Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 19:45, дипломная работа
Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.
Ішкі нарықтың тұтынушылық 600,0 мың теңгені, ал 2010 жылға өнеркәсіптің дамуы жылына - 1,0 млн. теңгені қүрады. «Ноу-хау» технологиясы бойынша «ТЭЦ-2»-ден шығатын жеңіл фракцияны қайта өңдейтін жэне құрылыс қоспаларына және цементке қосылатын өндіріс («Экоминералс» ЖШС) зауыты тұрғызылып, құрылды. Шығарылатын өнім теңіздегі құрылыстарға және судан мұнайды айыра отырып жинақтауға мүмкіндік береді және бұл өнімге деген сұраныс дәрежесі өте жоғары. Шығарылған өнімдер Англияға және де Европаның басқа да елдеріне экспортталады.
Ресейдің тапсырыс берушілері үшін құрамында алтыны бар руданы ғана іздеп табатын рентген қорғаныстағы рәзеңкелі лента ойлап табылды, содан кейін орнатылып, жүзеге асырылды(«Сараньрезинатехника» АҚ).
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не 2003 жылы мырыш зауыты салынып, іске қосылды, онда 50% төмен (кондиционбаған мырышты концентрат) мырыш құрамды концентратты қайта өңдеуге мүмкіндік беретін канадалық жаңа технология пайдаланылуда. Мүндай зауыт ТМД елдері бойынша жоқ, мүлдай кәсіпорындар саны әлемде тек 4-ақ. Сонымен қатар, корпорация ТМД елдері бойынша Нұрқазған кенішіне тау жұмыстарын спутниктік диспетчерлік басқару енгізілді, балқаштық мыс балқыту зауытында өнімділігін екі есеге арттыратын «Ванюков» пеші құралып, іске асырылды. Тағыда айта кету керек, мұндай пештердің саны әлем бойынша тек 5-ақ. Қазіргі таңда канадалық технология бойынша, мыс балқыту зауытының газ тәрізді қалдықтарынан канадалық технологияның көмегімен күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы жүріп жатыр.
2006 жылы «Миттал Стилл Теміртау» акционерлік қоғамына үзіліссіз болат құйып тұратын технологиясы енгізілді, бұл технологияның көмегімен сұранысқа байланысты болаттың әр түрлерін алуға болады. 2003 жылдан бастап ғана бұл кәсіпорынға процестік және өнімділік сипаттағы 15 жаңа технологиялар енгізілді, бұл жаңа технологиялар шығаратын өнімдердің сапасын тұрақты түрде жақсартып түруды және әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілікті ұстап тұруға мүмкіндік береді.
2005-2007 жылдарда облыстың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 67 жоба іске қосылды, оның инвестициялық соммасы, оның ішінде II деңгейлі банктерден алған несиелері мен кәсіпонның меншік құралдарын қосқандағы соммасы 55915,1 млн. теңгені құрады, 2846жаңа жұмыс орындары пайда болды.
2008-2010 жылдары 54 жоба бағыталған дамыту институттарымен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде.
«Ұлттық Инновациялық Қор» акционерлік қоғамымен бірқатар жергілікті ғалымдардың жобалары іске асырылуда, атап өтетін болсақ:
- «ТММ» ЖШС цельсий градусындағы температурасымен су алынатын өнеркәсіптің әр түрлі салаларының жылу күштерін орнықтыруына арналған сұйық заттарды гидродинамикалық қыздырғыштардың эксперименттік орнықтырылуын құрды; қормен жүргізіліп жатқан тәжірибелік - өнеркәсіптік сынақты қаржыландыру мәселесі де шешілуде;
- «Органикалық синтездеу және көмір химия институты» ЖШС жаңа жоғары тиімді антитрихозитті құрал «Антилишай» линименттің тәжірибелі партиясын шығаруға арналған онықтыру монтажын жүргізуде.
- «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС «Арглабин» ісікке қарсы препаратының өндірісі үшін ұйымдастырылған учаскесінде құрылыс жүргізуде. «Арглабин» препараты экспортқа шығарылатын болады, дәл қазіргі уақытта қолдануға өтініш берген елдер саны 11-ге жетті.
