Инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 19:45, дипломная работа

Описание

Орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – басым түрде экономиканың шикізат емес секторлары, қазақстандықтардың гүлденуі мен әлеуметтік әл-ауқаты есебінен теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Біз индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен экономиканың орнықты өсуі үшін негіз жасауға тиістіміз.

Работа состоит из  1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать документ)

 

Өнеркәсіптің өсімі едәуір көлемді инвестиция салумен қамтамасыз етілді. 2009-2010 жж. Облыс экономикасын дамытуға (қаржылық емес) 308,1 млрд. теңге салынды.

2010              жылға негізгі капиталға инвестицияның салалық құрылымының талдауы көрсеткендей, олардың едәуір бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындарға (51,2%), оның 41,8% қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына келеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінде капиталға қолайлы салалар қара және түсті металлургия (инвестиция көлемі 74,8%) болып табылады, Мұнда негізгі жабдықтарды модернизациялау мен жаңартуға инвестициялардың негізгі бөлігі бағытталды.

Сонымен қоса, химиялық өнеркәсіпке инвестиция көлемі 2005 ж. салыстырғанда 3,5 есеге күрт артты, бұл «EURASIAFLOR» АҚ (еден жабындарының өндірісі), «ЮИИ Қазақстан» ЖШС (жарылғыш заттар өндірісі), «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС (дәрілік препараттар өндірісі) сияқты жаңа кәсіпорындарды енгізумен байланысты.

2011              жылы тау-кен саласының күтілетін өндіріс өнімінің көлемі 43,8 млрд.теңге, немесе 2009 жылға 166,5% құрайды. өндіріс өнімі көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлес салмағы 6,5% (2009 ж.) құрайды.

Соңғы жылдары қайта өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді. Машина жасау және басқа салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсу тенденциясы байқалады, бұл өнеркәсіптің кейбір түрлерінің үлес салмағының қысқаруына алып келді.

Ең көп өнім өндірісі көлемі металлургия мен металөңдеудің үлесінде.

Республикалық өнеркәсіптік өндірісте облыс үлесіне мыналар кіреді: темір немесе болат илек 100; дайындама түріндегі тазартылған мыс -96,1; қара металл құбырлар - 91,5%; айырылған күміс - 78,1%; мыс кенін өндіру - 99,3%; тас көмір - 31,0%; темір кені - 27,1% .

Осыған байланысты 2005 жылы облыста «Металлургия-металлөңдеу» пилоттық кластерін құру және дамыту бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру басталды. (ҚР үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы №633 қаулысы). үйлестіру кеңесі құрылды және оның 3 отырысы өтті. Сонымен бірге даму институттарымен бірлесе отырып кластерге қатысушы кәсіпорындар үшін 4 кластерлік конференциялар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні кластерге қатысушылар 42 өнеркәсіптік кәсіпорын мен ғылыми институттар болып табылады.

Отандық кәсіпорындар өнімінің экспорттық потенциалын және бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін кластерді жүзеге асыру мақсатында 2005 жылы 14 қыркүйекте облыс әкімдігі, «Миттал Стил Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен «Металлургия-металлөңдеу»кластерінің үйлестіру кеңесі арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумда жергілікті тауар өндірушілер үшін бағаны 5 % түсіру көзделген. Бұл мәселе әлденеше рет үйлестіру Кеңесі отырыстарында қаралды, баға саясаты бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Миттал Стил Теміртау» АҚ басшыларына ұсыныс хаттар әзірленді.

2008 жылдың 30 қыркүйегіндегі келіссөз барысында «Миттал Стил Темірау» АҚ ішкі нарықта өз өнімінің бағасын 2,0 % түсіруге келіскен. Алайда кластер қатысушыларын бұл қанағаттандырмады, себебі осы тектес өнімнің бағасы Ресей мен Қытайға қарағанда жоғары болып отыр.

Металлөңдеумен айналысатын облыс кәсіпорындары металл өнімдерін Қытай мен Ресейден алуға мәжбүр.

