Инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание

Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі күні барлық елдерде мемлекет тарапынан негізгі экономикалық процестер белсенді реттеледі. Сонымен қатар, дамыған елдердің бұл мәселе бойынша тәжірибеге үңілсе, онда нарық механизмінің іске асу әдістері әлсіз салаларында экономикалық процестер мен экономикалық құбылыстар мемлекет тарапынан реттелуі тиіс екенін байқалады. Басқа сөзбен айтқанда инновациялық қызметті ынталандыру, ұлттық инновациялық жүйенің қарқынды дамуына нарықтық механизмнің тигізетін әсері жеткіліксіз болып отыр. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындардың инновациялық қызметін осы аталған салаларға жатқызуға болады, өйткені өнеркәсіптің бұл салалары алдыңғы қатардағы салаларға жатады, ондағы инновациялық қызметтің экономикалық тәуекелділігін өте жоғары, капиталдың айналымдылығы ұзақ, жаңа енгізулердің құны жоғары, жаңа өндірілген өншге деген тұтынушылардың төлемді сұранысы төмен, білікті мамандардың жетіспеуі, кәсіпорындардың қаржылық тапшылығы тағы сол сияқты мәселелер нарықтық өзін-өзі реттейтін механизмдер арқылы шешілмей отыр [16, 56 бет].


2 ӨҢІРДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

 

2.1 Қарағанды облысында үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасын іске асыруды талдау

 

 

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста өнеркәсіптік кешенді басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістерін енгізуді, өнеркәсіптің құрылымдық қайта құруды көздейтін өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту Тұжырымдамасы әзірленген болатын. Тұжырымдаманы іске асыру ішкі және сыртқы нарықтарда базалық салалардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің позицияларын күшейтуге, еңбек өнімділігінің өсімін қамтамасыз ете отырып жоғарғы технологиялық деңгейге көшіге мүмкіндік береді

Тұжырымдаманы әзірлеу кезіңде негізгі мән тау-кен өндірісі, көмір өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, металөңдеу және машинажасау, химия және фармацевтика саласы, құрылыс материалдарын өндіру сияқты салаларды дамытуға басымдық берілді. Әр сала бойынша әрбір саланы дамытудың жан-жақты сұлбасын бейнелейтін шебер-жоспарлар әзірленді. ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде Елдің ндустриализация картасына Қарағанды облысынан 238,3 млрд.теңге жалпы сомасына  24 инвестициялық жоба қосылған болатын.

2010 жылы Индустриализация Картасының 9 инвестициялық жобасы іске асырылды, жалпы құны 29 млрд. теңге. 808 жаңа жұмыс орны құрылды.

2010 жылдың І жарты жылдығының қорытындылары бойынша Индустриализация Картасын актуализациялау кезінде облыстың үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың Үйлестіру Кеңесімен Индустриализация Картасына 5 жаңа инвестициялық жоба қосылған. Олар:

««Алтай полиметаллы» ЖШС «Көктасжал» кенішінің негізінде тау-кен кеніші кешенін салу мен пайдалану». Жобаның құны - 12,8 млрд. теңге, іске қосу 2013 жылға жоспарланған.

2. ««Сары Қазына» ЖШС катодты мысты өндіру бойынша зауыттың құрылысы». Қазіргі таңда жылына 10 000 тонна катод мысын өндіру қуатымен сұйық экстракция мен электролиз әдісімен зауыт құрылысының жобасы әзірленген. Дайындық жұмыстарын бастауға рұқсат алынды. Ауылдық елді мекенде 145 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

3. ««АрселорМиттал Теміртау» дамыту мен жаңарту, жылына  6 млн. тонна құрышты өндіру өндірісін ұлғайтумен». Жобамен бар өндірістерді кеінгі жаңарту мен жаңа қосымша қуаттардың құрылысы көзделген. Жобаның құны 134 млрд. теңге.

4. ««Номад» ЖШС егінді терең өңдеу бойынша өндірісті ұйымдастыру. Жобаның құны 5 млрд. 900 млн. теңге. 110 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. «Номад» фирмасы ЖШС қызметінің негізгі түрі ұн мен жемді өндіру мен сату болып табылады. Жобаның диірмен кешені «SELIS MAKINA» түрік компаниясының қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдығымен қамтамасыз етілген. Диірменнің максималды қуаттылығы  – тәулігіне 300 тонна дән. Ұнның шығымы 72-75%, жем мен қалдықтар - 25-28%.

5. «Астра-Агро» ЖШС «Ангус» тұқымының 1180 аналық бас өнімдік-шаруашылық пен 2600 бас ірі қара мал басына жем алаңының құрылысы (жоба НУХ «КазАгро» арқылы ұсынылған). Жоба «Мал өнімдері Корпорациясы» АҚ ға лизингке ет бағытты асыл тұқымды ірі қара малдың 1 180 басын «Ангус» асыл тұқымды жоғары өнімді малды өсіру бойынша шаруашылықты құру үшін алуды көздейді. Бұл тұқым тез өсіп-өнумен сипатталады (сиырлардың тірі салмағы 550-650 кг, бұқалардыкы 850-1000 кг. Орта тәуліктік толығу 1 500 гр., союдағы шығымы 63-65%).

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңызды тетігі және экономиканың шикізаттық емес секторларында жобаларды іске асырудың негізгі көмегі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы болып табылады, оны іске асыруға республикалық бюджеттен 1 млрд. 180,5 млн. теңге бағытталған.

Осы бағдарламаны іске асру шеңберінде Үйлестіру кеңесінің 10 отырысы өткізіліп, оларда 39 кәсіпорынның өтінімдері қарастырылып, мақұлданды, олардан 35 бөліп субсидиялауға және несиелерді кепілдендіруге жалпы сомасы 9 млрд. 444 млн. теңге несиені, 4 жоба өндірістік инфрақұрылым құрылысына сомасы 403,2 млн. теңге.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігімен несиелер бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялауға 27 кәсіпорынның өтінімдері келісілген. «ФРП «Даму» АҚ мен екінші деңгей банктері мен кәсіпкерлер арасында субсидиялауға 18 келісімге қол қойылған.

Кәсіпкерлерді несиелерді субсидиялау арқылы қолдау жаңа жоғарытехнологиялық өнеркәсіптік жабдықты сатып алуға, 4G байланысының желісіз Интернетті енгізуге, қазіргі заманғы медициналық жабдықты сатып алуға, Қарағанды және Теміртау қалаларының автобустық парктерін жаңартуға, сонымен қатар жақын және алыс шетел елдеріне тау-кен шахталық жабдықтын, метал өнімдетінің, сантехникалық жабдықтың, поролон және өзге өнімнің экспортынын көлемдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Индустриалды инновациялық аймақтық даму бағдарламасының ең негізгі міндеттерінің бірі болып облыстың экономикасына инновациялар енгізу табылады.

Соңғы үш жылдағы зерттеудің нәтижесінде Қарағанды облысының 42 кәсіпорыны мен ұйымдарында инновацияны енгізу жұмыстарын аяқтады (жалпы инновацияны енгізумен 56 кәсіпорын айналысқан).

42 кәсіпорынның ішіндегі 27 кәсіпорынында инновация процесі аяқталған, жаңа технологиялар, жабдықтар және материалдар енгізілген, 7 ұйымда ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді, 3-і - республикалық мақсаттық және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысты, 2-і – тәжірибелік-конструкторлық қызметпен айналысты, 3-і - басқа инновация түрлерін іске асырды (3 кесте).

 

Кесте 3

Инновациялық қызметтердің негізгі түрлері

Кезең (жыл)

Барлы

ғы

Инновациялық қызметтің түрлері

 

 

 

 

Ғылыми

зерттеулік

Констру кторлық

жоба-

Жаңа технология, жабдықтар,мат ериалдар енгізу

Республикалық мақсаттық және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысу

Инновацияның басқа түрлері

2008

16

3

-

10

2

1

2009

30

4

1

22

2

1

2010

42

7

2

27

3

3

Ескерту: Қарағанды облысының статистикалық жылнамасы, 2011ж

 

Облыста инновациялық өнімдер және қызметтер көлемінің өсуі байқалады.

2010 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы кәсіпорындар және ұйымдар шығарған инновациондық өнім 56,2 млрд. теңге (2009 жылы - 37,5млрд. теңге, 2008 жылы - 34,8млрд. теңге соммасын құрады. Инновациондық өнімнің негізгі бөлігі (73% жуық) экспортқа шығарылады (2 кесте).

Жыл сайын инновациондық қызметке жұмсалатын қаражат көлемі өсуде. 2010 жылы инновацияны енгізу және іске асыру үшін 21,4 млрд. теңге (2009 - 4,8 млрд. теңге, 2008 - 8,3 млрд. теңге) жұмсалды. 2009 жылы шығынның негізгі көлемі (86,4% немесе 18,5 млрд. теңге) машина және жабдықтар алуға бағытталды, 741 млн. теңге (3,5%) - жаңа технологиялар алуға, 365 млн. теңге (1,7 %) - жаңа тауарлар және өндірісті зерттеу және іске асыруға, 641 млн. теңге (3,0%) - өндірістік жобалауға, 12 млн. теңге (0, 06 %) - бағдарламалық құралдар алуға, 81 млн. теңге (0,4%) - персоналды оқытуға және даярлауға, 58 млн. теңге (0,4%) -маркетингтік зерттеулерге, 1,0 млрд. теңге (4,7%) - өзге де технологиялық инновацияларға шығындарға жұмсалды.

Инновациялық қызметтің негізгі қаржыландыру көзі болып шетел инвестициялары табылады, 2010 жылы олардың үлесі технологиялық инновацияларға шығындар көлемінің үштен екі бөлігін құрады (13,9 млрд. теңге).

Кесте 4

Инновациондық сипаттағы өнімдер және көрсетілген қызметтер көлемі

(млн. теңге)

Кезең (жыл)

Инновациялық өнімнің көлемі

Инновациялық сипатта көрсетілген қызметтер

барлығы

сонымен қатар

барлығы

сонымен қатар

экспорт

оның ішінде

экспорт

оның ішінде

ТМД елдеріне

ТМД

елдеріне

2008

34798,0

25981,4

5018,3

197,9

-

-

2009

37483,8

27209,8

4913,4

201,7

12,2

12,2

2010

560239,0

40701,5

7385,9

270,6

4,9

4,9

Ескерту: Қарағанды облысының статистикалық жылнамасы, 2011ж

 

Меншік қаражаты 7,1 млрд. теңге (33%) құрады, 240,4 млн. теңге (1%) -республикалық бюджет қаражаты, 210,6 млн. теңге (1%) - бюджеттен тыс қорлардың және өзге қаражаттар (5 кесте).

2010 жылы технологиялық инновацияларға шығындар (несие мен займдарды қосқанда) жалпы шығындар көлемінің 799,1 млн. теңге немесе 3,7% теңгесін құрайды (2009 - 1,1%, 2008 - 0,8%).

Облыс бойынша инновациялық қызметті өнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары белсенді түрде іске асыруда: металлургиялық, химиялық салалар, резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі, электр жабдықтарының өндірісі.

Облысымызда ТМД елдері бойынша жалғыз алғашқы марганец рудасын қайта өңдеу технологиясы «Жәйрем ГОК» АҚ-на енгізіліп, іске қосылды. Құрамында металл бар қалдықтарды шығару мен қайта өңдеуге арналған әмбебап құралы пайдалануға берілді («Лира» ЖШС «Миттал Стил Теміртау» АҚ үшін). Сонымен қатар, облыстың металлургиялық өндірісі үшін, әлемде қайталанбаған, болат жолдарды мырыштау үшін құрамды көбірек пайдалану технологиясы меңгерілді («ТеміртауЦветМет» ЖШС).

Импортты алмастыратын өндіріс жасау мақсатында болат радиаторларын өндіру ұйымдастырылды («Сантехпром» ЖШС), полистерол («Архстрой»ЖШС), преформа («Европласт» ЖШС), АҚШ технологиясы бойынша телекоммунициондық жабдықтардың жаңа түрлерін (200 көп) («Казцентрэлектропровод» ЖШС) өндірісі басталды, европалық технология бойынша спорттық алаңдарды жасанды гүлзәрмен (газон) әмбебап жабу өндірісі («Карат» ЖШС) игерілді. Металлургиялық өнеркәсіп үшін арнайы кокс өндірісі іске қосылған («Сары-Арқа арнайы кокс» ЖШС). Бұл өндіріс өнімінің тұынушылары - Ақсу және Ақтөбе ферро қорытпа зауыты ж»не «Қазақстан алюминиі» АҚ табылады.

 

Кесте 5

Қаржыландыру түріне байланысты технологиялық инновацияларға кеткен шығындар

 

Кезең (жыл)

 

барлығы

 

Технологиялық инновацияларға кеткен жалпы (ағымдық және капиталдық) шығындар

сонымен қатар

республи-калық бюджет

жергілік-ті бюджет

ұйымның меншік құралдары

шетел инвестиция лары

бюджеттік қорлардан тыс құрал-дары, басқалары

2008

8269563,3

57461,0

-

7945751,8

178904,0

87446,5

2009

4785512,0

92202,0

15000,0

4334854,0

211484,0

146972,0

2010

21454373,4

240408,0

-

7063956,4

13939440,0

210569,0

Информация о работе Инновациялық саясат