Қормен 2010 жылдың 1 шілдесіне 395,7млн. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі кезде осы қормен тағы аймақтың ғалымдарымен жасалған үш жоба қарастырылуда.
«Инвестициялық компания» АҚ-пен «Қазақстанның инновациялық қор» бірлесіп ірі жобаларды жүзеге асыруда:
- экологиялық таза кокс өндірісі кешенін құру мен өнеркәсіптік және тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр және жылу энергия өндіру («Қазақстан Инвест Көмір»АҚ). Алғашқы 455,0 млн. теңге көлеміндегі құрал-жабдықтар сатып алуға салынды. Бұл жоба аймақтағы электро энергиясын және республикадағы арнайы кокстың тапшылығын төмендетуге зор мүмкіндігін береді.
- алаңдарға арналған жапқыш-қабаттарды жасау («Евразия флор»АҚ). Қуаттылығы 14 млн. шаршы мер коммерциялық линолеумімен зауыт тек республика тұтынуын қамтамасыз етіп ғана қоймай, экспортқада қойып, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне көп шығарылады. Қормен бұл жобаны іске асыруға 414,0 млн. теңге бөлінді, бұл бөлінген жоба құнының 37% құрайды. Қазіргі таңда зауыт жұмыс істеу үстінде, зауыттан шығарылатын өнім жоғары сұранысқа ие;
- панелді ағаш үй құрылысы мен конструкциалды желімді брус өндіру («Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты»АҚ). Алғашқы транш 418,0 млн. теңге көлемінде алынды. Кәсіпорын өнім шығаруға дайындық үстінде, қазіргі заманға неміс құрал-жабдықтарына монтаж жасалынған. Зауыт жылына 200-ге дейін жететін үй шығаруды жоспарлауда. Ағаш брустың ұзындығы 24 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қазіргі таңда қордың қаралуында диаметрі 100-536 мм.-ге дейін болатты құбырлар өндіру жобасы түр. Қор «ТЭО» мен «ПСД»-ны қаржыландырып, оның жүзеге асырылуына шетелдік мамандарды да тартылдырды. Жобаның авторы стратегиялық инвесторлармен, яғни отандық әрі шетелдіктермен сәтті келісім-сөздер жүргізуде. Ағымды жылда біріккен кәсіпорын құрылып, протоколға қол қою жағдайлары күтілуде.
Қазіргі кезде қормен облыстық жобаларға 1287,0 млн. теңге бөлінді.
Қазақстан Даму Банкі (БРК) тек қана экспортқа бағытталған электронды және космостық өнеркәсіптерде қолданылатын, берилийі бар қола өндірісі бойынша «Түсті металдарды өңдеу зауыты» АҚ-ның жобасын қарастырып өтті. Зауыт технологияларын жетілдіріп, сәтті өндірістік сынақтар өткізді. Банк кепілдендірілген өнім сатуды қамтамасыз ететін жағдайды ескере отырып, жобаны қаржыландыруға өз келісімін берді. Осыған байланысты Жапония
мемлекетінің берилийі бар қола өндірушілерімен келісім-сөздер жүргізді, соның нәтижесінде шикізатты айырбасқа қоя отырып, нарықтың жартысына жеңілдік талабы қойылды (мұндай өндірушілер әлем бойынша екеу; бірі АҚШ-тағы «Вгuзһ Wellmаn» болса, екіншісі жоғарыда аталған жапондық «]NGK Іnsulators» болып табылады). Жапондық жақ балқаштық зауыттың ұсынысын қарастыруға өз келісімдерін білдіріп, сөз берісті. Қаңтар айында берилийі бар қоланың алғашқы партиясы Ресей мемлекетінің кәсіпорынына жүктелініп, беріліп жіберілді.
Қарағанды облысының инвестициялық қызметі жайлы айта кету керек.