«Металлургия -металлөңдеу» пилоттық кластерін құру және дамыту бойынша шаралар жоспарын орындау аясында Теміртау қаласында Индустриалдық парк құру жобасы іске асырылуда. Территориясы анықталды, Теміртау қ. мен Бұқар жырау аудандарында 940 га жер бөлінді.

Жобаның ТЭН әзірлеуге 2006 жылы облыстық бюджеттен 39,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен 335,0 млн. теңге бөлінді. «Теміртау қ. Индустриалдық парк» ЖШС құрылды. Жобалау-сметалық құжаттың жалпы құны 508,5 млн. теңге.

2009-2011 ж.ж. кезеңінде облыста индустриалдық-инновациялық бағыттағы 60 өндіріс құрылды, оларда 2294 жұмыс орны ашылды, салынған қаражат сомасы 68,3 млрд. теңгені құрады. Олардың арасында:

Жылына 100 мың тонна мырыш шығаратын «Балқаштүстіметалл» ХМК «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мырыш зауыты іске қосылды. Зауытта «Дайнатек» канадалық фирмасының жаңа технологиясы, яғни қоршаған ортаны ластамайтын технология қолданылды. Зауыт нарықтың жаңа сегменті-мырыш концентратын қайта өндеуге бағытталған (құрамындағы мырыш 50%) әлемдегі басқа зауыттар құрамында 50% артық мырышы бар концентраттарды қайта өңдеумен айналысады.

«А1іаn-раіnt» ЖШС бояу материалдарының өндірісі басталды. 2009 жылы 900 тоннадан астам бояулар өндірілді. Жобалық қуаттылығына (жылына 3000 т.) 2008 жылы қол жеткізеді. өндіріс кез келген қасиеттері мен сипаттамалары бар бояу өндіруге мүмкіндік беретін европалық модульдік технологиямен жабдықталған.

«ЮИИ Қазақстан» ЖШС Қазақстанда теңдесі жоқ « Rioflex» сулық-гельдік жарылғыш затының өндірісі басталды.өндіріс қуаттылығы жылына 12,0 тонна.

Кәсіпорындардың біріккен қаражаты мен 2006 жылғы облыстық бюджет есебінен қуаттылығы жылына 2 млн. ампула фармацевтикалық зауытының бірінші кезегі енгізілді. Зауыттың негізгі өнімі «Арглабин» ісікке қарсы препараты болып табылады. «Арглабин» бірегей отандық препарат медициналық препараттар реестріне тіркеліп (№003950 09.12.99.), ҚР өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың тізіміне енгізілді.

Бассейндер, монша, сауналарға арналған «Аквател» кірден қорғаушы әмбебап модульдік жабындар мен кілемшелер шығаратын жаңа өндіріс («Карат» ЖШС) ашылды. өнімнің Қазақстанда теңдесі жоқ, поливинилхлоридтан компьютерлік графиканы қолдана отырып инновациялық технология бойынша дайындалады. Салынған инвестиция сомасы 7,0 млн. теңгені құрады, жылдық қуаттылығы 3,0 мың шаршы метр.

«Лека» ЖШС әлемдік стандарттарға сәйкес келетін вентиляциялық жүйелер үшін диаметрі 80-1250 мм спираль ауа құбырларын шығару швейцарлық линиясы іске қосылды. өндіріске шикізат ретінде «Миттал Стил Теміртау» АҚ мырыш илегі қолданылады.

«Қазцентрэлектропровод» ЖШС-де америкалық фирма «ЗМ» алдыңғы қатарлы технологиясы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС металлургиядағы 5 бөлік- мыс катанкасын қолдана отырып сым мен кабель өндірісі жолға қойылды.

2004 жылдың аяғында «Сантехпром» ЖШС-де болат радиаторларды шығару бойынша цех іске қосылды. 2009 жылы болат радиаторлар өндірісі цехы жылына 3600 дана межеге шықты.

