Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:40, реферат

Описание

Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық сипаттамасын, өңірлік, гендерлік айырмашылықтары мен еңбекақы деңгейіне, оның саралануы мен серпініне әсер ететін басқа да ерекшеліктерді көрсетеді.
Жалақы – бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы - ол еңбегі үшін оның күрделiлiгiне, санына, сапасына байланысты төленетiн сыйақы (табысы). рді көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Әлия.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

Әкімшіліктің  рұқсатымен берілген демалыстарының (келмей қалулар) адам-күні саны өндірістің тұрып  қалуына байланысты демалыстар (оның ішінде жалақы сақталмайтын) және өздерінің  еркі бойынша, сырқатына байланысты еңбекке жарамсыз қағаздарына сәйкес (күнтізбе бойынша жұмыс күндері келетіндер) және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен рұқсат етілген басқа да келмей қалулар көрсетілген демалыс (келмей қалу) немесе есептік кезеңде болған әрбір қызметкердің сырқаты күндерінің саны ретінде анықталады.

Үй шаруашылықтарының тоқсандық бақылауы және кәсіпорындардың ағымдағы бақылауы негізінде есептік кезеңде  жұмыс сағаттарының санына байланысты жұмыспен қамтылғандарды орналастыру жұмыспен өтелген уақыттары жөнінде толық деректер жарияланады, яғни нақты жұмыспен өтелген сағаттар саны бойынша қызметкерлерді топтастыру.

Қызметкерлер қозғалысы

Елдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайларына байланысты еңбек нарығында болып  жатқан өзгерістерді көрсететін және еңбек нарығын сипаттайтын жұмыс  күшінің қозғалысы маңызды болып табылады.

Жұмыс күші қозғалысын зерттеу кезінде, оның кәсіби құрамы мен іс түрлерінде құрылымдық өзгерістерінің және қайта орналастыру талдауының болуы маңызды.

Жұмыс күшінің  қозғалысы жөніндегі негізгі  ақпарат көздері жұмыспен қамту  мәселелері бойынша үй шаруашылығын бақылау мәліметтері және ұйымдар мен кәсіпорындардың есептілігі болып табылады.

Тізімдік құрылымдағы  қызметкерлер қозғалысы жұмысқа  қабылданғандығы және әртүрлі себептер бойынша шыққан қызметкерлердің  тізімдік санының өзгерістерімен сипатталады. Есептік кезеңдегі қызметкерлердің қозғалысы баланс түрінде көрсетілуі мүмкін (3.9):

ТС кб + Қ – В = ТС кс, мұнда                                                                                                                 (3.9)

ТС кб - кезең басындағы қызметкерлердің тізімдік саны

Қ - есептік кезеңдегі қабылған саны

Ш - есептік кезеңдегі шыққан саны

ТС  кс - есептік кезең соңындағы қызметкерлердің тізімдік саны.

Қабылданғандар  санына есептік кезеңде осы ұйымның жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрығымен (үкімімен) есепке алынған тұлғалар жатады.

Жұмыстан  шығарылғандардың санына осы ұйымдағы жұмыстарын қалдырып кеткендердің негіздемесіне байланысты емес (әкімшіліктің немесе қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, екіжақтың келісімі, әскери қызметке шақыру немесе түсу, қызметкердің басқа ұйымға ауысуы, оның келісімі бойынша немесе т.б.), кету немесе бұйрықпен (үкіммен) рәсімделген ауысуына, сондай-ақ өліміне байланысты кеткен барлық қызметкерлер жатады.

Өз  еркі бойынша жұмыстан шығарылғандар санына қызметкердің өзінің бастамасы бойынша ұйымнан кеткен, сондай-ақ басқа жерге ауысуы, сырқатына немесе мүгедектігіне байланысты, зейнеткерлік жасына шығуына байланысты өзінің еркі бойынша босатылуы; білім беру мекемесіне қабылдануы және басқа себептермен босатылатын тұлғалар жатады.

Бос орындар – бұл ұйымдағы бос жұмыс орындарының саны (жұмыс берушілерде). Бос жұмыс (ерікті) орындарының саны ұйымға керек және оларды толық жұмыспен қамтумен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің санымен көрсетіледі.

Жаңадан құрылған жұмыс орындарына қабылданғандар санына – қабылданған немесе есептік кезеңдегі жаңадан құрылған жұмыс орындарына (құрылу, ұлғаю, өндірістің қайта құрылу, жұмыстың алмасуының кеңеюінің нәтижелерінде және т.б.) қабылдануы мүмкін қызметкерлердің санымен бейнеленеді.