2010 жылы облыстың кәсіпорынымен негізгі капиталға салынған 153,4 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция игеріліп, алдыңғы жылға қарағанда 47,3% жоғары көрсеткішті көрсетті.
2010 жылға кәсіпорынның меншік формасы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында негізгі үлестік салмағы кәсіпорын меншігінің жеке формасы бойынша (70,2%) жэне меншіктің шетелдік формасы бойынша (24,5%) сай келеді. Меншіктің мемлекеттік формасындағы кәсіпорынының үлесі - 5,3% құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көптеген көлемі өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындары (41,8%) мен құрылыстарына - 24,4% игерілген. Алғашқы капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінің 0,3%-тен 7%-ға дейінгісі қалған салаларға сәйкес келеді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қаржыландыру көзі болып кәсіпорынның жеке құралдары (48,6%) табылады. Жалпылай көлемдегі тартылған құралдардың көп бөлігін шетелдік құралдар (39,4%) құрайды. Тартылған құралдар көлеміндегі 4,5% бюджеттік құралдар үлесі құраса, басқа құралдарға - 7,5% сәйкестенеді [5].
Кесте 6
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
| Нақты болған бағада млн.теңге | Алдыңғы жылға %-бен | ||||||
| 2007 жыл | 2008 жыл | 2009* жыл | 2010 жылдың I жарты жылды ғы ** | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009* жыл | 2010 жылдың I жарты жылды ғы** |
Қарағанды облысы | 67157 | 96650 | 153438 | 56489 | 105,2 | 137,6 | 147,3 | 119,7 |
Қарағанды | 21611 | 22560 | 35767 | 8203 | 113,6 | 99,8 | 147,1 | 107,7 |
Балқаш | 10750 | 2795 | 4042 | 1826 | 168,3 | 24,9 | 134,2 | 113,1 |
Жезқазған | 9522 | 17857 | 14732 | 9727 | 101,0 | 179,3 | 76,5 | 130,2 |
Қаражал | 910 | 1342 | 4976 | 522 | 73,8 | 141,0 | 3,4е | 27,4 |
Приозерск | 19 | 28 | 437 | 49 | 188,9 | 139,7 | 14,3е | 155,0 |
Саран | 215 | 300 | 342 | 219 | 188,4 | 133,0 | 105,8 | 177,8 |
Сатпаев | 141 | 855 | 3532 | 2062 | 121,2 | 5,8е | 3,8е | 243,5 |
Теміртау | 15467 | 38868 | 38790 | 8151 | 93,4 | 240,2 | 92,6 | 41,2 |
Шахтинск | 44 | 110 | 143 | 467 | 124,1 | 237,1 | 120,2 | 18,5е |
Абай | 790 | 1356 | 1682 | 246 | 103,8 | 164,1 | 115,0 | 137,7 |
Ақтоғай | 759 | 190 | 13827 | 8350 | 37,4 | 23,9 | 67,6е | 14,3е |
Бұқар-Жырау ауданы | 385 | 1030 | 1361 | 377 | 256,9 | 255,9 | 122,6 | 82,8 |
Жаңаарқа | 430 | 1395 | 11709 | 4422 | 5,2е | 3,1е | 7,8е | 153,8 |
Қарқаралы | 720 | 1828 | 2033 | 656 | 111,3 | 242,8 | 103,2 | 112,2 |
Нұра | 967 | 1030 | 2702 | 1828 | 99,2 | 101,8 | 243,3 | 4,9е |
Осакаровка | 1658 | 1006 | 2068 | 1242 | 198,0 | 58,0 | 190,8 | 7,8е |
Ұлытау | 453 | 1950 | 1780 | 357 | 3,9е | 4,1е | 84,7 | 46,4 |
Шет | 2316 | 2150 | 13515 | 7785 | 43,5 | 88,7 | 5,8е | 4,3е |
Ескерту: Қарағанды облысының статистикалық жылнамасы, 2011ж |
осы жерде және одан кейінде:
*) алдын-ала берілгендер
**) шағын кәсіпорындарды қоспағандағы оперативті берілгендер
Қазақстан Даму Банкі (БРК) тек қана экспортқа бағытталған электронды және космостық өнеркәсіптерде қолданылатын, берилийі бар қола өндірісі бойынша «Түсті металдарды өңдеу зауыты» АҚ-ның жобасын қарастырып өтті. Зауыт технологияларын жетілдіріп, сәтті өндірістік сынақтар өткізді. Банк кепілдендірілген өнім сатуды қамтамасыз ететін жағдайды ескере отырып, жобаны қаржыландыруға өз келісімін берді. Осыған байланысты Жапония мемлекетінің берилийі бар қола өндірушілерімен келісім-сөздер жүргізді, соның нәтижесінде шикізатты айырбасқа қоя отырып, нарықтың жартысына жеңілдік талабы қойылды (мұндай өндірушілер әлем бойынша екеу; бірі АҚШ-тағы «Вгuзһ Wellmаn» болса, екіншісі жоғарыда аталған жапондық «]NGK Іnsulators» болып табылады).