Бағдарламаға енгізілген облыстың инвестициялық және инновациялық жобаларын жылжыту мен жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттары өзара іс-қимыл бойынша - Ұлттық инновациялық қор, Қазақстанның инвестициялық қоры, Даму банкі, Технологияның инжинирингі мен трансферті орталығы, Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, маркетингтік-талдаушылық зерттеу орталығы, Кәсіпкерлікті қолдау қорымен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Даму институттарына 80-нен астам жоба жіберілгенімен, оның 8-і ғана қаржыландырылуға мақұлданды. Жобаны жүзеге асырудың төменгі деңгейлі тиімділігі өтінім беруші тарапынан толық қарастырылмағандығынан және институт менеджерлерінің қарастыру мерзімінің ұзақтығын аңғартады.

Бұл мәселені шешу үшін «Индустрия және сауда министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігі арасындағы аймақ экономикасын қарқынды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы» Меморандумында бір тармақ қарастырылды. Оған сәйкес Министрлік енгізілген жобаларды даму институттарының қарастыру мерзімін белгілеу мүмкіндігін қарастыруы керек.

Жалпы мемлекеттік даму институттарынан 2,2 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды.

Бірлесе отырып 2005 жылы басталып, 2010 жылы даму институттарының 2 жобаны қаржыландыруы аяқталды.

«Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Еurasisflor» ЖШС қуаттылығы жылына 1,4 млн. шарша метр еден жабындарының өндірісі басталды. Жобаның құны 480,5 млн. теңге.

«Жылуқуаттылық қондырғылары үшін экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыштарын құру» («ТММ» ЖШС) жобасына

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ грант бөлді. Эксперименттік қондырғы құрылды, онда Цельсий бойынша 110 градус жылу температурасыына жеткізілді.

Одан басқа «Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ бірлесе отырып 2005 жылы басталып, 2011 жылы жалғастырылып мынадай жобалар жүзеге асырылуда:

А) Панельді ағаш үй құрылысы мен конструкциялы желімделген қырлы бөрене өндірісін ұйымдастыру» («Қарағанды ағаш өңдеу зауыты» АҚ). Жобада құрастырмалы-қалқанды үйлер дайындау көзделген. Құрастыру «Wеіnіng» герман фирмасының автоматтандырылған линиясында жүргізіледі. Жоспарланып отырған өндіріс көлемі - 200 үй/жылына, жоспарланған жұмыс орны - 200.

Ә) «Арнайы кокс өндірісі мен электр және жылу энергиясын шығару бойынша кешен құру» («Қазақстан Инвест Көмір»). Арнайы кокс өндірісінің жоспарланып отырған көлемі жылына 1,0 млн., жоспарланған жұмыс орны - 72.

«Ұлттық Инновациялық қор» АҚ бірлесе отырып мына жобаларды жүзеге асыру көздеп отыр:

А) «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС «Арглабин» ісікке қарсы препаратының өндірісі үшін участок ұйымдастыру»;

Ә) «Антилишай» тиімділігі жоғары антитрихофитозды линимент құралын шығару және ветеринарлық тәжірибеге енгізу» ОСКИ (оргсинтез және көмірхимиясы институты).

Экономика салаларын БСҰ енуге дайындау мақсатында облыс кәсіпорындарында ИСО 9001 сериялы сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу бойынша шаралар өткізілді.

Осы жұмыс аясында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалалары әкімдіктерінде аймақ кәсіпорындары, Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу комитеті Басқармасы, «НаЦЭкС» ААҚ ҚФ, сауда-өнеркәсіп палатасы, Орталық Қазақстан кәсіпкерлерінің ассоциациясы, сапа менеджментінің сертификация мен консалтинг бойынша компания басшыларының қатысуымен кеңестер өткізілді.

Бүгінгі күні облыстың 51 кәсіпорны сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізді, 24-і енгізуге жұмыс жасап жатыр.

Облыс әкімдігі көмегімен ҚарМТУ жанындағы стандартизация, метрология және сертификация орталығы,              «НаЦЭкС»ААҚ ҚФ, НаЦЭкС»ААҚЖФ,» Қарағанды сапа институты» ЖШС «дөңгелек үстелдер», Экономика салаларын БСҰ енуге дайындау мен ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Экономика салаларын БСҰ енуге дайындау мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен сөз болды.