Жұмыс орны - еңбек статистикасында қызметкерді жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін өндірістік-технологиялық жағдайлардың жиынтығы ретінде анықталады. Есептің обьектісі ретінде қызметкерлердің нақты саны және жұмыс орындары қарастырылады. ХЕҰ-ның әдіснамасы бойынша жұмыс орындарының жалпы саны, бұл нақты жұмыспен қамтылған қызметкерлердің және есептік кезеңдегі бос жұмыс орындарының жалпы саны болып табылады.

Жұмыс күшінің  қозғалысы абсолютті сондай - ақ салыстырмалы көлемдегі (коэффициенттер) көрсеткіштердің көмегімен зерттеледі. Көлемді көрсеткіштер қызмет түрлері, өңірлерде, әртүрлі меншікті кәсіпорындарында қабылданған және босатылған  және т.б. жұмыс күші санаттарына кіретін және шығатын тұлғалар санымен сипатталады. Салыстырмалы көрсеткіштер қызметкерлердің әртүрлі санаттарының құрылымдық және серпінділігі өзгерістерін, қабылдау және босату бойынша қарқындылығын, қызметкерлердің тұрақсыздығын, кадрлардың тұрақтылығын және т.б. сипаттайды.

Жұмыс күші қозғалысының қарқындылық бағасы келесі салыстырмалы көрсеткіштерді (пайызбен) қолдану арқылы жүргізіледі. Олар: қабылдау бойынша айналым коэффициенті, босатылу бойынша айналым коэффициенті, жұмыс кадрларының тұрақсыздық коэффициенті, жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті, құрамның тұрақтылық коэффициенті.

Қабылдау  бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.

                                                                                                                                                            (3.10)

  АКқ =

қабылданғандар  саны

*100

кезеңдегі тізімдік саны


 

 

Босатылу  бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.

                                                                                                                                                            (3.11)

АКб =

босатылғандар саны

*100

кезеңдегі тізімдік саны


 

 

Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тәртібін (себепсіз кешігу) бұзуына байланысты және өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.

                                                                                                                                                           (3.12)

ТК =

тұрақсыздық себептері бойынша босатылғандар саны

*100

кезеңдегі тізімдік саны


 

 

Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.

                                                                                                                                                           (3.13)

АК =

есептік кезеңде қабылданғандар саны

*100

есептік кезеңде босатылғандар саны


 

 

Кадрлардың  тұрақтылық коэффициенті – жыл бойы құрам тізімінде тұрған қызметкерлер санының есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қатынасы. Жыл бойы жұмыс істегендер жыл басындағы тізімдік санынан қызметкерлер санын анықтауда бір жылда жұмыстан шыққандар және осы жылы қабылданғандар санынан босатылғандардың жалпы саны арасындағы айырмасы шегеріледі.

                                                                                                                                                           (3.14)

ТК =

бүкіл есептік кезеңде жұмыс істегендер саны

*100

 кезең соңында қызметкерлердің тізімдік саны


 

3.5. Жұмыс күшіне (еңбек  құны) арналған шығындар құны

Түсініктемелер  мен анықтамалар. KILM 17. Сағаттық өтемақылардың құны

Бұл еңбек нарығының индикаторы қызметкерлер жалдау және оларды еңбегін  пайдаланумен байланысты шығындарын талдайды. ХЕҰ анықтамасына сәйкес: «Жұмыс күшіне кеткен шығыстар құны – бұл жұмыс  күшін ұстау және пайдаланумен байланысты жұмыс берушінің (кәсіпорынның) шығыстары».

Жұмыс күшіне кеткен шығындар құны бойынша  статистикалық байқау жүргізу әдіснамасы жұмыс күшіне кеткен шығыстарды Халықаралық  стандарттық жіктелімі және 11-ші Еңбек Статистиктерінің Халықаралық  конференциясымен (1966ж., ХЕҰ) қабылданған «Еңбек құны статистикасы туралы қарарында» тұжырымдалған.

Жұмыс күшіне кеткен шығыстарды Халықаралық  стандарттар жіктелімінде «еңбек құны»  статистикалық түсініктемесіне  орындалған жұмысқа ақы төлеу, ақы  төленетін, бірақ жұмыс өтелмеген  уақытқа арналған төлемдер, сыйақылар және ақшалай сыйлықтар, тамақтануға арналған шығыстар және т.с.с. төлемдер, қызметкерлерді үй-жаймен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру (жәрдемақы төлемдері), кәсіби дайындық, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетулер мен өзге мақсаттарға жұмсалған жеке кәсіпкердің шығыстары. (жұмысшылар үшін жұмыс киімдерін және жаңа қызметкерлерді жалдауға арналған шығыстар), сондай-ақ жұмыс күшіне арналған ұстап қалу сипатындағы салықтарды көрсетеді.

 

KILM  17. Сағаттық өтемақылар құны халықаралық бәсекеге қабілетті жалғыз фактор болып табылады және таза күйінде пайдаланған кезде алдамшы болуы мүмкін. Алайда, жұмыс бірліктерінің құнын және еңбекті өндіруді қосқанда басқа индикаторлармен тіркескен кезде тиісті өзгерістер бағаланған бәсекеге қабілетті үрдістерінде қажетті болуы мүмкін. Сонымен бірге, жалақы төлемдерімен байланысты емес жұмыс күшіне кеткен шығындар еңбек нарығының икемділігін талқылау кезінде маңызды сұрақ болып табылады.

Осы индикатор  үшін өндірістік қызметкерлерге сағаттық сыйлықақылар құны нарықтық айырбастау курсы бойынша АҚШ долларымен көрініс табады,индекстерді салыстыру АҚШ-қа (АҚШ=100) қатынасы бойынша елдер жағдайын көрсетеді. Индикатор, жалақы төлемдеріне байланысты емес жалпы өтемақылық шығыстар бөлігі ретінде бөлген жұмыс күшіне кеткен шығыстарды сондай-ақ жалпы табыстың сомасы және сақтандырудың заңды бағдарламалары бойынша жұмыс берушінің бөлулері, шартты және жеке пайда сызбаларына, (жоспарлар)  еңбекке салықтары, сондай-ақ 1980-2003 жылдары кезеңіне арналған өтемақы құнына тиісті жылдық өзгерістерді көрсетеді.

Жұмыс күшіне (еңбек құны) арналған шығындар құны бойынша кәсіпорындардың  зерттеуі

Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін  пайдаланумен байланысты жұмыс берушілердің шығындарын статистикалық зерттеу  экономикалық қызмет түрі, ұйымның көлемі, аумағының, меншік нысаны көлеміне байланысты ұйымның әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Байқаудың объектілері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардан басқа ірі және орта ұйымдарға жататын заңды тұлғалар және олардың жекешеленген бөлімшелері болып табылады.

Жұмыс күшіне кеткен жұмыс берушінің  шығындар құрамына іріктеме статистикалық  байқауды жүргізу мақсаты жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы ұйымдармен өндірілген шығындардың динамикасы, құрылымы және деңгейі туралы ақпараттарды алу болып табылады.

Жылына бір рет немесе жүйелі емес негізде жүргізілетін шығыстарды (төлемдерді) ескеру үшін жұмыс күшіне арналған шығындарды жан – жақты  зерттеу кезінде байқау кезеңі күнтізбелік  жылдың  12 айын яғни әдеттегі есепті жылды қамтиды.

Жұмыс күшін ұстау үшін кеткен шығындар құрамы туралы мәліметтерді жинау 5 жылда  бір рет интервалымен (ең аз, бірақ  көп емес) болғаны жеткілікті.

Жұмыс күшіне кеткен шығындар баптары  және олардың құрамы

Зерттеу бланкісі ХЕҰ ұсынылған Шығыстардың халықаралық жіктеліміне сәйкес шығыстар бағыты бойынша 10 топқа топтастырылған жұмыс күшіне кеткен ұйымның шығыстарын сипаттайтын көрсеткіштерінен тұрады:

- жұмыспен өтелген уақыт (тікелей  жалақы) үшін еңбекақы;

- жұмыс өтелмеген уақыт (жұмыссыз) үшін еңбекақы;

- бір жолғы сыйақылар мен сыйлықақылар (төлемдер);

- еңбек ақыға  жататын заттай төлемдер;

- қызметкерлерді үй-жаймен қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың шығыстары;

- қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар;

- кәсіби білім беруге арналған шығындар;

- мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге  арналған шығыстар;

- жоғарыда келтірілген топтар жіктеліміне  жатпайтын шығыстар;

- жұмыс күшін пайдаланумен байланысты салықтар.

Жұмыс күшіне кеткен шығындар құрамы бойынша көрсетілген топтар шығындарын екі шағын бөлімдерге біріктіруге болады: тікелей және жанама. Шығыстардың бірінші төрт тобы «тікелей еңбек құнын» сипаттайды және мәні бойынша жалақы қорын құрайды, ал басқалары – жұмыс күшіне кеткен «жанама» шығындар болып есептеледі.

ХЕҰ жіктеліміне сәйкес жұмыс берушінің (ұйымдардың) сол немесе өзге шығындар компоненттеріне жататын жұмыс күшін пайдалану үшін кеткен шығындары екі критерийлерден шыға жүзеге асырылады. Бір жағынан, бұл шығыстар жалдамалы еңбекті пайдалану кезіндегі жұмыс берушілердің нақты ұстап қалулары болуы керек, ал келесі жағынан – «еңбектенушілердің пайдасы» критерийі сақталуы қажет. Яғни, жіктелім қызметкерлердің табысы сондай – ақ жұмыс берушілердің шығыстары ретінде «призма» арқылы жүзеге асырылады.

Информация о работе Еңбекақы статистикасында пайдаланатын негізгі анықтамалар