Кесте 6
Негізгі капиталға салынған инвестицияның қаржыландыру көздері
| 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жылдың I жарты жылдығы | ||||
млн. теңге | барлығы %-бен | млн. теңге | барлығы %-бен | млн. теңге | барлығы %-бен | млн. теңге | барлығы %-бен | |
негізгі капиталға салынған инвестиция лар | 67157 | 100,0 | 96650 | 100,0 | 15343 8 | 100,0 | 56489 | 100,0 |
жеке құралдары | 47993 | 71,5 | 61431 | 63,3 | 74507 | 48,6 | 27838 | 49,3 |
тартылған құралдар | 19164 | 28,5 | 35219 | 36,4 | 78931 | 51,4 | 28651 | 49,3 |
сонымен қатар: банк несиелері | 12627 | 18,8 | 28015 | 29,0 |
|
|
|
|
оның ішін-де: шетел банктері (резидент тік емес) | 10854 | 16,2 | 25893 | 26,8 |
|
|
|
|
басқадай шетел құралдары (резидент тік емес) | 177 | 0,3 | 886 | 0,9 | 60415 | 39,4 | 23027 | 40,7 |
бюджеттік құралдар | 5596 | 8,3 | 6024 | 6,2 | 6993 | 4,5 | 3030 | 5,4 |
басқадай құралдар | 764 | 1,1 | 294 | 0,3 | 11523 | 7,5 | 2594 | 4,6 |
Ескерту: Қарағанды облысының статистикалық жылнамасы, 2011ж |
Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде өнеркәсіптік өнім көлемі 1,6 есеге артты және 2010 жылы 691,0 млрд. теңгені құрады немесе 2009 жылғы деңгейге (513,0 млрд. теңге) 134,7%. өндіріс өсіміне «Миттал Стил Теміртау» КД шахталарындағы (11%), «Қарағанды түсті металл», «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындары ассоциациясының көмір разрездеріндегі жоспарланып отырған көмір өндірісін арттыру әсер етеді.
2011 жылы тау-кен саласының күтілетін өндіріс өнімінің көлемі 43,8 млрд.теңге, немесе 2009 жылға 166,5% құрайды. өндіріс өнімі көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлес салмағы 6,5% (2009 ж.) құрайды.
Соңғы жылдары қайта өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді. Машина жасау және басқа салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсу тенденциясы байқалады, бұл өнеркәсіптің кейбір түрлерінің үлес салмағының қысқаруына алып келді.
Кесте 7
Облыста өнеркәсіптік өнім өндірісі
Атауы | 2009 жылы | 2010 жылы | 2011 жылы күтілетін |
Облыстағы өнеркәсіптік өнім көлемі, млрд. тенге | 437,0 | 513,0 | 691.0 |
өнімнің айғақты көлем индексі % | 103,0 | 91,1 | 106.0 |
Жалпы республикалық өнім көлеміндегі үлес салмағы, % | 11,3 | 10,0 | 10.6 |
Ескерту: Қарағанды облысының статистикалық жылнамасы, 2011ж |