшін мөлшерлемесі, мұнда 0 < g< 1.

 

 

 

 


Информация о работе Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар