Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 19:45, дипломная работа
Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.
Алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша 2007 жылдың I жарты жылдығында респонденттердің 28%-ы ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің жоғарылағаны жайлы ескерсе, респонденттердің 24%-ы нашарлағаны жайлы айтты. Ұйымдардың көп бөлігінде (48%) берілген көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Алдағы жарты жылдықта сұралған басшылардың 32%-ы ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің жоғарылауын күтсе, 52%-ы өзгеріссіз болады, ал 16%-ы төмендейтін болады деп болжамдады.
Зерттеулер мен іске асыруға кеткен шығындар.
Респонденттердің үштен бір бөлігі (33%) 2007 жылдың I жарты жылдығына зерттеу мен іске асыруға кеткен шығындар көрсеткіші 2006 жылдың II жарты жылдығымен салыстырғанда өзгеріссіз болады десе, 66%-ы жоғарыламайды деп көрсетті. Берілген көрсеткіштің төмендеу туралы мәлімдеме ешбір айтылмады. Кеңес дәуіріндегі технологияның дамуы экономиканың тік итеграциясымен сәйкес келді. Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін институттар иерархия шынында болды. Олардың жұмыстарының нәтижесі өнеркәсіптік өнімдер мен өндірістік технологиялардағы іргелі зерттеулер нәтижелерінің қосымшасы үшін қажетті технологиялық операциялары мен жұмыс жобаларын өңдеумен қоса тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен қосымша зерттеулерді жүзеге асыратын қолданбалы тағайындау институттары немесе филиалдарына апарылады. Өндірістік кәсіпорындар бұл тізбектің ең соңында орналасқан және қызметтер мен тауарлардың өндірісі үшін олармен басқарылатын технологияларды енжарлы түрде қабылдады және қолданды. Мықты ғылыми базаға қарамастан, ғылым мен өндірістің тік интеграциясы маңызды экономикалық кемшіліктеріне ие боды. Мысалы:
Зерттеулер нағыз техникалық мамандандыруға бағыттау бойынша жүргізіледі. Пән аралық айырбас идеялар, әр түрлі пәндерге үйлестірілген жетітіктер мен жаңа технологиялық өңдеулер сияқты мүмкіндіктері шектелген;
Ғылыми-зерттеу әлеуеті мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарында әлі күнге дейін жинақталған (топтастырылған) болып қала береді. ҒЗТКЖ аясындағы саясат – оқу орындарының, әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындардың (қорғаныстарды қоспағанда) шектеулі ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін қолданды немесе оларды мүлдем қолданған жоқ, деген бейнемен сипатталады. Олар жаңа технологияларды енгізудегі және өңдеудегі белсенді ролін (орнын) ала алмамырды деп есептелінді. [37]
Басқа ұйымдармен өндірілетін кәсіпорындар, өңдеулердің енжар (пассивный) алушылары болып есептелінді. Өндірушілер жаңа технологияларды қолдануда және бейімделуде қызығушылықтары болмады, себебі бұл жиі «жоспардың» орындалмауы және өндірістік процессті тоқтатуға әкеп соқтыратын. Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу жабдықтаушылар немесе клиенттермен қандай да бір кері байланыстарсыз жүзеге асырылады.
Қазақстан қазіргі уақытта, аз мөлшерде немесе көп мөлшерде өзгермейтін нысанда қызмет етуін жалғастыратын технологиялық дамудың дәл осы моделіне ие болды. Өкінішке орай, бұл модель халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеті бар өндірістер мен динамикалық саланы құра алмайтыны анық.
Қазақстанда, қазіргі уақытта келесідей технопарктер бар:
«Алгоритм» ТП, Орал қ.
«UniScienTech» ТП, Қарағанды қ.
«Алматы аймақтық технопаркі» ТП, Алматы қ.
«Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ» ТП
«Шығыс-Қазақстан Аймақтық Технопаркі «Алтай» ЖШС
«Оңтүстік-Қазақстан облысының Аймақтық Технопаркі» ЖШС
«Аймақтық индустриалды технопаркі «Ақтөбе» ЖШС
«Астана қаласының Аймақтық Технопаркі» ЖШС
«Солтүстік-Қазақстан аймақтық Технопаркі «Қызылжар» ЖШС
Қазақстан бойынша бизнес-инкубаторлар мен технопарктері бар базаларда инновациялық қызметті жүзеге асыратын тек 15 кәсіпорындар жұмыс істейді. Тек қана ШҚО және Алматы инновациялық жобаларды және технопарктерді жылжытуда белсенділері болып табылады. Қарағанды, ОҚО және Астана ДИ-дағы жобалар бойынша мәлімдеме (заявка) беруде аса белсенді бола бастайды.
Венчурлы қорлар экономиканың маңызды секторындағы кәсіпорындар мен перспективті технологиялар орталықтарының арасындағы байланыстырушы буыны сияқты қарастырылуы қажет. Ол үшін бірнеше проблемаларды шешу қажет. Біріншіден, жобаладарды таңдаудың проблемасы. Әзірше қорлар қаржыландыруға кеткен мәлімдемелердің кең портфельдерімен тартылмамырды. Бұл ішінара еліміздегі технологиялардың нарықтық даму деңгейінің төмендігін сипаттайды. Екіншіден, Қазақстандағы венчурлы қаржыландыру көздерінің құрылымын диверсифициттеу қажет. Салықтық ынталарды құрмамыр, бұндай қорларға қаражаттарды тарту өте қиынға соғады. Венчурлы қаржыландырудың ұлттық жүйесін қалыптастыру үшін қаражаттарды «тәуекелді» операциялардың сақтандыру қорларына, резервтегі (сақтық) қорларына және венчурлы қорларға апарылуы мүмкін банктердің, зейнеткерлік қорлардың және бірлескен инвесторлардың-сақтандыру компаниялардың талаптарын анықтау қажет. Көбінесе ол институционалды инвесторлардың мүмкіндіктерін шектейтін институционалды механизмнің кемшіліктерімен ескертілген. Үшіншіден, қазіргі таңда венчурлы қорлардың шектелген аясы негізінде және ҒЗҚ түрінде венчурлі қаржы салымының барлық ең үлкен жиынтық тәуекелін мемлекет өзіне алады. Қазіргі таңда венчурлы қорларға ие болған ресурстар мөлшері еліміздегі (ЖІӨ-ге 0,14% мөлшерінде) ҒЗТКЖ-дың біртұтас бюджетінің жартысына тең болады. Сондықтан, венчурлы капиталдың даму стратегиясындағы ең маңыздысы болып, дамыған елдердің тәжірибелік есебімен уақытша рұқсат етілген венчурлы қаржы салымының мөлшерін анықтау болып табылады. Әр түрлі елдер бойынша ЖІӨ-дегі венчурлы қаржы салымының үлесі 0,01%-дан 0,68%-ға дейін өзгеріп отырады. Төртіншіден, әлемдік тәжірибеде қабылданған нақты көрсеткіштер бойынша осы маңызды сектордың дамуын бейнелейтін жүйелендірілген ақпараты жоқ екені мәлім. Тәжірибе есебімен аналитикалық жұмысының қойылымы қажет, бұл венчурлы капиталдың Еуропалық қауымдастығында бар болғандықтан, оның маңыздысы болып дамыған елдердегі тәжірибе есебімен уақытша рұқсат етілген венчурлы қаржы салымының мөлшерін анықтау болып табылады. Әр түрлі елдер бойынша ЖІӨ-дегі венчурлы қаржы салымының үлесі 0,01%-дан 0,68%-ға дейін өзгеріп отырады. [46]
Ұлттық инновациялық қордың ақпараттық ресурстары шектеулі және венчурлық индустрияның дамуы туралы жалпы мағұлмат ұсынады. Венчурлық капиталдың Еуропалық ассоциациясындағы тәжірибиені есепке ала отырып аналитикалық жұмысты ұйымдастыру қажет.
Мемлекетттен венчурлық қорларға қолдауларды жүргізуге қарамастан, олардың қызмет істеу нәтижелері Қазақстанда венчурлық қорларға арнайы жобалардың болмауын көрсетеді. Кәсіби брокерлік қызметтер жүйесінің тәртіпке келтірілмеуі оның негізгі себебі болуы мүмкін. Яғни, өнімді нарыққа шығару үшін тиімді стратегияны құрастыруға өнім иесінде делдалдардың болмауы, осындай тиімсіз жаққа алып келуі мүмкін.
2009 жылы осындай жобалардың саны 9 құрады, оның 7 ШҚО-да болды. Осыдан Қазақстандағы инновациялық кәсіпорындардың белсенділігін жоғарлату мақсатында консалтингтік қызметтер тиісті назарын алмағанын көреміз.
Консалтингтік фирмалармен бірге 9 жоба, жоғары оқу орындарымен 15, зертеушілік ұйымдарымен 60. Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау,Павлодар аудандары ең белсенді болып шықты. Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары жаңа технологияларды сатып алады немесе клиенттермен жұмыс істейді.
Жоғары оқу орындары мен жалпы ғылымның байланысы батыс елдерінің инновациялық дамуына өте маңызды деп есептелінді. Дегенмен, Қазақстанда кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары арасында біріккен жобалардың төменгі деңгейі байқалады. 2009 жылы осындай жобалардың саны 15ты ғана құрады, ең беслсенді болып ШҚО болып шықты.
Көшпелі кезеңнің басынан Қазақстанның инновациялық жүйесі ресурстар мен кадрлардың көп көлемді қыстартылуын бастан кешірді. Кеңес одағы кезінде, Қазақстан ғылыми-зерттеулердің негізгі орталығы болды, ол кездері 40900 ғалымдар жұмыс істеді.Ғалымдар мен инженерлердің көп бөлігі қорғаныс пен ғаламдық кеңістікті зерттеумен байланысты жобалармен жұмыс істеді. Ғаламды зертеуге мемлекет тарапынан тапсырыстардың тоқталу салдарынан, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлер саны шұғыл қыстартылып кетті. Өкінішке орай, осы қысқартулар ілеспелі құрылымдық реформаларға әкелген жоқ.
Қазақстанның инновациялық жүйесі қысқартылды. Бүгінгі таңдағылыми-зертеу мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны тек 17000 құрайды. Осындай шектеулі базамен ҒЗТКЖда жоғарғы массаны алу үшін, Қазақстанға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық бағыттарына үлкен назар аудару қажет.
Дегенмен, ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі қызметкерлер құрылымының жоғарлауынан жағымды үрдістерді байқауға болады.
Мәліметтерге сүйене отырып, соңғы жылдары, ҒЗИ-ң кадрлық құрамындағы жоғарғы ұрпақты жас зерттеушілер толықтырып отыр. Егер де Қазақстанның инновациялық жүйесі оларға серпінді зерттеу ортасында жұмыс істеуге жағдай жасамаса,олар елден кетіп қалуы мүмкін. Жоғарыда айтылып кеткен жағдайларға сүйене отырып Қазақстан Республикасының жеке облыстарының инновациялық инфрақұрылымына келесідей қорытынды жасауға болады:
Қазақстандағы инновациялық кәсіпорындардың белсенділігі тек 4%ды құрайды, осыдан оның төмен деңгейде екенін көруге болады. Бұл белсенділік, көбінесе шетелдерден жаңа технологиялар мен машиналардың сатып алынуы кәсіпорындардағы процесстік инновация болып (80%) табылады.
Қазіргі кезде қазақстанның өндірістік кәсіпорындары ҒЗТКЖда өз бетімен орын алуға және ҒЗТКЖдың өнімдерін сатып алуға ақша қаражаттарын салуға тырысып жатқан жоқ. Өндірісті модернизациялаумен айналысатын кәсіпорындардың өзі олармен салыстырғанда енжар. Олар импорттық техника мен жабдықтарда технологиялық шешімдердің іске асырылуы барысында «құлыпқа салу» жобаларын қолдайды. Осындай стратегия басқа дамыған мемлекеттердің кәсіпорындарына да тән. Германия,Япония және Корея жабдықтар мен технологияларды импорттау және оларды отандық өндірістік процесстерге қосу көмегімен қуатты инновациялық экономиканы құрды. Бірақ оларда жеке меншік кәсіпорындар инновациялық экономикалық даму стратегиясы негізінде ғана жұмыс істеді. Өкінішке орай, Қазақстанда бірыңғай инновациялық саясат әлі де өңделу деңгейінде;
Қазақстанда әлі де болса ғылым мен кәсіпорындар арасында байланыс орнаған жоқ. ҒЗИ-дегі әзірлемелердің көп мөлшері әзірлеушілерінің(technology push) ынтасымен немесе мемлекеттік тапсырыстар негізінде жасалды. Нәтижесінде ҒЗТКЖ жүйесі ұлттық байлықты құру үшін емес,көбіне шығыс баптарымен сипатталды. Ұсыныс пен сұраныстың салыстыру механизмдері жоқ. Дегенмен, экономиканың ұлттық секторларындағы технологиялық даму деңгейінің ұлғаюы, қазақстандық кәсіпорындарды жетілдіру және де қазақстандық ҒЗИ арасында байланыстың тығыз қалыптастыру, Қазақстандағы ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік-құрылымдық ұйымдардың отандық өнімдеріне деген сұраныс жоғарылатады. [30]
Қазіргі жағдайға қалыптасқан қорытынды келесіні болжайды. Қазақстанға ұлттық экономика салаларының технологиялық жаңаруларына қолдау жасау бойынша шаралар кешені қажет, және келесідей тығыз байланыстарды реттеу қажет: (I) отандық өндірістік кәсіпорындар мен ҒЗТКЖдың секторлары арасында;(II) ҒЗТКЖдың отандық және халықаралық секторлары арасында; (III)отандық өндірістік кәсіпорындары мен халықаралық технологиялық нарықтармен; (IV)Қазақстанда және Қазақстан аумағынан тыс орналасқан шағын және орта кәсіпорындары мен жедел дамитын үлкен кәсіпорындары арасында тығыз байлыныс орнату қажет;
Кәсіпорындар инновацияның қажеттілігін көрмейді, бұл жерде консалтингтік қызметтер мен технологиялық аудиттің маңызы өте зор. Инновация бойынша консалтингтік қызметтер, кәсіпорындармен ескерілген емес (9жағдай ғана), сондықтан да бұл саланы дамыту қажет;
Қазақстанда венчурлық инвестициялау мен технологиялық делдалдар жүйесі әлі күнге дейін дамымаған;
Қазақстан Республикасында технопаркттер жүйесі жеткілікті түрде дамымаған (ҚР-ң 15 кәсіпорыны)
Сонымен, табиғи ресурстарды пайдалану негізіндегі экономикадан жоғары әлемдік сұранысқа ие өнімдер өндіру мен қызметтерді көрсетуде заманға сай технологияларды қолдану негізіндегі инновациялық экономикаға ауысу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін жоғарылаты қажет.
3 ӨҢІРЛІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Әлемдік экономикада ғылыми техникалық дамудың соңғы уақыттағы негізгі үрдісі ретінде ұлттық инновациялық жүйелердің қалыптасуын айтуға болады. Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз- өзара байланысты және ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекараның аумағында өндірумен жіне коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар мен құрылымдар екі топтан:
Бірінші топқа: инновациялық белсенділігі жоғары кәсіпорындар университетттер, мемлекеттік институттар мен лабораториялар және т.б.
Екінші топқа: инновациялық процесті құқықтық, қаржылық және әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған терең ұлттық, дәстүрлік саяси және мәдени негіздері бар институттардың кешені жатады. Инновациялық жүйелер әрбір ел үшін объективті фактордың әсерімен қалыптасады. Оған оның көлемі, табиғи ресурстың болуы, географиялық жағдайы мен климат, мемлекеттік инститтуттарының тарихи даму ерекшеліктері және кәсіптік іс-әрекеттің формалары жатады. Бұл факторлар инновациялық белсенділіктің ұзақ мерзімді бағыты мен жылдамдығын анықтайтын детерминаттары болып табылады. Сонымен ұлттық инноваиялық жүйелер белгілі бір құрылымымен және жүйелік иерархиялық тәртібімен ерекшеленеді. Қазіргі уақыттағы ұлттық инновациялық жүйенің дамуы жаңа экономика ұғымымен байланысты. Яғни, инновациялар экономикалық өсудің қозғалтқыш жүйесіне айналуда. Тек жаңа экономика жағдайларда ғылымның технологиялық және эконоиалық өсудің келесідей жаңа сипаттары пайда болуда.
1. Экономикалық өсудің динамикасымен сапасы, инновациялар негізгі технологиялық қозғалыстарға байланысты.
2. Технологиялық прогресінің жеделдеуі өнімдері мен қызметтің өмірлік циклының қысқаруына және зерттеулер мен инновацияларды енгізу мерзімдерінің азаюына алып келді.
3. Ғылым экономиканың қажеттіліктерін өтеуге бағытталып оның дамуында кәсіпкерліктің артуы байқалуда.
4. Жаңа экономика – бұл тізбекті экономика, осыған байланысты иннвациялық іс-әрекетте ұйымдармен институттар арасындағы жүйелі байланыс артуда.
5. Инновациялық іс-әрекетті дамытуда нақты бөлікке интеграцияланған фирмашілік ғылымның рөлі артуда.