Облыста жыл сайын «Қарағандылық сапа» байқауы өтеді, онда облыстың 50-ден аса кәсіпорындары қатысады.

Облыстың инновациялық жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының бекітілген ұлттық инновациялық жүйесін дамыту

Бағдарламасына сәйкес аймақтық технопарктер инновациялық инфрақұрылымның негізгі институты болып табылады.

ҚР 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру мен ҚР Премьер-министрінің тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «Технопарк UnіScіenTесһ» ЖШС құрылды.

Технопарктің негізгі міндеті ғылыми-техникалық сфераның, инновациялық бизнестің ресурстарын біріктіру арқылы аймақта тиімді инновациялық орта қалыптастыру, осылайша ғылыми-техникалық прогресті және ғылымды коммерциализациялауды ынталандыру болып табылады.

Жарғылық капиталы 539,4 млн. тенге мөлшерінде қалыптастырылды. «Технологияның инжинирингі мен трансферті» АҚ (акция үлесі 74,2 %) мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті кейпіндегі облыстық әкімдік (акция үлесі 25,8 %) құрылтайшылары болып табылады. Технопаркке Жарғылық капитал есебінен 100 млн. теңге, жалпы құны 39,462 млн. теңге (Құрылысшылар даңғылы, 4 үй мекенжайдағы кеңсе ғимараты, ғимараттың бір бөлігі Гоголь к., 34) тұратын кеңселік және өндірістік ғимарат берілді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті «Технологияның инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ технопарктің құрылтайшылары ретінде бірлесе отырып, Серіктестік Қатысушылары құзырлылығы шегінде технопарк қызметін бақылауды және жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, атап айтқанда құрылтайшылардың жалпы жиналысында даму жоспары мен кызметтің негізгі бағыттарын келісу, көлемді инфрақұрылым қалыптастыруда көмек көрсету т.б. жүзеге асырады. Нақ осы кезеңде аймақтың ірі кәсіпорындарының, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және облыстық бюджеттің қатысуымен ғылыми және инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру мақсатында венчурлік қор құру мәселесі қарастырылып жатыр. Инновациялық жобалардың деректер базасын толықтыру бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.

2005              жылдың қараша айында технопаркта Эксперттік кеңес құрылды, оның құрамына облыстың кәсіпорын мен ғылыми мекемелерінің басшылары кірді. Технопарктің мәліметтер базасында бүгінгі күні 90 жоба бар. Барлық жобалар бойынша бекітілген талаптарға сәйкес өтініш берушілермен жұмыс жүргізіледі.

Оқыту орталығының қызметі аясында ғылым, өндіріс және бизнес өкілдері үшін 3 ірі семинар ұйымдастырылды. Облыстың ЖОО-мен және ҒЗИ-мен ынтымақтастық орнатылды және меморандумдар жасалынды.

2006              жылдың қазанында Технопарктің Құрылысшылар даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан жаңа офистік ғимаратының түсаукесері болды. «Технопарк UnіScіenTесһ » ЖПІС жалпы көлемі — 2650 шаршы метр. Қаражал,Теміртау, Жезқазған қалаларында жалпы жарғылық қоры 820 млн. теңге болатын 3 инвестициялық-инновациялық қор құрылды.

Ал, 2010 жылы облыстық бюджеттен бөлінетін 1,0 млн. теңгеге, 2011 жылы 1,5 млн.теңгеге «қарағандылық сапа» көрмесін ұйымдастыру және өткізу қарастырылуда. «Қарағандылық сапа» байқауының дипломанты немесе лауреаты болған кәсіпорындар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау лауреаттары республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысады. Аймақтық байқаулар жергілікті өндірушілерді ынталандырады және Қарағанды облысында шығарылатын өнімдердің өсу деңгейін көрсетеді.

Информация о работе Инновациялық саясат